Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа
Краткое описание
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]
1 Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16
1.2 Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20
1.3 Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36
2 Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру
2.1 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45
2.2 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49
2.3 Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62
4) адамгершілік заңы
тұлғаның өз заңы бола алатындай
тұлғалық автономияны дамыту;
5) адамгершілік таңдау
негізінде тұлға үшін маңызды
мәселелерді шешу тәжірибесін
қалыптастыру қарастырылады.
«Рухани-адамгершілік білім беру»
жобасының авторы Сара Алпысқызы
адамгершілік, имандылық, тазалық, ізгілік
тақырыбында ой толғаған «Өмір
әдебі» деп аталатын еңбегінде
«Ғасырлар бойы әр елдің халықтары
осы біз кімбіз, не үшін өмір
сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің
мағынасы неде, басты адами бағдарларымыз
қандай болуы тиіс?» деген сауалдар
төңірегінде іздене отырып, «тіршіліктің
осынау мәңгілік сұрақтарына
жауап беру үшін жалпыадамзаттық
құндылықтарды қайта жандандырып,
өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге
оралу керектігіне бір сәт
те күмәнданбайтынын» айтады. Сондай-ақ,
Сара Алпысқызы «Руханияттың
кәусар бұлағына апаратын жолды
іздеу – бүгінгі таңда өмір
сүріп келе жатқан адамдардың
әрқайсысының және баршамыздың
басты міндетіміз» екенін айта
келе «Жаңа ғасырдың басында ересектер
өміріне қадам басқан жас жеткіншектер
бұрынғыдай емес, мүлде басқа өмірге бейім
болуы керек. Білімді адам санатында аталуы
үшін қазіргі жасөспірімге негізгі пәндерді
жан-жақты игеру, және жақсы талдау қабілетінің
болуы аздық етеді. Ол өмірдің барлық шытырмандарын
пайымдай білуі, кез келген тығырықтан
парасатпен абыройлы шыға алуы тиіс» деп
өмірді тануға жаңаша бағытта қарау керектігін
меңзейді.[15]
Осы айтылғандардың барлығы
алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң,
ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының,
көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен дипломдық жұмысымның
тақырыбын «Мектепке дейінгі жастағы
балаларға рухани-адамгершілік тәрбие
беру» деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу
жұмысы жүргізілді.
Зерттеу мақсаты:
Мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың
тиiмдi жолдарын iздестiру.
Зерттеу нысанасы:
Мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды
ұйымдастыру үрдiсi.
Зерттеу пәнi:
Мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы
балалар мен тәрбиешінің iс-әрекеттер
жүйесi.
«Адамгершiлiк мәдениетi» ұғымына
анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн
қарастыру;
Мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру
жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық
эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Зерттеу болжамы:
Егер, мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру
әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда
мектепке дейінгі жастағы балалардың
адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың
бір құралына айналып, дүниетанымдары
кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері
де артар еді, өйткені балабақшада адамгершілік
мәдениетін қалыптастырудың мүмкіншілігі
ерекше.
Бұл жұмысты студенттер мен
мекепке дейінгі мекемедегі педагогтар
әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында
қолдана алады.
Апробация:
Бұл тақырып бойынша «Алтын
сақа» балабақшасының №7 «Аққу» тобы мен
№3 «Гауһар» ортаңғы топтарына эксперимент
жүргiзiлдi.
Диплом жұмысының құрылымы:
кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Көлемi 74- бет.
Адамгершілік тәрбие ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық
сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат
қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады,
әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен
бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң
мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың
табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен
ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке
байланысты пайда болған категорияларға
мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк,
әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк,
адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс,
тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму
процесiнде адамгершiлiк категорияларына,
оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп
отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық
өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен
сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа
қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда
болады және адамның өзiне субьективтi
түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк
қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада,
балалар бақшасында, мектепте, адамдардың
iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы
нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен
байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң”
деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған
жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi
де қалыптаспайды.[16]
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда
айтылған категорияларын қалыптастыру
үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте
көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен,
оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас
орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық,
жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның
жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi.
Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық
ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық
жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң
үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн
оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа
достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол». Ақылды,
мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң
жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы
адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды
бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған
ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен
жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес.
Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан
да үлгi-өнеге. [17]
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз
- адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi.
Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi.
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов,
Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы
басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың
мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге
абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі,
өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан
мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен
атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн,
әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн
мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына
аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз,
атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр
тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы
мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен
сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан
– от басынан басталады” деп бекерге
айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай
жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын,
халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат
болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық
– адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның
достарына, ата-анасына деген көзқарасынан
да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген
перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе
де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан
өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк
қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын
байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының
өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты
белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан
қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi,
барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп
сақтаудың экологиялық астары да бар.
Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай
қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен
сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян
келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау,
талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы
тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды
ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк.
Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға,
тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл
ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл
айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк
- әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк:
iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген
сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы
“Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны
ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған.
Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы
жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне
дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды
бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық
қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
«Қазақтардың» – деп жазды,
осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң
бiрi А.И.Левшин: «(1799-1879) – басқа Азия халықтарына
қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға
құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай
жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық
– кең мағыналы ұғым екенiн балаға түсiндiруiмiз
қажет»[18].
Адамгершiлiк
тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық
әдебиеттерде зерттелуі
«Адамға ең бiрiншi
керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз
бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның өмiрiне апат
әкеледi»- деп Әл- Фараби айтқандай,
педагогика ғылымы зерттейтiн
негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады,
болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң
көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс
пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған
ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар
өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк
құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi.
Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар
ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң
мiндеттi шарты. [19]
В.Соловьев: «Адамгершiлiк бiр
адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты
емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн
адамның iшкi жағдайы»- деп адамгершiлiктiң
құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие
мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де
көп қырлы.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық
тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк
тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi.
Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк
тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет
етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен
бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық
тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк
мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк
сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк
ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке
адамды дамытудағы басты факторлардың
бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке
және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы
мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие
адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы
жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа
бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары
мен әдістерін және формаларын іздестіреді,олардытиімді
етіп пайдаланады.[20]
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында,
аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704). «Тәрбие адамның көзқарастары
мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын
негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы
болады» - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала
өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ,
судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне
керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік
ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін
онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский
(1811-1848) «баланың жаны таза тақтай емес,
тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек»-
деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары
бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық
пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие
арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен,
кемістіктен құтқаруға болады. Демек,
олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын
жақсартуға және санасын өзгертуге болады
деген жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту
үшін материалистік педагогика таптық
қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды
ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі
іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы
дамуына қажетті материалдарды іріктеп
алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік
ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының
сара жолдарын табу нәтижесінде баланың
ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі
мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың
(баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен
балаларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің
саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының
дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш
фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына
орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық
пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп,
баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес
бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі
мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы
жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды
іріктейді, жеке бастың дамуына теріс,
зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан
аластайды.[21]
Осы
тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың
жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені
беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке
дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын
қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды,
басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы
негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан,
оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың
қалыптасуына кері әсер етеді.
3 Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық
мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі
заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада
әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу
үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін
білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10
жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін),
орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып
үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы
ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені
адамның психикалық әрекеттері осы орталық
жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың
дене және психикалық дамуында соңғы жылдары
айқындалған күрделі өзгерістердің бірі
- ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды
акселерация (латынша "дәлелдеу")
деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік:
балалардың бойының, салмағының бұлшық
еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация
құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі
жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары
қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді.
Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа
және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда.
Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу
кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін
ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше
есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара
алмайды. Ал баланың психикалық жетілу
денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе
қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің
борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін
түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар,
мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік
жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге
радио толқындардық және географиялық-климаттық
жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың
пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация
құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды
шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді
қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты
мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің
үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру
кешендеріне қайта қарауға тура келіп
отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына
ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен
адамның дамуы өзара байланысты бірнеше
факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі
педагогикалық, психологиялық процесс
болып табылады.
4 Белсенділік, оның түрлері және тұлға
дамуындағы рөлі. Адам белсенділігінің
табиғатын тани білу, еңбек және моральдық
белсенділік дәрежесі бойынша адамның
қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете
анықтау мұғалімнің басты міндеті.
Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі
жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері
барысында адамның қарым-қатынас жасау,
таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі
дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының
бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі.
Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар ересек
адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап,
үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың
саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм
немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл
жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне
және олармен өзара қарым-қатынас жасауға
еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару
барысында байқалады. Ойын барысында балалардың
құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді.
Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді
ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің,
өндіріс қатынастарының мазмұнынтүсінеді.
[22]