Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]

Содержание

Кіріспе…............................................................................................................. 6

1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері

1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16

1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20

1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36

2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру


2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45

2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49

2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62


Қорытынды............................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 217.12 Кб (Скачать документ)

Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін![67]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі мекемеде 3-5 жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі

 

Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған тәжірибе – эксперимент жұмысы Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» балабақшасында 3-5 жас арасындағы балаларға жүргізілді.

№7 «Аққу» II - сәбилер тобы (бала саны 29) эксперимент тобы ретінде, №3 «Гауһар» II - сәбилер тобы ( бала саны 30) бақылау тобы ретінде тіркелді. Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.

Дайындық қезең:

Адамгершілік мәдениетті қалыптастыруғаортаңғы топтағы балаларды дайындаумен сипатталды.

Бұл кезеңнің міндеттері:

Балалардың адамгершілікке тәрбиелеудегі дүниетанымдарына  көп көңіл бөлгізу, өздіктерінен белгілі бір мәтіннің тәрбиелік идеясын анықтауға үйрету.

Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр тақырып бойынша этикалық әңгімелермен таныстыру.

Негізгі кезең.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды. Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталды:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік  мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;

Мектепке дейінгі жастағы балаларды  рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің  бағдарламасын негізге ала отырып, оқу іс-әрекеттерін өткізу.

Қорытынды кезең

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің жүйелі жүргізілуінің баланың жалпы тәрбиелік деңгейіне әсерін дәлелдеу.

Бұл кезеңнің міндеттері:

Эксперимент тобы балаларының адамгершілік мәдениет деңгейімен бақылау тобы балаларының адамгершілік мәдениет деңгейін салыстыру, қорытынды шығару. Ұсынылып отырған адамгершілікке тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының тиімділігін дәлелдеу.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу көрсеткіштерін зерттеу жұмысымның негізі етіп төмендегідей сұрақтарды алдым:

 

 

Бала аты-жөнін сұрағанда қалай жауап береді?

(ұялып, қысылмай,жылап, т.б.)

 

Топтағы балалармен қандай қарым-қатынаста?

(ойыншығын  тартып алу, құрастырған затын  бұзып кету немесе жылап тұрса  жаны ашу, көмектесу, т.б.)

 

Тәрбиешінің алдында мінез-құлқы қандай?

 

Ата-анасы келгенде мінез-құлқы қандай?

 

Ортада өзін қалай ұстайды?

(жуас, тұйық, ширақ, ашық,т.б.)

 

Қолындағы затын сұрағанда қандай көңіл-күйде болады?

Тамақ ішкенде өзін қалай ұстайды?

 

Төсекке жатарда қандай көңіл-күйде болады?

 

Оқу іс-әрекетінде өзін қалай ұстайды?

 

Серуенге шыққанда қандай мінез көрсетеді?

 

Басқа педагогтермен өзін қалай ұстайды?

 

Бұл баланың ата-анасы қандай?

 

Осындай сұрақтарға жауап ала отырып, белгіленген көрсеткіштерге сай адамгершілік мәдениетінің деңгейлері және оның диагностикалық белгілері анықталды.

Кесте 2

Балалардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi

Адамгершiлiк мәдениет деңгейi

Диагностикалық белгiлерi

(критерийлер)

Жоғары деңгей

 

Балалардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет көрсете біледі. Жолдастық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады.

Ортаңғы деңгей

Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, тәрбиешіден көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады.

Төменгi деңгей

Бұл деңгейдегі балаларда адамгершілік мәдениеті төмен дәрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан-жануарға қатыгездікпен қарайды. Топтағы балалармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл.


 

 

Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында балалардың адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы эксперимент және бақылау топтарынан тестілер алынды. Мұндай бақылау балалардың жеке даралық қасиеттерін анықтауға, тұлғалық мінездеме алуға, балалардың оқу іс-әрекеттеріне қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.

Берілген сұрақтар бойынша талдау эксперимент және бақылау тобындағы балалардың адамгершілік мәдениет деңгейлері салыстырмалы түрде шамалас денгейде екені анықталды. Оны төмендегідей суреттен көруге болады.

