Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]

Содержание

Кіріспе…............................................................................................................. 6

1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері

1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16

1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20

1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36

2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру


2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45

2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49

2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62


Қорытынды............................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 217.12 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе….............................................................................................................  6

 

1

Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері

 

1.1

Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16

 

1.2

Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде  зерттелуі...............................................................................  20

 

1.3

Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында  қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері.............................................................................................  36

 

2

Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру

 

 

2.1

Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны..............................................................     45

 

2.2

Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы...........................................................................    49

 

2.3

Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге  бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі...........   62

 

 

Қорытынды............................................................................................................70

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе


 

Зерттеу өзектілігі:

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]

        Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. 
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. [2]

Рухани-адамгершілік тәрбие  беру - екі жақты процесс. 
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. 
Адамгершілік  тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.[3]

 

     Өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты  дұрыс ұйымдастырылған білім  беру мекемелерінде, К.Д.Ушинский  өз халқын шын сүйетін және  оның дамуы туралы қамқорлық  жасайтын мұғалімге – тәрбиешіге  басты рөлді берді. Адам, педагог-гуманистің  тұжырымдауынша, қоғам үшін ұлы  байлықтың қайнар көзі. Баланың  ойы мен жан дүниесін дамытатын, қоршаған ортаны оның танымымен  байытатын мұғалімнің шығармашылық қызметінің нәтижесінде ол ержеткен соң, “балшықты жерлерді, құмдарды, адамсыз тауларды” байлықтың қайнар көзіне айналдырды.

Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс… Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес”.

Педагогтің жеке басы бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас дүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі. Осындай “күн көзінің жарқын сәулесі” болуы үшін қатаң белгіленген жалпы және педагогикалық танымның көлемін меңгеруі қажет және соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қарулануы керек. Осындай сенімдердің болмауы нағыз тәрбиеші бола алмайды, ол қарапайым чиновниктің деңгейінде қалады. Ушинский чиновник тәрбиеші емес деген болатынды. Тәрбиешіге өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салу және өзінің барлық қызметі арқылы табанды жүргізу қажет. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет.[4]

Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мұғалімдерін даярлау үшін университеттер жанындағы педагогикалық факультеттерді. Ушинский семинарияның оқу курсында ерекше орынды психологияны, педагогиканы және бастауыш білім беру әдістемесін оқытуға және педагогикалық тәжірибеге арнады.

Ушинскийдің пікірінше, мұғалім білім беру саласындағы қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмауа керек, ол өзінің білімін және педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіріп отыруы керек.

Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857), “Мұғалімдер семинариясының жобасы” (1861), “Швейцарияға педагогикалық саяхат” (1862) атты мақалаларында мұғалімдерді даярлаудың және мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы ерекше орнына тоқтала келіп, жан-жақты талдау жасайды. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның мәртебесі, университеттер мен педагогикалық орындарында мұғалім кадрларын даярлау мәселелері бүгін де күн тәртібінен түспей отырған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де, ұлы гуманист-педагогтің мұғалім туралы айтқан қағидаларын бүгінгі мектеп тәжірибесі мен тәрбие жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.

Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.

Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.[5]

Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.

Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-қатынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.[6]

Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.

Қазіргі кездегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

Мұндағы мақсат – баланың  эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және әдепті.

Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегіадамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың ықпалымен дамып отырады.[7]

Табиғат – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап, көмек көрсетеді.

Мәдениет – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме, сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде, мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.

Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби, шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі балалардың қабілеттерін дамытады.

Қоршаған адамдар– адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек қана баласы, тек сүйікті адамы ғана болып коймайды. Адамда олардың барлығы да болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас, туыстас, қызметтес және ортақ ісі бойынша таныстары, жолдастары болады. Мектептегі құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең, осындай қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады. Сонымен қатар балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымен, туған-туыстарымен қарым-катынас жасайды.

Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек, бұл тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен карым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, сенімге ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ғашық болу; әлемді, әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.[8]

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру