П.М.Эрдниевтің ДБІ теориясы негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибелік эксперименті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 13:11, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл адамзат қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өркениеттің даму дәуіріне бет бұрған кезеңде, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру – негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейінен анықталады» - деп республика президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына нақты міндеттер қойды. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» жолдауынан).
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясының негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың теориалық негіздері....................7
1.1 Оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың зерттелуі................................7
1.2 ДБІ-де оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолы.............16
1.3 ДБІ негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда математика пәнінің мүмкіндіктері................................................................................................21
1.4 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясын шағын комплектілі мектепте пайдаланудың мүмкіндіктері.............................................27

2. П.М.Эрдниевтің ДБІ теориясы негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибелік эксперименті..................................................44
2.1 Анықтаушы эксперимент материалдары..........................................................44
2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдары................................................47

Қорытынды................................................................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Айнура.doc

— 530.50 Кб (Скачать документ)

Формальдық логиканың зерттейтін объектісі – ойлау. Формальдық логика – ойлау туралы ғылым деп айту жеткіліксіз болар еді», - дейді Д.П.Горский, ал Д.В.Ивлев «Логика – ойлау туралы ғылым», деген.

Ойлау – адамдарға  ғана тән, сыртқы ортаның адам миында бейнеленуінің жоғарғы формасы, өте күрделі психикалық таным прцесі.

Адам қоршаған орта туралы көп нәрсені біледі. Ол бұндай білімді  теканализаторлар арқылы біліп қана қоймай, сондай-ақ қабылдау мен сезім  арқылы танумен шектеліп те қалмайды. Адам көру, есту, сезу т.б. анализаторлар арқылы алған білімдерімен шектелсе, онда ол қоршаған орта туралы өте аз біледі. Қоршаған ортаны танып білуде адамның ойлауы көп әсерін тигізеді.

Д.П.Горский ойлауды:

1. Ортаны тану (анализаторлар  арқылы тануға болмайтын кезде  пайда болатын ойлауды айтуға болады).

2. Қоршаған ортадағы  заттар мен құбылыстардың арасындағы қарым-қатынастарды және заңдылықтарды тану.

3. Жалпы тану, заттар  мен құбылыстардың ортақ және өзіндік қасиеттерін тану процесі ретінде қарастырған.

Ал П.Я.Гальперин «Ойлау – сезім, қабылдау, елестің таным  істерін жалғастырушы, дамытушы» ретінде қарастырады. Ол: Ойлау тануда үлкен роль атқарады. Ойлау тану шекарасын кеңейтіп, сезім мен қабылдау тәжірибесінің шекарасынан шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әлі болмаған құбылыстың нәтижесін көруге мүмкіндік береді.

Ойлау қабылдау мен сезім  арқылы келген мағлұматтарды талдап, ойлау жұмыстарының қорытындысын тәжірибеде қолдануға жол ашады. Ойлау түсініксіз, жаңа заттарға тереңірек үңілуді  көздейді», - деген [5].

Д.В.Ивлев ойлауды процесс  ретінде зерттей келе, ол таным нәтижесінің ішкі, жасырын есептерін қарастыру болып табылатындығын көрсетті. Оны мынадай мысалмен ашып көрсетті: Көз алдымызға бірнеше баланың өзбетімен бір есепті шығарып жатқанын елестетейік. Белгілі бір есепті шығару барысы кезеңінде ойлау процесінде мұғалім балаларға жеке-жеке бірдей көмек береді, оларға теоремаларды айтып отырады. Бұндай көмек балалардың ойлауының алған қаншалықты жылжуына қатысты әр түрлі әсер етеді. Неғұрлым алға жылжушылық байқалса, соғұрлым ол есепке тереңірек үңіліп, берілген көмекті қолдануға дайын болады. Сондай-ақ керісінше, неғұрлым бала есепті өзі ойлап шешсе, соғұрлым есепті соңына жеткізу мен сырттан келген көмекті қолдану қиынға соғады. Басында оқушы айтылған теореманың берілген емепке еш қатысы жоқ деп ойлауы мүмкін. Сондықтан ол сырттан көмек алмайды да, алған жағдайда қолданбайды да. Бұның бәрі, ішкі әсер, балалардың психикасына жақсы эффект береді. Сырттан келген көмекті қолданбау ойлау процесінің заңдылықтары және ішкі арнайы талаптарының барлығын байқатады [6].

Формальдық логика негізін қалаушы Аристотель ойдың алғы шарттардан нәтижеге қарай ілгерілейтін қозғалысы фактісіне кереғар сілтеме жасайды да, ойдың нәтижелігін мәңгі айналымға қарсы қояды. Егер де, осылайша, ойлау айналым болса, онда ақыл – шеңбер болып, оның айналуы – ойлау болады. Сонда ақыл үнемі ойлай бере ме? Айналым мәңгі болса, ол да мәңгі ойлауы керек қой? Дәлел болса, ол қандай да бір бастаудан ілгерілейді, ақыл-ой қорытындысында немесе қорытындыда оның өзінің аяқталуы бар, егер дәлелдеу аяғына дейін жетпесе де, онда тіпті болмағанда бастауға қайтадан оралмайды, ортаңғы шеткі терминдерді қосып алып қашан да түзу жолмен жүреді.

20-ғасырдағы неміс  психологы В.Келер өз тәжірибелері негізінде жануарларда да ойлаудың бар екендігін айтқан. Бұны қазақ халқының біртуар азаматы Ж.Аймауытұлы да қостайды: «Бала тілі шықпас бұрын ойлайды, ойлағаны емес пе, өз үйінің кісілеріне жымияды, бөтен кісі көрсе, қорқып жылайды; ендеше, балада елестілік, жаңғырту, есіне түсіру бар болу керек, тілі жоқ болса да ойлау болу керек.

Бұған қарсы кісілер: ендеше, мал да иесін таниды, о  да тіл білмейді, мал да ойлағаны ма деп шамданады. Шамданатын себебі: бұлар ұғым, ойлау деген сипат адамдарда ғана болу керек дейді; малға бейне, елестілік деген сипаттарды береді. Бұлардың айтуынша, ұғым болмаса, сөз болмайды, сөз болмаса, ақыл-даналық (разум) болмайды. Нәрселер туралы біз ұғымдар арқылы ойлаймыз, нәрселер туралы сөз болмаса, ойлай алмас едік. Сөз деген нәрселердің таңбасы. Даналық сөз иесі, ұғым иесі, - ойлау иесі адамда болады. Малда ойлаудың жабайы бір қызметі, жеке нәрселердің бейнесі болуы мүмкін, ал жалпы бейне, ұғым деген сипаттар дәл адамдардағыдай болмайды. Сонымен ұғым, ойлау, ақыл дегеніміз көп машықтанып жетілген жабайы бейнелер деуге болады. Ондай бейнелер малда да бар»,-деп дәлелдеген болатын.

Ал, қазақтың қазіргі  кеңінен танымал психологы Қ.Жарықбаев: «Ойлау – тек адамдарға ғана тән  психикалық процесс»,-деген еді. Ол ойлаудың арқасында ғана бірінің  білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түсетінін айтқан. «Ой  – сыртқы дүниені бейнелеуінің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал»,-деген.

«Арнайы бақылаулар кезінде  оқушылар, тіпті кейбір үлкендер есепті шығару кезінде қиындықтарға кездескенде, сырқа шығара отырып талдайтынын көрсетті. Бұндай талдау есептің шығарылуын жеңілдете түседі. Өз ойын басқаларға айта отырып, өзіне де түсінік береді»,-дей келе, ойлауға толық анықтама берген:

«Ойлау дегеніміз –  сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылама  және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі».

Қ.Жарықбаев кейбір психологтардың айтатынындай, мәдени дамудан артта  қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан  дәйексіз болып табылады деп есептейді.

Қ.Жарықбаевтың ойлау  туралы анықтамасымен бірге, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтар да өздерінің «Педагогика» атты еңбегінде ойлауға мынадай анықтама берген:

«Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды бейнелейтін психикалық процесті айтады».

Бұл екі анықтамадан  ойлаудың негізгі қозғаушы күштері заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыс-қатынастар екенін көруге болады.

Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаев, сондай-ақ «Ойлау – адам миы қызметінің нәтижесі. Ой – түсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау барлық адамға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамуынан ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет»,-деген [7].

Платон адамға өтіп, ойлауды  туғызатын материалдық дүниеден басқа «рухтың» ерекше субстанциясы бар екендігін айтқан.

Декарт ойлаудың механикалық  логикасы психика мен мидың материалдық  процесін қосарлас сызық сияқты дейтін түсінікті дүниеге келтірді. Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойы дәстүрлі психологияға «тоқтауыл» болған. Декарт ойлау мен сезіну тек адамдарда ғана болады деген ойда болса, Б.Спинозапсихика барлық материяның, соның ішінде, өлі материяның да қасиеті деген көзқараста болды. Ойлауды атрибут ретінде,яғни материяның қасиеті ретінде түсінген Спинозаға қазіргі авторлар тобы біздің тәніміздің немесе мидың физиологиясымен анықталатын ойлау туралы, жалған көзқарасқа соққы беру тұрғысында қарады. Спиноза мына нәрсені жақсы түсінген: ойлау табиғатын индивидтің миы мен тәннің бір ғана өз ішінде өтетін оқиғаларды қараған кездегі тұйықтау деп түсінуге болмайтынын өте жақсы білді, себебі бұл жағдайларда мүлдем басқа нәрсе көрінеді, ауқымында барлық тән, өмір сүретін сыртқы себептердің құдіретін әмбебап қажеттілікті көреміз. Психикалық процестердің ұйымдасуын айқындайтын нақты «тәнге» шексіз материалдық табиғат болып табылады. Ойлау тұтас тәнді туғызатын қажеттілік ретінде пайда болады.

П.Гоббс объекті табиғатын  тануда ойлау енжар роль атқарады деген түсінік туғызып, танымның мазмұны объектілерден алынған  әсерлер ғана делінді. «Ойлау еэелден-ақ дүниенің көріну шегінен шығып кетуге ұмтылған болатын. Сондықтан да механикалық ғылыми қабылдаудың адал да, мінсіз қызметшісі болуға мәжбүр болды – ғылымның міндеті көз нені көрсе, соны көру болады»-деген.

Дж.Локктың пайымдауында логикалық ойлаудың буржуазиялық капиталистік түріне тән және XVII-XIX-ғасырдағы ғылыми танымның прогресі ретінде негізгі белгілері, сондай-ақ, 20-ғасырдағы диалектикалық ойлаудың даму жолына түскен анағұрлым дәстүрлі де пәрменді ақыл-ойдың жетістіктері өзара байланыста көрінеді.

Ол: «ойлау өз қозғалысымен объектінің логикасын жасауы керек; танымның кез-келген деңгейінде ойлаудың табысты болуы оның логикасы мен объектінің логикасының сәйкес келуі арқылы көрінеді. Заттың даму логикасы мен құрылу логикасының сәйкес келуі теориясы дүниенің бірдей көрінісін жасаудың ең басты шарты. Сондықтан ойлау табиғаттың енжар қабылдауы негізінде емес, тікелей қабылдаудан жасырын жатқан заттардың ішкі логикасын ашатын белсенді әрекет процесінде дамиды»,-деді.

Д.Гартлидің зерттеулерінде ойлаудың қозғалысы мен ассоцияциялары мидың өзінің ішкі физикалық байланыстарымен түсіндірілді, олар объектілердің нақты байланыстарынан мүлде тәуелсіз пайда болды.

«Ойлау – бұл мінез-құлық  қозғалғыш белсенділік, кәдімгі теннистегі, гальфтегі бұлшықет күшімен ойналатын басқа ойындар сияқты ойын. Ойлау да кәдімгі сөйлеу»,-деп жазды Д.Уотсон.

20-ғасыр психологиясының  дамуында швейцарлық психолог  Ж.Пиаженің жұмыстары бүгін бір дәуірді құрайды. Пиаже үшін басты объект ойлау болып табылады. Ойлауды ол ішкі әрекеттер – ой операциялары ретінде түсіндірді, бір-бірімен үйлестірілген ой әрекетінің логикалық күрделі тұтас құрылымын ашты және оның қалыптасуының функциялық механизмін ашып көрсетті. Пиаже ойлау әрекетінің табиғатын түсінуге интериоризация туралы түсінікті негіз етіп алады, ол сыртқы заттық әрекеттер арқылы өтеді, онда олар бастапқы сыртқы әрекеттерге ұқсас схемамен орындалады.

Пиаженің пікірінше, ойлау  операциялары қалыптасуының екінші маңызды кезеңі формальдық логика заңына бағынатын жекелеген әрекеттердің күрделі жүйелерге үйлестірілуі болып табылады. «Ойлау – ішкі әрекеттердің жай ғана жиынтығы емес, өзара үйлестірімен операцияларының біртұтас жүйесі. Үйлестіру процесі адамзат ойының логикалық құрылымының пайда болуына әкеледі деп»,-санайды Пиаже.

Д.В.Ивлев сияқты Н.Ахта ойлауды процесс деп түсіндірді. Оның пікірінше, ойлау процесінің барлық бөліктері жеткен нәтиже ықпалымен ұйымдасады [8].

Сонымен, ойлау – таным  процестерінің ішіндегі ең күрделісі. Ойлау арқылы заттар мен құбылыстардың  болашақ дамуы, өзгеруін болжаймыз. Жекелеген фактілерді, оқиғаларды, дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, ой процесі арқылы олардың өзара байланыстылығын, оның себебін шешуге тырысамыз.

Ойлау: «бұл не?», «неліктен?», «неге бұлай?» т.б. осы тәрізді  сұрақтан басталады. Мұндай сұрақтар ой әрекетіне проблемалық ізденгіштік сипат береді, ой белсенділігін арттырады, оқу жұмысында ойдың проблемалық сипатта болу керектігі көптеген еңбектерде айтылды [9].

Психологияда ойлаудың үш түрі кездеседі:

  1. Көрнекі-амалдық
  2. Көрнекі-образдық
  3. Сөздік-логикалық

Біріншісінде, теория практиканың тығыз байланыстылығы ашыла түсіп, балалардың психикалық даму процесі таза теориялық емес тәжірибелік әрекет негізінде дамитынын көрсетеді. Соңғысында балалардың ойлауы дамиды.

Екіншісі, көбіне қарапайым формасы мектепке дейінгі балалардың ойлауында көрінеді.

Үшіншісі, тәжірибе және көрнекі сезім жинағы негізінде  мектеп жасындағы балаларда өзгешеленген ойлаудың қарапайым формасы дамиды, яғни абстрактілік тілі түсінік формасында ойлау. Ойлау бұдан тек тәжірибелік  әрекеттер мен көрнекі нәрселер нәтижесінде тумай, алдымен ерекше түсінік пен талқылау көрінеді. Ойлаудың бұл түрі сезімдік таным шегінен шықса да, еш уақытта толықтай сезінуден, қабылдау мен елестен бөліне алмайды [10].

Сонымен ойлау түрлері  шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды: Адамның өмір тәжірибесіне, іс әрекетіне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр-түрлі сатыда іске асады.

Алгаритмдік ойлап көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау, нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.

Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімді  баяндауда ойын жекеден жалпы  деректерден жинақтауға қарай қозғалады.

Абстакт ойлау күрделі  мәселелерді шешудегі біздің ой- пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау  түрі психологияда ұжымдық ойлау деп те атайды. Ұжымдық ойлау кейбір мәндік ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді [12].

Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттерді  ортақ принцптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады.

 Логикалық ойлауды  дамыту үшін ойлаудың операцияларын  игеру керек.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы анализбен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.

Анализ дегеніміз – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі.

Информация о работе П.М.Эрдниевтің ДБІ теориясы негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибелік эксперименті