Рухани-адамгершілік ұндлықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.

Содержание

Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс 1 бөлім (Автосохраненный) 2 сонгы.docx

— 110.35 Кб (Скачать документ)

А.А.Калюжный тұтас педагогикалық процесте оқушыларға адамгершілік тәрбие беру негізінде мұғалім мамандығын дайындаудың теориясы мен тәжірибесін педагогикалық ғылыми негізде зерттеген [19].

Л.А.Байсеркеевтің зерттеуінде жасөспірім тәрбиесіндегі адамгершілік тәрбие мен құқықтық тәрбиенің өзара байланыстылығын теориялық, әдіснамалық тұжырымдамасын талдап, жасөспірімдерді әлеуметтік жағдайға сай адамгершілікті-құқықтық негізде тәрбиелеудің жүйесін айқындаған [20].

Э.А.Орынбасарова адамгершілік тәрбие мәселесінің тарихи дамуын ХІХ ғасырдың 60 жылдарымен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығындағы теориялық идеялармен негіздеп қарастырады [21].

Ш.Әленұлы «Халықтық тәрбие тағылымдары» атты еңбегінде адамгершілік тәрбиесін әр түрлі салаларға бөліп: имандылық, кісілік, отансүйгіштік, мақсаткерлік, ақылдылық, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік, адалдық пен шыншылдық, достық, үлкенді сыйлау,әдептілік, намыс, ынтымақ пен бірлік, талап,-деп адамгершілік тәрбиесінің аясын кең түрде қарастырады [22].

Қазақ жазушысы, әрі философ Б.Тұрсынов: «Адам жүрегінде , ең алдымен, жоғары адамгершілік қасиет болуға тиіс, бұл ең басты және маңызды нәрсе. Себебі дәл осы адамгершілік асыл қасиет руханилық пен түзу жолға, сәулелі өмір, бостандық пен жарқын болашақтың кепілі бола алады»-дейді [23].

Қазақ Совет энциклопедиясында: «Адамгершілік-тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен морольдық сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол отбасы, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады», [23] деген, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік-қоғамдық өмірідің объективтик заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін морольдық ұғым»,-деп анықтама берген [24].

Философ Д.Кішібеков Қазақ халқының мінез-құлқы мен рухани тіршілігіне тоқтала отырып, адамгершілік тәрбиесінің жүйесін: байсалдылық, пайымшылдық, бауырмалдылық, кеңпейілділік, қамқоршылдық, ашықтық, жайдарылық, кешірімшілдік, сауықшылдық, қарапайымдылық, малжандылық деп бөледі [25].

Психологтар жеке тұлғаға тән 1500ге тарта қасиет пен сапа түрлерін атайды. В.А.Блюмкин, Г.Н.Гумницкий, Т.В.Цырлинаның мәліметтеріне қарағанда тек морольдік-адамгершілік қасиеттердің өзі ғана 544 терминдер жиынтығын қамтиды [26].

Көптеген ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы, осы айтылғанның бәрін ескере келе, ғылыми жұмысымыздың зерттеу объектісі бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі болғандықтан, ең алдымен қарастырылып отырған мәселенің ғылыми-педагогикалық мазмұнын анықтау мақсатында рухани-адамгершілік тәрбиесі жүйесіндегі рухани-адамгершілік сана, рухани-адамгершілік сезім, рухани-адамгершілік даму, рухани-адамгершілік мінез-құлық ұғымдарының өзара байланысын жан-жақты ашуды көздей отырып, осы анықтамаларды былай жүйеледік.

Рухани-адамгершілік сана-адамгершілік көзқарас, пікір, теория, түсініктер мен әдет-ғұрыптардың бірлігі. Адамгершілік сана-жүйенің маңызды элементі. Адамгершілік сана әдет-ғұрыптардың даму үрдісін анықтайды, олардың болашағын ашады. Сонымен, сана өзіне моральдық қатынастарды белгілейді. Адамгершілік сана-ұшқыр ақыл-ойдың нәтижесі.

