Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 13:11, курсовая работа
Бүкіл адамзат қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өркениеттің даму дәуіріне бет бұрған кезеңде, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру – негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейінен анықталады» - деп республика президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына нақты міндеттер қойды. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» жолдауынан).
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясының негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың теориалық негіздері....................7
1.1 Оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың зерттелуі................................7
1.2 ДБІ-де оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолы.............16
1.3 ДБІ негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда математика пәнінің мүмкіндіктері................................................................................................21
1.4 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясын шағын комплектілі мектепте пайдаланудың мүмкіндіктері.............................................27
2. П.М.Эрдниевтің ДБІ теориясы негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибелік эксперименті..................................................44
2.1 Анықтаушы эксперимент материалдары..........................................................44
2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдары................................................47
Қорытынды................................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер................................
Психологтардың пікірінше,
«...білімді меңгеру
Кейіннен «математиктер бекзадасы» аталып кеткен атақты неміс математигі К.Ф.Гаусстың 3-сыныпта оқып жүрген кезінде басынан өткерген мына бір оқиға оқушылардың логикалық ойлауының ерекшелігін көрсетеді. Мұғалім, өзінің жұмысын тындырып келгенше шәкірттері әурелене тұрсын деген оймен, оларға 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысының мәнін табыңдар деген тапсырма береді. Енді кетуге ыңғайлана бастаған мұғалімге Карл деген оқушы қосындысының мәнін тауып қойғандығын хабарлайды. Таң қалған мұғалім «Қалай шығардың?» деп сұрағанда, Карл былай түсіндірген: «1+100=101, 2+99=101, 3-98=101 т.с.с.» осы ретпен қосу арқылы 50 рет 101 алуға болады, ал 101-ді 50-рет қосу дегеніміз-101х50, бұдан 5050 шығады. Бұл келтірілген деректер математикалық білімді өз бетімен, шығармашылық іс-әрекет негізінде оқытып-игерудің ұйымдастыру мәселесіне айрықша көңіл бөлудің қажеттілігін айқындай түседі.
Қазіргі күні бастауыш мектептегі оқытуды дамытушылық сипатта және шығармашылық, логикалық іс әрекет негізінде ұйымдастыру мемлекеттік құжаттарда өз көрінісін таьу жайдан жай емес.
Басты мақсат іс әрекетін субъектісі-тұлға қалыптастыруда және оны дамытуда нақты нәтижелерге жетумен бірге, математиканы оқытудың практикалық негізін жасау, яғни қарапайым түсініктер қалыптастыру.
Бұл мақсатты орындау оқушының логикалық ойлауын дамытумен тікелей байланысты. Осыған, орай 4-ші сыныптың математика оқулығында П.М.Эрдниевтің Д.БІ идеясының көрінуі деңгейіне талдау жасалды.
4-ші сынып математика оқулығының оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы мүмкіндіктері.
Ой операциясы |
Математикалық тапсырмалар |
Анализ |
267 |
Синтез |
167 |
Салыстыру |
193 |
Жүйелеу |
163 |
Жалпылау |
54 |
Нақтылау |
85 |
Сынап көру |
112 |
Барлығы |
1041 |
Кестедегі деректерге сүйене отырып, 4-ші сынып математика оқулығы оқушылардың логикалық ойлау операцияларын дамытуға негізделіп құрылғанша көз жеткізуге болады. Сонымен қатар бұл ойлау операциялары П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру идеясымен тікелей ұшталып келетінін байқау қиын емес.
Математика оқулығы
1 |
Оқу материалын ұқсастық негізінде ұсынған тапсырмалар |
25 |
2 |
Қарама-қарсы негізде меңгеруге бағытталған тапсырма материалдары |
3 |
3 |
Логикалық ойлауға берілген тапсырмалар |
103 |
4 |
Материалды түрлендіру
негізінде меңгеруге бағытталға |
63 |
Талдау 4-ші сыныптың математика оқу пәнінде П.М.Эрдниевтің ДБІ идеясы басшылыққа алынғанын көрсетіп отыр.
Осы 2 талдаудың
нәтижесі жалпы ойлау
Осыдан П.М.Эрдниевтің ДБІ теориясы негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың жолдарын аңықтауға бағытталған қалыптастырушы эксперименттің кажеттілігі туындайды.
Өкінішке орай, бастауыш мектеп жағдайында оқушының математикалық білімді мұғалімнің көрсетіп берген жолына еліктеу арқылы ғана игеруі жеткілікті деп есептеледі. Осы сипатта жүргізген мына бір тәжірибеге назар аударайық «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту» тақырыбына байланысты сабақта бестік баға алған 3-сыныптың 8 оқушысына 3 6 х = 78 түріндегі жаттығуды орындауға ұсынылады. Сонда бұл жаттығуды олардың 2-еуі ғана орвндап шыға алды. Ал, ең қызығы, осы тапсырманы 326х3 түрінде қайта ұсынғанда, олардың барлығы оны лезде орындап берді.
Бұл зерттеулердің нәтижесі 5 алған оқушылардың сабақта жаңа ұғым мен әрекет тәсілін меңгермегендігін емес, мұғалімнің олардың танымдық дербестігі меншығармашылық, логикалық ойлауын тәрбиелеуге жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмейтінін аңғартады. Мәселен, 3 6 х = 78 жаттығуы ұсынылған кезде оқушылардың алдында айрықша маңызы бар проблемалық жағдаят (ситуация) туындайды. Бұл оқушыларды мына сипаттағы ақыл-ой іс-әрекеттерін орындауға итермелеуі мүмкін: «6-ны қай санға көбейткенде 8-бен аяқталатын сан шығады? 6х3=18.
Демек, 2 көбейткіш ретінде 3-ті алып көремін.
Сонда:3 6
Х
3
78
Мұны орындап көрейін: 6х3=18, 8-ді жазамын, 1-еуін ойла. Әрі қарай 3х +1+1=7 болу керек.
Ендеше, әйнекшенің орнына 2-ні қойған дұрыс. Енді көбейтіндінің мәнінің белгісіз цифрін табу қиындық келтірмейді: 3х3=9 Сонымен, 326х3=978.
Бұдан кейін мұғалім «мысалдың мұнан басқа да шешімдері болуы мүмкін бе» деген сұрақ қоюына болады. Осының барысында 3 6х8= 78 болатын жағдай талдауға алынады.Сонда оқушылар бұл жағдайда нәтижеге үш таңбалы емес, төрт таңбалы сан шығатындығына, демек басқа шешімнің болуы мүмкін еместігіне біртіндеп көз жеткізеді.
Демек, осы баяндалған жағдайдың өзі-ақ терең, әрі тиянақты математикалық білім оқушылардың меңгерілген жаңа ұғым мен әрекет тәсілін біршама өзгерген, жаңа және логикалық тұрғыда қолданумен байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру негізінде қалыптасатындығын аңғартады.
Он екі жылдық білім
берудің мемлекеттік
Математиканың негізгі мақсаты: оқушы тұлғасын, ойлаудың математикалық стилін, сондай-ақ бастауыш мектептен кейінгі сыныптарда алгебра мен геометрияның жүйелі курстарын оқытудың практикалық негізін жасау.
Төртінші сынып математика бағдарламасы екі тақырыпты қамтиды. Бағдарламаның бірінші тақырыбы алдыңғы сыныптарда математиканы оқытудың негізгі нәтижелерін қайталау және жүйелеуді, ал екінші тақырып көп таңбалы сандардың арифметикасы (сандардың номерациясы және олармен жүргізілетін амалдар), шамалар, алгебра және геометрия элементеріне байланысты.
Стандартқа сәйкес бастауыш
математикалық білім берудегі аса
мәнді өзгерістердің бірі оқушыларды
математиканы оқыту барысында танымдық
және шығармашылық ізденіске жетектейтін
іс-әрекеттерге баулу
Оқушылардың логикалық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыру үшін мұғалім бастауыш мектеп оқушысының оқу-танымдық қызметінің жалпы психологиялық-педогогикалық сипатын ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесін терең игеруі қажет. Өйткені, математиканы оқыту тәжірибесіне қарағанда, оқушылардың логикалық іс әрекеттерді орындау биімділігін қалыптастырудағы оқулықтар, негізінен оларды логикалық жаттығуларды орындауға үйретуге байланысты кемшіліктерден болып отыр.
1.4 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясын шағын комплектілі мектепте пайдаланудың мүмкіндіктері
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Осы бағытта білім беру жүйесінің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұдғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу мақсаты туындайды.
Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар жаңа технологиялар бар.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі, амалдардың жиынтығы» делінген.
Технология – латын сөзі, texne - өнер, кәсіп, шеберлік, logos - ғылым, ілім деген мағынаны білдіреді. Дүниежүзілік педагогикалық үрдісте, ғылымда технология ұғымының қалыптасу, даму тарихына тоқталсақ, ал өз дамуын өте ертеден, Я.А.Коменскийдің Ұлы дидактика еңбегінен алады. Я.А.Каменский «Оқыту нәтижелі жүру үшін оны техникалық, технологиялық деңгейге көтеру керек,» - деген болатын.
Соңғы кезде технология – тәртіп бойынша реттеліп жоспарланған іс-әрекет, үрдіс (процесс) және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе ретінде қарастырылып жүр.
Педагогикалық технология жобалау, реттеу, әр іс-тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру. Қ.Қабдықайырұлы «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» еңбегінде: «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтар жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі, қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе» - деп анықтама береді.
Әмірбек Амангельдиев: «Педагогикалық технология деп нақты өмірлік тәжірибеде іске асырылатын белгілі педагогикалық жүйенің жобасын айтамыз,» - дейді.
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз - өзіндік даралық бейнесі бар, жеке тұлғаны, оқушыны қалыптастыруға бағытталған белгілі бір алға қойған мақстақа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды, әсерді ұйымдастыруға қажетті және дара байланысқан үрдістер мен әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Осы анықтамалардағы негізгі пікірлер В.Беспальконың еңбегінде толық көрініс береді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» .
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталатын нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсінк кілті бола алады. .
Б.Т.Лихачев педагогикалық
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады. [ ,4]
Аталған пікірлердің негізінде педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны деген қорытынды жаусауға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқыту технологиясы шағын комплектілі мектепте оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап т.б. психологиялық-педагогикалық іс-әрекетердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне ізгі әсер етумен қатар, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне, жинақылығына ұтымды әсер етіп, оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің шағармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрылым.
Бүгінгі айтылып жүрген педагогикалық технологияны шағын комплектілі мектепке бейімдей қолдануға болады. Дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі дидактикалық бірлікті ірлендіру технологиясы болып отыр.