Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:00, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
− ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін теориялық негіздеу;
− ойын технологиясына мәнін және мазмұндық сипаттамасын ашып көрсету;
- ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері анықтау;
− бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологияларының мазмұнын ұсыну;
− ойын технологияларының бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның нәтижелерін талдау.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….....................6
1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері...........................................................11
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру –педагогикалық мәселе...............................................................................................11
1.2 Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама..................................................18
1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері.................................................................32
2 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................................39
2.1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұны..............................................................................39
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперимент нәтижелері..........................................................................54
Қорытынды………………………………………………………………….............64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………................67
Қосымшалар………………………………………………………………...............70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 90.47 Кб (Скачать документ)

     Ойын әдісі арқылы олардың  пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге,  екінші бір адамның жауабын  тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері  мен кемшіліктерін айта білуге  жаттығады.

     Ойынға қойылатын талаптар мыналар:

  1. Ойынның мақсаты нақты болуы керек.
  2. Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек.
  3. Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек.
  4. Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы

     керек. 

     Тұлғаның әрекеті ретінде ойын  құрылымына келесі:

- Мақсаткерлік;

- Жоспарлау;

- Мақсатты  іске асыру;

- Тұлға өзін  субъект ретінде толық көрсететін  нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер  жатады [53].

     Ойын әрекетінің түрткісі оның  еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз  етіледі.

Үдеріс ретінде  ойын құрылымына:

- Ойнаушының  өзіне таңдаған рөлдері;

- Сол рөлдерді  іске асыру құралы ретіндегі  ойын элементтері;

- Нәрселердің  ойындық қолданылуы, яғни шынайы  нәрселердің шартты түрде не  ойын түріне ауыстырылуы;

- Ойнаушылар  арасындағы шынайы қарым-қатынастар;

- Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде  алынатын шындық саласы [54].

С.А.Шмакова  бойынша көптеген ойындарға тән  ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

- тек  қана нәтижесінен ғана емес, әрекет  үрдісінің өзінен де ләззат  алу үшін баланың тілегімен  ғана қабылданатын, еркін дамытушы  әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);

-елеулі  мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»);

- әрекеттің  эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»);

- ойын  мазмұнын, оның дамуын логикалық  және мерзімдік, уақыт тұрғысынан  бейнелейтін тікелей және жаңа  ережелердің болуы.

     Ойындық әрекет бағдарламасын  зерттеген ғалымдар пікірінше  ойын педагогикалық мәдениет  феномені ретінде төмендегідей  қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру  қызметі.

Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас  құралы қызметі.

Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің  мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын – әрі ұлттық әрі  интернационалдық, сонымен бірге  жалпы азаматтық.

Ойында  бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі  көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою  жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік  берсе, екінші жағынан тәжірибесінің  олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік  береді.

Ойынның қатысымдық қызметі – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетіледі.

Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу  түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды  қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын,  қызығушылығының  ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі  айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту  мақсатына және оған сәйкес педагогикалық  нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді  белгілерге ие болуында.

Педагогикалық ойындар:

Мақсатына қарай;

Ұйымдастырылу құрылымына қарай;

Олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне  сай пайдалануына қарай;

Мазмұнының  өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен  тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде  ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты [55].

Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко [56] педагогикалық  ойындарды төмендегідей классификацияға  жіктейді: 

– Әрекет саласына қарай:

– Дене;

– Интеллектуалдық;

– Еңбек;

– Әлеуметтік;

– Психологиялық.

Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:

– білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;

– танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

– қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық, психотехникалық  деп;

Ойын  әдістемесіне қарай:

– пәндік;

– сюжеттік;

– рөлдік;

– іскерлік

– иммитациялық;

– драмалық;

Пәндік  саласына қарай:

– математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;

– музыкалық, театрлық, әдеби;

– еңбек, техникалық, өндірістік;

– дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;

– қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық деп.

Ойнау ортасына қарай:

– нәрселік-нәрсесіз;

– үстел  үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;

– компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;

– техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар  деп жіктеледі.

Осы ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа  педагогикалық ұжым мүшелерімен  де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің  бірі – бұл іскерлік ойындар деуге  толық негіз бар.

Іскерлік  ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану  арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге  болатынын күнделікті тәжірибенің  өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу  Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық   жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені  ол бір мезетте  режиссер, терапевт және сарапшы рөлін  атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші  режиссер басқаруымен топ мүшелерінің  арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль  қоюында.

Дәстүрлі  театрландырылған қойылымдардың ерекшелігі – қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің  өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің  ойналуында болып табылады. Сондықтан  сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын  жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға  ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі  болуы міндетті емес. Психодрамалық  сессияларды топтастырудың негізгі  кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

–  сергіту  сәті (драмалық фазасы)

–  психодрамалық  әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

–  кіріктіру  фазасы, қатысушылар өз пікірлері  мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне  жеткенде,  топтың эмоционалдық қуаты  шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» –  жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдықты қабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды  шешуге ықпал етеді. Психодрамалық  әрекетке режиссер, протогонист (қойылым  негізіне тәжірибесі алынып отырған  адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

Психодрамаға  қатысушылар әрекетке түсу барысында  ішкі қайшылықтар мен маза бермейтін  ойларынан арылып, емдік терапия  жүреді. Сонымен қатар көрермендер  де терең эмоцианалдық қою алжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің  өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар  өз тәжірибесін басынан қайта  кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап  көреді.

Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас  деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.

Бастауыш  сынып балаларын ойын технологиялары арқылы дамыту оқушыларға білім беру және тәрбиелеумен тығыз ұласуда. Тұлға  педагогикалық субъект ретінде  меңгерілетін, қалыптасатын, білім  мазмұнына ендірілетін, қызметтік  формаға ие болатын адам тәжірибесі [57]. 

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді  игеруге деген құлшынысын арттыру  үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет,  себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын  арттырады.

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне  сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты  өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді Анықтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды (4-сурет).

 

4-сурет.  Ойын технологиясының дамытушылық  функциялары

 

 

Ойын  – оқушылардың  оқуға деген  ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан  да  сабақ үстінде ойындарды  көп пайдалануды қажет етеді. Заман талабына сай әр мұғалім  өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен  өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай  дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген  сұрақ туындады. Әрі білім беру құрылымында жаңа технологиялар  өмірге келді. Сол технологиялардың бірі – ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалану [58].

Ойын  әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылық  сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы  жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

  1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
  2. Қимыл қозғалыс ойындары: «Ақ серек, көк серек», «Ұшты-ұшты», «Аңшылар», «Сиқырлы таяқ», «Мысық пен торғайлар», «Бақташы мен қозылар», «Соқыр теке», «Мысық пен тышқан».
  3. Дидактикалық ойындар: орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
  4. Құрылыс ойындары: лото, констукторларды пайдалану.
  5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету. 

Ойын  технологиясын қолдану оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын, тілін, зейінін де дамытудың құралы болып  табылады.

  Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

  • қисынды ой-қабілетін дамытады;
  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
  • сөздік қоры баиды, тілі дамиды;
  • зейіні қалыптасады;
  • байқампаздығы артады;
  • өзара сыйластыққа үйренеді;
  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
  • бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
  • сабаққа қызығушылығы артады;

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның  алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі  әрекет және оның жеке өмірі, – деп  дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша  ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану – баланың болашақ  өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына  сай бейімделуі басты педагогикалық  мақсаттар [58.Б.11-13]. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас  жасау мүмкіндігі артады», – деп  атап көрсеткен.

«Ойын –  бала үшін өмірлік тәжірибе», – деп  М.Жұмабаев [9] атап көрсетсе, «Ойын-баланың  рухани дамуының негізі», – деп Ж.Пиаже, К.Левин, Л.С. Выготский, Д.Б.Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Информация о работе Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру