Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа
Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64
Проблемалық оқыту
элементтері пайдаланылған «Дер
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің сабақтағы іс- |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекетін талдау |
1. Дернәсілдер ұғымын қалыптастыру: А) жануарлардың дернәсілдер тобын бөле отырып, классификациялау |
Суреттен көріп тұрғандарыңның бәрін бір сөзбен атандар (құстар, аңдар және дернәсілдер бейнеленген суреттер ұсынады). Бұл жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? Жануарларды неліктен үш топқа бөлдіңдер? |
Жауап: «Бұлар жанурлар. Оларды құстар, аңдар, дернәсілдер деп үш топқа бөлуге болады. Аңдар құстар мен дернәсілдерге ұқсамайды, сондықтан жануарларды үш топқа бөлуге болады |
Балалар бұрыңғы білімдер негізінде жануарлардың әр түрлі топтарының сыртқы белгілерін айырады. Сабақтың бұл кезеңінің танымдық міндеттерін шешу үшін жануарларды үш топқа бөлуге негіз болған белгіні табу керек |
Б) Тірі даналарын және коллекцияларын пайдалана отырып, дернәсілдерге бақылау жүргізу |
дернәсілдерді қарап шығыңдар да, тақтаға жазылған сұрақтарға жауап беріңдер: қолдарындағы дернәсілдердің неше аяғы бар? Оның денесі неше бөлікке бөлінген? Қанаттары бар ма? |
Өзіндік бақылаулар. Сұрақтарға жауап беру. |
дернәсілдердің сыртқы түрі мысалында талдауға үйрету. Зерттеу сипатындағы бақылау. Танымдық міндеттін төртеуі де тікелей бақылаулар процесінде шешіледі. |
В) дернәсілдердің белгілерін айыру |
Барлық дернәсілдердің қандай ортақ белгісі бар? |
дернәсілдер туралы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді. |
Маңызды белгілерді бөлуге, оларды маңызды емес белгілерден айыра білуге үйрету. |
Г) дернәсілдердің белгілерін пысықтау |
Басты белгілерін көрсетіп, дернәсілдердің суретін салындар. Бір-бірінің суреттерінің дұрыстығын тексеріндер. Көк шегртке, өрмекші, инелік, кене жануарлардың қай тобына жататының анықтандар. Ол үшін жануарлардың әр тобынын белгілерін білу керек |
Сурет салады. Дұрыстығын тексереді. Жанурлардың белгілерін талдайды, көкшегіртке, инелік, дернәсіл, ал өрмекші дернәсіл емес, оның сегіз аяғы және денесі екі бөліктен тұрады. |
Мұғалім тудырған проблемалық жағдай өрмекші мен кене дернәсілдерге ұқсайды, бірақ олардың сегіз аяғы бар және денелері екі бөліктен тұрады. Оқушылар: бұл жәндіктерде дернәсілдердің барлық белгілері бар иа, соны текеру керек деген гипотеза ұсынылады. Оны өздіктерінен шешеді. |
2. Пайдалы және зиянды дернәсілде |
Мына жәндіктердін насеком екендігін дәлелдендер. Бұл дернәсілдер қайда тіршілік ететінің, немен қоректенетінің, пайдалы немесе зиянды екенін айтып беріндер, олардын күресу туралы айтып беріндер. Оқушылардың «Инелік пайдалы дернәсіл ме? Неліктен адамдар барлық зиянды дернәсілдерді бірден өлтірмейді?» деген сұрақтардан туған проблемалық жағдай. |
2-типтік проблемалық жағдай «Неліктен адамдар барлық зиянды дернәсілдерді бірден өлтірмейді?» деген сұрақтан туған проблемалық жағдай – 3-типтік жағдай. Гипотезалар мұғалімнін көмегімен құрылады бірақ оларды оқушылар өздігінен шешеді. | |
3. Сабақтың қорытындылары |
Бүгінгі сабақта В.Сережа жоқ. Бүгінгі табиғаттану сабағы туралы оған не айталасындар? дернәсілдер қай топқа жатады, дернәсілдердің сыртқы түрі, мекені, немен қоректенеді, адамға қандай пайда немесе зиян келтіреді деген ретпен айтып беріндер. |
Сабақтан не білгендерін құлшына айтыт береді, жоспар бойынша айтуға тырысады. |
Әдеттен тыс жағдай оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Проблемалық дегеніміз – ол мәселенің ең маңыздысын айыра білу. |
1. Дернәсіл туралы әңгіме құрындар. Өз әңгімелеріңе сұрақ дайындандар. 2. Аптаның ішінде көрген дернәсілдерді жазып қойындар. |
Тапсырманы тындап күнделіктеріне жазып алады. Тапсырмаға ынта қояды. |
Тапсырманың мақсаты: өз әңгімесіне сұрақ қою арқылы маңызды белгілерін ажыратуға үйрету; оқушылардың ізденіс әрекетін дамыту. |
2.2 Бастауыш сынып оқу бағдарламасында проблемалық оқытудың орны
Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі.
Ана тілін үйрену – сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді.
Ана тілі. 2 – сынып.
Тақырыбы: Киіз үй. Шаңырақ. Кереге. Уық.
Мақсаты:
Сабақтың әдісі: Ойлау, ой шақыру, пікірлесу, жұптасу. Венн диагр.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, проблемалық әдіспен оқыту.
Көрнекілігі: Ақ қағаз, маркер, киіз үй макеті, суреті, альбом, бүктеме.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Тақтаға сурет ілу арқылы оқушы назарын аудару.
Жеке оқушы өз ойын жинақтау (1-2 минут)
Бүгін Несіпбек Айтов ағамыздың бізге арнаған «Киіз үй» өлеңінен оқып түсінік аламыз. Өз білетінімізді осы тақырыппен салыстыра отырып ортаға саламыз, яғни әңгімелесу, жаңа сабақ туралы түсінік беру.
сөйлету. Әңгіме кестесін пайдалану. Киіз үй сүйектерін атау.
таныс емес жаңа сөздерге белгі қоя оқу. (оқыту іштен дыбыссыз).
Бұл LVST – (инсепт) белгі қою. (стратегия)
Мысалы:
1. Саяхатты сүйемін.
2. Өркешінде түйенің.
3. Ақ бақанды астына т.б.
4. Әңгімелеп талдау жасау – бұл енді жұмбақ екенін оқушы өзі ажыратып әңгіме етеді. Мазмұнына талдау жасай отырып түсінік беремін.
5. Бұл жұмбақ шешу, әрі сөздік жұмысы болады. Жұмбаққа ұқсастығын оқушы өзі анықтайды.
Проблемалық сұрақ:
Балалар: Киіз үйді мал баққан кісілер көп қолданады, өйткені көшіп,
қонғанда алып жүру өте ыңғайлы.
7.
Білетінім |
Үйренгенім |
Үйренгім келеді |
Киіз үй |
Уық, бақан |
Бас құр |
Шанырақ |
Үзік, түндік |
Желбау |
Кереге |
Сықырлауық |
8. Оқушыларды сөлету арқылы талдау жасау.
9. Қорытынды жұмыс есебінде оқушыларды топтастыру арқылы бірнеше сөйлем құруға болады. Үш қатарды жарыстыру ынталандыру және бүгін біз не үйренгенімізді білу мақсатында.
Топтастырудың тағы бір түрі.
Шанырақ Уық Үздік
Кереге түндік сықырлауық
10. Үйге тапсырма беру
Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сөйлемнің тұрлалы мүшесі баяндауыш туралы түсінік беру
ә) дамытушылық: Жаттығулар орындата, сөз жұмбақ шештіре, ойын ойната
отырып, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Жазушылардың шығармаларын талдата отырып, оқушыларды
ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, суреттер, плакатқа жазылған ереже, топтамалар.
Сабақтың ұйымдастыру түрі: топпен және жеке жұмыс істеу
«Бүгін біз, балалар, бастауышпен байланысты сөйлемнің тағы бір негізгі мүшесімен танысамыз. Ол сөйлем мүшесі қалай аталатынын сендер мына сөз жұмбақты дұрыс шешкенде ғана біле аласындар», - деп жаңа сабақты бастаймын.
Тақырыптың атын табуда 162-жаттығу орындалады.
Сөзжұмбақ. Тақтаға немесе плакатқа сөзжұмбақтың сызбасын алдын-ала сызып қоямын. Сабақтың тақырыбы шығатын төркөзді басқа түспен ерекшелеп сызып, оқушылардың назарын сөз жұмбақты шешуге көмектесетін суреттерге аударамын.
Б |
О |
З |
Д |
А |
Й |
Д |
Ы | ||||
А |
Ғ |
А |
Д |
Ы |
|||||||
М |
И |
Я |
У |
Л |
А |
Й |
Д |
Ы |
|||
К |
І |
С |
І |
Н |
Е |
Й |
Д |
І |
|||
Ү |
Р |
Е |
Д |
І |
|||||||
М |
А |
Ң |
Ы |
Р |
А |
Й |
Д |
Ы | |||
Ж |
А |
У |
А |
Д |
Ы |
||||||
Ұ |
Ш |
А |
Д |
Ы |
|||||||
Ш |
У |
Л |
А |
Й |
Д |
Ы |
Баяндауыштың ережесін оқушылардың өздері шығару үшін «Түсін мені» ойынын пайдаландым. Ол үшін әр топтағы оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай топтарға сөздер жазып тараттым.
Бірінші топтағы балаларға: ұшады, оқиды;
Екінші топтағы балаларға: жүзеді, сүзеді;
Үшінші топтағы балаларға: көмектесеті, жауады. Деген сөздерді беремін.
Жаттығу жұмысы. 159 – жаттығу. Оқушыға жаттығудың тапсырмасын оқыту. Өлеңді мәнерлеп оқыту. Әр топқа жеке тапсырма беру.
1-топ: Сөйлемді көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің астын сыздыру. Қай сөйлем мүшесі екенін табу. Тапсырманы орындаған соң бірінің жазғанын бірі тексеру.
2-топ: Сөйлемді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
3-топ: Сөйлемді көшіріп жазып, неге мына сөздер қарамен беріліп
тұрғанын білу. Өлеңнің мазмұнын ашу. Баяндауыштардың сөйлемнің
қай жерінде тұрғанын байқап қорытынды жасату (бұл топ өте
жақсы оқитын оқушылар).
163-жаттығу. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
Шығарманы талдап болған соң үш топқа жеке тапсырма беріледі.
1-топ: Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлемнің
схемасын сызу.
2-топ: Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем түріне
ажырату. Мәтіннің түрін ажырату, дәлелдеу.
3-топ: Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлемнің қай
түріне жататынын ажырату.
Әр топтағы жеке оқушылармен де жұмыс жүргізу.
Сөздік жұмысы.
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма: 161-жаттығу. Әр топқа мүмкіндігіне қарай жекелеп беру.
Оқушылар білімін бағалау.
Дегенмен де сөздік әдістердің пәннен өткізілетін нақты сабақтың түріне тәуелді қолданылу аясы жаңа материалды түсіндірумен шектеледі. Осы пікіріміздің дәлелі ретінде мысал келтірейік.
Математика (3 – сынып) «5-ке көбейту кестесі»
«Санды 5-ке көбейту». Тақтаға 5-ке көбейтуді түсіндіруге арналған бүктеме қыстырамын. Бүктеменің жоғары қатарына 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары жазулы. Санның астындағы төркөзде 5-тен құлпынай суреті. Сурет астында көбейтінді жазылған. 1 санның астында 5 құлпынай оның астында 5 саны жазулы.