Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа
«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.
Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43
Қазіргі тәрбиенің басты бағыты- оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, ізгіліктік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы- өмірлік мақсатретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудіңізгіліктік философиясы қайта жандандырылуда. Осы талапқа сәйкес, педагогиканың әдіснамасы- бұл білім беру философиясының ізгіліктік мәнін белгілейтін педагогикалық таңым мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру-қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде рухани-адамгершілік құндылықтардың ролі барған сайын артып, морольдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендеуі, халықтың рухани мұрасы мен дәстүрлерін қастерлеу-оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады.
Адам-адамзаттық, даналық болмысын өз бойына жинақтаған тіршілік иесі. Ал тіршілік иесі-әлемдегі сан алуан халықтың, мемлекеттің, этикалық немесе әлеуметтік топтардың, адамдардың ортақ белгілері мен ұқсастықтарын біріктіретін жалпы адамзаттық құндылық түзетін пенде [4]. Қазіргі кезде қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-адам. Құндылық қатынастар философиясның негізгі мәселесінің бірі- «Адам-әлем» қатынасының ғажап құбылыстары мол, ерекшеліктері, құндылығы жеткілікті, әсіресе ең жоғарғы қасиеттеріне ұмтылысы үздіксіз жалғасады. Адамның қоғамға қатынасының ерекшелігі адамның адамға қатынасы, ұлы, дана адамдар, ғажап пікірлер, еңбектер жасаған, өнер атаулыға қарап, тыңдап қуану, сүйсіну, таңдану, табыну пайда болады.
Адам тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді, әрбір адам ұзақ тәрбие жолдарынан өтеді.Отбасында, орта, мектеп, жұмыс орындары, өзінің рухани білім алуының, дүниеге көзқарастары, өзін-өзі тануы, арман-мақсат қоя білуі, әрбір тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастырып жетілдіру, мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Адам-жер бетіндегі тірі ағзалардың ең жоғарғы сатысы, тарихи іс-әрекет пен қарым-қатынас, мәдениеттің субьектісі. Адамның әрекеті , сезімі мен ойлау ерекшелктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Осы ұғым ХХІ ғасырда жер бетіндегі бүкіл адамзаттық тұтастық идеясына айналуда.
Адамзаттың рухани кемелденген, рухының ең жоғарғы үлгілерін туғызған дәуірлері олардың ең тойынған кезеңдерімен келе бермейді. Сондықтан, кейде белең алып алып жүретін дағдарыс кезеңдерде, күнкөріс мәселелері ең қиын болып тұрған кезде рухани мұқтаждықтар күте тұру керек- дейтін көзқарастар түбірінен жалған. Қандай тығырықтан да, соның ішінде күн көрудің қиындықтарын да ең алдымен рухани жігерден, рухани асылдардан айырылмау ғана алып шыға алады.
Біздің бүгінде әдеп-инабат нормалары деп жүргеніміз, сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылық, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық, яғни, адамгершілік-имандылықтұр,ыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады. Осыларды тұтас күйінде атайтын әдеп ұғымы философия ғылымының адамгершілік құлық жөніндегі саласы-әдептанудың арнайы зерттейтін пәніне айналады [4].
Қазақ халқының тәлімдік мұраларын тарихи-педагогикалық тұрғыда зерделеп, бүгінгі күні аталған ғұламалардың еңбектері ғылыми-педагогикалық тұрғыда сараланып, ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби шығармаларында қаралатын өзекті мәселе-тәрбие. Оның тәрбиеге берген анықтамасында «Тәрбиелеу дегеніміз-халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз»-деп айтқан [5].
Шығыс философы әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі»-деген пікір айтады. Соның «адам ынтымағының маңызын» баса айта отырып, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуына баса көңіл бөлгенін көреміз. «Ер жүректілік жақсы адамгершылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық жасау арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал, батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ол бұл –жаман адамгершілік сапа. Осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады»,-деп аңғартқан [5].
Әл-Фарабидің айтуынша адамгершілік тәрбиесінсіз берілген білім, өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға, тіпті бүкіл адамзатқа қатер төндіретіндігін ерте заманда-ақ айтқан. Өйткені адамгершілік сезімі болмаған білімді адамдар әр-түрлі адам денсаулығына, адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге баруы мүмкін жағдай.
Шығыстың ұлы ойшылы, ғұлама ғалым, философ әл-Фарабидің дүниетанымының тірегі-адам. Ол озінің педагогикалық мазмұнда жазылған, тарихқа танымал болған «Ақылдың мәні туралы», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолдары» шығармаларында «адамды ізгілік қасиеттерге баулу, адам деген атақты атқа лайықты болу үшін-оқу, білім, тәрбиені, ғылымды меңгеру, осы жолда өмір бойы еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт»,-деп, бақытты болу, қоғамдық іс әрекетті жақсарту білімділікке, тәрбиелілікке байланысты екендігін атап көрсеткен. Сонымен бірге әл-Фараби, «Ізгі қала тұрындарының көзқарастары туралы трактатында» білімділік, тәрбиелілік- адамның рухани жан дүниесінің, адамгершілік белгісі болып табылатындығын айта келіп: «Жүрек-басты мүше, оны тәннің басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бүрақ мұның үстемдігі бірінші емес»,-деп жүрекке басты назар аударады [6].
Дүниежүзілік қоғамдық ой-пікірде есімі мәлім ХІ-ғасырдың аса көрнекті ойшылы, философы Ж.Баласағұн: «жақсы адам көрсе қызар, жел өкпе емес, тек «антына адал, уәдесіне берік, адамгершілігі мол адамды ғана ер кісі» деуге болады, бейбастық, өсек-аяң әңгіме айту әсіресе ер адамға жараспайды. Тек байсалды, сабырлы, қайырымды адам ғана ақылдылыққа бір табан жақын тұрады. Ақылды адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар, кез-келгеннің жетегіне еріп кетпейді. Тұрақтылық, салмақты мінез-құлық адамға ауадай қажет. «Қайда жүрген де өзіңді тізгіндеп ұста», «Адам болу үшін ерлікпен қатар ақ көңілділік те керек», «Байсалдылық-ізгі қасиет». Міне, адамның осындай қасиеттерін тізбектей келе, Ж.Баласағұн халықты жаман мінез-құлық пен жат қылықтардан жирендіреді. Адамға төмендегідей қылықтар, атап айтқанда, өтірік айтып дандайсу, ішкілікке салыну, нәпсіге құмарту, іштарлық, күншілдік пен бас араздық, бұзық жолға түсу, ашушаң болу, адамның өзін-өзі ұстай алмауы т.б. еш уақытта жақсылық әкелмейді. Ал ақылды адам бұлардан бойын аулақ салып, ылғи да сақ жүреді. Сондай-ақ менмендік пен жағымпаздық та-жаман қасиет. Адам деген ардақты атқа түлкідей қулық та, қасқырдай қатыгездік те жараспайды. Жақсы адам ылғи да жеке басымен қоса, отбасының да берекесін ойлап жүреді. Бақытты болу, асыл мұратқа жету, жақсы қасиеттерсіз жүзеге аспайды. Ал, бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Адам-өз бақытының қожасы. Бұл үшін ол өз бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып отыруы тиіс»,-деп сипаттайды. Ж.Баласағұн сонымен қатар адамның сезім дүниесіне, эмоционалдық көңіл күйіне де ерекше көңіл бөледі. Жақсы адамдардың басты сипатының бірі сезімталдық, ішкі рухани өмірінің әсемдігі, жан дүниесінің сұлулығы. Адам өзінің ақыл-парасатымен қатар сезім дүниесін де билеп игеруі керек, яғни ол өзінің көңіл күйінің де қожасы, сүлесоқ, көңілсіз сезімді адам- бұл әлде де болса тәрбиесі жетіспеген адам. Осындай кемшіліктерден адам бір өзі жапа шекпей, өзін қоршаған адамдар алдында да айыпты болып саналады»,-дейді. Ж.Баласағұнның адамзат баласының шынайы рухани-адамгершілік мінез-құлқының ақыл-ой, сесімімен үйлесім табуын қарым-қатынас барысында жеке адамның өзін-өзі ұстай білуіне, мінез-құлқына байланысты болады деген пікірде болғанын байқауға болады [7].
Ж.Баласағұнның түсінігінше ер адам тек қана ер жүрек болмау керек, сонымен қатар жаман қасиеттерден де аулақ болу керектігін айтқан. Мысалы ер адамдарға өсек айту, көрсе қызарлық, жел өкпеліктен ада болуды айтқан. Өйткені ер адамдарға ондай қылықтардың жараспайтындығын түсіндірген. Ер адам ер жүрек қана болып қоймай ақ көңіл, үстамды, байсалды болу керек деп ойлаған. Расыменде қазіргі қоғамның өзгеруінен немесе жанұяда бір жақты тәрбиенің болуынан (әйел адамдардың ұл балаларын жалғыз тәрбиелеуінен) болар. Өйкені қазіргі заманда әр түрлі себептермен жанұялардың шаңырағының шайқалуы көбеюінің салдарынан болар деген ойға қаламыз.
ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарады. Оның дүние жүзіне танымал «Ұлы дидактика» еңбегінде ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері қарастырылған. Я.А.Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына қайта өркендеу дәуіріндегі ізгіліктің әсері күшті болады. Ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шығып, мектеп балаға сүйіспеншілікті, жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұстанады. Я.А.Коменский: «мектеп-адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны және оқушылардың адамгершілігін, ақылын тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық», дей келе, «адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі-эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету керек» деген құнды пікірін қалдырды. Я.А.Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті [8].
Ұлы ойшыл өз еңбектерінде мектеп тәртібі және оқушылар мен мұғалімдердің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас жөнінде жаңа пікірлер айтты. Ол балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімдерді өте жоғары бағалай отырып, оқушыларға гуманистік және оптимистік көзқараспен қарап, адамгершілік қарым-қатынаста болғанда ғана тәрбие нәтижелі болады деп есептеді.
Жеке адамның дамуындағы тәрбиенің маңызы туралы ой-пікірлер ХVІІ ғасырда өмір сүрген Джон Локтың (1632-1704) еңбектерінде де көрініс тапты. Соның ішінде адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырады. Ол адамгершілік қасиеттер мен сапалар ретінде адамдардағы кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, сақтыққа және ерекше мән берді. Дж. Локтың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды силап құрметтеу эдементтері орын алады. Дж. Локтың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа-мінез-құлықтағы мәдениеттілік. Дөрекілік, мысқылшылдық, әдепсіздік, кекшілдік-мінез-құлық мәдениеттілігіне сыйыспайтын қасиеттер деп есептелді.
Дж.Локтың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынандай принциптерге негізделуі тиіс:
- табиғатқа сәйкестілік
- бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату
- тәрбиедегі қаталдықты
балаға сүйіспеншілік
Ол балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және тәрбиенің олардың мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса айтты. Балаларды зерттеп білудің негізінде балалардың табиғи ерекшеліктерін, талаптары мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдаланудың, соларға дер кезінде арқа сүйей білудің қажеттілігін көрсетті.
Джон Локк тәрбиедегі қаталдықты балаларға сүйіспеншілікпен қарау, оларға жақындық сезім білдірумен байланыстыру принципін ұстанды. Бала өзіне жылы, нәзік мерейлілікті, сүйіспеншілікті, сүйкімді қатынастарды талап етеді, бірақ бұл қатынастар ұстамдылықпен, байсалдылықпен, белгілі ұштасуы тиіс. Балада жас кезінен-ақ тәртіптілік қалыптасуы тиіс деді. Дж. Локк ата-аналар мен балалардың арасында мейлінше туыстық, шынайы достық қатынастардың болуын жақтады. «Сіздің балаңыз Сізге өз сырын іркілмей айтып, Сізден ақыл-кеңес алатын болсын»деді ол. Дж.Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жодары мен құралдары:
Дж.Локк бала табиғатының ерекшеліктерін негізге ала отырып, баланың айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелердің мықты ықпалы болады деп есептеді.
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Жан-Жак Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оның ойынша бостаншылықтан гөрі, өктемдікті сүйеді, бұл көптеген теріс әдеттерге негіз болады, сондықтан балалардың үстемдікке, деспотизмге ынтызарлықтарын басып, оларды аластап жою қажет деген пікірде болды.
Джон Локтың айтуы бойынша бала мен ата –ана арасында бір-біріне түсінушілікпен қарай алу, сенім арта білуге, балалары ата-аналарына өз құпиясын, сырын айта білетіндей жағдай жасау керек, тәрбие арқылы осыған жеткізе білуге шақырады. Тәрбиедегі қаталдықты, тәртіпті бала жастайынан сезіну керек, бірақ ол мейірімділік тұрғыда болу керек дегенді айтады.
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогі, XVІІІ ғасырдағы интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі-өз өмірінде гуманисттік бағытты берік ұстаған Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық тұжырымдамасының негізіне толық адамгершілігі бар адамдыөсіру талабы жатады. Жан-Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»-деген [9].
Жан-Жак Руссоның айтуынша бала туғанда таза, пәк күйінде туады, оны қалай қарай бұрсаң солай бұрылады, яғни қалай тәрбиелесең солай қарай бағытталып кетеді, сондықтан оған ақ қағазға әдемі сурет салғандай бояуы қанық, ертеңгі күні оның өмірі көз қуантатындай картина болу керек дегенді білдіреді.