Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа

Краткое описание

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 проблемалық оқыту д.р..doc

— 539.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе ................................................................................................................3

Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8

    1. Ғылыми  педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
    2. Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық  оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19

Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың

          элементтерін  еңгізу................................................................................27

2.1 Табиғаттану сабақтарындағы  проблемалық оқыту  елементтеір........35

2.2 Бастауыш  мектептерде  проблемалық оқытудың орны........................46

 Қорытынды.....................................................................................................62

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:............................................................64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ғылым  мен  техниканың жылдан-жылға  кең  өріс  алып, жедел  қарқынмен  дамуы  білімнің  негізі  болып  табылатын –  бастауыш  мектепке  де өз әсерін  тигізуде. Соған  сәйкес  бүгінгі  таңда  бастауыш  мектеп  оқушыларының  өз  бетімен  жұмысын  арттыру  мен  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  жаңа  технологияны  пайдалану  және  оның  тиімді  әдістемесін  ұсыну  өзекті  проблемаға  айналып  отыр.

Жаңа  технологияның  басты  тиімділігі – бұл  мүғалімге  бастауыштағы  оқу үрдісінің  құрылымын түбегейлі өзгертуде, оқытудағы пәнаралық байланысты  күшейте отырып, оқушылардың танымдарын кеңейтуге  және  жеке  қабілеттерін  көре  біліп, оны  дамытуға  толық  жағдай  жасауы. Оқытудың  жаңа  технологиясы  дегенде, ең  алдымен, педагогикалық технология  деген  ұғымды  түсіну  керек.

Оқыту, білім  тәжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын  үнемі арттырып  отыруды талап етеді. Осыған  байланысты  ғылым мен тәжірибеде  педагогикалық үрдістің  сапасын  көтерудің  бай  тәжірибесі  жинақталған. Солардың  бірі – педагогикалық  үрдісті  технологияландыру.

Оқытудың  технологиясы  білім  берудің  теориялық  және қызметтік  негізін қалыптастыруды, білімді  еңбекпен  ұштастырып, іс-әрекеттің  саналылығын дамытады, мақсатты  өмір  сүруге  ұмтылуға  әсер  етеді.

Оқыту  технологиясы – оқу  бағдарламаларында  қарастырылған  алға  қойған  мақсатқа  жетудің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  оқытудың әдіс, құрал  және түрлерінің  жүйесі  арқылы  оқыту  мазмұнын жүзеге  асыру  жолы. Сөйтіп  оқыту  технологиясында  мазмұны  әдіс  және  құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал  қажетті мазмұнды, тиімді  әдістер мен құралдарды  бағдарламамен қойылған  педагогикалық міндетке  сәйкес іріктей  білу  мұғалімнің педагогикалық  шеберлігіне  байланысты.

Қазіргі  заманғы  оқыту технологиялары  педагогикалық  және  психологиялық  ілімдер  негізінде  жасалынған дамытушы, жеке  бағдарлы  мақсатты  технология  болып  табылады.

Педагогикалық  технология – оқушылардың  жеке  басын  дамыту  мен  білім  беру  мақсатына  жету  жолындағы  педагогикалық  қызметтің, іс-әрекеттің  жүйелі  дамып  отыратын  жобасы.

Сабақтарда  оқытудың  әр  түрлі  технологиясын  қолдануға  болады. Осыған  орай  оқушылардың өзіндік  жұмысын ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор. Өйткені оқушылардың іс-әрекетінің  дербестігі  артады.

Бұл  туралы А.Байтұрсыновтың  пікірі  бойынша «бала  білімді  тәжірибе арқылы  өздігінен  алуы  керек. Мұғалімнің  қызметі – оның  білімінің, шеберлігінің  ұзақ  жолды  қысқарту  үшін, ол  жолдан  балалар  қиналмай  оңдай  өту  үшін, керек  білімді  кешіктірмей, кезінде  беріп  отыру  үшін, балаға  жұмысты  әліне  қарай  шағындап  беру  мен  бетін белгілеген  мақсатқа  қарай  түзеп  отыру  керек, делінген.

Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісіне  пайдалану  үшін, әр  мүғалім өзінің  алдында  отырған  оқушыларының  жас  ерекшеліктерін ескере  отырып, педагогтық  мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің  шеберлігіне байланысты  таңдап  алады. Оқушылардың  танымдық  іскерліктерін дамыту, оларды  өз  бетінше  ойлана  білуге  дағдыландару, ой түюге, қорытындылар  жасай  білуге  машықтандыру – қазіргі  кезеңдегі  оқыту  процессіндегі ең  өзекті  мәселелер. Мұндай  жұмыстарды  іске  асыру үшін оқытушылардың өзі  ғылыми  ізденіс  әдістерінің қыр сырларымен  жақсы  таныс  болуы  керек. Мұғалімнің күнделікті  кәсіби шеберлігін арттырып, білімін  шыңдай  түсуі үшін  күнделікті  оқып-білу, тәжірибе  жинақтау  қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық  технологиясын  меңгеру  кезек  күттірмейтін  міндет  екенін  әрбір  мұғалім  білуі  тиіс.

Проблемалық оқыту ізденіс танымдық әрекеттің  негізгі  құралы.

Проблемалық оқытудың қайнар  көзін  Сократтың  ізденіс әңгімелерінен көруге  болады, бұл  жерде  ол  сұрақ  қою және  әңгімені  қисынды құрастыру  арқылы  өзінің  оқушыларын қарама  қайшылыққа, әрі  қарай  тиісті  қорытынды  жасауға  жетектейді.

Қазіргі  кездегі  ізденіс ойлау  құралдары  бойынша  педагог  пен  психологтардың  зерттеулері (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.Н.Максимова, В.Оконь т.б.) оқушылардың ізденіс зерттеу есептерін шешуде  танымдық  әрекеттері басқаша  екенін  көрсетеді. Ізденіс әрекеті бірқалыпты жүріп отырады, кей жерде айқын көрінеді.(О.К.Тихомиров)

Бүкіл  проблемалық  оқытудың мәні  ерекше  жағдай  үрдісінде  пайда  болады, оқушы белгілі  шешімге  келе алмай, не  болмаса  қатыса алмайды. Проблемалы  жағдайда оқушылардың білім мен алдына  қойған  міндет арасында  қарама-қайшылық  туындайды.

Проблемалық  оқыту  алгоритм  проблеманы  қою  және  сезіну, жеке  шығару, одан  әрі  қарай  проблеманы  шешудің  дұрыстығын  тексеруден  тұрады.

Бұл  кезде  ізденіс әңгімелері, дискуссия (пікір-талас), проблемалық  мазмұндамалар т.б. пайдаланылады.

Сонымен, проблемалық  оқыту  дегеніміз  оқытудың проблемалық жағдаяттарын  шешуге  арналған  дидактикалық  жүйе.

И.Я.Лернердің  еңбегінде  шығармашылық  жұмыстың генезисін түсіндіруде жетекші рөл проблемалық жағдаяттарға  беріледі.

«Проблемалық жағдаяттардың  негізін  құрайтын субъектінің жеткіліксіздігі  шығармашылық  тапсырмалардың мәні  болып  табылады».

Проблемалық оқыту  теориясын жасаушылар (А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев, М.М.Махмутов, И.Я.Лернер) проблемалық  оқытудың   мақсаты – ғылыми  таным  нәтижелерін, білімдер  жүйесін ғана  меңгеріп  қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық  дербестігін қалыптастырып, оның  шығармашылық  қабілетін  дамыту  екендігін  баса  айтады.

Бұдан  дамыта  оқыту  мен  проблемалық оқытудың көздейтін  мақсатының  бір екенін  аңғаруға  болады  және  біздің проблемамыз  дамыта  оқыту  деумізге  негіз  бар.