Рухани-адамгершілік сезім- моральдық принциптер мен ереже жөніндегі білім мазмұны мен жеке адамның қоғамдағы адамгершілік қатынасы мен жағдайын білу. Адамгершіліктің дамуы-тәрбие жүйесінің жемісі [27].

Тәрбиедегі басты мәселе оқушылардың тұлғааралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасорната білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшеліктерін жасына, ұлтына қарамастансаналы түрде түсіне білуі және өзіне-өзі сырт көзбен қарап, өзінің көңіл күйіе байланысты іс-әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере білуге үйрету.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде іс-әрекеттер арқылы көрініс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады [28].

Тәрбие процесінде әрбір жеке тұлға жас мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Бұған оның мінез-құлқында көрініс беретін түрліше жаңа мәндегі қылықтары, іс-әрекет түрлері арқылы көз жеткізуге болады. Сондықтан да, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның азаматтық негізін құрайтын бастауыш сынып оқушысының дүниетанымы мен рухани-адамгершілік құндылықтарын мақсатты түрде қалыптастырып отыру басты педагогикалық міндет. Ол міндетті жүзеге асыру үшін, мектеп оқушысының қоғамға, өзін қоршаған ортаға, отбасы мүшелеріне, және басқаларға деген көзқарасына қарай, белгілі бір тәрбиелік міндеттерді саналы түрде атқаруын қамтамасыз ететін, әр-түрлі педагогикалық-әдістемелік тәжірибелерді ұйымдастырудың мәні зор.

Бүгінгі таңда білім беру мәселелерінде адамның дамуындағы тұлғалық қасиеттерге, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға аса мән берілуде. Ұлттық деңгейде жалпы орта білім беруде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене атсалысатын жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті қойылуда. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі мектептен жаңа заманға сай бейімделген тұлға тәрбиелеуді талап етеді [1]. Әсіресе бастауыш мектеп буынынан бастап рухани-адамгершілік құндылықтарына баулу аса маңызды. Бастауыш мектеп мұғалімінің қызметінің де басты мақсаты оқушылардың бойындағы адамгершілік қабілеттерін жетілдіру мақсатында білім берудің белсенді әдістерін тиімді пайдаланып,оқушылардың танымдық белсенділіктері мен бастапқы адамгершілікқасиеттер туралы ұғымдары мен көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету.

Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тез арада жедел бола салмайтын,біртіндеп және жоспармен,мақсатты түрде жүзеге асырылатын өнегелі тәлім мектебі.  Бұл орайда оқу мазмұны, оқулықтағы деректер мазмұны,оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, жаңа оқыту технологиялары,оқыту үрдісінің материалдық-техникалық базасы ғана емес-үлкен әріппен жазылатын Ұстаз есіміне лайықты мұғалімнің жеке өнегесі,әдебі,тәлімі,мінез-құлқы менжүріс-тұрысы да үлгі бола алады [2]. Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету үшін мұғалімнің бойында қандай тұлғалық және кәсіби қасиеттер болуы керек деген сауалға келсек, Г.И.Щукина осы мәселелерді зерттей отырып,басты қасиеттер қатарында:мұғалімнің білімінің, кәсіби шеберлігінің жан-жақты болуын атап көрсетеді,тек осы жағдайда мұғалім дидактика талаптарына сай адамгершілік-рухани мазмұндағы талаптар мен тапсырмаларды лайықты ұсынып,оны біртіндеп жүйелі түрде күрделендіріп отырады;мұғалімнің өз кәсібіне деген құрметі мен адалдығы,бұл өз кезегінде оқушыларды таза адами ізгі қасиеттерге баулуда маңызды;оқушылармен қарым-қатынаста өзара толық сенім мен жауапкершілік. Бұл сыныпта ұнасымды ахуал ,тату ұжым қалыптастыруға негіз болады; өзіне,өзінің кәсіби әрекетіне деген сенім мен жауапкершілік,бұл оқушылардың бойында өздеріне деген сенімдерін қалыптастырады [3]. Бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалімнің беделі мен тұлғасының  маңызы зор. Бала мұғалімнің айтқан сөзінен бастап,оның журіс-тұрысына дейін еліктейді,оған барлық жағдайда ұқсағысы келеді,Осы баладағы қызығушылық пен еліктеуге құмарлық қасиеттерін ұтымды пайдаланып,бала бойында жауапкершілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, жинақылық, тәртіптілік сияқты сапаларды тәрбиелеуге мүмкіндіктер мол. Бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім мен ата-аналар тарапынан болатын мадақтау мен бағалау сөздері аса қажет. Бала әрекеттері мен тапсырманы орындау нәтижелерін көтермелеп,бағалап отырса,баланың өз ісіне деген мақтаныш сезімі,өздік көзқарастары қалыптаса бастайды. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін тапсырмалар мен шаралар қатал түрде емес,көп жағдайда өтініш пен тілек түрінде болуы керек,ал бірсарынды және қатал талап болған жағдайда балада ересек адамның тапсырмасын орындай аламын ба деген қорқыныш пен үрей сезімі болуы мүмкін. Сондықтан бала жаны нәзік болғандықтан,олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің өзінде баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап,жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс» - деп жазылған. Бастауыш мектеп кезеңінен бастап рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызын ұғындырып,оған баулу қазіргі заман талабы және адамгершілік тәрбиесінің міндеттері қатарынан саналады. Бастауыш сыныптарда баланың негізгі іс-әрекеті сабақ барысында орындалғандықтан,оқу іс-әрекетінде оқушылар адамдар мен олардың еңбегі,қоршаған орта мен табиғат,жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы ұғымдары қалыптаса бастайды,олар туралы мәліметтермен танысады.

Рухани-адамгершілік құндылықтар туралы мәселеде,алдымен осы құндылықтардың мәні ,мазмұны туралы талдауларды қарастыратын болсақ,  адамгершілік  ұғымы-бұл қоғамдық талапқа сай ізгілікті,инабаттылықты білдіретін моральдық ұғым ретінде қолданылады. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтары ретінде оның адамгершілік келбеті мен сезімі,адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқы қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының адамгерілік қасиеттері мұғалім мен ата-аналарына еліктеуі барысында,ересектердің тапсырмаларын орындауы барысында қалыптаса бастайды. Ал, руханилық ұғымының мәні адамгершілік ұғымымен аралас қолданылады,философиялық сөздіктерде руханилық ұғымы адам болмысының ерекше белгісі, адами іс-әрекеттердің қалыпты үлгісі деңгейлерінен биіктеу тұратын адамның ой-санасы менішкі дүниесіне тікелей ықпалы бар қасиеттер ретінде түсіндіріледі.

Рухани-адамгершілік құндылықтар жалпы адамзаттық құндылықтар өлшемі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісінде олардың жақсы мен жаман туралы ойларын,пікірін біліп,жақсы әдеттерін қолдаудың өзі балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу әліппесі болса керек. Бастауыш сынып оқулықтарындағы мәтіндер мазмұны бойынша оқушылардың рухани ішкі жан дүниесін байытып,адамгершілік сезімдеріне қозғау салып, оларды қайырымдылық, ізеттілік, сыпайылық, үлкенге құрмет ,кішіге бауырмалдық, достық, адалдық т.б.адамгершілік қасиеттерге баулуға болады [4]. Бастауыш сыныптардағы ана тілі,қазақ тілі,дүние тану, бейнелеу өнері т.б. сабақтардағы оқу материалдары оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын танып білуге бағытталады. Оқулық мазмұны бойынша елге еңбегі сіңген,өнегелі өмір сүрген айтулы тұлғалардың,ғалымдар мен майталман өнер иелерінің ғибратты өмір жолдары мен қайраткерлік шығармашылық ғұмырларын талдау,олардың адамгершілік қырларын талдап,үлгі ету арқылы оқушылардың тұлғасының рухани-адамгершілігін дамытуға болады. Осы биік тұлғалардың адами болмыстарын үлгі ете отырып,балғындарды өзіне,ата-анасына,бауырларына,туыстары мен достарына,оның көмегіне мұқтаж бейтаныс жандарға да қолұшын беріп,жақсылық жасауға баулу олардың рухани дамуларына ықпал етеді.