 

 Сурет 3.Балалардың адамгершілік мәдениетінің деңгейлері

(алғашқы тілік)

 

Кесте 3

Эксперимент және бақылау топтарының алғашқы тілік қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

 

Көрсеткіштері

Алғашқы тілік ℅

Эксп. топ

Бақылау топ

1

Жоғарғы деңгей

18

23

2

Орта деңгей

25

27

3

Төмен деңгей

57

50


 

 

Констатациялық эксперимент нәтижелері эксперимент тобы бойынша мені қанағаттандырған жоқ, балалар берілген сұрақтарға нақты жауап бере алмады, адамгершілікке байланысты мысалдар келтіре алмады. Сондықтан, эксперимент тобында адамгершілік білім мен тәрбие деңгейін көтеруге арналған бақылау жұмыстарын өткізуге мақсат қойдым.

Себебі, балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің жұрнақтары қаншалық бар екенін білу болды. Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» - дегендей балалардың да мінез-құлықтары әр түрлі. Балабақшадан келген балалар өздерін байсалды ұстайды. Бір-бірімен ойыншықтарын немесе басқа да заттарын бөлісе алады. Бір-біріне көмектесе біледі. Бірақ олардың ішінен де өзімшіл балалар табылды. Ал үйден келген балалар, бірнеше ай таңертең жылап келеді. Ата-анасынан қалғысы келмейді. Ойыншықтарын бөлісе алмайды. Өйткені ол үйде тек өзі ғана ойнады ғой. Сондықтан да көпшілікке тез үйреніп кетуі қиын болды. Керісінше бұл балалардың ішінде де көпшіл, ширақ балалар да кездесті.  Мінеки, осындай әр түрлі мінездегі балаларды оқу жылы бойы зерттеп, бақыладым. Сұрақтарыма жауап іздедім. Ол үшін көбінесе оқу іс-әрекетінен тыс жұмыстар жүргізілді. «Адамгершілік тәрбие отбасынан басталады» дегендей балалардың ата-аналарына да сауалнама жүргіздім.

 

Ата-аналарға арналған сауалнама:

«Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы баланың мінез-құлқын қалай анықтауға болады?»

 

Құрметті ата-ана!

Төмендегі сауалнама сұрақтарына сәйкес жауапты таңдаңыз:

 

Егерде досы ойыншығын тартып алса, сіздің балаңыз өзін қалай ұстайды?

 

а) Қатты ашуланып, ойыншығын тартып алады

ә) Басқа ойыншық алады немесе досының ойынына қарап тұрады

б) Ойыншығын қайтарып беруін өтінеді

в) Жылап, сізден көмек сұрайды

г) Ешкімге қарамай айқайлап жылай салады

 

«Қайда бардың, не істедің» деген сауалға балаңыздан қандай жауап естір едіңіз?

 

а) Балалар театрына

ә) Аулаға шығуға, достарымен серуендеуге

б)  Саябаққа баруға, елосипед немесе ролик тебуге

в) Не айтарын білмейді

г) Сіздің ұсынысыңызды қабылдауға әзір

 

Балаңыз қай сыйлығыңызды (мысалы: жаңа жылдық) бәрінен артық ұнатады?

 

а) Жауынгерлерді,жиһазды,қуыршақ үйін

ә) Кітаптарды, жаңылтпаштарды

б) Радиобасқару машинасын, механикалық қуыршақты, ертегі касетасн

в) Карнавалдық киімді, жұмсақ ойыншықты

г) Тапаншаны, футбол добын, дөңгелекті конькиді

 

Осындай бақылау, зерттеулер жүргізе отырып, ата-аналармен жұмыс жасай отырып, қазіргі кездерімен салыстырдым.

 

3-4 айдың ішінде балалардың бойында қандай жақсы қасиеттер пайда болды?

Ол қасиеттер немен келді?

(ұжымдық жұмыспен, жеке  жүргізілген жұмыспен, балалардың  ықпалымен)

Мінез-құлқы  қалай өзгерді?

Айналасына деген көзқарасы қаншалықты өзгерді?

 

Осындай сұрақтарды қоя отырып, мынадай  қорытынды жасадым: баланың бойында жақсы қасиеттерді, яғни, рухани-адамгершілік тәрбие беру, оны баланың бойына  сіңіру үшін ең бірінші ата-анасының рөлі зор. Өйткені бала көзін ашқаннан көретіні өзінің ата-анасы.

Ал ата-ана балаға дұрыс тәрбие беру үшін баланы емес, бірінші өздерін тәрбиелеу керек екен. Баланы сөзбен емес, істерімен тәрбиелеу керек. «Сен олай істеме, бұлай істеме дегеннен», ата-ана өзін іс жүзінде, яғни, отбасында тәртіпті, бір-біріне мейрімді болса, ақылмен, мәдениетті  сөйлеп, баланың көзінше айқайлап сөйлемесе құба-құп болар еді. Сонда бала әке-шешесінің жақсы істерін, мейірімді қылығын көріп өскен бала, есейгенде сондай болғысы келері анық. Бір сөзбен айтқанда, баланы сөзбен емес, іспен тәрбиелеген дұрыс болар еді деп ойлаймын. 

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген аталы сөз содан шықса керек. Мұндағы айтайын дегенім, зерттеулер нәтижесінде ойға түйгенім еді.

Балалардың бойындағы өзгерістерге тоқталатын болсам, бақылауды жүргізу барысында балалардың мінезінде көп өзгеріс болды.

Мысалы, кейбір бала бірінші жылы балабақшаға барып жүрген бала болса да таңертең жылап келетін. Жылап келген соң әрине, ерекше көңіл бөлесің. Көтеріп алып, қолына ұнайтын ойыншығын ұстата қойып, басынан сипап, алдыңа алып отырасың  дегендей, баланы көндіретін жағдай жасайсың. Кез келген тәрбиеші солай жасайды. Ал қазір ол балалар өзімшіл болып өсіп келеді. Неге? Бала есін біле келе түсінді, үйде ата-анасы «басынан құс ұшырмайды», балабақшада тәрбиешілер «құс ұшырмайды» жыламаса болды деп. Балабақшада өзіне тиіскен баланың бәрін анасына айтады. Егер анасы баланың көзінше тиіскен баланы жазаламаса, ол бала жылайды.

Қандай қорытынды шығаруға болады?

Бұл балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің қайсысы бар?

Менің ойымша, бұл балалардың бойында тек «өзін ғана жақсы көретін» қасиет пайда бола бастады. Енді бұл балаларға қандай көмек көрсетуге болады?

Бұл балалармен жеке жұмыстар жүргізу керек және ол баланың ата-анасымен әңгімелесу қажет.

Мысалы, ондай мінездің жаман екенін, ондай қылықтар көрсете берсе достары болмай қалатынын түсіндіріп айту керек. Ал, ата-анасына баланың барлық айтқанын істей беруге міндетті емес екенін түсіндіру керек.

 

Кесте 4

Балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың жұмыс жүйесі

 

Бақылау жүргізу барысында өткізілген оқу іс-әрекеті мен оқу іс-әрекетінен

тыс жүргізілген жұмыстардың кейбір үлгілерін бере отырып, балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолдары көрсетілген.

Тәжірибе-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде эксперимент және бақылау топтарының балаларынан екінші қайтара тексеру алынды.

 

Тексеруге негіз болған көрсеткіштер:

1. Балалардың тіршілік атаулыны сүйе білу мәдениеті;

2. Балалардың бір-біріне қажеттіліктерін сезіне білуі;

3.Қоршаған ортаға қамқорлық жасай білуі;

4. Балалардың өзара көмекке келе білу мәдениеті;

5.Балалардың барлық жағдайда әділ бола білуі;

6. Жолдастық қатынас мәдениетінің болуы ;

7. Еңбексүйгіштік мәдениетінің болуы.

 

Нәтижесінде, осы көрсеткіштер негізінде эксперимент және бақылау топ балаларының рухани-адамгершілік  деңгейлері салыстырылды. Топтар арасындағы өзгерістерді келесі суреттен көруге болады (Сурет 4 ).

     Сурет  4.Эксперимент және бақылау тобы балаларының рухани-адамгершілік  деңгейінің салыстырмалы денгейі (соңғы тілік).

Соңғы тілік нәтижесі эксперимент топ балаларының адамгершілік мәдениет деңгейлері әр көрсеткіш бойынша артқанын көріп тұрмыз. Мысалы, эксперимент тобында жоғары деңгей 13 пайызға артқаны, төменгі деңгей 18 пайызға төмендегені байқалды.

Эксперимент және бақылау топ балаларының алғашқы және соңғы тілік қорытындылары бойынша адамгершілік мәдениетінің деңгейлік ауытқуын келесі кестеден айқын көре аламыз.

 

Кесте 5

Эксперимент және бақылау топтарының алғашқы және соңғы тілік қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Алғашқы тілік%

Соңғы тілік%

Эксп. топ

Бақылау топ

Эксп. топ

Бақылау топ

1

Жоғарғы деңгей

18

23

31

17

2

Орта деңгей

25

27

31

33

3

Төменгі деңгей

57

50

38

50

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру