Қызың өссе,
қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе,
ұлы жақсымен ауылдас бол” –деп, ұл –қыз
тәрбиесiне түгел қатысқан.
“Үлкеннiң
алдын кесiп өтпе”, “үлкенге сәлемдес”,
“аттылының алдын кеспе” деп жолды кеспеуге
баулыған.
“Ат атандырма”,
“сағымды сындырма”, “сүйек жасытпа”,
“сөз тасыма” деген жүйелi сөз тағы бар.[50]
Осы арқылы
ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын
түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен
астасып жатқандығын айтады.
Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып,
қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк,
ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп,
үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ
зердесiне сiңiре бiлген.
Мысалы: “Сiз деген
–сыпайылық, бiз деген –көмек”,
“Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң
тәттi болса, жұмысың қатты болсын”
деген мақал –мәтелдер де сол
игiлiктi iстерге бастап отырған. “Жақсы
сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған.
Қонақтарға тапсырма: Үш санына
байланысты халықтың ой –тұжырымдарын
еске түсiру.
Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам,
үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз,
үш ғайып, үш жаман.
“Адам туа бiлмейдi,
жүре бiледi”. Олай болса өмiрге
келген әрбiр баланың болашағын
алғашқы күн, айларынан бастап
қалыптастырған.
Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете
отырып “бiлiм ауысады, ырыс жұғысады”
деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа
баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан
бастап, балабақшаға, мектепке жалғастырған.
Мектепке дейінгі жастағы
балалар не нәрсені болса да білуге құмар,
қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді
жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған
ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі
қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық
ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы
балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін
тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін
әзірлеу мен тәжірибелік – педагогикалық
жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай
міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
Қазақ этнопедагогикасының
мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін
қалыптастыру үлгісін анықтау.
Тәжірибелік-педагогикалық
жұмыстың барлық кезеңдерінде балалардың
адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын
қадағалау.
Балалардың адамгершілігін
қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының
мазмұнына негізделуі тиіс;
Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға
бағдарлау;
Қазақ халқының мәдениеті
мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас
туғызу;
Төмендегі суретте көрсетілген
(1 сурет):
Сурет 1 Қазақ этнопедагогикасының
мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін
қалыптастыру үлгісін анықтау.
Жоғарыда айтылғандарды ескере
отырып, тәжрибелік – педагогикалық жұмыс
мынадай бағыттарда жүргізілді
Бағыт |
Көздейтін мақсаты |
1 Балалардың
оқудағы қызметін халықтық педагогиканың
құралдарын пайдалана отырып
ұйымдастыру |
-балалардың әрбір
оқу іс-әрекеттерінде гуманитарлық
танымын кеңейту
- білім сапасын арттыру
мақсатында қазіргі білім беру
технологияларын қолдану
|
2 Адамгершілік
тәрбие жөнінде оқу іс-әрекетінен
тыс жұмыстар ұйымдастыру |
- қазақтың ұлттық
мәдениетіне деген көзқарасын
қалыптастыру
-Отанға деген ой-өрісін,
ынтасын қалыптастыру; |
3 Этнографиялық
мұражайлар ұйымдастыруға көмектесу,
қазақтың ұлы адамдары, туған
өлке тарихын тануға арналған
көрмелер ұйымдастыру |
-өз мемлекеті
үшін мақтаныш сезімін дамыту;
-қазақ халқының мәдениетін
мақтан етуге үйрету;
-балаларда ұлттық рух,
адамгершілік сезім қалыптастыру; |
Сурет 2 Тәжірибелік-педагогикалық
жұмыс бағыттары
Балабақшадағы оқу іс-әрекетінде
халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін
қолданып, оның балаларға білім мен тәрбие
берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір
тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.
Халықтық педагогика экспериментін
пайдаланып, балалар бойына адамгершілік
қасиеттерін сіңірудің тиімділігін мына
кестден көруімізге болады.
Кесте 1
Халықтық педагогиканың тиімді
қасиеттері
Алған білімдерін өмір тәрбиесінде
іске асыру арқылы ұлттық саналығын,
этномәдениетін дамытады [51].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты
ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің
бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз
арқылы баланың көзін жеткізе отырып,
сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден,
нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу
сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден
көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың
ақыл-өсиетін баланың санасына сіңіріп,
үлкен ой салған.
Ырымдар мен тыйым салу сөздері
баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден
сақтандырып, адамгершілікке жетелейді.
Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың
ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз
ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе;
төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген
мысалдар келтіре кетуге болады [52]
Балаларды жақсы дәстүрлерді
сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге,
ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында,
оқу іс-әрекеттерінде шешендер мен
билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне
үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні
сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің
де баланың бойында адамгершілік мәдениетін
қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін
мынадан көруге болады:
Таза болсаң судай бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Азғана іске көп рақмет айт.
Жақсы қылық адамға ас пен
киім;
Дос табу оңай, сақтау қиын;
Достарың көп болса да, аз деп
біл.
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы –ар.
Таусылмайтыны –арман,
Барлығынан ардақтысы - өмір.[53]
Қорыта айтқанда, бала біткеннің
барлығы дерлік балабақша қабырғасында
тәрбиешілерден тәлім алады. Егер біздің
тәрбиешілеріміз әрбір оқу іс-әрекетін
жоғары, сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас
ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік
аз болар еді. Демек, әр сабақ тәрбиелік
бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет.
Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек
«7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың
жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады»
- дейді. Міне, осы мектепке дейінгі кезең
баланың білім алатын, білім алу арқылы
дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған
білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі.
Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің
негізін қалайды. Сондықтан осы кезден
бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре
отырып, оқыту керек.
2.2 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды
адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның
маңыздылығы
Балабақшадағы тәрбие – барлық
тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі
шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін
қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына
жас кезінен бастап ізгілік, мейрімділік,
инабаттылық сезімдерін қалыптастыру
ата – аналар мен тәрбиешінің міндеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан
– жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.
Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген
белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің
барлық сәттерінде балалардың мінезін
дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді.
Егер де, бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек,
онда қыңыр баланың қиқарлығы арта түседі
де, төбелеске, дау – дамайға бейім болады.
Тегінде көп нәрсе бала өмірін дұрыс ұйымдастырып,
шебер басқара білуге байланысты.Ол үшін
тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып
шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы
қажет. Ойын – баланың жан серігі іспеттес.
Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің
ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына,
тұрмыс – тіршілігіне, айналысатын кәсіп
– шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты.
Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай
қиындығы жоқ, оп – оңай тәрізді көрінуі
мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға
қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің
ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен,
рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз
рөл тиюінің өзі – ақ көп нәрсені шешеді.
Сондықтан тәрбиешінің міндеті – балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен
қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын
өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта
түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық
ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі
балалардың бір – бірімен достық қатынастарының
дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз.[54]
Мектепке
дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін
ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат
мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар
көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде
ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді,
көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен
қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген
әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін
көрсетеді
Мектепке
дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі
тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр
түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Ұлы
педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді,
демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық
салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.
Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының
ойындары деген еңбегінде адамның жас
ерекшелігін үш топқа бөледі: өмірге келгеннен
бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан
он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен
жиырма жас аралығындағы жастар . Осының
негізінде қазақтың ұлттық ойындарын
үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа,
сол жастағыларға лайықты: санамақ, тәй-тәй,
айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ,
ақ серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан
кейінгі топқа: тақия тастамақ, тартыс,
сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан
талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ,
ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға
болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға,
тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды
жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне,
ұйқастыруға дағдыландырады.
Олармен
ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып,
бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,
жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді
тәрбиелеуге болады.
Ал
балаларды қоршаған ортамен таныстыру,
тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу
өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа
деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне
қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік
сапалары қалыптастырылады[55].
Ойын
бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші
ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға
ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова
былай деп атап көрсетті: Балалардың өмірі
мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды
тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді
процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары
формаларында жүзеге асырылатын себебі
сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді,
өз өмірімен тіршілік етеді .
Ойынды балалар
өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде
пайдалана отырып алдымен солардың ортақ
мүддесін бағыттап және дамытып отыру,
балалар ұжымын топтастыруға күш салу
керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін
ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай
келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай
деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен
аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана
үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп
тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ
жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын.
Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін
және мен өзімнің барлық әріптестерімнен
осыны талап еттім. .Дидактикалық ойын
–бала қызығушылығына негізделген оқыту
тәсілдерінің бірі. Мектепк дейінгі мекемедегі
балалардың ойын баласы екенін ескере
келе, дидактикалық ойындардың жүйелі
қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық
ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық
теорияда кеңінен қарастырылған. Атап
айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов
Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова
А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова
А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың
маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен.
Педагогикалық процесте ойын балалар
іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен
бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен
өзара тығыз байланыста болады.Ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында
ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,
белсенділік қасиеттер қалыптасады.
Ойын
дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге
әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі
балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт
Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық»-
деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі
және қызығуы анық байқалады. Баланың
өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті
– ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:
Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?
деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы,
еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды
зерттеу мәселесімен тек психологтар
мен педагогтар ғана емес, философтар,
тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері
мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар
да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары
бала ойынының психологиялық мәнін және
ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер
арқылы суреттегені де мәлім.
Ойын-адамның өміртанымының
алғашқы қадамы. Ойын,төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті,
көп білуді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі
бар педагогикалық, тиімді әдістерінің
бірі. Ойын тек баланың, дене күшін, қуатын
молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б.
ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының
толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына,
есейуіне де пайдасын тигізеді.
Ойын баланың алдынан өмірдің
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Ойын бала табиғатымен егіз.
Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты
дамымайды, бала отбасымен және қоршаған
ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін
үйренеді. Ойын арқылы баланың болашаққа
көзқарас қалыптасады. Кішіге қамқорлық
көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдарымен
ойын барысында бірлесе шешім қабылдау,
басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді
олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.
Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық
па, шығармашылық па, қимылды ма, саусақ
ойыны ма, сюжеттіме, драмалық болсын баланың
ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады,
қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
жетілдіреді[57].
Мектепке
дейінгі мекемелерде пайдаланатын:
ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары,
логикалық ойындар, ұлттық ойындар,
дидактикалық, сюжетті-рөлді, қимылды
ойындар баланы жан-жақты дамытып,
өзін қоршаған ортамен, табиғатпен,
адамдармен олардың еңбегімен
қарым-қатынастарымен танысуына
көмектеседі.
Менің
тәрбиеші ретінде айтарым, мектепке дейінгі
мекемелерде балаларға көбінесе сюжетті
рөлді ойындарды ойнатқанды дұрыс деп
санаймын. Себебі, балалар ойын барысында
өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен
қабылдап, өздерін бір уақыт ересектерсанатына
қосып, ойлау қабілеттері дамиды. Әрбір
рөлдің жақсы жақтарын бойларына сіңіре
отырып, өздерінде адамгершілік қасиеттердің
пайда болғанын байқамайда қалады. Бірақ
бұл көрініс бір-бірімен сөйлескенде,
ата-аналарымен қарым-қатынасқа түскен
кезде байқалып отырады.