Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа

Краткое описание

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 проблемалық оқыту д.р..doc

— 539.00 Кб (Скачать документ)

Профессор Л.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыру мына  шарттарға  байланысты. Оқушылардың  істейтін  жұмысының мақсатын  айқын  түсінуі; жұмысты  оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу  керек. 

Оқушылардың өзіндік  жұмыстарына  тән  негізгі  сипаттарды  анықтап  беру  қажет.

Бірден  ескерілетіні: ол  күрделі  әрекет болғандықтан, бір ғана  белгімен сипаттауға  болмайды. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың  негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің  нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың  және  аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің  басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың  жұмысты  өз еркімен және  қолдарымен  істеуі.

Оқушылардың  өзіндік  жұмысына  мұғалімнің  тапсырмалары  бойынша, өздері  жоспар  жасап, істің  тәсілін  анықтап, оның  нәтижесін  бағалап  орындайтын  жұмыстары  жатады.

Оқушылардың  таным  әрекеті білім  алу қажетімен ұштасады. Осыған  орай, олардың  дербестігі, ең  алдымен  белсенділікке  байланысты, ол  белсенділік  дербестікті  қажет  етеді. Оқушылардың  өздігінен істейтін  әрекеті  оның  белсенділігін  арттырады. Бұл  екі  термин  өзара  ұқсас  болғанымен, олардың  мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша  айтқанда, бұлар  бір  мағынадағы  ұғымдар емес. Белсенділік – дербестікке  қарағанда  мағынасы  кең  ұғым.

 

 

 

 

 

    1. Бастауыш  мектептерде оқытудың  және  проблемалық  оқытудың  ерекшеліктрі.

 

Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің  мемлекеттік  стандартында: ... «бастауыш  сынып  оқушысын  белгілі  бір қажетті  біліктер  мен  дағдылардың иесі, оқу  әрекетінің  субъектісі, әр түрлі  мәдениеттер  мен  өз көзқарасы  тұрғысынан  диалогқа  түсетін автор  және  жас  ерекшелігіне  сәйкес  өз  жолын  қалыптастыруға  күш жұмсап еңбектенетін  бала» - деп  қарау  міндеті анықталған. Бұл  міндет  осы  уақытқа  дейін  оқытудың  көздейтін  негізгі  мақсаты – балаларға  білім  беру  екендігі  қазіргі  кезде  бір жақты  жеткіліксіз  деп  есептеледі. Демек, білімді  тиісті  жағдайда  қолдану оқытудың көздейтін  негізгі  мақсаты  болып  саналады.

Білім  мазмұнына  деген  мұндай  жаңаша  көзқарас  ең  алдымен  білім, білік, дағдыларды  меңгерудің  негізі  ретінде  оқушы  дамуы  мен  тәжірибесін қамтамасыз  ету  міндеттерін  шешуді  көздейді. Басты  кезекте  бастауыш  сынып оқушыларының игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет етеді. Бұл зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін  тексеру  мен  бағалаудың  рөлі  ерекшке.

Бастауыш  мектептерде  оқыту  барысында  сөздік  әдістерді  қолдану  нақты  оқу пәнінің  ішкі  мазмұнына, ерекшелігіне, ғылым  саласы  ретіндегі  өзіндік  әдіс-тәсіліне тәуелділік  тұрғысынан  саралануы  тиіс.

Сонау 20-30 ғасырдың  көрнекті  қайраткерлері – А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов әдістерін қарастыра отырып, оқыту үрдісінде олардың қолдану ерекшеліктері анықталды.

Атап  айтқанда, қазақ  тілін, ана тілін, арифметика  және  басқа да пәндерді  оқыту әдістерін ұлттық  ерекшеліктермен  сәйкестендіре  қолдануға  бетбұрыс  жасады. Мәселен: А.Байтұрсынов (ауызша, әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, индуктивтік және  дедуктивтік  әдіс, практикалық, шығармашылық әңгіме, мақалалар); , М.Дулатов (ауызша, әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, көрнекті тұрмыстық  пәндер); М.Жұмабаев (әңгімелеу, түсіндіру, индуктивтік  және  дедуктивтік); Ж.Аймауытов (ауызша, ауызша әңгімелеу, диалог, өзіндік жұмыс, тәжірибелі  көрнекілік) сияқты  оқу әдістерін атап көрсетті.

