Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:00, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
− ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін теориялық негіздеу;
− ойын технологиясына мәнін және мазмұндық сипаттамасын ашып көрсету;
- ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері анықтау;
− бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологияларының мазмұнын ұсыну;
− ойын технологияларының бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның нәтижелерін талдау.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….....................6
1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері...........................................................11
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру –педагогикалық мәселе...............................................................................................11
1.2 Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама..................................................18
1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері.................................................................32
2 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................................39
2.1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұны..............................................................................39
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперимент нәтижелері..........................................................................54
Қорытынды………………………………………………………………….............64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………................67
Қосымшалар………………………………………………………………...............70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 90.47 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының

танымдық іс–әрекетін белсендіру

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы

 

 

Кіріспе………………………………………………………………….....................6

1  Ойын технологиясы негізінде  бастауыш сынып оқушыларының  танымдық іс-әрекетін белсендірудің  теориялық негіздері...........................................................11

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру –педагогикалық мәселе...............................................................................................11

1.2 Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама..................................................18

1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері.................................................................32

2 Ойын технологиясы  негізінде бастауыш сынып оқушыларының  танымдық іс-әрекетін белсендіру  бойынша эксперименттік жұмыс  мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................................39

2.1 Ойын технологиясы негізінде  бастауыш сынып оқушыларының  танымдық іс-әрекетін белсендіру  мазмұны..............................................................................39

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперимент нәтижелері..........................................................................54

Қорытынды………………………………………………………………….............64 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………................67

Қосымшалар………………………………………………………………...............70

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе                                    

 

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіздігіміздің бейбіт жолымен желбіреп тұрған туын болашақта желкілдететін де, әнін әлемге әуелететін де бүгінгі ұрпақ. Ендеше жас ұрпақты ертеңгі күні егеменді еліміздің берік тұтқасы болатындай етіп тәрбиелеуіміз қажет. Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгінгі мақсатымыз – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де, білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»  Қазақстан халқына арналған Жолдауында «біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен  немелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін  сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге  даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі  әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» [1.Б.34] деп көрсетілгеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті  күш – білім нәрі.  Қазіргі  кезде дүниежүзілік білім кеңістігінде, соның ішінде мектептегі білім беруде де, білімнің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған позитивті  тенденциялар қалыптасып жатыр. Олардың  ең бастысы: адами капиталды қалыптастыру құралы ретінде білімге деген  жаңа бағыттарды, жолдарды дамыту.

Ғалымдар  оқушының оқудағы танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің  түрлі жолдарын көрсетеді:

  1. Танымдық іс – әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен міндеттерін іріктеп шешу арқылы;
  2. Танымдық іс – әрекеттің тәсілдерін белсендіру арқылы;
  3. Іс – әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімді еңгізу арқылы;
  4. Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін еңгізу арқылы;
  5. Оқу – іс – әрекетінің өздігінше бағалауды дамыту арқылы;

Мұғалім алдыменен оқушының оқуын, қызығушылығын ояту керек.  Оқушының қызығу жәрдемімен оқып –  үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Қызығу – танымдық іс әрекеттің қозғаушы күші. Оқушыдағы  танымдық қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың  зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен  кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенде дейінгі негізгі  әрекеті – ойын десек, оқу –  тәрбие үрдісінде олар біртіндеп  ойын әрекетінен оқу – таным әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.

Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің  шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым – қатынасы білуі мен  сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына  неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны  тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың  сабаққа ынтасы мен қызығушылығын  арттырады.

Қазақ педагогикасының  негізін қалаған ұлы ойшылдар әл-Фараби [2], Ж.Баласағұни [3], М.Қашқари [4] және қазақ халқының біртуар ағартушы-ғалымдары А.Құнанбаев [5], Ы.Алтынсарин [6], Ж.Аймауытов [7], А.Байтұрсынов [8], М.Жұмабаев [9] және т.б. еңбектерінде танымдық іс-әрекет мәселесі басты орын алған. Олар баланың қоршаған орта туралы алған ақпараты негізінде танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын және оны үнемі белсендіріп отыру керек екендігін баса айтқан.

Сонымен бірге оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесіне қазақстандық ғалымдар А.Е.Әбілқасымова [10], А.Х.Аренова [11], Н.А.Дарханов [12],  ресей ғалымдары Н.Ф.Талызина [13], Т.И.Шамова [14], Г.И.Щукина [15] және т.б. елеулі үлестерін қосқан.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясын  пайдалану проблемасымен шұғылданған  ғалымдардың қатарына  Н.К.Ахметов, Ж.Хайдарова [16], К.Ж.Бұзаубақова [17], Т.К.Жикалкина [18], В.С.Кукушин [19], М.И.Микитинская [20], Қ.А.Сарбасова [21] және т.б. жатқызуға болады. Сонымен бірге шетелдік ғалымдар да ойын арқылы оқыту мәселесіне ерекше мән берген. Мысалы, Д. Бергеннің «Игра как средство обучения и развития: справочник по теории и практики» [22],  Барбара Шварцтың «Обучение с помощью игры» [23]  және К.Дженет, С.Косби,  Д.Роджерстің «Развитие детей в младшем возрасте с помощью игры» [24] деген еңбектері белгілі. Ойын теориясы мен тәжірибесін жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский [25], В.В.Давыдов [26] А.Н.Леонтьев [27], Д.Б.Эльконин [28] және т.б. үлес қосты

Ал Ұлы  Абайдың «ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен  бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті  шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып  кеткен. Олар С.А.Ұзақбаева, А.К.Айтпаева [29], С.Елубаев, С.Елубаева [30], Е.Сағындықов [31], Б.Төтенаев [32], т.б.

Шетелдік  классикалық педагогиканың өкілдері Я.А.Коменский, Дж:Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци [33] ойын арқылы балаларды болашақ  өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы, оның тәрбиелеу мен оқыту барысында  ойынның алатын орны туралы орыс педагогтары  К.Д.Ушинский [34], Н.К.Крупская [35], А.С.Макаренко [36], В.А.Сухомлинский [37], т.б. өз пікірлерін білдірген.

Балаларды оқыту және тәрбиелеуде ойынның  мәні педагогикалық жүйеде бұрын  да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы  қатарлы педагогтардың бәрі ойынды нағыз қажетті және маңызды іс-әрекет деп түсіндіреді. Шетел және біздің ұлттық педагогтардың өзі де ойын бұл балаларды жан-жақты дамыту құралы деген.

Ойын  – баланың маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың қабілеттерінің дамуына, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас  орнатуға жағдай жасалады. Әсіресе, бұл  бастауыш саты үшін ерекше маңызды  болып есептеледі. Себебі, бастауыш сынып оқушылары үшін ойын-оқу, тәрбие, әрі еңбек құралы. Ойын технологияларын  оқу үдерісінде қолдану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан  тұратындығын танып, дүниетанымдық  көзқарастары кеңейіп, танымдық белсенділігі арта түседі.

Педагогикалық-психологиялық  еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің  іс-тәжірибесімен танысу және талдау мемлекеттік талаптарға сай білім  беруде ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру қажеттігі мен бүгінгі таңда бұл проблеманың шешімін табу жағдайы арасында қайшылықтардың бар екендігін көрсетіп берді. Мұның өзі зерттеу тақырыбын «Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру» деп анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру процесі.

Зерттеу пәні - ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны.

Зерттеудің мақсаты - ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұнын анықтау және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің  міндеттері:

− ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін теориялық негіздеу;

− ойын технологиясына мәнін және мазмұндық  сипаттамасын ашып көрсету;

- ойын  технологиясы негізінде бастауыш  сынып оқушыларының танымдық  іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері  анықтау;

− бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологияларының  мазмұнын ұсыну;

− ойын технологияларының бастауыш сынып  оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс  арқылы тексеру және оның нәтижелерін  талдау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - таным теориясы, жеке тұлға жөнінде диалектикалық, материалистік ілім, оқу іс-әрекеті туралы психологиялық, педагогикалық тұжырымдама, тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі қағидалары, ойын технологиясы бойынша зерттеулер.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; ресми құжаттар; бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу құралдары; мұғалімдердің іс-тәжірбиесі, сонымен бірге автордың жүргізген эксперименттік жұмысының мазмұны.

Зерттеу әдістері:

- философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік  зерттеулерді оқып-үйрену және  талдау;

- алдыңғы  қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені оқып-үйрену және талдау;

- бақылау;

- оқушылар  іс-әрекетінің өнімдерін оқып-үйрену  және талдау;

- педагогикалық  эксперимент;

- нәтижелерді  математикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

– ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесі теориялық тұрғыдан негізделді;

– ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып  оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің  ерекшеліктері анықталды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: бастауыш сынып мұғалімдері үшін оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологиялары ұсынылды. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелерді бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға болады

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Алғашқы кезеңде зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді, ғылыми зерттеу аппараты айқындалды.

 Екінші кезеңде эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды, тәжірибелік-экспериментік жұмыс жүргізілді.

Үшінші  кезеңде зерттеу қорытындылары жүйеленіп, талдау жүргізілді, жұмыстың ресімделуі аяқталды.

Зерттеу базасы: Қарағанды қаласындағы №92 қазақ гимназиясы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,  әдебиеттер тізімінен және  қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу кезеңдері, әдістері, әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы қарастырылады.

«Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесі айқындалды ойын технологиясына мәні және мазмұндық сипаттамасы ашып көрсетілді және ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері анықталды.

Информация о работе Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру