Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:00, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
− ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін теориялық негіздеу;
− ойын технологиясына мәнін және мазмұндық сипаттамасын ашып көрсету;
- ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері анықтау;
− бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологияларының мазмұнын ұсыну;
− ойын технологияларының бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның нәтижелерін талдау.
Кіріспе………………………………………………………………….....................6
1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері...........................................................11
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру –педагогикалық мәселе...............................................................................................11
1.2 Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама..................................................18
1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері.................................................................32
2 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................................39
2.1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұны..............................................................................39
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперимент нәтижелері..........................................................................54
Қорытынды………………………………………………………………….............64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………................67
Қосымшалар………………………………………………………………...............70
«Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері» атты екінші тарауда Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұны анықталып, эксперименттік жұмыстың мазмұны мен нәтижелері көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі, зерттеудің келешегі көрсетіледі.
Қосымшада эксперимент барысында
өткізілген сабақтардың үлгілері,
бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін анықтауға
1 Ойын технологиясы негізінде
бастауыш сынып оқушыларының
танымдық іс-әрекетін
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының
танымдық іс-әрекетін
Тәуелсіз
Қазақстанның болашағы – жас ұрпақты
тәрбиелеуде өркениетті қоғам мен
құқықты мемлекеттің, нарықты экономика
кезеңінің қалыптасуы өскелең өреннің
рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
дербестігін, кәсіби біліктілігі мен
білімділігі керек ететіні
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқытудың
маңыздылығы мен қажеттілігін оқушы
жеткіншек кезеңге аяқ басқан
шақта ұғына бастайды. Өйткені
бұл кезеңде оларда белгілі бір
пән саласына икемделіп, мамандық таңдауда
кәсіптік ниеттердің қалыптасу шағы
жүреді. Сондықтан бастауыш сынып
оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін
қалыптастырудың психологиялық
ерекшелігін, теориялық негіздерін
анықтап, тәжірибе жүзінде айқындау
– бүгінгі жантану ғылымының
зерттеу мәселесінің басты
Көптеген
тәжірибелі психологтердің зерттеулері
бойынша жеткіншек
Сандық
өзгерістердің мәні –
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс - әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуіміз қажет деген сұраққа С.Жақыпов өз еңбегінде «сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс - әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгертуге төзімділігін арттырудың бірден-бір негізгі тәсілі болып табылады» деп жауап береді [39]. Демек, таным қызметіне байланысты оқыту әдістері: жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін мейлінше ұтымды пайдалану ұстаздың психологиялық білім даярлығына байланысты.
Демек бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісіндегі танымдық іс - әрекеттерін дұрыс қалыптастыру үшін мыналарды білу керек:
Философиялық
сөздікте «таным – адам әрекетінің
мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі
болатын білімін
Қабылдау біртұтас та түсінікті: құбылыстар біртұтас қабылданып, шындық көрінісінің біртұтастығына біріктіріледі.
Ойлауда таным толығымен көрініс табады. Ойлау – шындықтың жинақы да жанама түрдегі бейнесін құрумен ерекшеленетін танымның әрекет үрдісі. Ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір мен ой қортындысы жатады.
Ұғым – барлық ойластыру үрдісіне «дайындық жағдайларын» туғызатын ой қозғалысының ең негізгі формасы. Ойлау үрдісі пікірлер мен ой – тұжырымдарын жинақтап алып, байытылған, толық түсінік қалыптасуымен аяқталады.
Пікір деп логикада бір нәрсе туралы бірдеңені қостайтын немесе бекерге шығаратын ой айтылады. Пікірден танымдық ой тән барлық ерекшеліктерді көруге болады. Пікір – ойлаудың ең қарапайым формасы. Пікір – зат пен оның белгілері арасындағы және зат пен оның өмірде бар екендігі арасындағы байланыстарды көрсететін ойлау түрі. Мұның ерекшелігі – ақиқатты дәлелдеуге ұмтылуында. Бірақ, пікірде шындық та, қателесу де, ақиқат пен өтірік те көрініс табуы мүмкін.
Ой қортындысы – кейбір бастапқы пікірден жаңа білімге көшуден тұратын, осы пікірден туындап, оның негізі болып табылатын, шығарылатын білімнің логикалық түрі. Теориялық ойлаудың оған тікелей сезімдік тәжірибе, бақылаулар мен эксперименттер арқылы берілген мәліметтер шеңберінен тыс шығып керу қабілеті ой қорытындысынан көрінеді. Ұғым, пікір, ой қорытындысы өзара байланысты, бірінің өзгеруі басқаларының өзгеруіне әкеп соғады. Бұл өзара тәуелділік ойлау үрдісінде көрінеді. Ол үрдіске мыналарды: нәрселердің қасиеттерін, белгілерін бөліп алу пікірге, бұрынғы білімді қорытындылау ғылыми түсінікке, ал бұрын қол жеткен бір білімнен басқаға өтуді ой қорытындысына жатқызуға болады [40.Б.15].
Таным теориясы – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру мен дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім – «таным теориясы» деп аталады.
Философтар таным дегеніміз – адамның жаңа біліммен молығу үрдісі деген тұжырым жасайды. Олай болса, білім адам қызметіндегі таным үрдісінің нәтижесі [40.Б.19].
Білімнің
мазмұнын меңгертудің жолдары біршама
дәрежеде танымның объектісімнен анықталады.
Танымның объектісі болмыс түсінігімен
түсіндіріледі. «Объект» түсінігі көлемін
анықтау субъектімен тығыз
Таным объектісінің
ерекшелігі, оның адам үшін маңыздылығы
танушы субъектінің рухани қасиеттерін
қалыптастырып, қызығуын тудырады. Адам
назарын аударатын танымның үш саласы
бар: табиғат дүниесі, әлеуметтік дүние
және адамның ішкі дүниесі. Бұларға
бір – бірімен тығыз
Білім беру
және оқыту теориясының әдіснамалық
негізі – таным теориясы, оқушы
тұлғасын жан-жақты және үйлесімді
қалыптастыру туралы ілім болып табылады.
Бұл теория білім беру және оқытуды
арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде
қарастырады. Білім беру және оқыту
теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі
талаптарының бірі – танымдық белсенділік
пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы
оқушылардың оқу материалын түсінуге,
өткенді жаңамен байланыстыруға
негізгісі мен қосымшасын анықтауға,
алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға,
өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан
көрінеді. Оқушылардың танымдық белсенді
іс-әрекетінің көздейтін мүддесі
– білімнің қоғамдық мәнін ұғыну,
қоғамға қызмет ету қарқынын үдету
қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің
ең жоғары көрініс оқушылардың алған
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі
пайдалана білуі болып
Осыдан келіп оқыту барысында
оқушының іс-әрекетінде
Адам
өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік
дүниені, табиғи әлемді танып
білу барысында олардың ішкі
қасиетін анықтап, даму
әл-Фарабидің
пікірінше, таным үрдісі екі
сатыдан: сезімдік және ойлау
сатыларынан тұрады. Олар шындықтың
түрлі жақтарын бейнелейді. Сезімдік
таным шындықтың сыртқы
Ал қазақ философиясының таным теориясы саласындағы дүниетанымдық көзқарастарына келсек, А.Құнанбаев адамның танымдық қасиетінің табиғаты туралы 31 – сөзінде: «естіген нәрсені ұмытпасқа 4 түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі ойлау байлаулы берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден – сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек» жеген тұжырым жасаған [5].
Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту үрдісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа сәйкес туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктердің пайда болуымен сипатталады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи білуі ғана емес, оқығысы келуіне баланысты, яғни таным әрекетінің басымдық алуына байланысты. Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға жаңаша талаптар қойып, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділіктің артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатыны белгілі.
Тәуелсiз Қазақстан
Психологиялық – педагогикалық
әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей
«танымдық белсендiлiк» терминiнiң
негiзiнде белсендiлiк жөнiнде
-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.);
Биологиялық аспект – белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама – қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.