М.Дулатовтың «Арифметика  оқулығы»  атты  еңбегінде: арифметика  және математика  сабақтарында  қазақтың ұлттық қолданбалы  өнерін  пайдалануды  ұсынғанын  көріп отырмыз. (Геометриялық  түсініктермен байланысты  математикалық тапсырмалардың шешімін  шығарып  үйрену – қолданбалы  өнер  үлгілерін қолданумен  ұштастырылады. Мысалға,

а) шәйнек сыртындағы  өрнекте үшбұрыш, шаршы (квадрат), дөңгелек  бар?

б) суреттегі  құрақ  көрпешенің  және  ондағы әріптердің пішіні (формалары) қандай?

Тұрмыстық  көрнекілік  түрін қолдану  балалардың көру, қабылдау  түйсіктерін  таныс  пәндерде  қолдану  тірегі  болып  табылады. Осы  тапсырмалар  балалардың  логикалық  ойлау, сөйлеу  тілін  дамыту  және  баланың  басқа да қасиеттерін  жетілдіруге, қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызуы.

Сонымен, сол жылдардағы  педагогтар оқу үрдісін  өмірмен, еңбекпен қарым-қатынас  арқылы ұштастырады. Мәселен, М.Дулатов өзінің «Мүғаліімдерге»  атты еңбегінде кіші жастағы  балаларды  қалай оқыту керектігін  көрсетеді. А.Байтұрсынов «Қай  әдіс  жақсы»  деген  еңбегінде  оқыту  әдістерді қолданудың ерекшеліктеріне  тоқталады. Сонда  қолданылатын  әдістердің қатарында сөздік әдістері  бар.

Сөздік  әдістердің  дамуының  екінші  шартты  кезеңі 20 ғасырдың 30-90 жылдарындағы мектептің, жалпы  алғанда  оқыту  жүйесінің біртіндей жетілдірілуімен  байланысты.

Оқыту  процесі  дегеніміз  – жеке  адамның білімін, танымдық  қызметін  дамытудың маңызды  құралы.

  1. Оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыруға  арналған процесс.
  2. Оқытушының педагогикалық  іс-әрекеті.
  3. Оқушы  мен  мүғалімнің  өзара  әрекетіне  бағытталған, мақсат  көзделінген  процесс, оның  негізінде  балаларға  білім  беру, тәрбиелеу  және оларды  дамыту  жүзеге  асырылады.
  4. Оқушылардың білім, іскерлік  және  дағды  жүйесінің  қалыптасу  құралы.

«Қай  мемлекеттің  де негізгі  тірегі – асқақтанған  күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық  жағдайда емес, білімді  де білікті, іскер де  белсенді  адамдар. «Біздің  балаларымыз  білімі  жоғары  жұмысшылар мен  фермерлер, инженерлер, банкирлер  және  өнер  қайраткерлері, мұғалімдер  мен дәрігерлер, зауыттар мен  биржалардың иелері  болады» (Қазақстан – 2030  бағдарламасы). Әрине, «Келешектің  иесі – жастар». Жастар өзінің ата – анасынан гөрі  заманына  көбірек ұқсас келеді. Сондықтан қоғам  талабына  сай, сол  қоғамды  көркейтетін , дамытатын  жастар  тәрбиелеу ең  маңызды мәселе  екені даусыз.

Қазақ  санасының шамшырағы  Ахмет Байтұрсынов «Қазақша  оқу  жайлы» еңбегінде « әуелі бізге  елді түзетуді  бала  оқыту ісін түзетуден  бастау  керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен  түзеледі»  деген  болатын.

Бұл  ұлғатты  ойдың  құндылығы  бүгінгі таңда барған  сайын айқын  сезілуде. Қазіргі заман талабына сай ұлттық білім оң  нәтижесін беру  үшін дамыта  оқыту технологисының  маңызы  өте зор.

«Білім  кілті –  кітапта». Оқушыларға  білім  берудің  экономикалық барлық саласында болып  жатқан  өзгерістерге сай білім  беру мазмұны да өзгеріп, жаңару үстінде. Атап  кетсек  Қазақстан Республикасы мемлекетінің Білім  стандарттары, жаңа буын  оқулықтар мен әдістемелік  құралдар дүниеге  келуде. «Ел боламын десен, бесігінді  түзе», - деп М.Әуезов  айтқандай, мемлекетіміздің тәуелсіздігін  сақтап  тұруы, қауіпсіздігі бүгінгі оқушылардың санасын  қалыптастыру  мақсатында қандай  дәннің себілуіне  байланысты. Ал, дәл  бүгінгі  күнгі  дән дегеніміз – оқулықтар мен әдістемелік  кешендер. Мысалы, Р.Қоянбаявтар  авторлығымен  жазылған «Педагогика» оқулығы  дамыта оқытуға  бағытталған.

Әйгілі  педагог А.Дистервергтің «Нашар  мұғалім ақиқатты  өзі айтып  береді, жақсы  мұғалім оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді» дейтін қанатты  сөзінің тілге  оралуы заңдылық. Жаңа  буын  оқулықтары жоғарыда  айтқандай, дамыта  оқытуға  ыңғайлы. Ізденуші мұғалім бала  бойындағы  туа біткен  түрлі  қасиеттерді дәл  байқап, оның  сапалық  ерекшеліктеріне  баға беріп, әрі қарай  өз бетінше  дамыта түсуіне  жағдай  туғызуы керек.

Келешекте  біздің  еліміз басқа  тәуелсіз елдермен  терезесі  тең  болып өмір сүруі  үшін, қазақ  балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан – ақ  жан-жақты  білімді, тәрбиелі етіп  шығару  жолындағы басты тұлға – мұғалім. Жас  маманға білім-тәрбие  беретін  бала жанының бағбаны – мұғалімдер ой-өрісі кең, жан-жақты  білімді, өз мамандығына  сай, оны сүйетін. өз  ойын шәкірттеріне  нақты  тұжырымды  дәл айтып түсіндіре  білуі  шарт.

А.Байтұрсынов өзінің «Бастауыш  мектеп»  деген  мақаласында  қазақ  бастауыш  мектептерінде  қандай  пәндер оқытылуы керек  деген  мәселеге арнайы  тоқтап, ол  пәндерді «оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт  тарихы, есеп, шаруа кәсіп, қолөнері, жаратылыстану болу керек», екендігін  нақтылап  көрсетеді. Ал, қазақша  оқу  жайында атты  мақаласында  бастауыш  мектепте оқыту  тілі туралы:

«...Қазақ  балаларын ана  тілінде, төте  жолмен, қолайлы  құралдармен  оқыту  керек», - деп  кесіп  айтты. Сол  мақаласында  ол туған  халқының  ғылым-білімге  ұмтылуын  әр қазақтын  ең болмаса  бастауыш  білім алуын  аңсады. «Адамға  тіл, құлақ  қалай  керек болса, бастауыш  білім сондай  керек», - деп жазды ол.

Сондықтанда  балаларды  қазіргі  заман  талабына  сай берік те, білім  нәрімен  қаруландырып, тәрбиелей  отырып  оқыту  әр мұғалімнің  басты міндеті.

Көрнекті  педагог  Ушинский «Мұғалім  күнделікті  оқыса, үйренсе  ғана – мұғалім, оқымаса, үйренбесе, сол күннен  бастап-ақ мұғалімдіктен қалады» деген.

Осы  бір  сөз әрбір  ұстаздың ойында  болса  деймін.

Проблемалық  оқытудың негізгі  ерекшелігі  оқушының  білетіні мен білмейтінінің  арасында  қайшылықтар пайда болады  және  проблемалы  міндетті  шешуге  дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы  жағдаят  пайда  болады, осыған  орай оқушының  ізденушілік  әрекеті мен  ынтасы күшейе  түседі.

Проблемалық  оқыту  өзіне  тән үш  түрлі формада  іске  асады: проблемалы баяндау, оқушылардың біршама ізденуі және  өздігінен зерттеуі.

Проблемалық оқыту  оқушылардың  таным  әрекетінің  негізгі  үш кезеңінен тұрады:

  1. Проблемалық міндет  қою  және  ұғыну;
  2. Проблемалық  міндетті  талдау, болжамдар  жасау, оны  шешудің  тиімді  амалдарын  қарастыру.
  3. Проблеманы  шешу  және  оның  дұрыстығын  тексеру.

 

Проблемалы  міндет  дегеніміз – осындай  жағдайдағы  іздену, зерттеу  барысында  шешілетін  мәселе. Міндет  мазмұны  деп, белгілі  ізделініп отырғанның  арасындағы  қайшылық  нәтижесінде пайда болған  проблеманы  айтамыз. Мұның жауабын практикалық  операциялар  арқылы  табуға  болады. Сондықтан  кез-келген  міндет  проблема  болмайды.

Проблемалы  оқыту  тек  проблемалы жағдаят  тудырып  қана  қоюда  емес, сонымен  қатар  оны  дұрыс  шеше  білу  тәсілдерін  меңгеруді  де  қажет  етеді. Ол  үшін  мұғалім  оқушының материалда (мәтінде)  кездесетін  ой, пікір  қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай  жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін  меңгеруге, өздігінен ізденудің, зерттеудің  амалдарын үйретуге  тиіс.

Мұның  басты  жолы – дұрыс  ойлай  білуге баулу. Бұл  оқулықтың  материалға  сай оқушы тараптарынан  дұрыс сұрақ қоя  білуден басталуы  керек. Өйткені оқушылар баяндалатын мәтінге байланысты ондағы  ой, пікірді дұрыс ашуға көмектесетін  нақты, дәл, дұрыс сұрақ қоюды білмейді.

Мысалы, мұғалім  әдеби  шығармаларды  талдап, осы  шығармалардағы  басты  кейіпкері  мынау  болып табылады  деп  соған  тоқталады, түсіндіреді  немесе  әдеби ағынға  талдау  жасап, оның  өкілдерін  атайды, осы  кезде оқушы  тарапынан: «Біз  мұны  неге  негізгі кейіпкер  деп ерекшелейміз?», «Әдеби  ағымның  тууы неге  байланысты?», «Бұл  ақындарды  неге осы ағымға  ғана  жатқызамыз?» т.б.  осылар  сияқты сұрақтар  қойылады.

Ал  фактілерді  зерттеп  шешуге  мүмкіндік  беретін  сұрақтар  логикалық  жағынан қарама-қайшылық  тудырады. 

Қарама-қайшылықтың  пайда болуы оқушы алдында проблеманың тууына, оны шешу  үшін ойдың тікелей қатысуына мүмкіндік жасайтын  құбылысты дербес  алып қарауға мүмкіндік беретін алғашқы бастама болып саналады. Қарама-қайшылықты  аңғартып, оны  таба  білуге  үйрету  мұғалім  тарапынан  шеберлікті  талап  етеді.

 

Қазіргі  кезде  дүниежүзілік  ғылыми-техникалық процестің заңды  жаңалықтарының әсерінен  оқыту әдісінің  мазмұны өзгеріп, сапасы  жақсаруда.

Мектептерде  білім беру  жүйесінде  проблемалық  оқыту  әдісі қолданылуда.

Проблемалық  оқыту  әдісі  ең қажетті  адамның  ой-өрісін, логикалық  ойлау  қабілетін  дамытуға  жол  ашады.

Проблемалық  оқыту  әдісі – оқушылардың  ой-санасының  белсенді  жұмыс  атқаруы  арқасында  ғана  сапалы жүзеге  асады.

Проблемалық  оқыту  белсенділігі  ақыл-ой  психологиясын  тәрбиелеу  және  оқушылардың  өз бетінше  ой-өрісін  шығармашылық  сана  арқылы  жаңартумен  қатар, үйреніп алған білім қорын одан  әрі тереңдетуге қажетті зейін-зердесін  тәрбиелейді.

Проблемалық  әдісті қолдана  отырып диалогиялық сөйлеуге  үйрету  қазақ  тілін  оқытудың  бастапқы  кезеңін толық  қамти  отырып, негізгі 

өлімде  тіл материалдарын  біртіндеп күрделендіруге  ауысады. Мұны  нақты  мысалдар  арқылы  көрсетейік. Ауызша  кіріспе бөлімді игеру  процесінде  оқушылар  келесі сөйленім  үлгілерін  пайдалана  білу  керек. Бұл  кім? Бұл  Болат па? Жоқ, бұл Манат. Иә, бұл Болат. Бұл Болат па, әлде  Марат па? Бұл Болат.

Осы  сөйлемнің  үлгілері  бойынша  диалогпен жұмыс жасауға болады.

Мұғалім  фланелеграфқа  бөлменің  суретін  іледі. Онда  терезе  мен  есік  айқын  көрсетіледі. Есіктің  сыртына  Мараттың  суретін  ілеміз. Бұл  жағдайда  келесі  жағдаят  пайда  болады, яғни  мұғалім  есік  қағады  да, бөлменің  ішіне Болаттың  және  оның шешесінің  суреттерін  іледі. Шешесі  Болатқа сұрақ қояда: «Бұл  кім? Бұл Айнұр   шығар». Сонда  Болаттың  жауабы: «Жоқ, бұл әкеміз, әлде  Марат шығар»

Информация о работе Проблемалық оқыту