Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Дербес қимыл-қозғалыс әрекет

Дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамытуға арналған ойындар: «Дыбыс арқылы тап», «Шарға дейін созыл», «Кедергілерден өт», «Затты ал», «Күн мен түн». 

 

 

 

«Таным» білім  беру саласы 

 

Сенсорика

Түрлі пішіндер мен пирамидаларды  құрастыру. Саңырауқұлақ, түрлі пішінді  дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштардың жапсырмаларын қолдану. Қораптағы тиісті саңлауларға заттарды орналастыру. Ұсақ қол қимылдарына арналған материалдармен жұмыс жасау. Үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинауға, шашуға, өткізуге, тізуге, салуға, алуға арналған ойындар.  

 

 

 

Ситуациялық ойындар: «Жіпке аяқ киім үлгілерін тізу», «Панноға түстерін таңдай отырып гүлдерді ілу».

Ойындар: «Үй саламыз», «Саңырауқұлақ терейік», «Әркімге өз үйі», «Қуыршаққа таспа сатып әперейік», «Жасырынған қоянды тап».

Қоршаған ортаны тану

Дидактикалық  ойындар: «Жұбын тап», «Қай ағаштың жемісі», «Түстерді таңдап ал», «Ұқсас ыдысты, киімді, ойыншықты тап», «Ауа-райына, мезгілге қарай қуыршақты киіндір», «Ас үй», «Емхана», «Құстар мен жануарларды күту», «Сәулені тамақтандырамыз», «Жауабын тап та, ата», «Қуыршақтың ыдыс-аяғын жуамыз», «Ойыншықтарды жуу», «Нені қайда қоямыз?», «Біздің ыдыс-аяғымыз», «Адамдар қандай көлікпен жүреді?».

Табиғи материалдармен ойын: «Ғажайып қалта», «Гүлді осы түстегі вазаға сал», «Дәміне қарай тап», «Түсіне қарай тап».

Бақылау: аула сыпырушы жұмысына (ауланы қардан тазарту), транспорт қозғалысын.

Суреттер қарау: заттар мен қимылдардың, қарапайым сюжеттердің жеке салынған суреттерін, жалпы сюжеттерге біріктірілген бірнеше суреттер қарау.

Ойыншықтардың көмегімен қарапайым сюжеттерді сахналау (мысалы, сотқар мысықтың табанын күйдіріп алғаны сияқты, т.б.).

Құрастыру

Ересектердің көмегімен  және өздігінен түрлі пішіндегі  шығыршықтардан көліктерге арнап көпір, ұсақ және ірі қуыршақтарға арнап  жиһаз (үстел, орындық, диван), қақпа, дуал, сәкі, төбе, кішкене көпір, әр түрлі жолдар, трамвай бағыты, поезд, үш-төрт кубиктерден құстарға арналған үйшіктері бар мұнара, алты кубиктерден немесе кірпіштерден саты құрастыру. 

 

 

 

«Қатынас» білім  беру саласы

Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі: 

 

Бақшаға мақсатты серуен

Дидактикалық ойын: «Тапсырма»

Дидактикалық жаттығу: «Жоғары-төмен»

Дидактикалық ойын: «Кім не істейді?»

«Шалқан» ертегісін  әңгімелеу

Дидактикалық жаттығулар: «Кім не жейді?», «А деп айт»

Балалар бақшаға барғаны  туралы ұжым болып әңгіме құрастыру

Дидактикалық ойын: «Қандай?»

Заттардың түстерін атау және ажырату

Дидактикалық жаттығу: «Паровоз»

Дыбыстарды айту мен  есту зейінділігін дамытуға арналған жаттығулар

(«Бұл ненің дыбысы, тап?»)

«Сылдырлайды мөлдір су» өлеңін оқу

Заттармен тәжірибе жасау: батады, батпайды, жүзеді

Ш. Смаханұлы «Добым менің» өлеңін оқу

Қоянды бақылау

О. Бегалин «Қазым, қазым, қаңқылда» шығармасын оқу

Дидактикалық ойындар: «Таны да ата», «Тап та, ата»

М. Төрежанов «Бесік жыры»

Автомашина, автобус, трамвай (ойыншықтар) қарау

Дидактикалық ойын: «Осыларды  жаса», «Құлыншақ»

Дидактикалық жаттығулар: «Бөпенің тісі ауырады», «Қошақан»

Сюжетті суреттер қарау

А. Барто «Жалауша»  өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығу: «Қонақ». Тәрбиешінің сиыр мен мысық туралы әңгімесі.

Бөлме өсімдіктерін қарау

С. Қалиев «Ұры мысық» өлең шумағын оқу

Сәуле қуыршағының киімдерін  қарау

Қуыршақты серуенге киіндіру

Дидактикалық ойын: «Сәулеге киімін шешуді үйретеміз»

Дидактикалық жаттығу: «Машиналар»

Дидактикалық ойын: «Бұл қандай пішін?»

Дыбыстарды айтуға арналған жаттығулар

Дидактикалық ойын. «Бізге кім келгенін тап»

Дидактикалық ойын: «Шешуін  тап та, ата»

Дидактикалық жаттығулар «Ботақан»

Дидактикалық ойын: «Алыс-жақын»

Дидактикалық жаттығу  «Бақа, бақа балпақ»

Дидактикалық ойын. «Мамық жүнді балапан»

А. Бартоның «Қар» өлеңін оқу

Дидактикалық ойын «Қар түйіршіктері»

Ж. Карбозиннің «Жасаймын  шана» шығармасын оқу

Дидактикалық ойын: «Биік - аласа»

Дидактикалық жаттығулар: «Ненің дауысы?», «Атқа мініп шабайық»

Б. Данабековтің «Бұзау» шығармасын оқу

«Бауырсақ» ертегісін  әңгімелеу

Дидактикалық ойын: «Қуыршаққа арнап бөлме дайындаймыз»

Дидактикалық жаттығу: «Қар бүршіктері»

Дидактикалық ойын «Қонжықтың бөлмесі»

Сахналау-ойыны. «Қаз бен  құлыншақ»

Ә. Дүйсенбиевтің «Мысық» өлеңін оқу

Балықтарды бақылау

Ұ. Есдәулетовтің «Тәй-тәй, қуыршақ» өлеңі

Ертегі, әңгімелерді кейіптендіру

Құстарға бақылау жасау

«Құстарды біз қалай  қоректендірдік?» тақырыбына (тәрбиеші балалармен бірге) әңгіме

Дидактикалық ойын: Не жоқ?

Қуыршақ Сәулені шомылдыру

Дидактикалық ойын: «Үйректің  балапандары»

О. Бегалиннің «Қаз бен  балалары» шығармасын оқып, әңгімелеп  беру

Дидактикалық ойын: «Нені  қайда қоямыз?»

«Ешкі мен қасқыр»  ертегісін әңгімелеу

Заттардың қасиеттерімен  таныстыру

Дидактикалық жаттығу: «Кеме»

Дидактикалық жаттығу: «Кішкентай күн сәулесі»

Балықтарға бақылау  жасау. «Балалар балықтарға жем шашады»  тақырыбында суреттер қарау

Дидактикалық жаттығулар: «Ғажайып қорап», «Шешуін тап», «Қанша?»

Е. Өтетілеуов «Көктемде» шығармасын оқу

С. Қалиевтің «Ұры мысық» өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығулар: «Кім не істеп жатыр?», «Су»

Бөлме өсімдіктерін қарау

С. Сауытбековтың «Лақтың  кеңесі» шығармасын оқу

Дидактикалық жаттығу: «Маса»

А. Бартоның «Ойыншықтар» топтамасынан үзінді оқу

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»

Дидактикалық ойын: «Кім не жейді?»

«Айсұлу мысықтың баласын  тауып алды» тақырыбына әңгімелеу (көрсетусіз)

«Балалар тауықтар мен  балапандарға жем шашады» тақырыбында  сурет қарау

Дидактикалық жаттығу: «Балапанды шақыр»

Сиыр мен бұзауды, ешкі мен лақты салыстыру

Дидактикалық ойын: «Не  жоқ?»

Ұ. Есдаулетовтың «Құлын»  өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығулар: «Бұл не, тап», «Не қайда отыр?»

Бақбақ гүлін қарау

Фонематикалық ойындар: «Кім қалай шақырады?», «Кім шақырды?», «Не, қандай дыбыс шығарады?»

Тыныс алу жаттығулар: «Үлпілдек жүнге үрле», «Көбікке үрле»

Үлкендердің көмегімен  ойналатын дидактикалық ойын: «Төлдерін  тап та, ата»

«Дүкен», «Ойыншықтар», «Отбасы», «Үй жануарлары және жабайы аңдар», «Үй құстары», «Гүлдер», «Жәндіктер: құмырсқа, көбелек, аралар» тақырыптарына кітапшалар карау. 

 

 

 

Тәрбиешінің таңдауы  бойынша ұсынылған көркем әдебиет

Шығармалары 

 

Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрі: «Қуыр-қуыр-қуырмаш»

Поэзия: А. Торғаев «Шөжелерім», Т. Ерғабылов «Бөбек тілегі», Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», М. Әлімбаев «Кішкентай баланың тақпағы», М. Төрежанов «Бесік жыры», «Қуыршақ» және т.б.

Проза: Б. Данабекова «Бұзау», О. Бегалин «Қаз бен балапандары», «Әке мен бала және ескі құмыра» ертегісі, Ж. Қуанышбекова «Сыйлық», Ә. Шынбатыров «Бал мен мұз», Ж. Карбозин «Жасаймын шана», Қ. Сарыбаев «Ақ мақта», Е. Ашықбаев «Балабақшада» (үзінді), А. Меңжанова «Тазалықтың досы» (үзінді), А. Шаяхметов «Бүлдірген», С. Сауытбеков «Лақтың кеңесі», К. Оразбекұлы «Кім ойнайды?», Т. Молдағалиев «Жазда», Е. Өтетілеуов «Көктемде», «Бауырсақ», «Шалқан» (орыс халық ертегілері), т.б.

Педагог бұл тізімді  өзгертіп, оны аймақтың салт-дәстүрге байланысты шығармалармен толықтыруына болады.

Мәнерлеп  оқу. Қазақ және басқа халық ақындарының өлеңдерінен үзінділер оқуға үйрету: С. Қалиев «Ұры мысық», Ж. Сарсенбаев «Ақ лақ». «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Қу түлкі», «Шырша», «Қонжық», «Доп», «Жаңбыр».

Түрлі халық ертегілерін  тыңдау және сахналау. «Мысық неге тамақ  ішкен соң жуынады» (қазақ ертегісі), «Бауырсақ», «Шалқан», «Түлкі мен әтеш», «Үш аю» (орыс ертегілері), «Қияр мен капуста» (неміс ертегісі). 

 

 

 

«Шығармашылық»  білім беру саласы 

 

Сурет салу

Қарындашпен сурет салу: Ұзын жолдар. Әртүрлі түстегі қақпалар. Жіп орамы. Мерекелік отшашу. Күн терезеге күлімдейді. Алтын күн аспаны. Әр түрлі түстегі сақиналар. Сүңгі-мұздар. Бауырсақ жол бойында домалайды. Түрлі-түсті жіптер. Шөптер. Табақтағы құрт. Вазадағы шиелер. Егістіктегі бақ-бақтар. Қуыршақтың көрпесіндегі ою. Күртедегі түймелер.

Бояумен және қылқаламмен сурет салу: Жау-жау жаңбыр. Аспан. Су. Біз серуендеп жүрміз. Орамалды безендіру. Сағат. Машинаның дөңгелекгері. Түрлі-түсті моншақтар. Жапырақтар түсуде. Қызыл-сары жапырақтар. Топ-топ басайық. Ақ ұлпа қар. Жапалақтап қар жауды. Үйдің терезесіндегі жарықтар. Жарқыраған шамдар. Шыршаның шамдарын жағамыз. Маймақ маң-маң басады. Қоян секіреді. Қуыршақ Сәуленің көйлегін безеңдіреміз. Ормандағы аңдар. Пияз. Қар кесегі. Балықтар жүзеді. Шағылысқан күн сәулесі.

Әуе шарлары. Жаңбыр мен  күн. Гүлдер өседі. Шөптегі қоңыздар. Бояумен өз еріктерінмен сурет алу.

Саусақпен сурет  салу: құмның бетіне доптар мен адамның бейнесін салу.

Қағазға жүзімнің бұтағын, үлкен қарбыз бен апельсиндердің суретін салу.

Желімсіз жапсыру

Көлікті, үйді, ұшақты, гүлдерді (түймедақ пен бақбақ гүлдері), қазақтың ұлттық бас киімдерді (бөрік пен тақия) геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша, төртбұрыш) құрастыру.

Мысық (күшік) доппен ойнайды. Ұшақ. Аққала. Мерекелік отшашу. Өрістегі қойлар.

Пирамидалар, паровоз  бен вагондар, бесік арба, қараторғай үйшігі.

Дайын пішіндерден пирамиданы, вагондары бар паровозды, түрлі пішіндегі машиналарды, арбаны, құстың ұшсын, анама арналған орамалға «Құс тұмсық», «Көз» симметриялы оюларын, жаңа жылдық шыршаны, үлкен және кіші жалаушаларды, ыдыстағы жемістерден әзірленген сусынды, қазақтың «құрақ» ұлттық ою-өрнегімен безендірілген алашаны, алаңқайдағы балапандарды құрастыруға үйрету.

Мүсіндеу

Құстарды қоректендіреміз  немесе тышқанға ін жасаймыз. Қуыршақтың тәттілері. Құймақ. Тиіннің жаңғақтары. Шарлар. Дәмді бауырсақтар.

Үйшіктің бөренелері. Кесектер. Қуыршаққа, қоянға арналған сый-сияпат. Әтешке арналған бұршақ. Ұшақ. Дуалдың бағанасы. Дуал. Саты. Сылдырмақ. Аққала. Балапан. Құс. Шырша. Түрлі жидектер. Үлкен-кіші доптар.

Қуыршақтың әшекейлері: білезік, жүзік, қол сағаты. Тұрмыстық заттар: шыбықтардан тоқылған себет. Жиһаздар: орындық, үстел, диван.

Анама тоқаш пісіремін. Итке арналған табақ. Мұнара. Бауырсақ. Тәрелкедегі алма. Тәтті тоқаш. Саңырауқұлақтар. Қоңыздар. Өз еріктерімен мүсіндеу.  

 

 

 

Музыкалық репертуар

Тыңдау: Қ. Ыдырысовтың сөзіне жазылған А. Нұрымұлының «Топ-топ» әні, Т. Сопиеваның сөзіне жазылған С. Оспанованың «Сәби» әні, Г. Греневич әуеніне және С. Прокофеваның сөзіне жазылған «Таң» әні, В. Моцарт «Қоңыраулар үні», Л. Хамиди «Маршы», Д. Кобалевскийдің әуеніне жазылған «Алғашқы вальсі», сөзі мен әуені А.Әубәкірованың «Менің мысығым» әні, М. Оразбаеваның халық әуеніне жазылған «Әлди» әні. «Ұшақ», «Құлыншақ», «Саңырауқұлақ» әні М. Раухвергердікі, «Машина» әні К. Қуатбаевтікі, «Тәтті бала» әні Г. Сопиеваныкі, «Қыс» әні В. Карасеваныкі, «Балдырған» әні Ж. Меймандосовтікі, «Ақ тайлақ», «Бәйге» әні Б. Құсайыновтікі, «Ана әлдиі» әні А. Меңжанова, «Анашым», «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Келді мамыр», «Құлыншақ» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Қамажай» қазақтың халық әні, өңдеген К. Қуатбаев.

Ән айтпу  және әнге қосылу: музыкалық репертуарлар: - Бердияровтың сөзіне жазылған «Сұр қоян» әні, Б. Жүсіпәлиевтің әуеніне жазылған «Ойна сәби» әні, Л. Абельянның әуеніне О. Ақынбековтың сезіне жазылған «Доп» әні, Т. Вилкорейскийдің әуеніне жазылған Б. Жақыпованың «Менің ойыншықтарым» әні, Луконинаның әуеніне және Л. Чадованың сөзіне жазылған «Күннің көзі қыздырады» әні, Л. Фасхутдинованың «Жаз» әні, Балящеваның сөзіне жазылған «Күзгі ән», М. Еремееваның «Етік» әні, Е. Шаломонованың «Шырша туралы әні», А. Филепенконың әуеніне және С. Мокшанцеваның сөзіне жазылған «Күзгі жапырақтар биі» әні, Васильеваның әуеніне және Митличенконың сөзіне жазылған «Бақалар әні» әні, қазақтың ұлттық әні «Айгөлек», М. Норданскийдің өңдеуіндегі орыстың халық әні «Алма» әні, И. Нүсіпбаеваның әуеніне жазылған Ж. Смақовтың «Қызыл ту» әні және К. Қуатбаевтың «Поезд», «Топ-топ» әні.

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы