Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа
«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.
Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43
- адамгершілік құндылықтары: адамгершілік, достық, жолдастық, махаббат, шындық.
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда қарым-қатынастың рөлі өте зор. Рухани-адамгершілікке негізделген тәрбие қарым-қатынастың қарапайым түрі-ұжымдық өмірдің талаптарымен, ерекшеліктерімен танысу арқылы жүзеге асырылады. Олардың қарым-қатынастарында бірте-бірте өзара көмек, бүкіл топқа тапсырылған жұмыстың орындалуына бірдей жауапкершілік сезімі, бүкіл топтың жұмысына жетекшілік ете білу, бірін-бірі тыңдай білу, жалпыға тән ережелер мен қағидаларды қабылдай білу, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай білуге үйренеді. Бірлескен іс-әрекеттің барысында балалар бірін-бірі жақынырақ, тереңірек таниды.
С.А.Назарбаева: «Өзін-өзі тану»
атты әдістемелік оқу құралында : «Рухани-адамгершілік-
Адамгершіліктің ең жоғарғы рухани қажеттілігінің бастау көзі-өзін-өзі көрсету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, қарым-қатынаста, дүниетанымда өзінің шығармашылық қабілетін таныту болып табылады. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының бірі-мектеп жасындағы жеке тұлғаның өздігінен даму заңдылықтарын білу болып табылады.
Баланың жеке басы сана-сезімінң қалыптасуына оның құрдасиарымен үнемі араласуы және бірлескен өмірі шешуші рөль атқарады. Оқушы өзіндік сана-сезімнің жаңа сатысына көтеріледі. Оқушылар бір-біріне қырағылықпен қарап, қалай сөйлеседі, қалай ұраққа жауап береді, бірімен-бірі қалай сөйлеседі және оларға құрдастары мен ересектер, үлкендер мен кішілер қалай тіл қатады. Өзінің табыстарын, жетістіктерін, сәтсіздіктерін өзге балалардың да осындай істерімен салыстыру- оқушыға өзіне өзі баға беруге мүмкіндік береді.
Адамның рухани-адамгершілік құндылықтарының орнындағы кемшіліктерді ешқандай да академиялық білімдердің толықтыра алмайтындығын өмірдің өзі көрсетті. Оқушыларға тек қана ғылыми бідім ғана емес, бәрінен бұрын адамгершілік сана, адамгершілік сезім, адамгершілік мінез-құлық, адамгершілік даму, сонымен бірге қайырымдылық, мейірбандылық және сүйіспеншілік туралы білімдер керекекен деген тұжырым жасауға болады. Рухани тұрғыдан мейлінше терең берілген тәрбие, дұрыс жолға қойылған және талапқа сай ұйымдастырылғанжұмыс түрлері ғана адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына елеулі ықпал жасай алады. Бүгінгі заманның өзі бала туралы, оның ата-аналары мен ұстаздары туралы және олардың қарым-қатынасы жайындағы ескірген түсініктерді қайта қарауды қажетсінеді.Сонымен тәрбие берудің басты міндеті- адамның тұлға ретінде адамгершілік-рухани қалыптасуы екендігі айқындалып отыр. Осы сияқты міндеттерді шешу басқа да мемлекеттердің көкейкесті мәселелерінің бірі.
Бастауыш мектеп оқушыларының
рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың
мақсаты жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыту, яғни адамның рухани-
Бастауыш сынып оқушыларының
рухани-
1.Оқушының санасына
2.Баланың рухани-адамгершілік
мінез құлқындағы болмашы
3. Еңбексүйгіштігін, еңбек процесімен айналысуға деген және оның нәтижелеріне деген қызығушылығын дамыту. Ол үшін мұғалім бастауыш сынып оқушы еңбегінң нәтижесін ғана емес, оған жұмсалған күшті де дұрыс бағалауы тиіс.
4.Балалардың ұжымшылдық
өмірінің ұйымдастырылуына, оларда
рухани-адамгершілік қарым-
5.Балаларды істің тек нәтижесіне қарап емес, оның себептеріне де қарап бағалау керектігіне үйрету.
6.Оқушылардың бойында басқалардың да қиыншылығына назар аударып, сол қиыншылықтарына жанашырлық сезімін білдіруін дамыту.
7.Баларда жеке тұлғаның
рухани-адамгершілік
Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адмгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мазмұнын, яғни рухани-адамгершілік қасиеттері рухани-адамгершілік санасын, рухани-адамгершілік сезімдерін, рухани-адамгершілік мінез-құлқын, рухани-адамгершілік дамуын қазіргі қоғам талабына сай ашу зерттеуші- педагогтар мен практик педагогтар үшін ең маңызды көкейкесті мәселе болып отыр.
Ата-аналар мен мұғалімдер балаларда, бір жағынан, қоғам талабына сай жағдайларда жетістіктерге жете алатындай өмір сүретін, екіншіден-қоғамды рухани-адамгершілік шегіністен құтқарып, рухани-адамгершіліктің құлдырауынан сақтауға септігін тигізу үшін өз бойындағы адами сапасы мен адамгершілік құндылықтарын сақтайтын қандай қасиеттерді тәрбиелеу керек деген сияқты қиыншылықтарға ұшырасып отырды. Сондықтан да, қазіргі кезде, бастауыш мектепке оқушылардың әрбір жас дамуының сатысында адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын ашатын нақты жүйе қажет.
Еліміздің болашақ азаматтары-қазіргі оқушылар. Егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза, дені сау, рухани-адамгершілігіжоғары, ұлттық рухы биік ұрпақ. Сондықтан да көпшілік болып мектеп оқушыларының тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларға қарсы күресе отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлуіміз тиіс. Салауатты өмір салты-адамгершіліктің асыл қасиеттерін сақтай білу.
Адам баласына тән адамгершілік сапаларды қашанда аялап, сақтай білудің қажеттігі жөнінде ата-бабаларымыз қаншама асыл ойлар, құнды пікірлер қалдырған. Ұзақ уақыт идеологиялық саясаттың құрсауында қалып, тар шеңберден шыға алмаған тілімізге, ұлттық рухымызға, мәдениетімізге ерік беріп, оның қыр-сырын, қадір-қасиетін кеңінен тану үшін тарихи мұраларымызды және ұлттық мәдениетімізді терең білудің маңызы зор. Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі сандаған ғасырлар бойы өткелдерінен сүрінбей өтіп, ата-бабаларымыздың ақыл-оймен, парасаттылығымен ұштасып, талай талқыдан өткен салт-дәстүрлер қаншама.
Ұрпақтарымызды, жастарды имандылыққа баулу үшін, олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік, ілтипаттылық сияқты психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру әрбір отбасының міндеті.
Әрбір ата-ананың, қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда шешуін таппай келе жатқан көкейкесті мәселенің бірі- оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Қазіргі уақытта мектептер балаларға ғылыми негіздегі білімдерді бере отырып, олардың жүректеріне рухани-адамгершілік құндылықтарын енгізуді, адамгершілік санасын, адамгершілік сезімін, адамгершілік мінез-құлқын, адамгершілік дамуын екінші қатарға қалдырмай осыған баса мән берген дұрыс болар еді. Жас ұрпақтың темекі тартуы, адамгершілікке жат қылықтарға баруы, қазақ минталитетіне жат сөздер айтуы қалыпты дағдыға айналған.
Қоғамда орын алап отырған: порнография, қаталдық пен зорлық зомбылық фильмдердің көрсетілуі, алкогольді сусындардың, темекілердің, каляндардың ашық жарнамасы, құқық қорғау орындарының осы жайттарды жоюға шарасыздығынан балалардың бойында зиянды әрекеттердің қалыптасуына әсер ететін бірден бір негізгі себептер.
Зиянды әдет- бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқына, оның дене және психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Ересектер үшін баланың зиянды әдеттерінің ең қауіп төндірерлігі-темекі тарту, қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында етк жайған әрекеттердің бірі.
Оқушылар арасында темекі тарту-қоғамымызда белең алған келеңсіз көп жағдайлардың бірі. Күнделікті көріп жүргеніміздей темекіге бастауыш сынып оқушылары да, мектеп жасына дейінгілер де үйір келеді. Бала ересектіктің бір белгісі темекі тарту деп ойлап, жылдамырақ ер жетудң бірден бір жолы деп ойлап, темекіге үйір болады. Ата-ана осы әдетті дер кезінде тоқтатуы керек, өйткені басында темекі тартқаннан ешқандай ләззат алмаса да кейіннен ол әдетке айналып, бала организмі үйреніп кетуі мүмкін.
Мектеп жасындағы баланың темекі тартуға құмарлығының астарында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасу процесіндегі үлкен бір кемшіліктің болуы. Сол себептен де, темекі тартудың өзіне емес, басты назар аударатын жайт-бала психологиясының ауытқуы, оны ойландыратын мәселелер. Тек ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынас, бір-біріне деген сенім, ашық диалог құра алу ғана зиянды әдеттерден аулақ болудың бірден бір себебі бола алады.
Мектеп оқушылары арасындағы темекіге әуестігінің тез қарқынмен белең алуының бірден бір себебі ол-жарнама болып тиабылады. Жарнама арқылы олар өз өнімдерін халық арасында үгіттеп, адамдардың санасын «уландырады». Бұл жарнамалар агрессивтік сипатқа ие. 700 миллион бала немесе балалардың тең жартысы темекіден шыққан зиянды ауамен дем алады. Темекінің шайырының аз мөлшерінің өзі денсаулыққа өте зиян, үлкен қауіп төндіреді.
