Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]

Содержание

Кіріспе…............................................................................................................. 6

1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері

1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16

1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20

1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36

2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру


2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45

2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49

2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62


Қорытынды............................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 217.12 Кб (Скачать документ)

«Мен» өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке тұлғаның «Мені» үйде, балабақшада, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік «Менін» дұрыс жолға қойып, мақсатты түрде бағыттап отырған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану оқу іс-әрекеттерінде балаларды адами қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Балаларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.

Түптеп келгенде, өзін-өзі танудың түпкі мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, балаларға рухани-адамгершілік білім беру арқылы жан-жақты жетілген және үйлесімді дамыған адам тәрбиелеу болып табылады.[9]

     Баланың  жан-жақты  дамуына түптеп келгенде бағыт-бағдар  берушi-педагог.  Мемлекеттiк стандартта  айтылғандай баланың жалпы ойын  ғана дамытып қоймай, қажеттi тәрбие  берiп, оны тәжiрибеде қолдана  бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру  талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы  бойынша балабақшадағы кезеңi баланың  қай жағынан болсын ең қарқынды  дамитын кезеңi.

Көрнектi психолог Л.С. Выготский : «Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту»- деп тұжырымдайды [ 10]. Ал, білім беру тәрбиеші арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал балабақшаның негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни  баланың бойында рухани-адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына  батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр педагог өзінің міндетіретінде қараулары керек. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк азамат тәрбиелеу.

Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм мен тәрбие  негiзi балабақшада қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.

Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын,

санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:

Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.

Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, баланың да адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:

бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;

оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау;

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершiлiк – рухани тәрбие беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.

Алайда оқыту мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде болсын, ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң адамгершiлiк эталоны болып қала бередi[11].

Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында, жаһанданудың жаулап алуы барысында мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс-әрекеттерінен, этномәдени әлеуметтенуінен, олардың өркениеттік озық үлгілерді бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Осы тұрғыдан Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударып келеді. Осыған байланысты ел Президенті адам капиталын байытудағы басты құндылықтар қатарында патриотизмді, мораль мен адамгершілік нормаларын, ұлтаралық ынтымақтастық пен толеранттылықты, физикалық және рухани дамуды, заңға бағынушылықты, ана тілін, көптілділікті атап көрсетіп, осы құндылықтарды барлық оқу орындарында балалар мен жастардың бойына сіңіру қажеттілігіне аса мән берген болатын (Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауы, 27.01. 2012 ж.).[12]

Осы айтылып өткен құндылықтардың мәнділігі адамның өзін, айналасын, ауылын, елін, Отанын терең танып-түсінгенде және оларға риясыз сүйіспеншілігі қалыптасқанда, адами дамудың интеллектуалдық тұрғыдағы жоғары шыңына жеткенде ғана арта түсетіндігі шындық емес пе? Сол себепті оқу-тәрбие мекемелеріне балалар мен жастардың қоғамдағы, қоршаған ортадағы өзінің орны мен рөлін ұғынуына, өмірдің қарапайым ақиқатын түсінуіне, адами қарым-қатынасын жоғарылатуына, рухани тұрғыдан дамуына, интеллектуалдық әлеуетін адамгершілік тұрғыдан жұмсауына, рухани-тарихи мәдени мұралар мен халықтың салт-дәстүрін, әлем өркениетін жете бағалай білуіне септігін тигізетін пәндерді ендіру қажеттілігі артып келеді.

        Осындай  мақсатпен республикалық оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы.

«Өзін өзі тану» мектепке дейінгі мекемелердің ересектер тобына кіргізіліп отыр. Ондағы мақсат, 4-5 жастағы баланың бойында өзін өзі тану процесі жүреді. Бұл кезеңде бала қай нәрсенің жаман, қай нәрсенің жақсы екенін ажырата бастайды. Сондықтан, «Өзін өзі тану» пәні арқылы баланың бойында жақсы қасиеттерді дарыту.

 

 «Өзін өзі тану» жобасы – гуманистік сипаттағы, тұлғалық  бағдарды, дамыта оқытудың тәжірибеден өткізілген бірегей моделі. Мұның әлеуметтік жаңғырту саясатын жүзеге асыруда ықпалы басым. Өйткені, «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының негізгі мазмұнын «адам», «табиғат», «өмір», «әлеумет», «қоғам» және т.б. басты құндылықтардың мән-маңызын жан-жақты ашып көрсететін білім құрайды. [13]

Аталған құндылықтарды тану бір қарағанда жеңіл, жүзеге асыруға оңай болып көрінетін секілді. Шындығында бұл олай емес.

Осы тұста ежелгі грек философы Фалестің «Өмірде ең қиыны – өзіңді өзің тану» деп айтқан пікірінің маңыздылығы ойға оралады. Себебі, адамның «менін» түсіну дегеніміз «өзіңді тану», «өмірді тану», «адамдарды тану», «қоғамды тану» мәселелерін жан-жақты қамтитын күрделі салаларды біліп-ұғынуды, талдап-зерттеуді ғана емес, оларды тану арқылы адамның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін сапалар мен қасиеттерді, құндылықтарды үйренуді, өмірде орынды қолдануды және оларды дамыта отырып келешек ұрпаққа жеткізуді білдіреді.

Осы салаларды талдау мен зерттеу, тану мен үйрену барысында адамның «жеке тану», «адамдармен біргелікте тану», «табиғат аясында тану», «қоғам арқылы тану» қажеттіліктері туындайды. Олай дейтініміз, адам өзін «жеке тану» үдерісінде «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен нені білемін?», «Мен нені білгім келеді?» және т.б. сұрақтар төңірегінде ойлану мен оларға жауап іздеу негізінде өзінің адами қасиеттерін, мінез-құлқын, тән саулығын, жан саулығын, тұлғалық болмысын, азаматтық сапасын айқындап-анықтауына, білуіне мүмкіндіктер туады. Және оның қай тұстарын жетілдіру қажеттігіне аса мән береді. Адам өзін «адамдармен біргелікте», яғни адамдармен қарым-қатынаста тану барысында өз бойындағы махаббат, туыстық, достық, татулық, серіктестік, жолдастық, қайырымдылық, ізеттілік, сыйластық, кәсіпкерлік және т.б. құндылықтарын танып-зерттеуге және қалыптастыруға мүмкіндік алады. Адам өзін «табиғат аясында», яғни табиғат перзенті тұрғысынан тануда өз санасындағы табиғат, өмір, қамқорлық, үндестік, үйлесімділік, туған жер, сүйіспеншілік және т.б. құндылықтардың мәнін анықтай алады және осы саладан қол жеткізген білімдерін өмірде қолдануға ұмтылады. Адам өзін «қоғаммен бірге», яғни қоғамға қызмет ету тұрғысынан тану үдерісінде тарих, ел, атажұрт, халық, тіл, салт-дәстүр, рухани-мәдени мұралар, өнер, отан, әлем, халықтар достығы, ұжым, тәжірибе, ұрпақ, әлеумет, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, интеллектуалдық, инновациялық, т.б. құндылықтарды өз бойында қалыптастыру мен оларды практикада қолдану қажеттілігін түсінеді және белсенді жасампаздық әрекеттерді жүзеге асыруға дағдыланады. Әрине, осылардың бәрі әрбір Қазақстан азаматының бойында қалыптасатын болса, онда олардың елдегі әлеуметтік жаңғырту ісіне қосатын үлестері қомақты болмақ.

Сондай-ақ, әлеуметтік жаңғырту қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамту арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан да талап етіледі. Оған қол жеткізу елдің болашақ ойшылдары мен кәсіби мамандарының, отаншылдары мен жаңалық жаршыларының бүгінгі білім сапасынан, тұлғалық, жоғары деңгейдегі адами жетілуінен талап етіледі. Өйткені, олардың бойында қаланған қазіргі сапалы білім мен адами қабілеттер – ертеңгі саналы іс, жоғары деңгейлі өндіріс, бәсекеге қабілетті мемлекет, жарқын келешек, өркениетті ел, игі қоғам.[14]

Осыған байланысты бүгінгі таңда «Өзін өзі тану» пәні жалпы білім беретін мектептерде ғана емес, ЖОО-ларда оқытылуда. Қазіргі қоғамда болашақ маманның кәсіби жоғары деңгейімен қатар жоғары адамгершілігі, мәдениеттілігі, жан-жақты білімділігі, ізгі ойлылығы мен жылы жүректілігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және мемлекет саясатын жүзеге асыруға даярлығы басты орынды иеленеді. Ол білімді маман ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік рөлі (отбасылық, туыстық, қамқорға алушылық, азаматтық, кәсіпкерлік, серіктестік, қызметтік және т.б.) тұрғысынан бала жанына асыл қасиеттерді дарытушы. Баланың бойына асыл, ізгі қасиеттерді себу үшін адамның өзі алдымен ізгілік шапағатымен қаруланған болуы тиіс. Осы орайда ЖОО-ларда оқытылатын «Өзін өзі тану» курсы жетекші орынға шығады. Өйткені, оның мақсаты болашақ маманды кәсіби жетілдіру, тұлғалық дамыту және оларды қоғамға қызмет етуге даярлау болып табылады. «Өзін өзі тану» пәні жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімділігінде жинақталған білім мазмұнына құрылған. Ол білім алушының осы құндылықтарды бойына сіңіру негізінде өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне көмектеседі. Сондай-ақ, оның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, өзін және өмірді бар мүмкіндігінше тану, Өзін өзі жетілдіру мен физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік, интеллектуалдық, шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және дамытады.

Сондай-ақ, «Өзін өзі тану» курсы ХХІ ғасыр адамының құзыреттіліктері қатарында саналатын, қазіргі білім беруде басшылыққа алынатын «тануды үйрену, жасауды үйрену, бірге өмір сүруді үйрену, өмір сүруді үйрену» (Жак Делор. «Білім беру: қымбат қазына». XXI ғасыр білім беру бойынша халықаралық комиссия баяндамасы) негізгі «төрт қағидасының» мәнін ашады.

Бүгінгі таңда болашақ маманның, соның ішінде мұғалімнің беделін көтеру кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Әрине, мұғалімнің тұлғасы, мұғалімнің іс-әрекеті бүгінгі күннің ғана мәселесі емес, бұл бұрыннан да ойшыл-ғалымдардың басты назарын аударған. Соңғы ғасырларда мұғалімнің тұлғасын сомдауда құнды ойлар мен еңбектер қалдырған К.Д.Ушинский, Н.К. Крупская, А.В.Луначарский, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, т.б. көрнекті педагог-ғалымдардың «нағыз мұғалім бірінші кезекте баланың тыныс- тіршілігін сезінуі және сүюі тиіс, білім мен тәрбиенің жүрекпен берілуі тиіс» деген қағидаларының күні-бүгінге дейін құндылығы арта түспесе, жойылған жоқ. Ал бұл болса, қазіргі мұғалім тұлғасының қалыптасуында «Өзін өзі тану» курсының маңыздылығын дәлелдей түседі. Өйткені, бұл пән берілген білім мен тәрбиенің «жүректен жүрекке жетуін» мақсат тұтады.

«Өзін өзі тану» курсының болашақ маманның тұлғалық сапасын жетілдірудегі құндылығы оның адам бойына жеке тұлға тұрғысынан және де басқа адамдармен өзара әрекеттестіктегі, әлеуметтену барысындағы, қоғамға қызмет етудегі қарым-қатынастары тұрғысынан кіріктірілген құзыреттіліктерді сіңіре алуы болып табылады. Оның тағы бір ерекшелігі, құндылықтар мазмұнын меңгерумен қатар, олардың арасынан өзіне қажеттісін таңдау негізінде әрбір білім алушының жеке мінез-құлқының модельденуінің қамтамасыздандырылуымен сипатталады.

Осыған орай осы пәннің әрбір сабағы жеке тұлғаның құндылық сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын компоненттерден (мазмұндық, эмоционалдық-еріктік, мінез-құлықтық) тұрады. Сол себепті де аталған пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруда тұлғаның рухани-адамгершілік және эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыдан дамуы, оның танымдық қызығушылықтары, адами қарым-қатынас жасау іскерліктері, өзінің ойы мен сезімдерін айқын, еркін және мәнерлі жеткізу мүмкіндіктері есепке алынады.

Өзін өзі тану сабақтарының ерекшелігі болып оқытушының білім алушылармен тұлғалық қарым-қатынасы саналады. Осы үдерісте білім алушылар өзі туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы айтады, оларға талдау жасайды және адамгершілік тұрғыдан баға береді, өзін және басқаларды тыңдауға, оларға ізгілікпен және шыдамдылықпен қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Ал бұл болса болашақ мамандардың тұлғалық сапасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, «Өзін өзі тану» курсы болашақ мамандарды өмірден өз орнын табуына бағыттай отырып, олардың кәсіби-тұлғалық жетілуін, интеллектуалдық дамуын қамтамасыздандырады, рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіреді және қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытады. Олар жалпыадамзаттық, ұлттық, әлемдік құндылықтардың прогрессивтік түрлерін меңгеріп қана қоймай, осы құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге дағдыланады. Осындай адами құнды, қоғамдық маңызды құндылықтарды теориялық және практикалық тұрғыдан игерген мамандардың мемлекетте қолға алынған әлеуметтік жаңғырту саясатын жүзеге асыруға өз үлестерін қоса алатындығы ақиқат.

Рухани-адамгершілік білім беру – бұл «Өзін-өзі тану» пәнінің негізінде арнайы ұйымдастырылған үдеріс. Мұнда:

1) әлемге эмоционалдық-құндылықтық  қатынасына негізделген адамзаттың  әлеуметтік-мәдени тәжірибесін игеруі;

2) балалардың рухани-адамгершілік  салада нақты білімдік деңгейге  қол жеткізуде, танымдық және  тұлғалық мәселелерді шешуде  жеке тәжірибесін қалыптастыруы;

3) тұлғаны дамыту, оның  жеке тәжірибесі мен мінез-құлқын  байыту, әлеуметтік және жеке  тәжірибенің өзара әрекеттестігі, әлеуметтік іс-әрекеттің көп қырлы  түрлерінде тұлғаның шығармашылық  мүмкіндіктерін ашу;

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру