Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа

Краткое описание

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 проблемалық оқыту д.р..doc

— 539.00 Кб (Скачать документ)

Мұғалім  Болаттың суретің есікке  қарай жылжытады да, Болат есікті  ашады, бөлмеге Марат  кіреді. Мұғалім  Болаттың  суретін  көрсетіп, оның  сөзін шешесіне  қарап айтады: «Бұл Марат». Мараттың  суретін  алып, оның  атынан  мұғалім   амандасады: «Сәлеметсіз бе,тәте». Шешесі де  амандасады. Мұғалім  осы  жағдаяттарды  көрсетеді де, жоғардағы  кейіпкерлердің  сөздерін  сөйлейді. Содан  кейін  мұғалім  оқушыларға: «Бұл  кім? Бұл  Болат па? Бұл Марат  пен Болат па?» деген  сұрақтарды  қояды.

Бұл жұмысты  орындағаннан  кейін, мұғалім  оқушыларды  үш  топқа  бөледі.

Келесі  сабақта  осы  диалогтың үлгісімен  әрі  қарай  жұмыс  істеуге  болады.

Ал  соңғы  этапта оқушылар проблемалық  жағдаятты  өз  бетімен  туғыза  білу  керек. Диалогты  оқушылар  өз  сөздерімен  жүргізеді.

Сыныптан  бір  оқушы  сыртқа  шығып, есік  қағады. 1-ші  оқушы 2-ші оқушыдан: «Бұл кім? Бұл Алма ма әлде Қайрат па?» деп  сұрайды. 2-ші оқушы есіктен  кім екенін айтады. Оқушылар  бір-бірімен амандасады. Осы диалогтың үлгісімен басқа проблемалық жағдаяттар  туғызуға  болады. Мысалы, «Менің  оқулығым  қайда  жатыр?».

Диалогтың үлгісі:

  1. Айнұр, менің  оқулығым  қайда ?
  2. Сенің оқулығың сөренің ішінде  емес пе?
  3. Жоқ, Айнұр.
  4. Үстелдің  үстін  қара.
  5. Рахмет, Айнұр, таптым.

Осындай  диалогтарды  кез-келген  тақырыптарға  байланысты  проблемалық  жағдаяттарды  туғызуға  болады.

1-2 сыныптарда  проблемалық   оқыту  әдістерін  ауызша  cұрақ-жауап әдісі арқылы  қолдануға болады. Оқушылардың сөздік  қорын молайтуда cұрақ-жауап әдісінің маңызы  зор. Себебі, бұл сыныптағы оқушылардың сөйлеу  мәнері, сөздік  қоры, сөздерді  қарастырып сөйлеуінде  кемшілік  тұстары  болады. Көбіне  суреттер, дидактикалық  материалдарды  қолдану  арқылы  оқушылардың  тілін, ойын  дамытуға  болады.

 

 

 

 

II.  Бастауыш  мектептерде  проблемалық оқытудың  элементтерін  еңгізу.

Проблемалық  оқыту  дамыта  оқытудың  қазіргі  жүйесінің  бір бөлігі  болып  табылады. Проблемалық  оқыту  үрдісінде  оқушылардың  өздігінен  ізденіс  әрекеті  дайын  білімдерді  игерумен  ұштасады. Мұнда  оқушылардың ақыл  ой  қабілеті, олардың  творчестволық іс-әрекеті  жедел  дамиды, танымдық  ынтасымен білуге  құмарлығы  қалыптасады.

Проблемалық  оқытудың аса  маңызды  шарты – сабақта  проблемалық  жағдайлардың  жасалуы. Ондай  жағдай  оқушылардың алдына  олар бірден  шеше  алмайтын танымдық  міндет  қойылғанда  туады. Сұраққа  жауап  беру  үшін  өздігінен  қадам  жасап, күш  жұмсау  қажет.

Мұндай  жағдайда  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуі, ізденушілік, проблемалық  сипатқа  ие болады.

Проблемалық  оқыту  барлық  сабақтарда  кеңінен  қолданылады.

Бастауыш  сыныпта  проблемалық  оқытудың әдістерін  пайдалана  отырып  оқыту, оқушылардың  ойлау  жүйесін  дамытып  іс-әрекетте  шешім  қабылдап, зерттеуге  үйренеді.

3-ші сыныпта Дүниетану  пәнінен  «Ауа  туралы ұғым»  тақырыбы  бойынша проблемалық   жағдаят  тудырып, зерттеу жұмысын жүргізген оқушылардың іс-әрекеті туралы  түсінік.

Жаңа  сабақ  бойынша  оқушыларға  проблемалық тапсырмалар  беріледі.

1 топ: Судың құрамында ауаның бар жоғын зерттеу.

2 топ:Топырақтың  құрамында ауа  бар ма, жоқ па сол туралы  зерттеп дәлелдеу.

3 топ: Ауаның қасиеттерін зерттеу.

Оқушылардың  зерттеу  жұмыстары: 1-ші топтың  оқушылары  өздерінің  зерттеу жұмыстарын  автор  орындығына  отырып дәлелдеді:

Оқушы: Суды стақанға  құйғанда көпіршіктер пайда  болды  және  шамалы  уақыт  өткен соң, стақан  қабырғаларына  ұсақ түйіршектердің  тұрғандығын  көрдік. Біздің  зерттеуімізше  судың  құрамында ауаның  бар  екендігіне  көзіміз  толық  жетті. Сол  себепті, судың құрамында  ауа  бар  деп шештік.

2-ші топтың  зерттеу   жұмыстары:

Оқушы: Стақандағы  суға  топырақ  салғанда су  бетіне  ұсақ көпіршіктер шығып  жатты. Сондықтанда біздің  зерттеуіміздің  нәтижесінде, топырақтың  құрамында  ауаның  бар  екендігін  көзімізбен  көріп  дәлелдедік.

Сол  себепті  топырақтың  құрамында ауа  бар.

3-ші  топтың  зерттеу   жұмыстары:

Бізге  ауаның  жанатынын немесе  жанбайтынын зерттеу керек болды.

Үш  шырақты  қатар  жағып, біреуін стақанмен, екіншісін  түбі  жабық  банкімен, ал үшіншісін түбі ашық банкімен жаптық. Сонда көргеніміз  стақанмен  жабылған  шырақ бірінші сөніп  қалды себебі, стақанда  ауа жоқ, екінші  банкімен  жапқан  шырақ шамалыдан  соң сөніп қалды себебі, банкідегі  ауа  жанып  бітті, ал  үшінші  төбесі  ашық банкімен  жапқан  шырағымыз  жанып  тұра  берді, өйткені  түбі ашық, ауа бар. Сол  себепті  зерттеуіміздің  қорытындысы ауа жанады, яғни ауаның жанғыштық  қасиетінің  бар  екендігіне  көзіміз жетті.

Екінші  партадағы  оқушылар ауаның орын  алатындығын дәлелдеді: оған жарылған  доп пен жарылмаған  допты салыстырып  көрді. Жарылған  доп  лақтырған  жерінде  жатты, ал жарылмаған  ішінде  ауасы бар  доп  жерге  ұрғанда, жоғары  қарай  серпілгенін  көрдік. Ауаның серпілетіндік  қасиетінің  және  орын алатындығын  көрдік.

Сол сияқты  шарды  үрлеп, қайта  шығарғанда ауаның  түссіз  және  адам  бойында да ауаның  бар екендігін көрдік. Сондықтан ауа түссіз  әрі жеңіл болады  деп қорытындылаймыз.бұл үш жағдайда да оқушылар  өздері  жағдаят тудырып, проблеманы  яғни мәселелерді зерттеудің  нәтижесінде бір шешімге  келгендіктерін  көрсете  білді. Мұнда  мұғалім  тек  тапсырма  беруші ғана  қызметін  атқарды, оқушыларды  дұрыс  ойландыра  білсек  оның нәтижесін көреміз. 

 

Қазақ  тілі     4-сынып

Сабақтың  тақырыбы: Біріккен  сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кей бір  сөздер  бір неше  түбірлерден құралып, бірігіп  

                     жазылатынын  мысалдар  арқылы  көрсету. 

    Дамытушылық: Ауызша және  жазбаша тілдерін дамыту, сөздік

                        қорын, байланыстырып  сөйлеуін, шығармашылық  

                        қабілетін  арттыру. Топпен  шығармашылық  жұмыс  

                        істеуге  үйрету.

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздалыққа, жинақылыққа   

                     тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: сайыс сабақ (топ сайысы)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тестік әдіс және кластер әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: табиғи  тас, бақа  мүсіні.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың жүргізілуін  түсіндіру. Оқушыларды  деңгейіне  қарай  4 топқа  бөліп  отырғызу. Сабағымыз  2 бөлімнен  тұрады.

  1. Білім  сайысы
  2. Өнер  сайысы

Қызығушылықты  ояту: оқу, білім  туралы  мақал  айту.

Сабақ  білім  сайысынан  басталады.

    «Оқусыз –  білім  жоқ,

           Білімсіз – күнің жоқ»  дегендей  бірінші сайыс «Білім  сайысы».

«Білім  сайысы» деген  сөз  тақтаға  ілінеді.

Білім  сайысында, әрине, оқушылар сіздердің білімдеріңіз  тексеріледі.

10 тест сұрақтары   өтілген  материалдарға  байланысты ауызша  сұрақ-жауап  әдісі  бойынша  жүргізіледі.

- Түбір сөздер  деп   қандай  сөздерді  айтады? (жалпы   сұрақ)

- Түбір сөз деп  сөздің  өзгермейтін мағыналы  бір бөлігін түбір  сөз   деп айтамыз. (оқушылардың  жауабы)    

Оқушыларға  сұрақ:

Мынау  не?         -       тас 

                                                                                     түбір сөз                                     

Мынау  не?         -       бақа

(бір  бөлек  тас   пен  бақаның мүсінің  көрсету)

Проблемалық  сұрақ:  Енді осы екі түбір сөзді біріктіріп жаңадан басқа

                                      қандай  сөз  жасауға  болады?

  • Кәне, қай  топтың  оқушылары  жауап  береді?

4 – топ: Абылай  -  Тасбақа

Проблемалық  сұрақ: Тасбақа сөзін қандай  сөз деп ойлайсыздар? – Біріккен

                                     сөз (оқушылардың  жауабы).

Тақтаға  тақырып  аты  жазылып қойылды. Сурет  бойынша  мысал  сөздер тақтаға  жазылады.

Мынау  не?     -     тасбақа.

Мынау  не?     -     Аққу.

Мынау  не?     -     Саңырауқұлақ.

Сөздер неше  түбірден  жасалып  тұр?

Ал осы  сөздердің  жасалуына  қарап біріккен  сөздердін  ережесін қалай қорытып  шығаруға  болады?

Оқушылар  ережені  өздері  қорытып шығарады.

  • Екі, үш  түбірдің бірігуінен  жасалынған сөздерді  біріккен  сөздер  деп атайды.

Оқулықпен  жұмыс :

 

1 топ: 226-жаттығу                           3 топ:  228 жаттығу

2 топ: 227 жаттығу                           4 топ: 229 жаттығу

Сергіту  сәті: Ұлттық  ойын  «Ақ  сүйек»

«Өленшінің  сөзі  алтын,

  Өнерлінің қолы  алтын» - дегендей  келесі  сайысымыз.

«Өнер»  сайысы.

1 топқа   жұмбақ жасыру.

1.  Бір жәндік  бар.  Бірінші  түбір  сан есім, екінші  түбірі  зат есім. Ол  қандай  жәндік? (қырық+аяқ)

2.  Бір  тағам   бар. Бірінші  түбірі  орыс  баласының  аты, екінші  түбірі  сан  есім. Ол  қандай  тағам?  (макар+он)

2 топқа жұмбақ  жасыру.

Тізілген  тауарлары  бар Жетісудың,

Iшінде  орман, тоғай  біткен  нудың

Дариядай  сол  тауарлардан  тулап  аққан

Көресің тамашасын аққан судың.

 

Көзіңе  оншама

Көрінбес  ірі  тау.

Аласа  болса да,

Атанған  Ұлытау.

 

4-5 топ  өзбетінше   жұмыс  істейді. 

Проблемалық  тапсырма  3 – топқа:

  Біріккен  сөздерге  көзге  елестету  арқылы  сурет  бойынша  кісі аттары  бола ма, мысал  келтіру.

Мұғалім: Ботакөз дегенде көз алдымызға қандай  сурет елестейді? Бота  және  көз.

 

Оқушылардың сурет  бойынша  жасаған  сөздері.

 

        

 

 

 Жұлдызай                                           Айгүл 

 

 

                             

2 тұз                                    сұлу

 

     Екібастұз                                               Күнсұлу

                                

4 топқа   тапсырма:

Құрамында  біріккен  сөздері  бар  өлең, өтірік  өлең  құрастыру.

Оқушылардың  жауаптары:

Ботакөз  алды  екілік,

Жылап  алды  егіліп.    (өтірік  өлең)

Қансонарды бүркітші  шығады аңға,

Тастан  түлкі  табылар  аңдығанға.  (Абай)

Бір  оқушы  «Алтынай»  әнінің  бір  шумағын  айтып, ондағы  біріккен  сөздерді  тапты.

Проблемалық  тапсырма:

1 топ: Аңдардың  атын  жазу.

2 топ: Құстардың   атын  жазу.

3 топ: Балықтардың атын  жазу.

4 топ: Жәндіктердің  атын  жазу.

Проблемалық  жағдаяттарды  шешу.

 

 

1топ:             

                   

Біріккен сөз




 


 

                          Аңдар              

              Тауешкі                                 Жолбарыс

            

                                      Ақбөкен

 

 

Біріккен   сөз




2 топ:                          

      

 

        

      Көкқұтан                 Құстар                    Аққу  

 

      

               Қараторғай                      Күркетауық    

 

 

Біріккен   сөз




3 топ:                          

      

 

           

      Көксерке                 Балықтар                     Есектұмсық  

 

      

                Алабұға                           Ақбалық    

Информация о работе Проблемалық оқыту