Проблеманы  дамыта  отырып  оқыту  талаптарын жүзеге  асыру, яғни  бастауыш  сынып  оқушысын шығырмашылыққа  баулу үрдісін  арнайы  ұйымдастыру, осы  бағытта оқытуға  әдістемелік  білімдер  элементтерін  еңгізу С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Ә.Қоңыратбаев т.б. әдістемеші-ғалымдардың педагогикалық  қызметтерінен  бастау алып, бүгінгі  күні  бастауыш  сатыда өзіндік іс  қалдырған  ғалымдар С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова т.б. зерттеулерінде, еңбектерінде  проблемалық  түрде  шешілу  жолдары  көрсетілген.

Өзімнің  дипломдық  жұмысымың  тақырыбы «Бастауыш мектепте  проблемалық оқыту  технологиясын   пайдалануы»  деп алдым.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: Бастауыш  мектеп  мұғалімдерінің  қызметінде  проблемалық оқытудың тиімділігін ашу.

Зерттеу  объектісі: бастауыш  мектептегі  оқыту  үрдісі.

Зерттеу  заты: проблемалық оқытуды бастауыш  мектепте  пайдалану жолдары.

Дипломдық жұмысымның қойған  міндеттері:

  1. Әр  сабақта  оқытудың проблемалық әдістерін  қолдану.
  2. Әр  оқушының психологиялық, физиологиялық жеке-дара  мүмкіншіліктерін  ескеру.
  3. Проблемалық оқыту әдістерін сынау  арқылы  тиімділігін  арттыру, мектеп  жағдайына  бейімдеу.
  4. Міндетті деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып, мүмкіндік  деңгейлерін  ашу.

Зерттеудегі болжам: Егер проблемалық оқыту технологиясын балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолдансақ, оқушылардың саналы ұғынуы өз бетінше ізденуі, таным қызығушылығы  арта түседі.

    Дипломдық  жұмысымның теориялық  және  тәжірибелік  маңыздылығы: менің   зерттеу  жұмысым проблемалық  оқыту технологиясын  сабақ өту барысында тақырыптың  мазмұнын ашуға, оқушылардың назарын  сабаққа аударуға, ойлау арқылы әрекет етуге  және өтілген сабақтың  есте ұзақ  сақталуына  көп көмегін тигізеді.

  Дипломдық жұмыста  қолданған әдіс-тәсілдер:

  • теориялық таңдау  және синтездеу
  • эмпирикалық зерттеу  әдістері
  • тәжірибе

Дипломдық  жұмыстың құрылымы:

Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  I. Проблемалық  оқытудың  мәні

Оқыту  жеке  адамның білімін, танымдық және творчестволық қабілетін дамытудың маңызды құралы.

Проблемалы  оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды  білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен  қаруландырып  қана  қоймайды, олардың танымдық және  творчестволық  қабілетін дамытады. Оқушыларға  тақырып  бойынша проблемалық  сұрақтар  қойылады. Оқушылар  проблемалалық  сұрақтарды  шешудің  дұрыс  варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа  білімді  игеру  туралы  қорытынды  жасайды, оны  іс-жүзінде (практикада) қолданады. Проблемалы  оқыту – бұл ғылым негіздерін оқып  білу  процессінде жеке  адамның жалпы және  арнайы  қаблетінің  дамуы, танымдық  қажеттілігінің  қалыптасуы.

Совет  психологтары  адамның  ойлағыштық іс-әрекетінің  негізгі  түрлерін  атайды: репродуктивті  және  продуктивті, творчестволық.

Репродуктивті  іс - әрекеті үлгі, алгоритм бойынша  орындалады. Мұғалім жаңа оқу  материалын, жаңа  ұсымдардың мәнін  түсіндіреді, тапсырманы  орындаудың жолдарын  көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен  алгоритмге  сүйеніп, яғни  мұғалімнің  сабақ  үстінде  жасаған  әрекетіне  сәйкес  орындауы  қажет.

Бағдарлама бойынша  оқу  материалдарының көпшілігін  мұғалім проблемалық ситуация  жағдайында  түсіндіруі  тиіс.

Продуктивті іс-әрекетінің  айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен жаңа  ситуацияда қолданады немесе  белгілі ситуацияда  жаңа  білімді, әрекет  жасаудың  жаңа  ережесін табады (алгоритмді өзі жасайды). Бірақ оқушының  дайын алгоритмді, үлгіні  пайдалануы  да  мүмкін.

Проблемалық ситуация  жағдайында  оқушының  іс-әрекеті  ойлаумен, пайымдаумен, өз  бетінше  ізденумен сипатталады. (проблема  түрінде сұрақтар  қою, жорамал ой тұғызу т.б.)

Шығармашылық  іс-әрекеті алгоритімнен, үлгіден, формализмнен  аумаушылықты  көтере  алмайды. Шығармашылық – бұл  эвристикалық іс-әрекеті, оның  мәні  негізгі  идеяларды  тез  түсініп  ұғыну, істің кенеттен  шешілу жолдарын  табу.

Оқушылардың  шығармашылық ойлауы  проблемалық  ситуациядан  басталады.

Проблмалық  ситуация  деп  пайда  болған құбылыстарды, фактілерді адамның  түсіндіре алмай, қиыншылық жағдайға  ұшырауын  айтады. Сондықтан  қиыншылық қабылдаған  білім  және  іскерлік  негізінде  адамның  жаңа  әдістерді  немесе  істі  іздеуге, түсіндіруге  талаптандырады.

Ақыл-ой әрекеті  толық  циклының  проблемалық  пайда  болуынан  проблеманың  шешуіне  дейін  мынандай  кезеңдері  болады:

  • проблемалық ситуацияның  пайда  болуы;
  • проблеманы – сұрақты  қою  және  оның қиыншылық мәніне  жете  түсіну;
  • болжау  арқылы  шешім тәсілдерін  табу;
  • гипотезаны  дәлелдеу;
  • проблема  шешімінің  дұрыстығын  тексеру.

Проблемалы  оқыту  процесінде  мұғалім  оқушыларға сұрақтар  қояды, түрлі  тапсырмалар  береді. Бұлардың  бәрі  проблемалық  ситуация  туғызады. Осының  нәтижесінде  әрбір оқушы сұраққа  жауап  беруге  немесе  проблеманы  шешуге  тырысады.

Проблема  проблемалық  ситуация  болып саналады, бірақ  әр түрлі  проблемалық  ситуация  проблема  бола алмайды. Мысалы, 3-сынып  оқушысына өзеннің  бір  жағасында  тұрып, оның  енін  қалай  өлшейді  деп  сұрақ  қойса, ол  сұрақтың  мәнін  ұғып, оны  шешу  үшін  дәрменсіз  болады.  Бұл жерде  проблемалық  ситуация пайда  болды, бірақ  ол  проблема  бола  алмайды. Себебі,  оны  шешу  үшін  оқушының  білімі, тәжірибесі  жеткіліксіз  болды.

Дүниетану сабағында «Су»  тақырыбын өткенде мұғалім оқушыларға  проблема түрінде сұрақ қояды: су  сұйық зат, ол  сутегі  және  оттегіден  тұрады, сутегі  жанады, оттегі  жануды  қолдайды. Олай  болса, теңізді  неге  жағуға  болмайды, жанып  тұрған шырпыны  тигізсең, сөніп  қалады?

Бұл  жерде  проблемалық  ситуация  туды да, ол  проблемаға  айналды. Өйткені оқушылардың   дүниетану пәнінен  алған  білім  проблеманы  шешуде  игі  әсер  етті.

Сонымен, оқушылардың  әр түрлі  шығармашылық  оқыту  іс-әрекетінде  мұғалім  проблемалық ситуация  туғызады, жаңа  білімді  игеруде  оқушылардың ойлау, ізденіс  іс-әрекетіне, олардың  оқыту  проблемасын  өз  бетімен немесе  коллектив  болып шешуіне  басшылық етеді. Міне менің  зерттеуім бойынша  проблемалы  оқытудың  мәні осында.

Информация о работе Проблемалық оқыту