Проблемалық оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 08:50, дипломная работа

Краткое описание

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................3
Бірінші тарау: Проблемалық оқытудың мәні................................................8
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.............................................................................12
1.2 Бастауыш мектептерде оқытудың және проблемалық оқытудың ерекшеліктері..........................................................................................19
Екінші тарау: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың
элементтерін еңгізу................................................................................27
2.1 Табиғаттану сабақтарындағы проблемалық оқыту елементтеір........35
2.2 Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың орны........................46
Қорытынды.....................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:............................................................64

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 проблемалық оқыту д.р..doc

— 539.00 Кб (Скачать документ)

 

Біріккен   сөз




4 топ:                          

      

 

         

      Қарақұрт                  Жәндіктер                      Тасбақа  

 

      

                Қөртышқан                      Қырықаяқ    

 

  • Сонымен,  бүгін  біз  сабақта  қандай тақырып  өттік? – Біріккен сөз.
  • Не  үйрендік?

           

            Кітапхана                 Қараторғай                Итмұрын

                             

          Марқакөл                       дәріхана                     Айдана

 

 

 

Үйге  тапсырма: 230-жаттығу

Бағалау:

 

 

 

 

 

2.1 Табиғаттану   сабақтарындағы  проблемалық оқыту   элементтері.

 

Проблемалық оқытудың  табиғаттану  жөніндегі  білімді  игеруге  үлкен  мәні  бар.

Алайда  табиғаттанудан  сабақ  беру  методикасында  проблемалық  оқыту  мәселелері  нашар зарттелген: жасалған  проблемалық  жағдайларда  балалар  шешуге  тиіс  танымдық  міндеттер  жүйелі  жіктелмеген, проблемалық  жағдайдың   өзінің  жасау  мүмкіндіктері  анықталмаған, табиғаттанудың  проблема элементтерін  қолданып жүргізілетін  сабақтарының методикасы  жасалмаған.

Табиғаттану  сабақтарында  проблемалық  оқытуды  пайдалану  үшін  мұғалім  ең  алдымен  проблемалық оқыту  жағдайларына  сай  келетін  нақты  оқу  материалын  таңдап  алуы  қажет.

Білім-фактілер, дағдыларды  қалыптастыру, табиғаттағы  бақылауларды  сипаттау  және т.б.проблемалық  амал дайын  күйінде  меңгеріледі.

Балалар  белгісіз  нәрсені  кездестіріп, бұл  белгісіз  нәрсені  өзіндік  ізденіс  процесінде  өз  күшімен анықтай алатын проблемалық жағдайлар туады.

Проблемалық  жағдай  процесінде  танымдық  міндеттер  шешу  үшін  оқушы  белгілі  бір  білімді игеруі  тиіс. Егер  мұғалімнің  тапсырмасына  оқушының  шамасы  келмесе  немесе керісінше, тапсырма  ешқандай  ойлауды  қажет  етпесе, онда  ол  үшін  проблемалық  жағдай   тумайды.

Адамдардың  еңбегіндегі  маусымдық өзгерістер.

Жаз: егістіктер  мен бақшалардағы, бақтардағы  жұмыс, мал жаю, пішен шабу. Күз: егін  жинау, мал қыстауға  дайындалу. Қыс: ауыл шарушылық   жануарларын  күту, көктемгі  егіске  дайындалу. Көктем: көктемгі  егіс, бақтағы, бақшадағы жұмыс, жануарларды күту.

2- сыныптағы  табиғат   туралы  осы  айтылған  білім   жүйесі  түгелдей  өлі және  тірі  табиғаттағы  маусымдық   өзгеріс  идеясымен  біріккен. Бұл  өзгерістердің  себебі  күннің  аспандағы орнының жыл маусымдарында өзгеріп тұруында, ол  күннен  жерге түсетін жарық пен жылу  мөлшерінің  өзгеріп тұруына байланысты  болады.

Табиғаттану  жөніндегі білімнің  мазмұны танымдық міндеттер жүйесін жасауға  мүмкіндік  береді, оқушылар оны  сабақ  үстінде  мұғалім  жасаған  проблемалық  жағдайда  шешеді.

Танымдық  міндеттер  жүйесі  қандай  шарттарға  сәйкес  болуы тиіс?

  1. Ең  алдымен табиғаттану материалы мазмұнын күрделендіруге.
  2. Табиғаттану  жөніндегі білімді қорту дәрежесін көтеруге.
  3. Оқушы  танымдық  міндетті  шешу  үшін  игеруге  тиісті  білім  көлемін арттыруға  байланысты.

Осы  шарттарды  қарастырайық.

  1. Табиғаттану материалы  мазмұның күрделендіру  дегеніміз – ең алдымен  заттың  сыртқы  белгілері  мен табиғат құбылыстары өтіледі. Бұл белгілер – ең  қарапайым белгілер, өйткені балалар оларды  тікелей бақылай алады.

Мәселен, экскурсияда  орман  өсімдіктерін  бақылай  отырып, мұғалім балаларға шырша  мен  қарағайды, ағаш  пен бұтаны  салыстыру  жөнінен  тапсырма береді. Егер  бала  салыстыру  тәсілін  игерген  болса, онда  ол  тапсырманы  айтарлықтай  оңай  орындайды, яғни  сол  объектілердегі  ұқсастықтар  мен өзгешеліктер  анықтайды.

Табиғаттану  мазмұны  жөнінен  тірі  организмдердің  тіршілік  жағдайы, жетілуі  және  көбеюі  көрсетілген  міндеттер (тапсырмалар)  анағұрлым  күрделі  болып  келеді. Оқушы  «Бал  арасы  қалай  дамиды?»  дегендей  сұрақты  талдап, түсінуі  үшін ол жәндікті  сыртқы  белгілеріне  қарап  анықтай  алуы, оны  басқа ұқсас насекомдардан ажырата алуы  тиіс.

Табиғатты  әр түрлі  маусымдағы  белгілерімен  байланысты  міндеттер  бұдан да  күрделі  болып  келеді. Мысалы: «Қарлығаштар  неліктен  қыста  жылы  жаққа  ұшып  кетеді?», - деген  сұраққа  дұрыс  жауап  беру  үшін қарлығаштың сыртқы  белгілерін ғана  емес, сонымен бірге бұл құстардың қоректену әдісін, олардың тіршілік  жағдайын  да білу  керек.

Ең  күрделі міндет  өсімдіктер  мен  жануарлардың құрылысына, дамуына, көбеюіне, шығу  тегіне  және т.б.әсер ететін жағдайларын  көрсету  болып  табылады. Мысалы, «Тоқылдақ неліктен  орман жануары екендігін дәлелде» т.б.

  1. Танымдық міндеттерді  күрделендіруге  екінші  бағыт оқушылардың  табиғат  туралы  білімін қорыту  дәрежесін  көтерумен  байланысты. Бұл тұрғыдан  алғанда – мазмұн «Тиін қалай қыстайды?», «Сыныптағы  ауаның  температурасы қандай?» т.б. танымдық міндеттер құрайтын  жекелеген құбылыстар  мен заттар  ең  қарапайым міндеттер болып табылады.
  2. Танымдық міндеттерді  күрделендіруге  үшінші  бағыт  санмен сипатталады. Мысалы, өсімдіктің   бейнесін  көрсетуде «Бұл не?» деген сұрау оқушының тура  жауап беруін  талап етеді. Ал «Біздің ормандарымызда қандай  аңдар тіршілік  етеді?» деген сұраққа жауап беру үшін аңдар деген не дейтін  бір аралық білім қажет.

Өсімдіктердің  әр түрлі  маусымдағы  тіршілігі  туралы  сұраққа  жауап  беру  үшін  оқушылардың бір неше  аралық  білімді  білуі керек: өсімдік  дегеніміз не, өсімдіктердің  қандай  топтарын  бөлуге  болады, ағаш, бұта, шөптесін  өсімдік  деген  не, біздің  ормандарымызда  қандай  ағаштар, бұталар, шөптесін  өсімдіктер  кездеседі және т.с.с.

Танымдық  міндеттердің қолданылуын бір  сабақтан  екінші  сабаққа  күрделенуін (программаның  мазмұны  осындай) айқын және  бірізділікпен бақылап  көру  үшін  біз негізгі (жетекші, біріне-бірі жалғасып  жататын) міндеттер  жүйесін  бөлдік. Оларды  шешу мұғалімге  оқушылардың  неғұрлым  маңызды табиғаттану түсініктері  мен ұғымдарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.

Келтірілген  танымдық  міндеттер  жүйесі  мұғалім экскурсия кезінде  және  табиғаттану сабақтарында  түзген  проблемалық жағдайлардағы проблемалық оқыту элементіне  айналады.

Табиғаттану  сабақтарында проблемалық  жағдайлардың негізгі  төрт  типін көрсетуге  болады. (М.И.Махмутовтың классификациясы  бойынша)

   1.Оқушылар бұрын ие болған білімін жаңа практикалық жағдайларда пайдалану қажеттігіне тап болатын проблемалық ситуациялар. Мысалы, күзде eкiншi класс оқушылары өсімдік мүшелерін оқып үйренеді. «Өсімдіктердің қысқы тіршілігі» сабағында олар жаңа бүршік терминімен танысады. Бұл өсімдіктің қай бөлігі? Проблемалық жағдай туады: өйткені балалар өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі және тұқымы болатынын біледі. Проблема балалардың жапырақты өсімдіктердің бүршіктерін бақылау процесінде шешіледі: оқушылар бүршікті аяздан қорғайтын қабыршақты, қорғаныш қызметін атқаратын жабысқақ затты табады, көктеп келе жатқан жапырақшаларды; кішкене сабақшаны көреді, олардан көктемде ағаштың жаңа бұтақшалары мен жапырақтары. Демек, бүршік дегеніміз — жапырақтары бар жетілмеген сабақ. Бүршіктің пайда болуы ағаштар мен бұталардың жапырақты өсімдіктерінің қатаң  қыстың  қолайсыз жағдайына бейімделуі болып табылады. .

2. Оқушылардың теориялық білімі мен оларды ic жүзінде шешу мүмкіндігінің болмауы арасында қарама-қайшылық туғызатын проблемалық жағдайларды екінші топқа жатқызуға болады. Мысалы, оқушылар күздің сентябрьдегі белгілерін қорыта келе, басқа белгілерінің ішінен күннің салқындауын атайды. «Неліктен салқындау болады?»— деп сұрайды мұғалім. («Күн жаздағыға қарағанда көкжиектен шамалы ғана көтеріледі, ол аз уақыт жарық болып тұрады, жылуды да аз береді.) «Күзде күннің жаздағыға қарағанда көкжиектен шамалы ғана көтерілетінін қалай дәлелдеуге болады?» Мұғалімнің бұл сұрағы проблемалық жағдай туғызады, өйткені екiнші класс оқушылары күннің көкжиектен биіктігін өлшеу әдісін білмейді. Проблема балалардың күн бойы заттардан түсетін көлеңкенің ұзындығын бақылау процесінде шешіледі: ертеңгілік заттардан түсетін көлеңке ұзын болады, түске қарай ол қысқарады, ал кешке қайтадан ұзарады. Яғни, күннің қандай болмасын бip заттан (мысалы, метрлік сырық гномоннан) түсетін көлеңке бойынша анықталатын салыстырмалы биіктігі туралы айтуға болады. Содан барып екінші класс оқушылары қорытынды шығарады: егер күн аспанда жоғары тұрса, онда гномоннан  түсетін көлеңке қысқарақ болады, күн төменірек тұрса, көлеңке ұзынырақ  болады.

Балалар бақылайтын практикалық нәтиже мен оны теориялық негіздеуге мүмкін болмаушылық арасында қарама-қайшылығы бар жағдайлар проблемалық жағдайлардың үшінші тобына жатады. Мысалы, екінші кластағы «Термометр» сабағында мұғалім сабақтың басында тәжірибе жасау арқылы проблемалық жағдай туғызады. Мұғалімнің столында судың температурасы әр түрлі үш ыдыс тұрады: біріншісіндегі су ыстық деуге болады (50-55°С), екіншісінде — су құбырының салқын суы (5—60С), ал үшіншісінде — бөлме температурасыңдағы су (20°С шамасында). Мұғалім екі оқушыға бipeyi қолын бipiнiшi, eкiнiшci — үшінші ыдысқа, содан кейін тап сол қолдарын екінші ыдысқа салуды ұсынады.

Бірнеше секундтан кейін оқушылар қолын ыдыстан шығарып, мұғалімнің тапсыруымен олардың пікірінші  екінші ыдыстағы су қандай екенін тақтаға жазады:біреуі  «салқын», екіншісі «ыстық» деп жазады. «Шынында екінші ыдыстағы су қандай?» деген проблемалық жағдай туады. Төменгі класс оқушылары оны практикалық жолымен шешеді: ыдыстағы судың қандай екенін білу үшін арнаулы прибор — термометрдің көмегімен оның температурасын өлшеу керек.

4. Оқушылар қойылған міндеттің шешу әдісін білмейтін жағдайлар проблемалық жағдайлардың төртінші тобына жатады. Мысалы, «Өсімдік бөліктері» деген сабаққа мұғалім төледен алынган өткен жылы жиналған қызылшаны әкеледі. Оның жапырақтары ұзынша келген солғын жасылдау. «Неліктен. қызылшаның жапырақтары ұзын, солғын» деген проблемалық жағдай туады. Бұл проблеманы II кластың балалары «Өсімдіктердің көктемгi тіршілігі» деген сабақта өсімдіктің тіршілігі мен дамуына қажетті жағдайларды анықтағанда шешеді.

Оқушылар проблемалық жағдайларды шеше отырып, үнемі өзіндік ізденіске, жорамал жасауға, өзіндік бақылау жүргізуге, табиғат құбылыстарының жалпы маңызды белгілерін және табиғаттағы заңдылықтарды табуға талпынып отырды. Проблемалық оқыту элементтері пайдаланылған «Насекомдардың жазғы және күзгі тіршілігі» деген сабақтың үлгісін келтіреміз. Келтірілген мысалдан сабақта проблемалық жағдайларды шешудің   негізгі үш кезеңі    қолданылғаны көрінеді:

  1. Проблемалық жағдай тұғызу
  2. Міндетті  шешудің  жолдары болжамдар мен жорамалдар  айту (оқушылар  мұғалімнің көмегімен  немесе өздігінше айтады)
  3. Проблемалық  тапсырманы  шешу  және оны  тексеру.

Ең соңында, табиғаттану сабақтарында  проблемалық оқыту элементтерін пайдалану екінші класс оқушыларының табиғат туралы жүйелі білімді тереңірек ұғынуына, олардың ақыл-ой және практикалық іскерліктерінің қалыптасуына, бақылағыштық пен білуге құштарлық сияқты жеке басының сапаларының дамуына, сондай-ақ балаларда материалистік   дүниетаным   элементтерінің қалыптасуына    көмектеседі.   Табиғаттануды   оқыту   барысында проблемдлық оқыту элементтерін   пайдаланудың неғұрлым тиімді шарттары мыналар:

1. Оқушылардың табиғаттану жөніндегі  білім жүйеciн  меңгеруі.

  1. Проблемалық оқытудың   материалдық  негізін құрайтын танымдық   міндеттер   жүйесінің   болуы. Танымдық міндеттің мазмұны және   қорыту   деңгейі   жөнінен күрделендіріп отыру,өйтпеген  жағдайда олар  өздерінің 
    дамытушылық қызметін атқармайды.
  2. Әр түрлі типті проблемалық жағдайларды   қолдану. Бұл сабақтың  оқу материалының мазмұнына  және оқушылардың білім  дәрежесіне байланысты.

  Табиғаттануды оқып үйренуде проблемалық оқытуды пайдаланудың аса маңызды мәні оның бастауыш кластардағы қазіргі кездегі оқытудың алдында тұрған міндеттерді — оқытудың бірлігі (комплекстігі), төменгі класс оқушыларын тәрбиелеу және дамыту міндеттерін неғұрлым ұтымды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік  беруінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғаттағы маусымдық  құбылыстардың заңдылықтарын  көрсететін  жетекші  танымдық міндеттер  жүйесі.

 

Табиғат элементтері

Программа  бөлімі

Негізгі танымдық міндеттер

 

 

 

 

 

Күн, күн  ұзақтығы, ауаның температурасы.

 

Табиғаттағы жазғы және күзгі  құбылыстар

 

23-сентябрьде тал түсте гномоннан  түсетін көленкінің ұзындығын өлшеу

23-сентябрьдегі күн мен түннің  ұзақтығын  анықтау

 

 

Табиғаттағы қыстағы  құбылыстар

 

21 декабрьде тал түсте гномоннан  түсетін көленкінің ұзындығын  өлшеу.

21 декабрь жыл ішіндегі ең  қысқа күн екендігін дәлелдеу. Неліктен күзге қарағанда қыста суық  болады?

 

 

Табиғаттағы  көктемгі құбылыстар

21 мартта көленкінің ұзындығын  өлшеу. 21 мартта күннің түнге теңесетінін  дәлелдеу.

Неліктен көктемден қысқа қарағанда  жылырақ болады? Жыл ішіндегі маусымдардың  ауысуы неге байланысты?

 

 

 

 

 

 

 

 

Су  қоймалары  және  топырақ

 

Табиғаттағы жазғы және күзгі  құбылыстар

 

Күздін  басы мен соңында судын  және топырақтың  температурасын  өлшеу. Оларды  салыстыру. Неліктен су  мен топырақтың температурасы  күзде төмендеп кетті?

 

Табиғаттағы қыстағы  құбылыстар

 

 

Неліктен су қоймаларын  мұз  басты?

 

 

 

 

 

 

Табиғаттағы  көктемгі құбылыстар

 

 

 

Су  қоймасындағы судың және  топырақтың температурасын  өлшеу. Неліктен  қыста су қоймаларын басып  жатқан мұз еріп кетті? Неліктен топырақ  жібіді? Неліктен су қоймалары мен топырақ жыл маусымдарында өзгеріске  ұшырады?

 

 

 

 

  

 

 

 

  Өсімдіктер

 

Табиғаттағы жазғы және күзгі  құбылыстар

 

Ағаштардың, бұталардың және шөптесін өсімдіктердің тіршілігінде күзгі  белгілерін атау

Табиғаттағы қыстағы  құбылыстар

 

Өсімдіктер тіршілігінде қыста  қандай өзгерістер болады? Қыста өсімдіктер қурап қала ма? Қыста өсімдіктердін  тірі болатынын қалай  дәлелдеуге

 
 

 болады? Өсімдіктер қыстын қатан  жағдайларында қалай  бейімделген?

Табиғаттағы  көктемгі құбылыстар

Өсімдіктер тіршілігіндегі көктемгі өзгерістерді атау. Өсімдіктер неге көктемде тез дамиды? Өсімдіктер тіршілігінде неліктен маусымдық өзгерістер болады?

 

 

 

 

 Жануарлар

 

Табиғаттағы жазғы және күзгі  құбылыстар

 

Насекомдардың, құстардың және аңдардың тіршілігіндегі күзгі белгілерді атау. Насекомдар күзде неге жоғалып кетеді? Неліктен кейбір құстар қыста жылы жаққа ұшып кетеді? Кейбір аңдар неліктен қысқа дайындалады?

 

Табиғаттағы қыстағы  құбылыстар

 

Қыста жануарлар тіршілігінде нендей өзгерістер болады? Жануарлар қыстын қатан жағдайларында қалай бейімделген?

 

Табиғаттағы  көктемгі құбылыстар

 

Жануарлар тіршілігінде көктемдегі өзгерістерді атау. Бұл өзгерістер неліктен болатындығын түсіндіру. Неліктен жылдын әр түрлі  мезгілінде жануарлар тіршілігі  өзгереді?

Информация о работе Проблемалық оқыту