Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 20:05, курсовая работа
«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу. Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады. Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.
Нормативтік сілтемелер........................................................................................2
Анықтамалар.........................................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі. ...............................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.....................................................27
Қорытынды............................................................................................................41
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі................................................................43
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер....................
Анықтамалар...................
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып
оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың теориялық негізі. ..............................
2.Бастауыш сынып
оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиет көздерінің
тізімі........................
Нормативтік сілтемелер
Бұл курстық жұмыста келесі стандарттар мен нормативтік сілтемелері пайдаланылған:
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар пайдаланылған:
«Руханият» сөзі-«рухани ниет»- деген сөздің қосындысы. Рухани ниетте болу, рухани іздену, рухани жұмыс істеу, рухани ләззат табу.
Рух-«жан дүниесі», кейде «жан» -атауының баламасы ретінде қолданылады.
Аксиология- философиялық зерттеу,талдау бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады.
Құндылық -объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым
Рухани-адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі-ол жүрек тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі- мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі
Құндылықтар дегеніміз-мінез-құлықтар әрекеттердің бір түрі, ол мәдениеттің белгілі бір түрінде ерекше орын алады деген ойды білдіреді.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам талабына сай өзекті мәселелердің бірі білімді де парсатты, рухани құндылықтарды биік мақсат тұтатын азаматты тәрбиелеу болып табылады. Елбасының әр жылдардағы жарық көрген жолдауында ұлттық тәрбие басты нысанаға алынып ерекше болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік дағдыларының жоғары денгейде болып, елін-жерін сүйе білетін, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беріледі. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру тұжырымдамасында жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілік дағдыларын қалыптастыру жағдайлары біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдеп , тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғындаудың қатарласа дамуы мүмкін. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі-дүниеқұмарлық.
Жас ұрпақ-мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған мәселе.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі бағдарламасының міндеттері адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
2011-2020 жылдарға арналған
білім беру бағдарламасы үздік
халықаралық стандарттар
Тәрбие -үздіксіз процесс. Мектептің алғашқы сатысынан бастап білім беру мен тәрбие процесі жас ұрпақты әлеуметтендірудің балама негізін қалайды. Жеке тұлғаның жалпы даму проблемалары туралы ағартушылар: Ш. Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтурсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М.Жумабаевтар өз еңбектерінде құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен. Оқу-тәрбие жүйесі арқылы оқушылардың бойына моральдық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастру негізінде оларды өмірге даярлау, болашаққа бағыт-бағдар беру мәселелері А.А.Бодалев, Н.И. Болдырев, В.И. Гинецинский, И.П.Подласый, Ю.М.Резник т.б еңбектерінде талданған.
Педагогика ғылымында оқушыларды адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған. Адамгершілік педагогикалық ұғым ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Руханилық ұғымының мәні әртүрлі сапаларды қамтитыны белгілі. Қазіргі кезеңде қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бетбұрыс оқу-тәрбие жұмысынң рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастрып, оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу қажеттіліктерін айқындап отыр.Атап айтқанда рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы педагогтар әл Фараби, Ж.Баласағұн, Ө.Тлеуқабылұлы, Қожа Ахмет Яссауй, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова т.б., қарастырса, құндылықты бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелерін Г.К.Нұрғалиева, Г.Байделдинова, Б.Айтмамбетова т.б. зерттеген,-ал, адам сүйгіштік, имандылық қасиеттерге баулу А.Бейсенбаева, Ж.Р.Бәшірова. А.Н.Көшербаева, Қ.ҚШалғынбаева, Қ.Әтемова, Н.Әлқожаева, АЕлемесова, Б.И.Иманбекова т.б еңбектері арқау болған. Философилық тұрғыдан С.Нұрмұратова, Ж.Молдабеков, Е.Әлсатов, Б.Ерасов т.б. рухани-адамгершілік құндылықтарды халықтық педагогика арқылы қалыптастыруға Р.Төлеубекованың еңбегі арналса, Ш.Майгаранова, Б. Игенбаевалардың ғылыми зерттеу жұмыстары бастауыш сынып оқушыларын пәндерді өту барысында рухани-адмгершілік құндылықтарын дамыту көздеді, А.Қаплиева, Р. Тұрсжанова, Д.Нұрғалиевалардың еңбектері рухани-адамгершілік құндылықтар арқлы салауатты өмір салтн қалыптастыруға арналды. Оқушыларды азаматтыққа тәрбиелеуді Р.Г.Лемберг, Т.С. Сабыров, К.К.Жампейісова, М.С.Молдабекова, М.А.Құдайқұлов, А.Б.Нұрлыбекова т.б., ал, адамгершілік тәрбиесін қоғамның қазіргі даму бағытына қарай С.А.Назарбаева, Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин, Э.А.Орынбасарова сынды ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Мектеп оқушыларында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселесі барлық уақытта да өзектілігін жоймай келеді және педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақтың тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен педагогикалық-теорилық негіздерін Аристотель, Платоннан басталып, бұны алыс және жақын шет ел педагогтары Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, И.П.Подласый, М.Ф.Харламов, т.б. жалғастырып; психологтар В.Франкл, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, С.Л.Рубенштейн, Ж.Ы.Намазбаева, Қ.Б.Жарықбаев т.б. ғалымдар ғылыми-теорилық тұрғыдан тереңдетті.
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерінің теориялық негізінің айқындалмауы; оған қажетті әдістемелік кешендердің жеткіліксіздігі, қазіргі мектеп тәжірибесінде бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың өз дәрежесінде болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің болжамы: егер,бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі айқындалса және оны іске асырудың әдістемесі жасалса онда, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тиімді болады, өйткені оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі тапсырмалар оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарының нәтижелі болуына ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
Жетекші идеясы: Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру ұлттық және адамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік мінез-құлықты, рухани-адамгершілік сана-сезімді, рухани-адамгершілік қажеттілігін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық-теориялық негізіне философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға және іс-әрекет теориялары, ізгіліктік педагогика тұжырымдамалары, құндылықтар туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, Тәрбие жұмыстары жөніндегі тұжырымдамалар, Зерттеу проблемаларына байланысты бастауыш мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты озық тәжірибелер, кешенді бағдарламалар, психолог, педагог, әлеуметтанушы және әлеуметтік педагог ғалымдардың еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге, зерттеудің деректі көздеріне теориялық, педагогикалық және статистикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау т.б
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жүйесінің ғылыми теориялық негізі айқындалды.
- бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды.
Зерттеудің базасы: Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің магистратура және PhD институты, Алматы қаласы №12, Алматы қаласы мектеп-гимназисы №123.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс нормативті сілтемелер, анықтама, кіріспе, екі тарауша, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі бағдарламасының міндеттері адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады [1]. Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді [2]. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 306 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді) Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі білім берудің ізгіліктікжәне дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын белгілейді. Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік категориялар, ізгіліктік қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген [3]. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсінуі және бағалай білуі үшін адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру ізгіліктік тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әрекеттер және мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді.