Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:00, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
− ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін теориялық негіздеу;
− ойын технологиясына мәнін және мазмұндық сипаттамасын ашып көрсету;
- ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері анықтау;
− бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологияларының мазмұнын ұсыну;
− ойын технологияларының бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның нәтижелерін талдау.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….....................6
1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері...........................................................11
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру –педагогикалық мәселе...............................................................................................11
1.2 Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама..................................................18
1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері.................................................................32
2 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................................39
2.1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұны..............................................................................39
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперимент нәтижелері..........................................................................54
Қорытынды………………………………………………………………….............64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………................67
Қосымшалар………………………………………………………………...............70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 90.47 Кб (Скачать документ)

 «Бұл қалай  өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барасында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

Ор-өр                сұр-сүр                     терек-зерек

Тор-төр             сан-сән                     көл-шөл-төл

«Орнына қойып  жаз» ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.

Ойын тәртібі: сынып 3 топқа  бөлінеді. Плакатқа 3 қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы  тақтаға сөздерді дұрыс жазып  шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған  топ жеңімпаз атанады.

Құл ұ/ы н                     сө с/з сіз                 кө н/м бе

Жұлд ұ/ы з                   Қорға н/м бек        а щ/ш ы

Ше к/г ара                    сә н/ң қой               түлк ү/і

Фонетикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін  тиянақты, жүйелі етуге септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға  болады.

Дыбыс емес таңба.              Әрі дауысты, әрі дауыссыз   Түнде жоқ, кеште бар,

Оқылмайды, жазылады.      Әрі жуан, әрі жіңішке.          Отта жоқ, пеште бар.

Әйтсе де бұл  екеуі,              Бұл қай дыбыс?                                                (ш)

Біраз сөзден табылады.                           (у)

                        (ъ,ь) 

«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады.

Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар  сөздерді атайды, ал «оқушылар» өз рольдерін  ауыстырып отырады.

Мысалы:

  1. ара-жәндік               2) алма-жеміс             3) ою-зат

     ара-құрал                    алма-қимыл                ою-қимыл

«Әр әріптен бір  сөз» ойыны оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді.

1-оқушы                       2-оқушы                  3-оқушы

рааыд                           руыал                       рыдар

алқны                           мылнд                      азары

      қаыыс                           ардаи                       м й  с

қт                                 ншы                          а     т

                                     ар                             л     ы

                                     қы

                                     қ

Ойын тәртібі: сынып 3 топқа  бөлінеді. Әр топтан бір оқушы шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір  топтың сөзі екінші топқа қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

«Ойлан тап» ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.

Ойын тәртібі. Мұғалім  бір сөзді ақырын ғана айтады. Оқушылр  сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді  табады. Мысалы, мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді  мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы, мұғалім «Отан» десе, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көз сөз ойлаған оқушы жеғңмпаз аттанады.

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы, сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.

Сәбіз, қияр, картоп-көкөністер.

«Не өзгереді?» ойыны арқылы түбір мен қосымшаның ерекшеліктері танытылады.

Ойын тәртібі. Тақтаға  плакатқа жазылған сөздер ілінеді:

Үй                  би                  Алма           кеме            Қой             тәртіп

Осы сөздерге балалар қосымша  жалғап, сөйлем құрап жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар сөздерді оқып, талдайды. Мысалы, үй не? деген  сұраққа жауап береді. Бұл-сөздің түбірі. Осы түбір сөзге  –ге  қосымшасын жалғасақ, неге? Деген сұраққа  жауап береді. Түбірге жалғанатын қосымшаны тапқан оқушы жеңімпаз болады. Яғни бұл ойында тек қосымшалар өзгертіледі.

Оқушылармен «Септіктер»  тақырыбын өткенде септік жалғауы  туралы алған білімдерін орнықтыра, толықтыра түсу мақсатында «Гүлдер» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойын үшін дөңгелек сызылады, ол дөңгелектің  ішінен жеті гүл тостағаншалары орналасатын  тілік жасалады. Оның астына гүл  бұтағы мен оның жапырақтары бейнеленеді. Одан кейін гүл тостағаншаларына: гүл, гүлдің, гүлге, гүлден, гүлмен деп  жазылған карточкалар салынады.

