Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:00, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
− ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесін теориялық негіздеу;
− ойын технологиясына мәнін және мазмұндық сипаттамасын ашып көрсету;
- ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері анықтау;
− бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін қолданылатын ойын технологияларының мазмұнын ұсыну;
− ойын технологияларының бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруге тигізетін әсерін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның нәтижелерін талдау.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….....................6
1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері...........................................................11
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру –педагогикалық мәселе...............................................................................................11
1.2 Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама..................................................18
1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері.................................................................32
2 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері..................................................................................................................39
2.1 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру мазмұны..............................................................................39
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша эксперимент нәтижелері..........................................................................54
Қорытынды………………………………………………………………….............64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………................67
Қосымшалар………………………………………………………………...............70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 90.47 Кб (Скачать документ)

Ойын-балалар  үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан  сабақтағы ойын оқушы білімін  тереңдетіп, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған  ойындардың берері мол.

Жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік  стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық  сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға  өзін танытуға, жолдастарының пікірімен  санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін  көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім  алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін  шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас  мәдениетіне тәрбиелейді», – деп  атап көрсетілген.

Сабақ барысында  оқушылардың қызығушылығын, зейін, тілін дамыту үшін грамматикалық  ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына  мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз  бетімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық  ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл  ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіргенде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Сабақ барысында  оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік  құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды  қолдануға болады. Олар: «Синтаксистік  касса», «Сөйлем қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды  ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды  құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны»  т.б. ойындар. Әр ойын сабақ мақсатына  сай қолданыс табады.

 «Оқу  құралдарының мінезі – мектеп  мінезінің айнасы» - деп атақты  ұлы педагог-психолог, ақын Мағжан  Жұмабаев [9] айтқандай, біздің берер  білім, тәрбие жолына пайдаланатын  технологиялар мәнді, жұмыр болу  керек. Ол үшін бала ұғымына,  қабылдауына сәйкестендіріп, ойын  ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған  білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын  оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай,  бастаған істің нәтижесіне жетуге  тырысарлықтай нәрлі болуы керек. 

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту – жетілдіру – мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау  қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Ойын  – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы  заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп нақты қарым-қатынас  барысында біледі.

Мұны  ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен  құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты  баланың білуі, сезінуі ойын негізінде  жүзеге асады.

  Баланың  таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан  басталады, оның негізі болашақ  өмірінде жалғасын табады.

                

1.3 Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендірудің ерекшеліктері

 

 

     Шығыстың ірі ойшылы Әбу Насыр  әл-Фараби өзінің «Бақыт жолында»  атты философиялық шығармасында  адамның танымын дамыту арқылы  оны бақыт жолына жетелеуге  болатындығына тоқталса [2], ұлы Абай  өзінің 43-қара сөзінде баланың  танымын алғашқы күннен бастап  дамытпаса, оның өзі із-түссіз  жоғалып, жойылып кететінін айтады [5]. Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин  өзінің көптеген еңбектерінде  таным әрекетінің негізі-оқу,  білім деп тұжырымдайды [6].

     Баланың танымын алғашқы күннен  бастап дамыту құралы да, балада  оқу мен білімнің, тірбиенің негізін  қалыптастыратын да – ойын  әрекеті болып саналады.

     Қай ғалымды алмайық өздерінің  ойын туралы еңбектерінде: «Ойын  баланың жетекші әрекеті» деген  сипаттама береді, өйткені ойын  баланы ақыл-ой жағынан да, дене  жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын  өсіреді. 

     Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір  есігін ашып, оның шығармашылық  қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың  қалыптасуы мүмкін де емес»  - десе [37], ғалым Е.А.Покровский өзінің  балалардың ойындарына арнаған  еңбегінде әрбір халықтың ойын  туралы түсінігіне сипаттама  береді. Мысалы: ежелгі гректерде  «ойын» түсінігі балалардың қимылы  деген ұғымды білдіреді, ал  еврей халқында «ойын» сөзі  қуаныш, шаттық сезімдерді сипаттайды  – деп, әрбір халықтың ойын  түсінігінің түп-тамырының сабақтасып  жатқандығы туралы тұжырым жасайды  [59.Б.9].

     Ойын – таным процесін дамытудың  негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші- үстаз оқыту мен тәрбие берудің  мазмүнын үнемі ойын элементтерімен  толықтырып отыру керек. 

     Сабақта ойын элементтерін қолдану  немесе сабақты толықтай ойын  түріне өткізу тәрбиешіден аса  біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық  ізденісті қажет етеді. Сондықтан  олардан оқу мазмұнындағы ойындарға  үлкен жауапкершілікпен және  сақтықпен қарауды талап етіледі. 

     Ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда  көзделетін мақсат тәрбиеленушінің  жас және психологиялық ерекшеліктеріне  сай құрылып, оларды шығармашлыққа  қарай жетелей алуы керек. 

     Ұстаз ойынға тек қана балаларды  қызықтырып, уақыт өткізудің құралы  деп қарамай, балаға берілетін  танымның білім мен тәрбиенің  құнды негізі деп қараса ғана  үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады. 

     Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған  бала алғаш мектеп есігін ашқанда  білімді, қоғамдық тәжірибені  тез меңгеріп, өзінің психологиясын  жан-жақты жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін, қабілетін дамытып,  дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына  қызығушылықпен қарайды. 

     Қызығу – танымдық іс-әрекеттің  қозғаушы күші. Оқушының қызығу  жәрдемімен оқып-үйрену барысында  қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі  артады, кісілігі қалыптасып дара  тұлғалық сипаттарға ие бола  бастайды.

     Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу  нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық  әдебиеттерде оны қалыптастырудың  үш жағдайы туралы жиі айтылады.

     Біріншісі – оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс – жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.

     Екіншісі – оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экология байланысын ашып көрсету; оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру және бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

     Үшіншісі – мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Оқушылар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

     Қызығуды туғызу үшін ойын  түрлерін пайдаланудың орны бөлек.  Тиімді қолданылған ойын түрлері  мұғалімнің түсіндіріп отырған  материалын оқушылардың зор ынтамен  тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.  Өйткені төмеңгі сыныптағы оқушылардың  аңсары сабақтан гөрі ойынға  ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын  түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы  орындайтын болады. Ойындар барлық  сыныптарда қолданылады. 

     Бастауыш сынып мұғалімі ойынға  қойылатын төмендегі әдістемелік  талаптарды біліп, орындап отыру  тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамысз ету керек.
  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың мазмұны мен тақырыбына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны  тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың  сабаққа ынтасы мен қызығушылын  арттырады.

«Бір сарынды және бір  бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында  әр түрлі оқыту  әдістері мен формаларын алмастыра  отырып қолдану керек» - дейді К.Д.Ушинский [34].

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін  толық пайдалану және оларды оқу  үдісінде үздіксіз дамытып отыру  сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдалану ерекше.

К.Д.Ушинский: ...«Өз сабағында  барлық оқушыларды тарта білу, танымдық белсенділігін оята білу мұғалімнің көрсеткіші» - дейді [34]. Сондықтан сабақтарда ойын элементтерін қолдану арқылы балалар  үйренеді, білім алады және жеке тұлғаның мүмкіндіктерін тәрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі.

Ойын арқылы:

  1. Бірлесе оқу, жеке ерекшеліктерді мойындау.
  2. Басқаның үлесін бақылау.
  3. Барлық жеңімпаз.
  4. Басқалар алдындағы жауапкершілік
  5. Қалыптан тыс ойлар.
  6. Шешім қабылдау дағдысы
  7. Көзқарастарды бөлісу дағдысы.
  8. Түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру.
  9. Өзара тәуелділіктің өмірлік тәжірибесі.

10.Ұжымның құрылуы, сезімдердің  дамуы.

11.Өзінің бағасын көтеру.

12.Өзін-өзі басқаларды  сыйлауы жүзеге асады.

Интерактивті  ойын жаттығу арқылы танымдық қызығушылықты, үнемі жаңа нәрселермен танысу үшін, белгісіздік алдындағы қорқынышты жеңе білу, тыныш жағдайдан шығуға оқушының өзін-өзі итермелеуге жол  ашады. Төмендегі сызбада көрсетілгендей оқушы тікелей өзі қатысқанда, сөйлегенде ғана, яғни интерактивті оқу  жаттығулары арқылы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие бола алады.

                                


                                      Интерактивті оқу жаттығулары  90%

                                       Оқушы өзі тікелей қатысқанда 70%

                                          Пікірталас, топпен жұмыс 50%

                                                 Демонстрациялау 30%

                                             Көрнекілік және ТОО 20%

                                                Оқу арқылы    10%

                                                Мұғалім дәрісі 5%

                                       

Ойынға  қойылатын төмендегі әдістемелік  талаптарды ескеріп, орындап отыруды  көзделеді:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын ала дайындау.
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
  4. Ойынның жүру барысында баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оладың дұрыс шешім қабылдай білуіне, ойлануына, өз ойын еркін ортаға салуына дәлелдер келтіре сөйлеуіне қолайлы жағдайлар жасау [60.Б.14].

Информация о работе Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс–әрекетін белсендіру