Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа

Краткое описание

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 проблемалық оқыту д.р..doc

— 539.00 Кб (Скачать документ)

 

Проблемалы  баяндау  әдісі.

Сабақта  тақырып  бойынша  мұғалім  оқушыларға проблема –  сұрақ  қояды, проблеманы  өзі  шешеді. Сонымен  бірге  оларға шешудің  түсінікті  ғылыми  жолдарын  көрсетеді. Проблемалы  баяндауда мұғалімнің  іс-әрекеті оқушыларға  проблемалық ситуация  туғызатын  проблемалар-сұрақтар  қою, танымдық  есептер, тапсырмалар беру. Бұл оқушыларды  әр түрлі ой-әрекетін  орындауға ойландырады.

Проблемеларды – сұрақтарды  қолдануға  негізделген  тиімді  оқыту  процесін  ұйымдастыру  проблемасы  баяндаудың  мәнін құрайды.

Ішінара  іздеу  немесе  эвристикалық  әдіс.

Бұл әдіс  бойынша  оқушыларды  бірте-бірте проблемаларды  өз бетінше  шешуге  жақындату  үшін алдын-ала зерттеудің жеке  этаптарын  орындауға  үйрету  қажет. Біріншіден  ұсынылып  отырған  суреттерге, баяндалған  мазмұнға  сұрақтар  қойып, оқушыларды  проблеманы  көруге  үйретеді; екіншіден, оқушылардың өз бетінше тапқан  дәлелін құрастыруды талап етеді; үшіншіден, көрсетіліп  отырған фактылардан қорытынды шығару; төртіншіден болжау  айту; бесіншіден, оны тексерудің  жоспарын  құрастыру т.б.

Мұғалім ізденудің  жеке  кезеңдерін орындау үшін оқушылардың қатысуын  ұйымдастырады. Мұны  ішінара іздеу әдісі дейді.

Кейбір  методистер  бұл әдісті эвристикалық  әдіс деп атайды.

Мұғалім  тапсырманы  құрастырады, іздену  этаптарын жоспарлайды, проблемалық міндетті  жеке  проблемаларға бөлшектейді, ал оқушылар бұл этаптарды орындайды. Міне, эвристикалық әңгімінің мәні осында.

Оқушы  материалды  мұғаліммен  бірігіп  талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мәнін ашады.

Зерттеу  әдісі  совет өкімітінің  алғашқы  жылдарынан  бастап-ақ оқыту  практикасында кең түрде  қолдана  бастады. Зерттеу  әдісінің  мәні – жаңа  проблемаларды  шешуге  байланысты оқушылардың іздеу, творчестволық іс-әрекеті  тәсілдерін ұйымдастыру.

Проблеманы  өз бетінше  зерттеу  үшін мұғалім  оқушыларға теориялық  және  практикалық  тапсырма  береді. Оқушылар  бұрын ғылым шешкен, бірақ оларға  таныс емес проблемаларды шешеді. Зерттеу әдісінде оқушылардың  танымдық іс-әрекеті  ғылыми  шындықты  ашатын ғалымдардың зерттеу іс-әрекеттеріне  жақындайды. Басқаша  айтқанда, оқушылардың  зерттеу жұмысы  ғалымдардың  ғылыми –зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге  бөлінеді, бақылау фактілерді жинау және  оларды  талдау  жазып анықтау т.б.

Зерттеу  үшін оқушыларға әр түрлі  тапсырмалар  беріледі.

Мысалы: столдың үстінде  аттары  жазылмаған азот, фосфор, калий тыңайтқыштары салынған үш  шиша тұр. Қай шишада  қандай тыңайтқыш  бар. Соны  анықтап  дәлелдеңіз. Бұл  тапсырманы  орындау  үшін  оқушылар  химия  пәнінен алған  теориялық  және  практикалық білімді  еске түсіріп  зерттеуге  кіріседі.

 

    1. Ғылыми  педагогикалық  әдебиеттерде  проблемалық оқытудың теориялық  негіздері.

 

Проблемалық  оқыту  технологиялары – оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану  арқылы оқу  проблемаларын және  жағдаяттарын шешуге  бағытталған  дидактикалық  жүйелер.

Эвристикалық деңгейдегі  тапсырмаларды  орындау барысында  оқушылар  жаңа тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым  білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды  жаттау т.с.с.) жетілдіріп  тереңдетумен қатар ол  тағыда жаңа  білімді  меңгеріп, өзі  үшін  жаңалық  ашуы  тиіс.

Эврика! Мұндай  жұмыс  анализ бен синтез  және  салыстыру  арқылы негізгісін  анықтау, қорытындылау  сияқты  ой жұмыстарын  қажет  етеді.

Мұндай  тапсырмаларды  орындау  барысында оқушылар  үшін жаңа  проблемалық  жағдай туындайды. Оны  шешу  үшін  оқушы өзі  жаңа әдістер іздеуі  керек.

Проблемалық сипаттағы  оқыту – мақсаттар  мен мәселелерді ұйымдастыру мен шешуден  тұрып, оқушылардың шығармашылық қаблеттерін қалыптастыруға  қызмет  етеді.

Оқушыларды  қызықтыру, ойландыру, барлық  жауаптарды  тыңдау, талдау  жасау, жауаптарын  тексеру  сияқты  кезеңдер тәртібі  сақталу  керек. Сонда  ғана бала ізденушілік, зерттеушілік  мүмкіндіктеріне ие болады.

Проблемалап оқыту жүйесін  жүзеге  асырудың негізі  кімнің  іліміне  қатысты  дамыды? Бұл  сұраққа С.Л.Рубинштейннің ғылыми  тұжырымы мен дәйекті  пайымдарына үндесе отырып  дамыды  деген  жауапты  ұсынамыз. Психолог-ғалым  адамның жеке  сапасының  қабілетін дамыту  тек  өзіне тән (мамандығына  не жеке  мақсатына) өзекті  мәселесін  шешудегі  танымын  дамыта  аларлық бағдарламаны  меңгеруіне орай  заңдылықтар  мен  принциптердің  қажеттілігін  жіктеп  берген.

Оның  басты  тірегі – субстанциясы – проблемалы ситуацияны  сол өзінің  өзекті  мәселесіне тиесілі  үрдістерге  жобалануындағы  іскерлігін  дамыту. Субъекті  өзіне қиындық туғызатын  міндеттерді ұтымды  шешуге  ниеттенеді. Бірақ  оған  қатысты керек  мәліметтер  мен фактілер, тұжырымдар  жасайды.

Мұндай  жағдай әр  субъектінің психологиялық  мүмкіндігін  ашады. Ғылыми, біліми берілген  тапсырмаларды  орындау  үрдістеріндегі қайшылықтарды  жіктеп, оны  шешу  үшін  жаңа  білімді  пернелеу  мен  қызметтік  әрекеттерін нәтижеге  бағдарлау  мәністері  өзіне өзінің  көңілін  тоқмейілсіп, өнімді  еңбегін айқын көруіне мүмкіндіктер, қолайлы сәттер  орнығады. Сөйтіп, субъекті  ішкі  мүмкіндіктерін сапалы  танымдық  пайым жинауға  толық пайдалана  алатын дәрежеге  жетеді.

Оқытудың  бұл  әдісі  әр студенттің  не оқушының өздігінен дербес  жұмысқа халінің келу, келмеуін  сараптан  өткізіп  береді. Проблеманы  жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап  оқыту әдісі  шықпайды. Сол себепті  белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған  жоғары  мақсаттағы  бағытына  тікелей бағынышты екендігін естен  шығармауы  көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты  мәселе  белгілі  бір  ғылыми бағытқа  қатысты  туады, міне, сол  қайшылықты шешудің  өзектілігін  табудың  әдісін  дұрыс тандап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі  болуы қажет.

Проблемалы  оқыту туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиетте көп айтылып та, жазылып та жүр, бұл жайлы пікірталастары да  баршылық.

Кебір  авторлар  проблемалық оқытуды оқытудың  өз  алдына  ерекше проблемалық оқыту  басқа әдістер (эвристикалық  әңгіме, баяндау, оқушылардың  өздігінен  бақылау, эксперимент жүргізуші, іздену  әдісі т.б.) арқылы  іске  асырылады. Біздіңше, проблемалық  оқыту – жаңа  әдіс те, оқытудың жаңа  жүйесі де емес, оны  оқыту жұмысын ұйымдастырудың бір түрі деп қаралған  дұрыс. Психологтардың (А.М.Матюшкин, Л.С.Рубинштейн, Н.А.Менчинская) т.б. пікірінше, бұл құбылыс адамның таным  әрекетінің, әсірессе  ойлау ерекшелігіне  байлансты  пайда болған. Л.С.Рубинштейн  жалпы проблеманың болуы – адамның дұрыс тану әрекетінің негізгі бір сипаты деп қарайды. Ол  «ойлау – проблемалы  жағдайдан басталады» деген. Проблемалы  оқытуда көздейтін – мақсат – оқушыларға  білімді даяр күйінде бәрін  мұғалімнің  өзі баяндап бермей, олардың  алдына белгілі проблемалы міндет  қойып, соны өздеріне шештіруге  бағыттау.

Проблемалы  оқыту  – проблема, проблемалы  сұрақ, проблемалы  тапсырма, проблемалы  жағдаят (ситуация) деген ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсіндірудің маңызы зор.

Кез – келген сұрақ, тапсырма проблемалы  бола бермейді. Олардың  проблемалы  болуының негізгі  шарты  – оларға  жауап ізденуде оқушыларға  даяр жауап не үлгі  болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің  арасындағы  қайшылықты, басқаша  айтқанда, берілген  проблеманы шешуге керекті  білімнің  немесе  тәсілдің  онда жетіспей тұрғанын  сезінеді.

Ой  жүйесінде пайда  болған  қарама-қайшылық  оқушының дербес жұмыс  істеуіне түрткі  болып, оқылатын  материал (мәтін) оқушыны қайшы пікірге  алып  келеді де, шешуді  керек ететін  проблема  туады.

Ой  қайшылығы пікір  таласын  тудырып, дұрыс  ой қортындысына келетін  жағдайға итермелегенде  ғана біз  проблема  туады  деп  есептеуіміз керек. Мысалы: Махамбет  шығармаларын талдау  кезінде туатын «Махамбет шығармаларындағы романтикалық  сырының сыры неде?» т.б. деген  сұрақтар  болып  табылады. Сонымен, ойлауға  үйрету дегеніміз диалектикалық қарама-қайшылықты  көре білуге, сол  арқылы  нақты шындықты  тануға үйрету  деген  сөз. Қарама-қайшылық ой дамуының қозғаушы  күші.

Қорыта  келгенде, проблемалық  оқыту  сабақта проблемалық жағдаят  тудырып, проблемалық  шешуді  талап  етеді.

Қазіргі  таңда педагогика  ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес  жаңаша  оқытудың айырмашылығына  мынандай анықтама  береді.

Дәстүрлі оқыту үрдісінде  мұғалім  сынып  оқушыларын толық  қамти  отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда  мұғалім мен оқулық маңызды  қызмет  атқарады, олар оқушыларды білімге  жетелейді. Соған  сәйкес  оқушылардың  жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай   айтып беруі маңызды  болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.

Ал жаңаша оқытуда  оқушы мұғалімнің  түсіндіргенін ғана  меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікір – таласқа  көшеді. Оқушы  белсенді рөл атқарушы  ғана емес, жетекші бағытын ұстанады. Ол әлемді  тануға, белгісіздікті  анықтауға өзі  жауап  іздейді, шешімдері де әр  оқушыда әр түрлі болады. Тапқан  шешімін нақты ақиқат  демей  яғни  қабылдамай, іздестіре әрмен қарай  жалғастырады. Мұғалім мен оқушы  арасында  тығыз байланыс  қалыптасады, екеуі де  бірлік одақта қызмет  істейді.

Проблеманы оқыту –  оқушының ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолы. Бұл, сабақта  мұғалім  проблемалық жағдай  тудырып, проблемалы сұрақтар мен тапсырмалар  беріп, оқушылардың  өздеріне  тұжырымдама жасауға  жетекшілік жасай  біледі деуге  әбден болады.

Өйткені осы  уақытқа  дейін  педагогикалық  теория мен  тәжірибеде  белгілі  болған, тіпті  дәстүрлі әдіс  деңгейіне  көтерілген  әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме (сұрақ  – жауап) сияқты сөздік  әдістермен  қоса, проблемалы  баяндау  әдісі, «ішінара ізденіс немесе  эвристикалық  әдіс», сөзбен көрнекіліктің арақатынасы және алмасуы сияқты сөздік  әдістің түрлері өмірге келді.

Сөздік әдістердің  дамуының үшінші  шартты  кезеңі 20 ғасырдың соңғы  жылдарында  дамыта оқыту идеясының  теориялық жоба деңгейіне тәжірибелік қолданысқа айналуымен  байланысты  болып отыр.

Шынында, бүгінгі  күні педагогика  ғылымында бастауыш  буында дамыта  оқытудың әр алуан  жүйесі (Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың, И.С.Якиманскаяның және т.б.) белгілі.

Ал, жүйенің  кез келгені оқытудың мазмұнын, мақсаты мен міндетін, әдістерін, ұйымдастыру  түрлерін тұлғаны қалыптастыруға, өзіндік іс-әрекетке  бейімдеуге, дамытуға (интеллектуалдық, ерік  және сезіммен байланысты қасиеттерін) бағдарлауды көздейді. Осыған орай, әсіресе, қандай да болсын  пәнді оқытудын  әдістерін  жетілдіре түсуге  ерекше  мән  беріледі.

Әрине, педагогика  ғылымы мен  тәжірибеде белгілі  оқыту  әдістерінің ешқайсысы  әмбебап  тәсіл  бола алмайды.

Дамыта  оқуды  жүзеге асыруда тиімді және оңтайлы болатын әдіс – тәсілдерін іріктей алуға және  дәстүрлі әдістердің өзін тұлғаны қалыптастыру  және дамыту  идеясына бейімдей  түсуге  ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Дамыта  оқытудың мәнді  белгісі: оқушылардың өзіндік  іс-әрекетінің басым  болуы, яғни білім, білік және дағдыларды оқушылардың  өздігінен игеруінің және  білімді меңгеру  барысындағы олардың іс-әрекетінде ақыл-ой  мүмкіндігін  барынша жұмылдырудың басым  болуы. Осыған  орай сөздік әдістердің  табиғаты, мән-мағынасы  қолданылу ерекшелігі  бүгінгі күн  талабына сәйкес өзгеруі  тиіс.

Мәселен, дамыта  оқытуды  жүзеге  асыру,  сөздік  әдістердің  мына  сияқты дәстүрлі («түсіндіру», «түсіндірме», «әңгіме»  деп аталатын түрлермен  салыстырғанда «әңгімелеу – беседа», «проблемалы баяндау», «ішінара іздену  немесе  эвристикалық әңгімелеу» сияқты) түрлерінің кеңірек  қолданыс табуын қажет. Демек, бастауыш буында кез- келген пәннен  жүргізілетін сабақта  сөздік  әдістердің ішінен, жоғарыда  аталған олардың  екінші  тобына  баса  назар  аударылғаны  жөн  демекпіз.

Бастауыш мектепте дамыта  оқыту  оқушының қызығушылығын арттырып, өз  бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды  талап етеді. Дамыта  оқыту үшін оқытудың  жаңа технология  түрлерін қолданып, оқушы  белсенділігін  арттыру, олардың іс-әрекетін  басқару арқылы  іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты  өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын  қоршаған орта  өзгерісімен байланыстыру – оқыту үрдісінің  ең негізгі  мақсаты.

Ағартушы  ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Мүғалім әдісті  көп білуге тырысу  керек, оларды  өзіне  сүйеніш, қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдану  керек», деп атап  кеткендей, оқушыны дамыта  оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, оқушының білім – біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс  істеу қабілетін дамыту  қажет.

Шығармашылық жұмыс  балалардың  тиянақты  білімі, табандылығы, білім  дағдысы көрегендігі, қырағылығы идеяларын  іске асыруы, болжау  қабілетінің дамуы байқалады, ғылыми  ізденісі дамиды. Тек  бір көңіл аударатын нәрсе шығармашылық  тапсырмалар  өз дәрежесінде  орындалып, тиісті  нәтиже беру  үшін оларды  дұрыс  ұйымдастырып  берудің  рөлі зор.

Сабақтарда  оқытудың  әр түрлі  технологиясын қолдануға  болады. Әсіресе, оқытудың  компьютерлік  технрологиясын, программалап оқыту технологиясын, дамыта  оқыту  технологиясын, оқытудың ынтымақтастық технологиясын, модульдік оқыту технологиясын қолдану  пайдалы  екенін тәжірибе  көрсетіп  отыр.

Дамыта  оқыту  технологиясының  авторларының ( Л.С.Выготский, Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың және т.б.) пікірінше бұл  технология жеке  тұлғаның  барлық сапаларын  тұтас  сәйкестікке  дамытуға  бағытталған  жүйе. Оның нәтижесінде  әр оқушының өзін-өзі  өзгертуші субъекті  дәрежесіне  көтерілуі  көзделіп, соған  лайықты  жағдайлар  жасалады. Осыған  орай  оқушылардың өзіндік  жұмысын  ұйымдастырудың  маңызы  өте зор. Өйткені, сол арқылы  оқушылардың іс-әрекетінің  дербестігі  артады.

Информация о работе Проблемалық оқыту