Оқыту мен тәрбиелеу өзара тығыз байланыстағы үрдіс болғандықтан,оқушы оқыту үрдісінің мақсаты мен талаптарына орай өзінің іс-әрекеттерін бақылап,ойланып,ұнамсыз әдеттер мен дағдылардан біртіндеп арыла бастайды. Баланың оқулықтардан алған мәліметтерді талдауы,түсінуіжәне қабылдауы нәтижесінде адамгершілік тәжірибелері жинақталып,олар өз ойлары мен сөздерін саналы түрде бағалап,батыл қадамдарға барады. Балалар алғыр,батыл,тілалғыш болғылары келіп,соған тырысады. Бұл орайда, әсіресе ана тілі сабағындағы мәтіндер, өлеңдер, ертегілер мен жырлар, жұмбақтар мен жаңылтпаштардың әсері зор.Ы.Алтынсариннің әңгімелері, мысалдары мен аудармалары, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің,Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Шәкәрім қажы, М.Дулатовтың ағартушылық ой-пікірлері мен рухани мұраларының тәлімдік маңызы бар. Сондықтан ана тілі пәнінің бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтарға баулудағы мүмкіндіктерін атап айтуға болады. Ана тілі сабағындағы  бағдарламалық мәтіндер дүниедегі жақсылық пен жамандық , зұлымдық пен ізгілік, өмірдің негізгі адамгершілік қағидалары туралы білім береді, осы арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани дүниесі байып, олардың тұлғасының адамгершілікке толы ниеті мен пейілі қалыптасады. Ана тілі пәні балғындарды ақ сүтін беріп өмірге әкелген туған анасын сүюден бастап, туған елі менжерін,қасиетті ордасы Отанын сүйіп,ардақтап,оны қорғауға дейінгі қастерлі сезімдерге жетелейді. Ана тілі пәнін адамның адами болмысын ,ұлттық ожданы мен адамгершілігін тәрбиелейтін пән  деп айтуға болады.Әсіресе,ұлттың өткені мен замана шежіресі,еліміздің тарихы туралы мәтіндерде халқымыздың тарихында есімі ел жадында жаңғырып қалған ұлы тұлғалардың болғаны (Абылайхан,Райымбек батыр, Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, Исатай мен Махамбеттей ерлер, Бұқар жырау, Құрманғазы мен Динадай дәулескер күйшілер т.б.) Олардың қазақ халқы мен қазақ жері үшін жан аямай өткен күреске толы ғұмырлары,бір сүйем жер үшін төккен қаны, ұлтымыздың мәдениеті мен өнеріндегі іздері ,халқымыздың салт пен дәстүрі туралы мәтіндер оқушылардың санасына орнығып, жүректерінде бекіп олардың рухтарын оятады.Туған әдебиет пен өнердің танып, олардан сусындап өскен жас ұрпақтың  туған елін жанымен сүйетін елжанды, айбынды ұрпақ болып қалыптасары сөзсіз. Сондықтан бастауыш сыныптардағы  оқыту үрдісінде оқушы тұлғасының рухани-адамгершілік қырларына мән беріп,олардың әдебін, танымын, шығармашылық қабілеттерін де шыңдап отыру маңызды. Оқушыларды оқыған шығармаларын , ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекетінің жағымды жақтарына  көңілдерін аударып,жақсы мінездерін талдауға үйретсе баланың өзіндік пікірлерін айта білуі дамиды. Оқулықтағы дайын мәтіндермен қоса  қосымша дидактикалық материалдарды қолдану, дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды қолдану, лингвистикалық жаттығулар бала қиялын самғатып,жақсыны білмекке дегенталабын ұшқырлап,жан сезімін байытары даусыз.Бастауыш сынып мұғалімі оқыту үрдісінде оқушының ойы мен сезіміне әсер ету жолдарын іздестіріп,әдістер мен тәсілдерді  тиімді қолданса ,оқушылардың оқуға ынталары артып,өз кезегінде ұстаздың да кәсіби шеберлігі шыңдала түсері анық [5].

Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы айқындала түсуде, өйткені баланың бойындағы адамгершілік қасиеттер мен рухани жан дүниесі оның жеке тұлға ретіндегі жан-жақты қалыптасып, жетілуінің алғы шарттары қатарынан саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

 

Қазақтың Ұлттық энциклопедиясында: Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» атауының баламасы ретінде қолданылады. Бұл атаулардың әрқайсысының мәні олардың өзара арақатынасы сияқты, белгілі бір ойшылдардың түсінігіне, сондай-ақ оларды қолдану түріне қарай өзгеріп отырады. Психологиялық және психофизиологиялық түсініктемедему такалимдер, әдетте, бұл екі түсінікті адамның дене және сана еңбегінің тұтас көрінісі деп қарады, олар «жанды», Адам атаның жаралуы туралы Құран аяттарын осы мағынада түсіндіреді. Фаласифтер рухты өсімдік, жан-жануар және ең жоғарғы ақыл иесі деп өздері бөлген материалды дүниенің иесі деп есептеді, ал сопылар адам жанының осы ең жоғарғы қалпын «Жан дүниесі» (рух), қалған бөліктерін «жан» (нафс) деп атады. Құран дәстүрін ұстанған мұсылман ғылымында періштелер мен перілерге «жан» атауы қолданылмайды. Періштелер мен перілер «жан иелері» деп аталады. Діни философиялық метафизикада «жан» және «рух» түсініктерінде онтологиялық-космологиялық мағына берілген [29].

Руханиялық ұғымына келсек, ол –адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық қарым-қатынастағы биік рухани –адамгершілік қағидасы. Руханиялық мәдениеттің құнарлана түсуіне, іргетасы бекуіне ықпал етеді. Руханиялық-жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да қажет құбылыс ретінде кез келген мәдениетті жаңғырта түсетін, болашаққа жылжуына іргетас болатын ішкі мәндік заңдылықтар жиынтығы. Руханиялық бар жерде адамдардың бір-біріне құрметі, ізгілік қатынастары қалыптасады.Қорқыттың, құрманғазының күйлері, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, қазақ билерінің шешендік сөздері руханиялықтың тарихи үлгілері болып табылады.Халық армандаған тұлғалақ бейнелерді фольклорда, аңыз-әңгімелерде руханилық кемелденген кейіпкерлер түрлерінде көрініс беріп отырады.

«Руханият» сөзі-«рухани ниет» деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу дегенге қоса, халықтың ғасырлар бойы, жиған рухани мұрасы, рухани дүниесі, рухани өнер-білімі секілді мағынаға ие. Егер адамның ниеті жалған дүниеге ауса, онда пейілі тарылады. Өйткені, құныққан адамға жалған дүние қашанда аз көрінеді, оны жұртпен бөліскісі келмейді. Ал, рухани ниеттегі адам үшін жалған дүниенің аз мөлшері қанағат еткізеді, өйткені оның ашықтығырухани дүниеге арналған. Ал шынайы рухани дүние- бұл таусылмас қазына [29].

Информация о работе Рухани-адамгершілік ұндлықтар