Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 13:11, курсовая работа
Бүкіл адамзат қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өркениеттің даму дәуіріне бет бұрған кезеңде, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру – негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейінен анықталады» - деп республика президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына нақты міндеттер қойды. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» жолдауынан).
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясының негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың теориалық негіздері....................7
1.1 Оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың зерттелуі................................7
1.2 ДБІ-де оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолы.............16
1.3 ДБІ негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда математика пәнінің мүмкіндіктері................................................................................................21
1.4 П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірлікті ірілендіру технологиясын шағын комплектілі мектепте пайдаланудың мүмкіндіктері.............................................27
2. П.М.Эрдниевтің ДБІ теориясы негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибелік эксперименті..................................................44
2.1 Анықтаушы эксперимент материалдары..........................................................44
2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдары................................................47
Қорытынды................................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер................................
Анализбен синтез бірімен бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі бірінен бірі ешқашан ажырамайтын ой процестерінің негізгі компененттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализбен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, геометриялық фигураларды жеке бөліктерге бөліп ажыратсақ, бұл – анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қарастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализбен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас , білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады.
Анализбен синтездің
негізінде салыстыру деп
Шындығында заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, шаршы, трапеция, паралелограмм деген сөздерді «төртбұрыш» деген сөзбен белгілесек соңғысы абстракт болады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті талқылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру,яғни заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда,ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті құрал нақтылаудың түрлі формалары [13].
Жалпылау дегеніміз
– бір текті заттардың, құбылыстардың
ортақ қасиеттерін оймен
Ойлау ой операцияларын қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой.
4-сынып оқушыларының
әр қилы ойлау әрекеттері мен
ақыл ойын өрістету жолында
классификациялау мен жүйелеу
және жалпылау сияқты әрекет-
Классификациялау дегеніміз ұғымдарды белгілі бір негізге сүйене отырып, ой арқылы болу нәтижесінде жаңа ұғымдар жасалады.
Заттар мен нәрселерді классификациялауды үш түрге бөліп қарастырады:
Адамның логикалық ойлау әрекеті арқылы жасалатын табиғи классификация объективті болмыстағы нәрселер мен заттардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан терең ашып көрсетеді.
Сөйтіп шәкірттердің меңгеруге тиісті заттар мен құбылыстардың өзара шартты байланыстарын зерттейді. Сыртқы дүниені адамның танып білуінде күрделі мәселелерді жүйелі түрде қамтып отырып, олардан дұрыс қорытындылар жасай білуге бағдарлайды.
А.Ш.Құдайбердиевтің: «...Барлық ғылымның өзі қиялдан ойлаудан туған. Адам осы жаратылыстың бір бөлігі, бұл жаратылыстан, табиғаттан бөлек емес. Сондықтан бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлаудың өзі мүмкін емес, болуға мүмкін істі ғана ойлай алады» - ... деген сөздерінен ойлаудың адам қоғамында алатын орнын байқауға болады.
Логикалық ойлау құрылымын төмендегі кестемен көрсетуге болады.
Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес.Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі қатты ескеріледі. Мысалы, математика сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды (логикалық жаттығулар, сұрақ-жауаптар, т.б.) орындау, меңгеру олардың, заттар мен құбылыстардың байланысын және қатынасын бейнелеуді айтады.
Нақты бейнелі ойлау – адам белгілі бір міндеттерді шешіп отырғанда, оның бұрын өткен әрекетіне қатысы бар. Заттар мен құбылыстарды елестетіп ойлау операцияларын жасау.
Абстракті – логикалық ойлау адамның сезім танымымен анықталмайтын, көрнекі амалдық және нақты образдық ойлаудың бейнелей алмайтын заттар мен құбылыстарын, олардың себеп-салдарын, байланыстарын оларға тән заңдылықтарды бейнелейді.
Осы айтылған ойлау құбылысының үш түрі де адамға тән сипатта болады. Бұл жеке адамның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ұғымдық ойлауды нақты-бейнелі ойлауға ол бейнелі ойлауды көрнекі-амалдық ойлауға қарсы қоюға болмайды. Олардың бір түрлі болған жерде екінші түріне орын жоқ деген пікірден аулақ болу керек. Ұғымдық ойлауда бейнелі ойлаудың бөлшектері кездесіп отырады. Нақты-бейнелі ойлау адамның абстракт ұғымдарды, абстракты – логикалық категорияларды меңгеріп, дәлірек түсінікте жәрдем береді.
Психолог ғалымдар: Н.Н.Поспелов, Ю.А.петров, А.Н.Леонтьев, И.А.Гиби «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» - дегеніміз-логика заңдылықтарын пайдалана отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С.Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз – барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру – ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту. Логикалық ойлау мынадай құрамдас бөліктерден тұрады.
- әртүрлі болжам, пікір айта білу
- мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұғыну;
3. Трансформация әрекетін жетілдіру:
- заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
- топтардың арасындағы қатынастарды байқау [13].
Логикалық ойлау – баланың ойлау әрекетінің ең жоғарғы түрі. Логикалық ойлау арқылы оқушылардың ой – қабілеті, белсенділігі, қызығушылығы артады.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны логикалық сөйлеуді отандық ұстаз дамытуға тиіс», - деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, олардың бойына логикалық ойлауды қалыптастыру, тиімді жолдарын іздестіру мәселесіі қазіргі заманның негізгі міндеттерінің бірі.
Балалардың логикалық ойлауын дамыту – оқу жұмысының негізгі міндеттерінің бірі. Мұнсыз оқу жұмысының сапасы болуы мүмкін емес.
1.2 Дидактикалық бірліктерді ірілендіруде оқушылардың логикалық дамытудың тиімді жолы
Дидактикалық бірліктерді ірілендірудің әдістемелік жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар, басқа технологиялармен бәсекелесе алатын нәтижелігімен сипатталатын оқыту технологиясы болып табылады. Бұл ғылыми бағыт өзінің психо-физиологиялық бастауын Нобель сыйлығының лауреаты И.П.Павловтың зерттеулерінен алады. Академик И.П.Павловтың «қарама-қарсы қою біздің дұрыс ойлауымызды жеңілдетеді» деген сөзі дидактикалық бірлікті ірілендіру теориясының негізінде жазылған оқулықтарда өзара кері есептерді шығару, құрастыру кең орын алған.
И.П.Павловтың шәкірті П.П.Анохин дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясына талдау жасап келіп «оқытудың барлық мәселелері өзара кері байланыстардың міндетті түрде басым болуымен ерекшеленеді, осы негізде ғана оқушылардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етуге болады» деп, кері байланыс теориясына жоғары баға береді.
Әлемдік ғылымда соңғы кезде Нобель сыйлығының лауреаты академик И.Р.Пригожиннің «Уақыт жебесі» деп аталатын таным теориясы тәжірибеге еніп отыр.
Теориялық негізіне адамның шығармашылығын ойлауының негізгі құрамына ұқсастыққа сүйене отырып, қорытынды жасау алынған. Мысалы: 5+2=7 мысалының негізінде 50+20=70; 500+200=700 мысалдарының логикалық байланысын түсіндіру.
Бұл да П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясының бір элементі. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқулықтарында ондық, жүздік ұғымдарын бір мезгілде өту жүйесі жасалған.
Дидактикалық бірліктерді
ірілендіру теориясының артықшылықтары
төмендегі мәселелерге
Бұл туралы Д.И.Мордонай – Болтовский, Филикс Клейн, Н.Э.Жуковский. П.М.Эрдниевтің оқыту әдістемесімен технологиясына жоғарғы баға беріп «логикалық ойлауды дамыту құралы» деп атады.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясымен жұмыс жасаған мұғалімде жетістік сырын оқушылардың тапсырманың түрленуіне байланысты таңдауы, қуану, сол өзгерістерді жасағанына қанағаттану сезімдерінің оянуымен түсіндіреді.
Ал психология ғылымының соңғы зерттеулері бойынша логика яғни сөз, есеп сол жақ жарты шарда шоғырланған болса, сезім, эмоция, бейнелік ақпарат негізінен оң жақ жарты шарда шоғырланады. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясына негізделген. Сабақтарда жарты шарлар жұмысының өзара тығыз байланысы қамтамасыз етіледі. Мысалы: 20 теңгеден 5 дәптер сатып алынды, ал блакнот олардан 40 теңге арзан, блакнот қанша теңге тұрады?
Шешуі: 20х5-40=60.
Кері есеп:
Блакнот 60 теңге тұрады. Бұл 5 дәптердің құнынан 40 теңге арзан, 1 дәптер қанша тұрады?
Шешуі: (60+40):5=20 (т)
Бұл жерде кері есеп құрастыру үшін сол жақ жарты шардың белсенді жұмысы қажет. Бірақ ол баланың сезімімен, қуанышымен, ынтасымен байланыспаса, бастауыш сынып оқушылары мұндай күрделі тапсырманы орындай алмайды.
Шындығында бірінші есепте шығарылып, дайын тұрған сандардың біреуін белгісізге айналдыру үшін бастауыш сынып оқушысы ой операцияларының барлығымен дерлік (талдау, салыстыру, нақтылау, абстрактілеу, жинақтау, қорытындылау) жұмыс жасайды.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру теориясының педагогикалық тұрғыдан артықшылығы сонда оқылатын материалдар жеке-дара бөліп берілмей өзара байланыста берілуде. Кейде жоғарыда аталғандай өзара кері есептер бір мезгілде қарастырылса, кейде құнын табу, салмағын табу, қашықтан табу сияқты ұқсастыққа негізделген ұғымдар біо мезгілде оқылады. Сөйтіп өзара кері, өзара ұқсас есептер біртұтас ойлау-жүйесіне кіріктіріліп, оқушының ақыл-ой дамуы қамтамасыз етеді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру теориясының тұжырымдамалық негіздері. Материалды меңгерту бірліктерін ірілендіру ұғымын оқыту процесіне байланысты бірнеше көзқарастардың өзара кіріктірілуі тұрғысынан қарауға болады:
Дидактикалық бірліктерді ірілендіруде-қолданылатын ойлау заңдылықтары.
- қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңдылығы
- И.П.Павловтың қарама-қарсы тітіркендіргіштердің әсер ету теориясы.
- П.К.Анохиннің кері байланыс, жүйелік және Ж.Пиоженің операциялардың қайтарымдылығы қағидалары.
-жоғары деңгейдегі символдық белгілеуге көшу (кибернетикалық аспект).
Оқытудың ұйымдастыру жүйесі.
Д.Б.І теориясы мазмұнның ерекшеліктері математика ғылымы өзара байланысты бес бөлімнен: арифметика, геометрия, альгебра, тригонометрия, сызудың мазмұнынан тұрады. Мектеп тәжірибесінде осылардың әрқайсысы жеке дара және әрбір оқу жылында оқытылып жүрді. П.М.Эрдниев өзінің дидактикалық бірліктерді ірілендірі теориясында осы пәндерді біріктіру негізінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға ьағыттаған жинақтық оқулық жасады.