Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]

Содержание

Кіріспе…............................................................................................................. 6

1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері

1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16

1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20

1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36

2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру


2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45

2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49

2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62


Қорытынды............................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 217.12 Кб (Скачать документ)

Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау. 

Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.

Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.

Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсысы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi» [34].

Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.

Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады [35].

Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.

Бұған А.Д.Макаренконың: «Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер» дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып «Тәрбие көзi- халықтық педагогика» деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық [ 36].

Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.

Ә.Фараби: «Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады» [37].

М.Әуезовтың  педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. «Ғылым» атты еңбегiнде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек».

Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң «Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең» дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол «Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi» .

Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу [38].

Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогикаға аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.

Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi құралы деп түсiндiрдi.

Педагогтар қызметi мен оқу іс-әрекеттерден тыс уақытта өзара байланыс жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп бердi.

И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат, экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде балалардың табиғи ортаға деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады [39].

Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:

-Табиғи және әлеуметтiк  ортаға деген жауапкершiлiкпен  қарауды қалыптастыру – тәрбиенiң  құрамдас бiр бөлiгi.

- Өзiн қоршаған ортаға  зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке  үйретудi мектеп жасына дейінгі  балалардан бастау.

-Табиғатты қорғау, ағаштар  отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн  жетiлдiру.

“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.

Балның адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де балалардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады.

Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң: «Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат»-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал [40].

Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, балалардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. «Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң»- деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: «Досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол»- деп жырлаған болатын. Өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. «Жас өспей ме, жарлы байымай ма!» демекшi, бүгiнгi мектепке дейінгі жастағы балалардың ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал болу, арлы болу әркiмнiң парызы. Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi – оның жасаған жақсылығы. Адам – қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық болуымыз керек. Ал қоғам жайлы балабақшадағы балалар «Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері»  оқу іс-әрекетінде  танысады. Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде «Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi»-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады [41].

 Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық  сана мен ұлттық психологиясы  қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу  отбасының, бiлiм беру ошақтары  мен барша халықтың мiндетi.

Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.

Адамгершiлiк  ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.

Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский).

Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.

Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адамға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.

М.Шоқайұлы былай деген: «Мәдениет - адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi құрал».

Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын «Сегiз қырлы бiр сырлы» деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi.

“Қазақстан – 2030” Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, бiлiм мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берiлген.

Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi - жетiлген тұлға тәрбиелеу [42].

Яғни, баланың – ақыл-ойын, сезiмiн, еркiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуi. Жетiлген тұлға болу, яғни, басқаларды жақсы көру, өз махаббатын адамдарға арнау. Оның бойындағы әдептiлiк сипаттар төмендегiдей болуы тиiс:

Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.

Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.

Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.

Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.

Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.

Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.

Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.

Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.

Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.

Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.

Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар да болуы тиiс.

Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.

Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.

Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.

Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу.

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру