Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа
«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.
Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ресейлік педагог-ғалымдар адамгершілік тәрбиесін-адамгершілік әдеттердің, адамгершілік сезімнің, адамгершілік қабілеттің, адамгершілік қайырымдылықтың, адамгершілік сананың қалыптасу процесі деп тұжырымдады [30.31.32.33.34.35]. Адамгершілікке тәрбиелеу жүйесі жайлы ғалымдардың көзқарасы: В.А.Жуковский: «Адамгершілік тәрбие оқушыларда адамгершілік әдеттерді қалыптастырады». А.Г. Ободовский: «Егер бала тәрбиесінде оның бойында жастайынан адамгершілік сезімді оятып, қалыптастыру көзделсе, алдағы уақытта тәрбиеленушіні адамгершілік азаттыққа жетелейді, яғни адамгершілік сезімнің жағымсыз жақтары еркін сезімге, нақты да қатал ережелерді орындауға бағытталады-бұл адамгершілік тәрбиесінің ерекшелігі». И.М. Ястребцов: «Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты-адамгершілік қабілетті ашу мен оны дамыту, мейірімді және қайырымды жігерді қалыптастыру болып табылады». П.Н.Енгалычев: «Адамгершілік тәрбиесінің барлық амалдары арқылы баланы адамгершілік қайырымдылыққа баулу қажет». А.А.Ширинский-Шихматов: «Бала барлық заттарды жақсы түсініп, жақсы сөйлей алатын болған кезден бастап, олардың ойымен бөлісе отырып, адамгершілік санасын сенімді түрде қалыптастыру қажет».
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары адамгершілік тәрбиесі теориясында Л.С.Выготскийдің, Н.К.Крупскаяның, А.П.Пинкевичтің, А.СМакаренконың еңбектері жетекші роль атқарды. Тәрбиенің кемшін қалған тұстары гуманистік бағытты қайта қалыптастыра бастаған алғашқы педагогтардың бірі В.А.Сухомлинский болды. В.А.Сухомлинскийдің тұжырымдамасында жалпыадамзаттық құндылықтарды-мейірімділікті биік тұт, ол адамзаттың барлық қызметіне жоғары мағына береді, адамдарға және табиғатқа деген махаббатты оятады, адамгершілік қарым-қатынаста үйлесімділікті қалыптастырады деп алғашқы орынға қояды. В.А.Сухомлинскийдің жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманизмге негізделген педагогикалықжүйесі адамды жаңаша ойлауға тәрбиелеуде белсенді құрал болып есептеледі [36].
Адамгершілік тәрбиесіндегі білімділік бағытты Л.М.Архангельский (1979) мен Н.И.Болдырев төмендегідей қарастырады:
1.Адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін өз еркіндікжәне табандылық сияқты адамгершілік нормаларының қалыптасу процесі.
2.Адам мінез-құлқына маңызды сипаттама беретін адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру прцесі.
Олардың адамгершілікке тәрбиелеу тұжырымдауларының негізгі жүйелілік компоненті адамгершілік сана мен ойлауды дамытатын адамгершілік ағарту болып табылады [37.38].
Ресейлік зерттеуші Н.Ф: Харламов: «Адамгершілік тәрбиесі әрбір қоғамда адамның барлық өмірі мен іс- әрекетінде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, барлық адамдармен қарым-қатынасында, саясатта және ғылымда, ойында, спортта т.б. өзінің мінез-құлқын реттеуде азаматтықты көрсетумен анықталады»,-деген [39].
Т.А.Ильина: «Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз-оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтынмінез нормалар мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешінің арнаулы мақсат көздеген қызметі»,-деп қарастырады [40].
Ғалым И.П.Подласый қаралып отырған мәселеге байланысты: «Қоғам талаптарына сай, тәрбиеленушілердің адамгершілік сапасын қалыптастыруүшін, олардың санасына, сезіміне, мінез-құлқына жүйелі және мақсатты әсер ету»,-деп түсініктеме берген [41].
Н.В.Савин бұл ұғымды былай деп түсіндіреді: «Адамгершілікке тәрбиелеу адамның дүниеге, адамдарға деген көзқарасын анықтайды, оның ықпалымен жеке адамның адамгершілік құлқын қалыптастырады». 1997 жылы В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов «Педагогика» оқу құралында, ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, адамгершілік тәрбиесіне: «Адамгершілік тәрбиесі-жалпы адамзаттық құндылықтарды енгізетін арнайы ұйымдастырылған процесс»-деп, өз анықтамаларын береді [42].
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көпшілігінің ойы бір жерден шығып тұрғандай. Барлығының айтқан ойы адамдарда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру үшін ең алдымен мінез-құлықты тәрбиелеу керектігіне тоқталған.
Ойшылдар мен философтар, ағартушылар мен тарихшылар, психологтар мен педагогтар еңбектеріне тиянақты талдау жасау арқылы мәселенің ғылыми-теориялық негізін дәлелдеу мақсатымен «құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық», «рухани-адамгершілік құндылық», ұғымдарына объективті анықтамалар беру үшін, олардың байланыстарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа, өзіне) көзқарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық.
Практикалық және теориялық көзқарастың байланысын аксиологиялық (грек. Ахіа-құндылық және logos-ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады. Аксиология адам құндылығының өзегін құрайды. Аксиология философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатын, орны мен мәнін, олардың байланыстары жайлы мәселелерге жауап береді. Аксиология ғылымынң мақсаты-болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсету болып есептеледі [43].
Антика дәуірінде және орта ғасырда тіршілік еткен философ-ойшылдар құндылық түсініктерін этикалық, эстетикалық, діни ұғымдармен байланыстыра, шынайы болмыс ұғымымен бірге қарастырады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданылады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты-таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді»-дейді [4,44].
Рухани-адамгершілік құндылық ретінде әдеп жайында ежелгі Мысыр мен Грецияда, Үндістан мен Қытайда, Тұран елі мен Иранда, орта ғасырлық Еуропада көптеген әдеби, дидактикалық материалдар дүниеге келген. Адамгершілік пен мораль мәселелерін қарастыруға философтар ерте кезден –ақ ерекше назар аударған. Мысалы И.Кант өзінің «Практикалық сананы сынау» этикалық шығармасында адамгершілік жүйесін емес, адамгершілік шындығының тұжырымдамасы жасалған, алдыңғы этикалық дәстүрді қатты сынға алады. Гегельдің еңбектерінде мораль теориясы одан әрі дамытылады. Ол мораль мен рухани-адамгершілік бір-біріне ұқсамайтын ұғым деп қарастырды. Адамгершілікті, Гегель бір жағынан солардың көмегімен адамдардың тәртібін реттейтін әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, екінші жағынан, моральға жанама адамның нақты міндеттері деп түсінді. Оның пікірі бойынша, мораль адамгершілікке қарағанда неғұрлым кең ұғым болып саналады. Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз заманының алдыңғы буыны деген тұжырымдама жасау екендігі туралы ойға келеді. Оның құрамдас бөлігі – адамның қиындықты шешуі, рухани-тәжірибені игеру негізі және реттеушісі сипатындағы құндылықтары теориялық тұрғыдан талдануы, педагогикалық ой-пікірлер жиынтығы мен қалыптасу тарихындағы түрлі бағыттармен түсіндіріледі. Сол бағыттардың ішіндегі түрлеріне: натуралистік психологизм, трансцендализм, мәдени тарихи-релятивизм және социологизм жатады. Адамның моральдық бейнесі оның іс-әрекетінде қалыптасады. Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде жақсылық пен жамандық адамға тән қасиеттің қарама-қарсы сипаттары ретінде өзара салыстырмалы түрде қарастырылады [45].
Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлерімен түсіндіруге ұмтылғандар, екінші тип- аксиологиялық трансцендентализм, тәжірибеден тыс, ақыл-ой санасын түсініп білуге болмайды деген идеалистік пәлсапа ағымы еді. Аксиологияның ілім есебінде үлес қосқан Ф.Ницще өзінің «мораль гениологиясы» атты шығармасында адамдарды «жақсы және жаман», «игілік пен зұлымдық» тәрізді түсініктерді, қарама-қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты бірімен-бірін қатар қарастырып салыстыру пәлсапашылардың үлесі деген ойды білдіреді. Пәлсапашы Ф.Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субьектінің әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды [46].
Елбасы 2005 жыддың 18 ақпанындағы 10-шы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттық құндылық жайлы өзі ерекше мәнді, әрине, мазмұны әлемдік пікірлер жиынтығы бойынша жасампаздық, нағыз ұлы ойдың, еңбектің жемісі, ғылыми болжамдар көрінісі жүзеге асатын жоспарлар мен бағдарламалар қабылдануы педагогика ғылымына бағыт-бағдар беріп отыр.
Аталған терминалды-мақсат құндылықтарды өз кезегінде құндылықтар жүйесі негізінен адамгершілік құндылықтарды, яғни адалдық, тазалық, адамдық құндылық, мейірімділік, ізгілікті құрайды.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекте, қоғам өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам-бақытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға пайдалы, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге болатынын ғұламалардың терең ойынан байқауға болады. Сондықтан жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде олардың маңыздылығы арта түсетіні анық.
«Құндылық объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым»-деп құндылыққа Қазақ Кеңес энциклопедиясында анықтама берілген. Нысанның адам үшін маңыздылық шамасын білдіретін көрсеткіш-құндылық [47].
Құндылық екі құрамдастан тұрады, біріншісі-заттық құндылық, екіншісі субъективті құндылық. Заттық құндылық-оның табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттық, теориялық маңызы, іс-тәжірибелік пайдасы, адамдардың тіршілігіндегі жақсылық пен жамандықтар, табиғи және қоғамдық нысандардың тамаша көрініс беретін түсі, симметриясы сияқты қасиеттерін айтамыз.
Санадағы құндылық алға қойылған мақсат және оған жетудің жолдары,қоғамда кездесетін түрлі қалыптар. Заттық құндылық баға берудің объектісі және адамның дүниеге қатысын білдіреді, ал субъективтік-санадағы құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады [48].
Философия, әлеуметтану, психология, педагогика салаларына қатысты күрделі мәселелердің бірі, әрине құндылықтар категориясы. Зерттеу жұмысына байланысты «құндылық» ұғымы философиялық және әлеуметтік ұғым. Философ В.А.Василенко және оның пікірін қиялдаушылар құндылықтарды рухани және материалдық қажеттіліктерді қанағаттандырудағы пайдалылық, «мағынашылық», әдіс-тәсіл деп қарастырады. Философ У.Хатгер және И.С.Нарский ойларын жалғастырушы зерттеушілер ойынша «құндылықтарды» идеал деп түсініп, амал-тәсіл емес, мақсат қажеттілік, тиістілік көзқарасында кеңінен қарастырады [49].
В.Супредин «Құндылықтар және әлеуметтік динамика» атты еңбегінде: «Құндылықтар дегеніміз-мінез-құлықтар әрекеттердің бір түрі, ол мәдениеттің белгілі бір түрінде ерекше орын алады деген ойды білдіреді. Құндылықтар әлеуметтік санада өмір сүреді және жеке адам арқылы іске асырылады»,-дейді [50].
«Құндылықтар- адамдардың өз мінез құлқының мақсаты мен қалпы туралы талдап, қортындылаған түсініктері, онда адамзаттық тарихи тәжірибесі жинақталып, белгілі бір этностың немесе адамзат мәдениетінің мәні жатыр» деген ойды Н.Лапин да айтқан. «Құндылық» сөзі заттарға, сонымен қатар пікірлерге де қатысты айтылған [51].
Құндылықтар теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы құрылым туындап, философиялық келбет, көрініс қалыптасады.
Қазақстандық ғалымдар (Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Қ.Қ.Жампеисова, С.Қ.Қалиев, Р.К.Төлеубекова, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Ж.Наурызбай, Т.Сламбекова.) білім мен тәрбие беруді дамытуда жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеп келеді. Осы Қазақстандық ғалымдар: адамның кісілік келбеті, соған лайықты бола білу, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеруді негіздеу. Педагог-ғалымдар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жас ұрпақты өмірге белсенді араластырып қана қоймай, сонымен бірге олардың әлемдік өркениеттен сусындауын да көздейді деп зерделейді деген ортақ ойға келгендіктерін көреміз [52.53.16.20].
Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз адамның өзінің табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбиелеу жүйесі негізінде дамыған, тұлғаның тұрақтылығы деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық жүйе [54].
Б.Г.Ананьев: «Рухани даму дегеніміз- өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болшақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру»-дейді [55].
Г.А.Ерғалиева: «Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз- адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасып, тұлғаның тұрақтылығы деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын анықтайтын ішкі құрылымдық элемент»,-деп көрсетеді. Сонымен бірге «Құндылықтар-тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық т.б. Құндылықтар-идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар-құрметтеу, қощеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Құндылықтар-сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді»,-деп ой түйген [56].
Осы құндылықтарға берілген анықтамаларды талдай келе мынандай топтарға бөлуге болады деп шештік:
- қоғамның ең жоғарғы құндылықтары: Адам
- өмір құндылықтары: еңбек, материалды қажеттіліктер, табиғат
- әлеуметтік өмір құндылықтары: отбасы, мемлекет, ғылым
-рухани өмір мен мәдениет құндылықтары: білім, көзқарас, дүниетаным, ғылыми ой