Рухани-адамгершілік ұндлықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.

Содержание

Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс 1 бөлім (Автосохраненный) 2 сонгы.docx

— 110.35 Кб (Скачать документ)

Швейцарияның демократ-педагогы Иоганн-Генрих Пестолоццидің (1746-1827) пікірінше, рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі жанұяда қалыптасады. Морольдық тәрбиенің негізі мақсаты-балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға жаттықтыру және қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққа үйренеді. Адамға пайдалы істерге баланы араластырып жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Баланың анаға деген сүйіспеншілігі бірте-бірте семьядағы басқа адамдарға да ауысады. Баланың морольдық дамуы әрі қарай мектепте жалғастырылады, онда мұғалімнің балаға қатынасы әкелік қамқорлық негізінде құрылады. Баланы айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілікпен қарайтын етіп тәрбиелеу ісін мұғалімнің басты міндеті деп санайды. И.Г Пестолоцци адамды жан-жақты дамыту идеясын ұсына отырып, білім беруді морольдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылу тәрбиелеуді талап етті [10].

Тәрбиенің мәні жөніндегі ұғымды И.Гербарт (1776-1841) идеалистік философиядан, ал тәрбиенің мақсатын этикадан шығарады. Оның ойынша, қоғамдық және жеке адамдардың адамгершілігі белгілі бір өзгермейтін және мәңгілік адамгершілік идеялардың негізінде қалыптасып, жалпы адамгершіліктің негізі болады.

Өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, И.Гербарт тәрбиенің мақсаты-адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. И.Гербарт тәрбиенің мақсаты-ізгілік пен жақсылық дей отыра, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеуді, қалыптасқан тәртіпті сыйлайтын, соған бейімделе білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеуді көздеді.

Бүкіл тәрбие процесін И.Гербарт үш салаға бөледі: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбие. И.Гербарттың  дәлелдеуінше, адамгершілік тәрбиесінің мақсаты-мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие негізінен оқу арқылы жүргізіледі. Осылай И.Гербарт адамгершілік тәрбиесін түгелдей интеллектуализм тұрғысынан есептеді. Осыған байланысты И.Гербарт адамгершілік тәрбиесі де оқу сияқты баланың әр салалы қызығушылықтары мен адамгершілікті елестетулеріне негізделеді депесептеді. Ол адамгершілік принциптерін жоғарыда айтылған баланы бағындыра басқаруға қарсы қойды. Бағындыра басқаруда баланың еркі мен саналылығы кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбинсінде бүкіл әдістер балада болатын барлық жағымды, жақсы сапаларға арқа сүйеуге негізделедіТәрбиеші тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруге тиіс деді ол. И.Гербарттың ойынша, адамгершілік тәрбиесінің оқудан басқа да жылдары болады:

  1. Баланы тежеп ұстау. Балалар мінез-құлқының деңгейін белгілеу.
  2. Баланы анықтап біле отырып, бағыттау. Бұл тек оқытушының нұсқауынша ғана емес, өз тәжірибесі арқылы да мінезін бағыттап отыруы тиіс.
  3. Мінез-құлықтың нақты ережелерін құру.
  4. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу.
  5. Баланы мақұлдау және оның кемшіліктерін көрсету.
  6. Балаға насихат-өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету [11].

И.Гербарттың ойынша адамның ең алдымен мінез-құлқын тәрбиелеп, қалыптастыру керек деген.

ХІХ ғасырдың басында педагогикалық еңбектерде адамгершілік тәрбиесіне үлкен мән беріліп, бұл саладағы тұжврвмдамалардың әрі қарай дамуына В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов сияқты орыс демократ- жазушылары және Ресей педагогтары К.Д.Ушинскийдің, А.С. Макоренконың, В.А.Сухомлинскийдің қосқанүлестері мол болды. К.Д.Ушинскийдің «Қоғамдық тәрбиедегі адамгершілік элементі туралы еңбегінде адамгершілікті, саналы тәртіпті, мұғалім мен оқушы арасындағы түсінісу мен сыйласу қарым-қатынасын дәріптейтін құнды пікірлерді адамгершілік тәрбие теориясының дамуында маңызды роль атқарды. Адамгершілікке тәрбиелеу теориясы мәселелерінде оның бастапқы негізін құрайтын адамгершілік ұғымы бірінші дәрежеде. Сондықтан жүйе ретінде адамгершіліктің мәнін, құрылымын білудің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор»,-дейді [12].

Қай кезеңнің болсын келелі мәселесі бола білген адамгершілік тәрбиесін әр уақыттың өзінің дана ойшылдары мен ғұлама ғалымдары еңбектеріне арқау еткен. Соной Орхон жазба ескерткіштерімен Қорқыт ата кітабынан бастап орта ғасырлық ойшылдардың төл туындылары мен даламыздың дана жырауларының поэзиясына, Ш.Уалиханов,  Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты ұлы ағартушылардың шығармаларына зер салсаныз, кез-келгенінде адам бойындағы адамгершілік қасиет,олардың қалыптасуы туралыкеңінен сөз болады. Мұның бәрі адам баласының өзін рухани жетілдіружолында тынбай ізденіп, еңбектеніп келе жатқанын, соған байланысты әдеп-инабатүрдістеріне ерекше мән бергенін көрсетеді. Міржақып Дулатұлы, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбергенұлы, С.Торайғыров т.б. ой тұжырымдарында ең алдымен сондағы қоғамдағы құрайтын адамдардың дүниетанымы мен адамгершілік көзқарасын, құндылық бағыт-бағдары мен сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды мұрат тұтқан [60].

Қазақтың тұңғыш этнограф ғалымы Шоқан Уалиханов, өзінің зерттеу еңбектерінде жастар тәрбиесіне баса назар аудара отырып, рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңызын тереңірек ашып берген. Бүкіл қоғамдық-саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанотизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш.Уалихановтың рухани-адамгершілік идеяларының негізі-қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте,патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі «жабайы» мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын рухани-адамгершілік құндылықтарына «намыс», «әділдік», «парыз» адамның басты рухани-адамгершілік құндылығына жатқызып оны қарапайым халықтың санасына сіңіруге ат салысты [13].

Қазақ халқының тұңғыш ағартушы-демократы, ақыны Ы.Алтынсариннің ұлттық мәдениеттің тарихында алатын орны ерекше. Ы.Алтынсарин қазақ мектептерінде білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін қалап, өз еңбектерінде рухани-адамгершілік тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді. Ол өз ақыл-насихатында рухани-адамгершіліктің негізі игіліктеріне: бауырмалдылық, әдеп пен әділдік, қанағатшылық, жомарттық, тазалық, сабырлылық, зейінділік пен білімді еркін игеру мәселесіне зор мән берді [15].

Ы.Алтынсарин қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар, адамгершілікке, махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке, адам деген ардақты есімді ақтай білетін кісі болып шығуға үндедіжәне жастарға бала кезінен бастап дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынып, бар өмірінұлттық мектеп ашуға, қазақ балаларына басқа ұлттармен терезесі тең болатындай білім беруге арнаған. Сондықтан Ы.Алтынсаринөзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы бағытқа бағындырды. Оның «Қазақ хрестоматиясы» және «Мактубат» атты еңбектеріне деген қысқа әңгімелері мен өлең-жырларықазақ жастарының рухани байлығы мен мәдениетін, адамгершілік санасы мен адамгершілік сезімін, адамгершілік ойлауы мен адамгершілік еркін тәрбиелеу құралы екені сөзсіз.

Ұлы Абай жастардың еңбексіз жүріп, жаманшылыққа бой ұратынына қарсы болды. 1886 жылғы бір өлеңінде ол былай деген:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман»,-деп, жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатты сынаған. Абай уақытын текке бос өткізгендерді, еріншектерді, өсекшілерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді:

«Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап,

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап»,-дейді Абай

Абай түсінігінде, адамның ең жақсы қасиеттері-ерлік, табандылық, тұрақтылық, әділеттілік және шыншылдық, сыпайыгершілік, еңбек сүйгіштік, білімге құмарлық және ақылдылық.

Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол адам, батыл, ер жүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге тиіс, қайткен күнде алдына қойған мақсатқа жете білуге тиіс. Ол халықты, әсіресе жастарды үнемі достық, татулық, әділеттілік, адалдық сияқты адамгершілікқасиеттерге тәрбиелеуге шақырды және кейбір жастардың арасында татулықтың болмаушылығына қатты қынжылды.Осындай жастарға Абай былй деген:

«Қосылмас ешбір бастары

Біріне-бірі қастыққа,

Қойнына тыққан тастары

Саудасы-ар мен иманы,

Қайрат жоқ бойын тыйғалы

Еңбекпен етті ауыртпай

Құр тілменен жинағы»-деп жазды.

Осындай жаман мінездер мен әрекеттерді әшкерелей отырып, Абай жастарға :

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге»,-деп,

арманы жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу болған.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі ұлы Абайдың даналық ойларымен астасып, бастау алатыны даусыз.

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпанын білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз»,-деп насихат етеді.

Бұндағы қашық болатын бес нәрсе, асық болатын бес нәрсе-үлкен ұғымдағы Адам бейнесі, оның кісілік болмысын айқындайтын парасаттылық көрсеткіштер [15].

Қазақ халқының Ұлы ойшылы адамгершілікті «адам болу» деп түсіндіреді. «Адам болу» дегені, адамдар пендешілік жолына түсіп кетіп, адамдық қасиеттерді ұмытып кететіндігін айтқаны еді. «Адам» деген ұлы атқа ие болу үшін пендешіліктен бас тартып періштедей таза болу керектігіне шақырады. Абай түсінігінде «періште» -ең адал, білімді, еңбекқор,әділ, мейірімді,рақымды адамның қиялдағы мифтік бейнесі, образы. Сонымен қатар Ұлы Абай ар, ұят, намысты да адамның ең бір  биік қасиеттерінің бірі деген.

Сонымен бірге ұлы ойшыл, классик Абайдың кейбір ой-тұжырымдары Шығыстың ғұлама ғалымы, философ әл-Фарабидің: «Жүрек- басты мүше, оны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»-деген көзқарасымен сәйкес келеді. Абайдың он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікірін: «Осы үшеудің басын қоспақ менің ісім, бірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды»,-деп білдіреді. Абай мен әл-Фарабидің «Жүрек» туралы танымдарының негізі бір екенін көреміз. 

Абайдың осы танымын мына бір нақыл сөзі де растай түседі: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек»-немесе «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», дегендегі тұжырымдар ойы да адамгершілік қасиет еді.

Яғни, рухани-адамгершілік тәрбиесі-ол жүрек тәрбиесі. Рухтың ұясы да жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, рахымды болса, ізгіленеді. Жүректің терең жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да , болашаққа да теріс ықпал етеді. Тәрбие баланың даму кезеңдерінде адамдардың рухани өзегін қоректенуші болып, біліменен бұрын жүргіхілуі тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жырумен нұрландыру қажет. Жоғарыда талданған «адамгершілік» ұғымының сапалық мәнін айқындай түсетін жалпы ғылыми-педагогикалық ұғымдардың бірі-«адамгершілік тәрбиесі» ұғымы. Бұл ұғымға берілген педагогикалық зерттеулер мен әдебиеттегі анықтамаларды былайша жүйелеуге болады: қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «адамгершілік тәрбиесі-тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекеттің қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие»-деп көрсетеді.

Сондай-ақ бірқатар ғалымдар да ғылыми еңбектерінде адамгершілік тәрбиесін қарастырып, анықтама берген. Мысалы, ғалым Ә.С.Әмірова: «Адамгершілікке тән рухани тазалыққа тәрбиелеу-баланың нәрестелік шағынан отбасы, балабақша тәрбиесі, үлкендердің олармен қарым-қатынасы, өнегелі еңбек әрекеттері байыпты, жүйелі жүргізілген тәрбие тәсілдері арқылы біртіндеп сәби бойына дарып, орнығатын ұзақ үрдіс»,-деген [18]. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев адамгершілік тәрбиесін құлық тәрбиесі деп атап: «Құлық тәрбиесі-шәкірттердің саналы тәртібі, байымды мінезі түсінігін қалыптастыру, оған сәкес сезімі мен менімін тәрбиелеу үшін тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекеті. Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында-еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, үйелменде және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді»,-деп қарастырады.

Р.К.Төлеубекова: «Жаңа әлеуметтік мәдени ортада адамның ұстанар мұраты-адамдармен қарым-қатынасында, іс-әрекетінде адамгершілік сана-сезім дағдысымен, өзіндік «Мен» бейнесі арқылы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қасет-сапаларымен ықпалдасып субьект ретінде танылуын тәрбиелеу»,-деген анықтама береді [16]. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жеке адамның құндылығын зерттеуші Р.К. Төлеубекова адамгершілікке жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу тұжырымдамасын жасады оны біз ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуде негізге алдық және оны дамытуға ұмтылдық. Айтылған жүйелер ұқсас болғанымен олардай құндылықтарда ортақ көзқарасты көреміз, оларды біріктіріп тұрған ізгіліктік бағыт: үш жүйеде де «Адам» ең негізгі құндылық. Әлеуметтанушылар құндылықтарды зерттеу нысандарына алған. Көпшілікке белгілі «Әлеуметтанушының жұмысшы кітабы» деген шығармада келтірілген: «Кез-келген нысан (материалдық немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның мақсат-ниеті, тілек-ықыласының негізін құрап, өмір сүруінің маңызды шарты болып табылса, онда ол әлеуметтік құндылық бола алады» [16].

Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi [61].

Қазақ энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі»,- деп анықтама берілген.

Қазақ тілінде әдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы ол-адамгершілік. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл және әділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, әлі де жетіліп келеді. Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс және тағы басқа да адмгершілік категориялары сонау көне дәірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Сондай-ақ, адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары-үміт, сенім, махаббат үнемі даму үстінде [17].

Информация о работе Рухани-адамгершілік ұндлықтар