Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа
Краткое описание
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]
1 Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16
1.2 Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20
1.3 Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36
2 Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру
2.1 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45
2.2 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49
2.3 Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62
Кестеде көрсетілгендей, тәжірибе-эксперимент
жұмысы нәтижесінде эксперимент және
бақылау топтарының соңғы тіліктерінің
қорытындысы бойынша эксперимент тобында
жоғарғы деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда
14 пайызға артық екендігі көрінді.
Сонымен, қорытындылай келе,
мектепке дейінгі жастағы балалардың
рухани-адамгершілік тәрбие беру барысында
жүргізілген эксперименті оңды нәтиже
беріп, зерттеу болжамы дәлелденді. Яғни,
осындай бақылаулар арқылы
бала бойындағы теріс қылықтарды дер
кезінде жойып, керісінше балалардың білуге
деген қызығушылығын арттыруға болатынына
сенімдімін.
Қорытынды
Соңғы кездері еліміздің қоғамдық
өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі
білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан
реформалар екені белгілі. Елбасымыздың
Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан
халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға,
жас ұрпақтың рухани - адамгершілігін
жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың
қажеттігіне басты назар аударған.
Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі
көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген,
адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке
тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі мекеме –
үздіксіз білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің
алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі
қызметін атқарады.
Мектепке дейінгі жастағы
балалардың бойында жалпы адамгершілік
қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық,
ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік,
кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді
қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас
мәдениетіне мән беруіміз керек. Осыларды
ескере отырып, Мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершілік мәдениетін
қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру,
тәрбиешілерден жаңашыл ізденістерді
талап етеді. Өйткені оқу мен тәрбие тығыз
байланысты екені баршамызға мәлім. Мектепке
дейінгі жастағы балалардың оқу іс-әрекеті
барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері
бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие
міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі
топтағы балалардың адамгершілік түсініктерінің
әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі
үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы
адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа,
шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Дегенмен мынадай қорытынды
жасауға болады: мектепке дейінгі және
орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің
негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену
әлі күнге дейін педагогика ғылымының
және білім берудің қазақстандықтар тәжірибесінде
өте аз, жоққа тән. Осыған орай мен зерттеу
нысанасына сүйене отырып оқыту барысында
адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың
мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге
болады деп ойлаймын.
-Оқыту мен тәрбиелеу
және балалардың даму жоспарларын
қолдау психо-педагогикалық қана
емес, адамгершілік-этикалық және
рухани-адамгершілік ұстаным болып
табылады.
- Білімді меңгеру техникасы
мен технологиясын іске қосу, білік пен
дағдыны игеру мектепке дейінгі жастағы
балалардың ерекшеліктерін дамыту үшін
қосымша жағдайларды жасауды қажет етеді.
-Бұл көрсетілген міндеттерді
бір мезгілде шешу білім беру
мәдениетінің маңызды бір бөлігі
ретінде балалардың адамгершілік
мәдениеті білімінің үйлесімді
қалыптасуына, сапалық және сандық
өсуіне мүмкіндік береді.
Бала мектепке дейінгі мекемеге
білім алуға келіп, оқу іс-әрекеттері барысында
олар еңбек етуге, қайырымдылыққа, адалдыққа
тәрбиеленеді.
Қорыта келгенде, оқу іс-әрекеті
үрдісіндегі баланың тұлғалық қасиетін
тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз
керек:
Баланың ақыл-ой мәдениетін
дамыту;
Баланың адамгершілік-имандылық
құндылығын қалыптастыру;
Бала мен тәрбиешінің қарым-қатынасы
арқылы бала дүниетанымы қалыптасып, баланың
ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік
деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;
сабақ тақырыбына сай ұлттық
педагогика элементтерін баланың адамгершілігін
арттыруға тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмысты жазу барысында
мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеленушілердің
адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда
тиімді әдіс-тәсілдері анықталды. Яғни,
ұлттық әдет-ғұрып, қазақи қасиеттерімізді
бойына сіңірген ұрпақтың адамгершілік
қасиеттері бар деуге болады.
Дипломдық жұмыстың І-тарауында
педагогика-психологиялық әдебиеттерді
зерттеп мектепке дейінгі жастағы балаға
рухани-адамгершілік тәрбие беру жайлы
ғалымдар ой-пікірін талдадым. ІІ-тарауда
мектепке дейінгі жастағы баланы рухани-
адамгершілікке тәрбилеу үрдісінде
ұлттық педагогика элементтерін қолдану
тиімділігін және ойын арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудің жолдарын анықтадым. Сонымен
бірге, 3-5 жастағы балалардың арасында
эксперимент жұмысы жүргізіліп, оның нәтижесі
шығарылды.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1Отбасы және балабақша
2012жыл №3
2 Т.Сабыров.
Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір
мәселелері. - Алматы, 1977.
3 Нұрғалиев О. Адамгершілік
асыл қасиет/ О. Нұрғалиев– А.: Қазақстан,
1978
4Ушинский К.Д. Человек как
предмет воспитания/ К.Д. Ушинский–
М. Просвещение, 1977
5 Т.Сабыров.
Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір
мәселелері. - Алматы, 1977.
6 Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан:
1 том 1998 95 бет.
7 Богословский В.В. Жалпы
психология / В.В. Богословский– А.:
Мектеп, 1995
8Горащенко В.П. Табиғаттанудан
сабақ беру методикасы/ В.П. Горащенко–
А.: Просвещение, 1977 – 39 б.
9 Т.Сабыров.
Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір
мәселелері. - Алматы, 1977.
10 Выготский Л.С Проблемы
возрастных периодизаций детского развития
/ Л.С Выготский – М.: Наука, 1972
11 Макаренко А.С. Педагогика
индивидуального действия/ А.С. Макаренко–
М.: Книга, 1960
12 Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан
халқына Жолдауы, 27.01. 2012 ж.)
13 «Өзін өзі тану» мектепке
дейінгі мекемелердің ересектер тобынаарналған14
Горащенко В.П Методика изучения природы
в начальной школе/ В.П Горащенко - М.: Просвещение,
1965