Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]

Содержание

Кіріспе…............................................................................................................. 6

1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері

1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16

1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20

1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36

2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру


2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45

2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49

2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62


Қорытынды............................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 217.12 Кб (Скачать документ)

Психологиялық сұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауға және оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиенің нәтижелерін анықтауда мынадай көрсеткіштер еске алынады: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау: сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шетелдердегі жағдайларды бағалай білу. Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік қөзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйретеді.[45]

Айта кету керек, басқа да толып жатқан тәрбие әдістерінің жіктеулерін жасауда бірсыпыра үлес қосқан ғалымдарға В. И. Коротов, В.А.Каспин, И.С.Марьенко т.б. жатады. Олардың жіктеулері де оқыту мен тәрбие процесінде еске алынады.

Не себепті осы уақытқа дейін тәрбие әдістерінің бірыңғай ғылыми негізделген жіктеуі болмай келді?

Оның себебі, біріншіден, тәрбие әдістерінің жіктеуін жасауда бірыңғай пікірдің жоқтығы толық дәлел бола алады; екіншіден, тәрбие өте күрделі процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді.

Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.

Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді.

Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды.

Ушинский  халықтың  әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбиесінен  арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.

Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық — өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты “ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол “қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды.

Ушинский былай деп жазды: “Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді…”

Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді.

Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру оларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.

К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді.

Ушинскийдің пікірінше, ана тілі “халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”.

Осыдан келіп, ана тілі “негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді.

Ушинский ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл-ойды сөз арқылы беру.

Ұлы классик — педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидаларының бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.

К.Д.Ушинский “Ана тілі” атты белгілі мақаласында былай деп жазды: Тіл – бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек ғана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды.

Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.

Тәрбиенің мақсаты қоғамның пайдалы мүшесі жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу деп түсінді Ушинский. Адамгершілік тәрбиесіне Ушинскийдің педагогикасында негізгі орын берілген. Адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралы Ушинский оқыту деп есептеді. Ол оқытудың тәрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, оқытудың тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері өте бай тәрбиелік мүмкіншіліктермен ерекшеленетіндігін атап көрсетті.

Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек ғана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық санасымен, оның рухани өмірімен, моральдық ұғымдарымен және түсініктерімен танысады.

К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.

К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.

К.Д.Ушинский балаларда әдеттерді қалыптастыруға ерекше мән берді. Әдеттерді тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас болған сайын, солғұрлым оның бойында әдет тез қалыптасады және солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым қарт болған сайын әдеттерді жою, солғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің әдеттерді тәрбиелеу туралы ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.

Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмендегілерді жатқызды:

1) оқыту (бұл жағдайда  оның оқу кітаптарының мәні  орасан ерекше, оларды тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік  тәрбие орынды ұштасады);

2) педагогтің жеке басының  үлгісі (“бұл жас рух үшін ешнәрсемен  өзгертуге болмайтын күн көзінің  жарқын сәулесі”);

3) сендіруге ерекше мән берді;

4)  балалармен  дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт);

5)ескерту шаралары;

6) мадақтау және жазалау.

Адамгершілік тәрбие балаларда адамдарды құрметтеу және оған сүйіспеншілікпен қарау, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым-қатынас жасай білу.

Ушинский этикалық көзқарасының жағымды белгілерін және оның адамгершілік тәрбие теориясын атай отырып, сонымен бірге біз оның адамгершілігі дінмен бірігетіндігін ескертуіміз қажет. Бірақ оның дінге көзқарасының өзгергендігін атап өтпеу дұрыс болмаған болар еді.

Егер Ушинскийдің адамгершілік тәрбиеге көзқарасында алғашқы кезде діни сипат басым болса, одан кейінгі көзқарасында адамгершілік тәрбиеде басты орынды азаматтық міндеттерге, қоғамдық борыш сезімі билеген өз отанының белсенді азаматын даярлауға берілді.

Ушинский адамның дұрыс дамуының негізгі шарты еңбек деп есептеді. Өзінің “Еңбек, оның психикалық және тәрбиелік маңызы” атты мақаласында ол еңбекті материалдық құндылықтарды жасаудың және адамды дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жетілдірудің басты факторы да болып табылатындығын атап өтті.[46]

 Балаларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем  шығарманың маңызы зор. Балалар  ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын  қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге  көркем әдебиет шығармаларындағы  кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, мектеп  жасына дейінгі баланың өздерiнiң  жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармалардықызыға  тыңдайды.

 Шығарма кейiпкерлерiнен  үлгi алып, оның жақсы қасиеттерiн  үйренiп, соған жету үшiн өздерiн  дайындайды. Мысалы, достық деген  тақырыпқа байланыстырып, өмiрден  достыққа байланысты деректер  келтiрiледi. Дос - деген ұғым қасиеттi ұғым. Дос адамдық асыл қасиет  пен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседi, қуанышты  да, қайғыны да бiрге бөлiседi. Дос  – қамқоршы, көмекшi, жанын сала  сыйлайтын ең жақын серiк, тiрек деген сияқты мысалдар.

Достық - әдеп, сыйласым.

Дос - өмiрлiк қимасым,

Достық ниет – жақсы үмiт,

Достық жасап адамға,

Достаса бiл әмәндә.[47]

Осылайша оқу іс-әрекетін тартымды өткiзу үшiн тақырыпқа сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда, балабақша балалары үшiн оқу іс-әрекетін қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу педагогтің өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi  тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз –балалардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде педагогтердің арнаулы мақсат көздеген қызметi.

Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Қ.Шаңғытбаевтардың шығармалары бiздiң жастарымыздың жан-дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi [48].

Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi.

Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi [49].

Мектепке дейінгі мекемеде балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту процесiнде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.

Шындығында оқу іс-әрекеті – алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Оқу іс-әрекетінде балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда балабақшада өтілетін оқу іс-әрекеттерінің барлығының  маңызы бiрдей.

Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде тәрбиешінің  жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым қатынасының шешушi маңызы бар.

Балалар әр кез өз тәрбиешісіне елiктейдi. Егер тәрбиеші мен тәрбиеленішілердің қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, балалардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.

Баланың жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. Балалар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Адамдар арасындағы өзара қатынастың күрделiлiгiн ашуға көмектесетiн балалар әдебиетiнен мысалдарды сабақта тақырыпқа сай пайдалануға болады.

Көктемгі егіске дайындақ кезіндегі адамдардың еңбегімен таныстыру балалардың танымдық құштарлығын арттыра бередi. Экскурсия кезiнде баланың табиғатқа, қоғамдық өмiрдегi әр түрлi құбылыстарға, моральдық норма мен тәртiп ережесiне қатынасы қалыптасып, әр түрлi мамандықтағы адамдардың еңбегi жөнiндегi түсiнiгi кеңейе түстедi.

Iс-әрекеттiң барлық түрiне  деген құштарлықты пайдалана  бiлу, оның сана-сезiмiн арттыра түсуге көмектеседi. Сонымен бірге, табиғат бұрышындағы балықтарды, құстарды күтіп, баптау, топтағы өсімдіктерді күту, өсімдіктерден гербарий жасау жолдарымен таныстыру арқылы балалардың қамқорлық, мейірімділік, аяушылық сезімдерін туғызуға болады.

 

 

 

 

 

 

2  Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру

 

 

2.1 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халық педагогикасының алатын орны

 

 

Бүгінгi күн ұрпақтың  жан - жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады. Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн баланың  жас ерекшелiктерiне қарай  пайдалана бiлу тәрбиешінің үлкен бiлiктiлiгін, шеберлігін талап етедi.

Мектепке дейінгі мекемеден бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте балабақшаның маңызы зор.Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз.

Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, балалар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған. Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларынүлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған. Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып тәрбиелеген. 

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру