Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа

Краткое описание

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 проблемалық оқыту д.р..doc

— 539.00 Кб (Скачать документ)
  • Балалар, мына  сабақта  қанша  құлпынай  тұр?
  • Бес.
  • Бұл  қанша бестік?
  • Бір.

Содан  соң  2 санның тұсындағы  сабақшадағы 5 құлпынайды  көрсетем де:

  • Қанша  сабақша болды?
  • Екі  сабақша  болды.
  • Екі  сабақшаны  санаңдаршы, қанша  құлпынай  бар  екен?
  • Он.
  • Ендеше, екі  бес қанша?
  • Он.
  • Ал, үш сабақшада  қанша? – деп ары қарай  жалғастырып, 9-ға  дейін  қосынды және  көбейту түрінде  түсіндірем.

Мысалы, 9 санының астында  5 құлпынай, оның  астында  45 саны тұр.

1 ден бастап 9-ға дейінгі  аралықта, әр  бөлікте 5-тен   құлпынай  бар. Яғни 45-ті 9-ға  бөлсе – 5, 5-ке  бөлсе – 9 саны  шығатынын  түсіндіремін. Осыдан  кейін  кодоскоп арқылы  экранға 5-ке  көбейту кестесін  түсіріп, 5-ке  көбейту кестесінің  құрамына  тиісті  сандармен  таныстырып  өтемін. Экрандағы көбейтінді  бойынша оқушылардан кезекпе-кезек  көбейтіндіні  сұраймын. Көбейткіштердің  орнын  ауыстырғандағы  жауабын да қатар жүргіземін.

Осыған  орай  оқушылар  өз ойларын  қорытындылап, көбейткіштердің  орнын  ауыстырғанда көбейтіндінің  өзгерметіндігін  айта  алады. Бұл  ережені  бекіту  мақсатында  бірнеше  оқушыдан  қайталап  сұраймын.

Сабақ  жоспарынан келтірілген  осы  үзіндінің  өзі- ақ жаңа  материалды  оқытып – үйрету  барысында  сөздік әдістің  әр түрлі нұсқада қолданылатындығы  байқалады:

  • сөзбен көрнекіліктің  табиғи  ұштасуы, яғни  сөзден  көрнекілікке, көрнекіліктен  сөзге  көшу, олардың  бір-бірінен алмастырылуы;
  • Сұрақ-жауап түріндегі  түсіндірме (мұғалім – оқушы – мұғалім  тізбегінде);
  • Сөздік  әдісті  оқушылардың өзіндік іс-әрекетімен ұштастыру;
  • Сөздік  әдіспен  көрнекілікті  үйлестіру т.б.

 

 

 

Қазақ  тілі (3 – сынып)

Тақырыбы: Жыл  бойы  өтілгенді  қайталау.

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың жыл бойы  алған білімдерін тиянақтай түсу,

                       сөз таптары, сөйлем  мүшелерін, сөйлемдегі  сөздердін 

                       байланысы  туралы  алған   білімдерін  жалпылау;

ә) дамытушылық: Қазақ  тілінің  байлығы  арқылы  оқушының  тілін 

                        дамыту, сауатты  көркем  жазу  дағдыларын 

                        қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларға экологиялы  тәрбие  беру, табиғат-ананы, ондағы 

                        өсімдіктер  дүниесі, құстар  тіршілігіне деген сүйіспеншілік

                        сезімдерін  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: Жалпылау  және  қорытындылау  сабағы

Сабақтың  түрі: Дәстүрлі  емес, экологиялық ертегі  сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:

Құралдар: Табиғат  көрнісі бейнеленген  сурет, құстардың суреті, жеке  оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер.

Сабақтағы жаңа  технологиялар. Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы:

        1. Қызығушылықты  ояту.
        2. Мағынаны  тану.
        3. Ой – толғаныс.
        4. Проблемалық жағдаяттарды  шешу.

Сабақтаң  өтілу  барысы:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі

а) оқушылардың  алдына  оқу  проблемасын  қою.

2.  Оқушыларды  білімді   саналы  түрде  меңгеруге   дайындау.

ә) материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігіне  тоқталу.

3. Білімді  жан-жақты  тексеру  кезеңі.

а) әр  түрлі  методтар  мен  материалдың  меңгеру сапасы  мен  көлемін  тексеру.

1). Қызығушылықты ояту.

Мұғалім: Балалар, біз бүгін қазақ тілі  пәні бойынша дәстүрлі  емес, экологиялық ертегі  сабағын өткіземіз. Жыл бойы  өтілгендерді  қайталаймыз. Сендер  ертегі  тыңдағанды  жақсы  көресіндер ме?