Ойын тәртібі. Кесте тақтаға  ілініп, гүл тостағаншалары жеті оқушыға  бріледі. Мұғалім бірінші қай  септік ілінуге тиісті екендігін  сыныптан сұрайды. Атау септігінде тұрған гүл сөзі кімде болса, сол бірінші  парақшасын тілікке орналастырады. Осы тәртіппен қалған септіктердегі  сөздер өз орындарын табады. Оқушы  сол септіктің атын атайды, жалған көрсетеді. Сөйтіп кестеде гүл шоғы пайда болады. Парақшаны дұрыс  таба алмай ұтылған оқушы ойыннан  шығады.

Мұндай  тапсырмалар шығармашылық дамыған  ойлауды қажет етеді, сондықтан  баланың барлық жауабы қабылданады. Бұл жерде қолайлы шешім емес, шығармашылық ойды, қабілетті дамыту болып басты рөл алады.

Аталған ойындарды тақырып пен мазмұнға сәйкес өзгертіп отыруға болады. Жоғарыдағы ойын жаттығулар арқылы:

  • біліммен танымға;
  • қалыптыдан шығармашылыққа;
  • оқу әрекетінің демократиялығы;
  • мұғаліммен оқушының ынтымақтастығы жүзеге асады.

Интерактивті  ойын жаттығуларын өткізген сайын, балалардың сезімін, ойын ортаға салып отырамыз. Олар басында әрине тосырқап, ойланып  іркілсе, кейін келе өздерін үлкен  адамдай сезініп, ой белсенділігімен  қатар сөйлеу тілі мәдениетінің де алға жылжуы байқалады [60].

Үйрену  барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды, - деп К.Д.Ушинский айтқандай, үнемі шеберлікті шындау жолында жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуге, қолдануға ұмтыламыз [34].

Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру  – оқушылардың  білім жүйесін  сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту –  оқушыларға білімді игертуде бар  мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда  ғна сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.

Адам  баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде  танып біледі. Ол іс-әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенмен жас жеткіншектер үшін ойын – ең маңызды іс-әрекеттің  бірі.

«Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс».

Ойын  – бала әрекетінің негізгі түрі. Бала үшін «ойын» - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге  еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы  көрсете білген. «Үлкендер өмірі  үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету  қандай орын алатын болса, - деп жазды  ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскенде сондай болады. Сондықтан  келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен  бұрын ойын арқылы болады» [8 б34-41].

Ойын  технологиялары баланың таным (түйсік, қабылдау, ес, ой, қиял) үрдісін және тілін дамытады. Бала еліктеу қабылдау арқылы әлеумет өмірінің, өндіріс  қатынастарының мазмұнын түсінеді. Ойын әрекеті – психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке басын қалыптастырып, әлеуметтік өмірмен жанастыратын әрекеттің  бірі. Баланың ойын тәжірибесінде  ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Бала қылығын ережеге бағындыруға, керексіз амал-әрекетті тоқтатып, кедергіні  ығыстыруға үйренеді. Рөлді ойында баланың ойлауы, тілі дамып жетіледі.

Ойын  технологиялары баланың дүние танитын  қабілетін, іс-әрекетін жетілдіреді. Ойының әдісін, мақсатты мазмұнын, ережелерін мектепте педагогтер дайындап отырады. Оның үстінде баланың эмоциялық  күйі және көңілі көтеріңкі болады. Балалар нәрселердің ойын үстіндегі  жаңа көріністеріне мәз болады. Рөлді  ойындарда ойын ережесіне сай  атқарған рөлі баланы көңілдендіреді. Қимыл ойыдарында бала өзінің ептілік  істеріне масайрайды. Дидактикалық ойындарда жаңалап өнер үйренгеніне бала рақаттанады.      

  Бұдан  шығаратын қорытынды мақсаты  дұрыс таңдалынып, сауатты түрде  ұйымдастырылған ойын технологиялары  ғана бала танымының дамуына  жағдай жасайды. 

Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға  ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа  байланысты оқу жылының басында  оқу жоспарына енгізу, ойынның  тәрбиелік және танымдық мақсатын аша  білу, ойын арқылы баланың танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу  жүргізу талаптары қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қазіргі кездегі болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру саласындағы халықаралық  қатынастардың дамуы, баламалы оқу  орындарының пайда болуы оқушылардың  танымдық әрекетін белсенді түрде арттыруға  үлкен мүмкіндіктер алып келді.  Білім беру саласының сапасын  арттыруда инновациялық технологияларды  жиі қолданып отырудың маңызы ерекше.

Әрбір мұғалім  кез-келген пәндерді оқытуда оқушыларды терең ойлай білуге, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс  жасай білуге үйрету мақсатын қояды.  Бұл мақсатты орындау, яғни оқушылардың  білім, білік, дағдысын, өзіндік танымын  қалыптастыру – нақты ұйымдастырылған  кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын күрделі  үрдіс.