Рухани-адамгершілік құндылықтар ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасы болатындығын дәлелдей келе, жалпы оқушы тұлғасының тұтастай дамуында барлық басқа тәрбиелердің табиғи өзегі болып табылады.Ал, оның мақсаты-бүгінгі қоғамда үстемірек және басымырақ болып отырған гумандық, имандық, мәдени және демократиялық қарым-қатынастармен және рухани құндылықтармен сипатталады. Сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі-қазіргі қоғамдағы адамдардың адамгершілік бет әлпетімен, жалпы адамзаттық сана, әрбір жеке тұлғаның өзіндік адамгершілік, қоғамдық санасы, өзіндік мінез-құлық өзгешелігімен айқындалады.
Оқушылардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктіңжәне дағдының жай ғана жиынтығы емес. Олардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әр түрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді бойға жинақтаған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде, тәрбие барысда нақты жүзеге асырылатын процесс. Оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан олар қарым-қатынастар жүйесіне әр түрлі болып енеді.
Ұжымдағы қарым қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін сонда қабылданған құндылықтар құрайды, ұжым оқушының өмірі мен қызметіне, оның жеке басы менмінез-құлқына аса маңызды және мәнді болып саналатын қасиеттерді ендіреді. Осы тұрғыда сыныпта жеке, жұптық, топтық, сыныптық жұмыстардың пайдасы өте зор, өйткені сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Сонымен , тұлғаның адамгершілік тәрбиесін дамыту мәселесіндегі айқындалған негізгі бағдар жалпы адамзаттық және құндылық тұрғысынан қарастыруды көздейді.
Рухани-адамгершілік құндылықтар ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасы болатындығын дәлелдей келе, жалпы оқушы тұлғасының тұтастай дамуында барлық басқа тәрбиелердің (еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесі, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, имандылық, құқықтық) табиғи өзегі болып табылады. Мақсаты-қазіргі заманның, қоғамның талабы болып отырған ізгіліктік, имандылық, мәдени және демократиялық қарым-қатынастармен және рухани құндылықтармен сипатталады. Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын, рухани-адамгершілік, парасаттылық ой толғаныстарын қуаттайтын, жеткіншекті өмір жолында кездесетін түрлі жағдайды шешуге бағытталған, өзара қарым-қатынас құра білетін, ішкі сезімін дамытатын, өз іс-әрекетіне сындарлы көзқарасын жетілдіретін әдіснама қажет деп ойлаймыз.
Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу барысында ұстаздар тарапынан жүргізілген педагогикалық ықпалдардың нәтижесі әрқандай болады. Өйткені, жеткіншек ықпалдарды үнемі қабылдай бермейді, себебі, оның ішкі қажеттілігін қанағаттандырса ғана нәтижелі болмақ. Сыртқы
Көріністер адамның ішкі жан дүниесінің тікелей орындалуынан болады. Тұлғаның ішкі жағдайы, сыртқы әсерлерге көбірек тәуелді деген түсінік қалыптасады. Олай болса жеке тәрбиелеу, рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің жолы, жеткіншектің ішкі дүниесіне қалай әсер еткенінебайланысты болмақ.
Мотивациялық-мақсаттылық шарттар-мұғалім әрекеттерінің алғашқы рухани-адамгершілік тәрбиеге әсер ететін жағдайларды, жағдаяттарды және өзара қатынас жолдарын алдын-ала білуі мен оқушылар бойына қалыптастыру сапаны, таңдауы және нәтижесін көрсетуінде. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының бойында азаматтық, борыштылық, толеранттылық, құқықтық, өзіндік сана қалыптастыру әлеуметтілік бейімділікке жағдай туғызады. Рухани-адамгершілік тәрбие мақсатына жету үшін: рухани-адамгершілік тәрбиенің жеткіншек тұлғасына бағытталуы, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкестендіруі және мақсаттың айқындылығы мен нақтылығын, дәлдігін ұстану қажеттігін сезінуі. Кез-келген оқушы тәрбиені оған қатысты сәкес мотивациясы болса ғана қабылдайды ғни, рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі-оған қажет мотиацияны қалыптастыру. Мотивация болу үшін әрекетті ынталандыратын мотивтер жиынтығы қажет, мотивсіз әрекет болмайды. Себебі, мотиваци оқушы бойында әрекет түрін (қабілеттерін өз бетімен дамыту, өзінің жағымды қасиеттерін мінез-құлқының жағымды қылықтарынөзі тәрбиелеу бойынша әрекеттерін анықтау) тиімді орындайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Олар орындалу үшін оқушылардың қызығушылығын арттыру, ол оқушыларды бар қажеттіліктерге сүйене отырып, оқушыларды қанағаттандыратын, қуаныш туғызатындай етіп іс-шаралар ұйымдастырып, жағымды жағдайлар туғызу.