Оқушылар: Иә, Иә.

Мұғалім: Олай  болса мені  жақсылап  тыңдандар. Ертегіде  жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналадағы  қоршаған  табиғаттың  бәрі  де  сөйлеп  кетеді. Ертегі  кейіпкерлерімен бірге  бүгін біз  де сөйлесеміз, пікірлесеміз, бір-бірімізге  көмектсеміз. Олай  болса  ертегімді бастаймын.

Ерте-ерте-ертеде Жапан  түзде жалғыз  терек  өмір  сүріпті. 20 жасында  ер жетіп, 30 жасында бұғанасы  бекіп, 40-та кемеліне  келіпті де, 50-ден  асқан  соң  қартая  бастады. Кей  бір бұтақтары сынып, қотыр  қабығының  әр  жеріне  құрт  түсіпті. Құрт  көбейіп  оның әр жерін  тесіпті. Тұла  бойы  қақсапУх,  жаным-ай, Ух,  жаным-ай! Енді не  қыламын? Құрт  ауруына  шалдықтым. Тесіп  жеп  барады, бұтақтарым  сырқырайды, жапырақтарым  сыздайды, жәрдем ете  көріндер – деп, терек күні-түні  зарлайды. Оның  дауысын  естіп  бір күні  Ақ көгершін  ұшып  келді.

  • Терек ата, ауруыңыз  жаман  екен. Мен  дәрігердің  кім екенін  білмеймін, дегенмен  іздеп көрейін, - деп ұшып  жөнеледі.

Мұғалім: - Балалар, көгершінмен бірге Теректің  ауруын емдейтін  дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін  мына  тапсырманы орындап жіберейік.

1 тапсырма: 3 деңгейлік тапсырма бойынша жасалған тірек-сызбалар  бойынша жұмыс.

Заттын  аты.                                               Заттын саны.

Заттын  сыны.                                            Заттын  қимылы.

Тірек сызбалар  бойынша  бір-бір сөйлем  құрап  жазу.

          Мұғалім: Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп келе  жатырмыз, алғашқы тапсырманы  орындадық. Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық.

2. Мағынаны  тану  кезеңі.

Мұғалім: Көгершін ұшып  келе  жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды  көреді де, оған келіп болған  жәйды баяндайды. «Терекке  жақсылық жасай көр», - деп өтінді. Әр  кімнің  өз жұмысы  бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ, - дейді. Сауысқанның  уақыты  жоқ болса, онда  біз көмектесіп мына  тапсырманы   орындап жіберейік.

2 тапсырма.

1. Сөйлемдерді оқы. Жылқы  кісінеді. Ит үреді. Қой  маңырайды. Сиыр мөңіреді.

2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып  жаз.

3. Сөйлем  мүшелерін   талда.

4. Сөйлемдегі  сөздердің  байланысын  көрсет.

Ақ  көгершін одан  әрі ұшып  кетіпті. Қалың  тоғайдың  маңына  жақындағанда қырғауылды  кездестіреді. Оған да  мән-жайды хабарлайды. Ол  бірақ көгершіннің ұсынысына өзінің  көмектесе алмайтынын  айтады. Қырғауыл  үшін  біз көмектесіп жіберейік.

3 тапсырма: «Көнілді  санамақтар» бойынша жұмыс.

                                               2-екі

                      Баласына  ж2-ріп

                     Ұрысып жатыр к2-лік

                     2-леніп, с2-ріп

                     Алып қапсың 2-лік

                     2-ншілей 2-ңді,

                     Көрсетпе деп ж2-ді.

Мұғалім: «Көнілді   санамақта» қандай  құс туралы айтылды?

Балалар: Кекілік

Мұғалім: Балалар, құстар екеш  құстар да  балалары  жаман баға  алса, ренжиді екен  ғой. Сендер  де  нашар баға  алсаңдар  аналарың  ренжиді.сондықтан да  жақсы баға  алу керек.

Көгершін  одан  әрі ұшып кетіпті. Қалың  тоғайдың  ішінен құйқылжыта  ән салған. Бұлбұлдың үнін естиді. Ол  бұлбұлға да  Теректі  емде  дегенді айтады.

  • Кешір, Көгершін! Маған  ренжіме, менің  өз  кәсібім  бар  ғой. Менің  әнімді  ормандағы  аңдар, құстар түгелі  адамдардан  көмек  сұра дейді. Кәне, Бұлбұлдың тілегін орындап  тапсырма  орындайық.

4 тапсырма: «Сөз қуаласпақ» ойынын  ойналық. Ол  құстар туралы  болсын.

Жапалақ, қарлығаш,...(сөз  қандай  дыбысқа  аяқталса, келесі  сөз  сол  дыбыстан  басталу  керек).

   Әрбір сөздің  қай сөз тобы  екенін  ауызша  талдау.

Мұғалім: Көгершін ілгері  қарай ұшып кетеді. Айдын  көлде сыланып  жүзіп  жүрген  Аққуға  келеді. Оған да  Теректі  емдей көр деп  өтініш  айтады. Сонда Аққу: - Мен  қасиетті де киелі  құспын  ғой. Мен  бұл  жерден  кете  алмаймын. Маған  көп  құстар  келеді, ақыл – кеңес  сұрайды, мен  саған  да ақыл  айтамын. Сен  оны  тоғайда  үйсіз-күйсіз, жұмыссыз  жүрген   құстар  бар, солардың  бірін  тапта  өтініп  көр. Мүмкін  солардың біреуісі  саған  ілесіп, Теректі емдеп қалар, - дейді. Аққу  бізге де  ақыл сөздер  айтыпты. Енді  соны  орындап жібірейік.

5 тапсырма:

Мына  тыйым  сөздерді оқы, етістікті тап, оның  қандай  етістік екенін  айт, сөз құрамына  талда.

    1. Аққуды  атпа.
    2. Құс  ұясын  бұзба, құмырсқа  илеуін  бұзба.
    3. Көк  шөпті  жұлма.
    4. Жалғыз  ағашты  шаппа.

Мұғалім: Көгершін  Аққудың ақылын  тындап, ормандағы сенделіп  жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болды. Ол құс Көгершіннің тілегін орындап, онымен  бірге Терекке келіп, оның  құрт  ауруын жазған  екен.

Проблемалық  сұрақ: Ол  қандай  құс деп ойласындар?

Балалар: Тоқылдақ, тоқылдақ

Мұғалім: Дұрыс айтасындар, бұл тоқылдақ  еді.

Проблемалық  сұрақ: Олай  болса  бүгінгі  ертегімізде  қандай  тақырып  қоюға  болады?

Балалар: Тоқылдақ – орман  дәрігері.

Мұғалім: Содан бері әлгі  Терек жайқалып  өсіп  тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды  екен. Ал  жасыл өсімдіктерді, ағаштарды  күтсек, біздің  денсаулығымызға  пайдалы екенін  білесіңдер.

5. Оқу  материалын  меңгеру  дәрежесін  анықтау. Сұрақтар  қою. Топтастыру  стратегиясы   бойынша  жұмыс. Үптаспадан «Ақ  көгершін» әнін  тыңдап, қосыла  айту.

6. Үйге  тапсырма.

7. Сабақты  бекіту.

8. Оқушылар  білімін   бағалау.

 

Ана  тілі (4 –сынып)

 

Тақырыбы: Компас   (Б.Соқпақбаев)

Мақсаты:

а) білімділік: Мәтінді оқу, мазмұнын  түсіндіру, сөздікке, сөз тізбектеріне,

                       сөйлем  оралымдарына  назар  аудару, мәтінді  бөлімдер 

                       бойынша әңгімелеу, көркем  шығармаларды  оқуға

                       қызығушылығын ояту.

ә) дамытушылық: Баланың  ой  өрістерін  дамыта  отырып, өздіктерінен 

                       қорытынды  шығаруға  машықтандыру.

б) тәрбиелік: Жаңа  материалды  игере  отырып, балаларды  мейрімді, адал 

                       болуға, адамгершілікке  тәрбиелеу, арам  пиғылдан,

                        іштарлықтан  бойларын  алыс  ұстауға  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап. ДЖИКСО (ұжымдық  оқыту  әдісі), ой – қозғау әдісі, ой  толғаныс.

Сабақтың  түрі: Жаңа  материалды  игеру  сабағы.

Пәнаралық  байланыс: Дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Компас, әңгіме  жоспары, топшамалар, түрлі түсті иллюстрациялар.

 

 

Сабақтың  барысы:

    1. Ұйымдастыру  кезеңі
    2. Үй  тапсырманы  тексеру.
  1. А.Байтұрсынов  кім? Ол  нешеге  толды?
  1. Оқу  түрлерін  қолданып, А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян» өлеңін  оқыту. (іштей, хормен, бір  сөйлемнен, бір  сөзден оқыту).
  2. Мәтін  шығарманың қай  түріне  жатады?
  3. Мысал  кейіпкерлері  қандай  іс атқармақшы  болды?
  4. Мысалдан  қандай  сабақ  алуға  болады?
  5. Қорытынды  о<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_04

Информация о работе Проблемалық оқыту