Тәжірибе  барысында ауыл мектептерінде де қазіргі талапқа сай көптеген инновациялық технологиялардың ең тиімдісін  және олардың элементтерін қолданады.  Бұл білім сапасының, оқушылардың  қызығушылығының артуына көп  септігін тигізуде.  Атап айтқанда, әр пәндерде мәселелік оқыту, деңгейлеп  саралап оқыту, дамыта оқыту, модульдік  оқыту, ойын арқылы оқыту, өздігінен  даму, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологияларының элементтерін қолданған  тиімді.

Соның ішінде ойын арқылы оқыту (В.Коваленко) оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын, ынтасын  арттырып, логикалық ой-өрісін дамытып, шапшандыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.   

Сонымен ойын технологияларын балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мақсатында қолданған  өте тиімді. Өйткені ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде  дидактикалық категория бола алады. Ойындарды әр түрлі сабақтарда қолданудың тиімділігін және пайдасын көптеген зерттеушілер, педагогтар, психологтар, әдіскерлер дәлелдеп берген. Оқытып - тәрбиелеудегі  негізгі мақсат - оқушыларды  мектептегі оқуға, ұйымшылдықта еңбек етуге, олардың  бойында адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыруға, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту тағы да басқа қасиеттерін  қалыптастыру болып табылады. Ал бұл  қасиеттер сабақ барысындағы  ойындар арқылы жүзеге асырылады.  Бүгінгі күннің талаптарынан туындап  отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық  ерекшеліктеріне ойындар сәйкес келе бермейді.  Еліміздің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу қарсаңында заман  талабына қарай тұлғаны  ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауда және шығармашылық, танымдық іс-әрекетін үйлесімді дамытуда, танымдық қажеттілігін, белсенділігін, қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының орны ерекше. Сондықтан өскелең ұрпақтың  білуге құштарлығын ақпараттық ағым арқылы аққиқатты тануға бағыттау қажет. Сондықтан ғылыми тұрғыдан негізделген компьютерлік ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар технологиясын және олардың пайдалану әдістемесін ұсынған дұрыс.  «Бір сарында және бір бағытта жүргізілетін іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді», деп орыс педагогы К.Д.Ушинский айтып кеткендей, бастауыш сыныптарда оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын қолданудың,  әсіресе оқу процесінде компьютерлік ойынды қолданудың тиімділігі зор.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мынадай  қорытынды жасауға болады:

  1. Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс әрекетін белсендірудің теориялық негіздері тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалды. Соған сүйене отырып, «танымдық іс-әрекетті белсендіру» ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда танымдық білімнің құндылық рөл атқаратыны анықталды.
  2. «Белсенділік»,  «танымдық іс-әрекет», «ойын технологиясы», «ойын технологиясының негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс- әрекетін белсендіру» ұғымдарының ғылыми тұрғыда талдаудың қорытынды нәтижелері-философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық бағыттағы көзқарастар іс-әрекеттік жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беріп, проблеманың бүгінгі күнгі көкейкестілігі мен зерттелу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
  3. Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетті белсендіруді оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы ұсынылды.
  4. Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің оңтайлы әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлерін пән сабақтарында, оқыту үрдісіне ендіру арқылы жүргізіліп, мектеп практикасында қолданудың ғылыми-әдістемелік бағыттары көрсетілді.
  5. Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруді әлемнің біртұтас ғылыми-танымдық бейнесін тұлғалық-бағдарлы, пәнаралық, пәнішілік, танымдық әрекет процесінде жүзеге асырудың жолдары көрсетілді.
  6. Бастауыш мектептің оқыту процесінде компьютерлік ойындарды пайдаланудың мүмкіндіктері бар, оны автоматтандырылған оқыту бағдарламалары және телекоммуникациялық ақпараттық құралдар арқылы іске асыруға болады. Компьютерлік ойындар оқушылардың білім, білік, дағды сапасын арттыруға және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға қызмет етеді. Компьютерлік ойындарды оқу процесінде тиімді пайдалану үшін информатиканың негіздерін жақсы біліп, әрбір мұғалімнің компьютерлік сауаты болуы қажет
  7. Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған педагогикалық жұмыс түрлері және олардың өзара ықпалды бірлігі, жүйелілік сипатта жүргізілген жұмыстар және олардың оң нәтижелері зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын айғақтайды.

Қазіргі таңда ойын технологиясының негізінде  бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруді жетілдіруде  мынадай ұсыныстар беріледі:

Информация о работе Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру