Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауға, жай сөйлеуге, өзін байсалды ұстауға үйрету.

«Болады», «болмайды», «жақсы», «жаман», «қалаймын», «қажет» сөздерінің мағынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету.

Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Өзінің, ата-аналарының, отбасының басқа да мүшелерінің  аты-жөнін атай білуге және өзінің туыстары жөнінде әңгімелей білуге үйрету. Отбасы мүшелеріне мейірім мен сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды құрбыларымен бірлескен әрекеттерге қатысуға, ойын барысында басқа балаларға  кедергі келтірмей, бірлесіп ойнауға  үйрету.

Еңбек тапсырмаларына қызығушылығын  дамыту.

Адамгершілік  қағидалары туралы түсінік

Өз отбасына, үйі мен  балабақшасына сүйіспеншілік сезімін  дамыту.

Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және басқа  да игі қасиеттердің орнығуына барынша  мүмкіндік жасау. Ересектер қашан  да баланы қолдап, оның жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне қамығатыны, әрдайым оған қолдау жасап, көмектесетіні туралы түсінік беру.

Балабақшада өзін-өзі  ұстау ережелерімен таныстыру. 

 

 

 

Экология негіздері  

 

Мақсаты: қоршаған табиғатқа қамқорлықпен қарайтын, қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Табиғат аясында  өзін дұрыс ұстау ережелерімен  таныстыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктерге  қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру (өсімдіктерді жұлмау, жануарларға  қиянат көрсетпеу, т.б.).

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау  дағдылары

Өзінің көңіл күйі мен табиғаттан және тірі табиғат  нысандарынан алған әсерлерімен  бөлісу.

Адамдар табиғат аясында  өзін қалай ұстауы керек: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, жәндіктерге тиіспеу, т.б.

Бала әрекетінің дұрыстығын көрсету үшін оған қолдау жасап, мақтап, жігерлендіріп отыру.

Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Өз-өзіне қызмет көрсету  дағдыларын жетілдіру.

Табиғат бұрышындағы  өсімдіктер мен жануарларға ересектермен бірлесіп күтім жасауға үйрету, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру. Ересектерді сыйлауға, құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатуға, бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға, басқа адамдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Отбасы мүшелерінің  жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 8pt;


Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы