Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Музыкалық ырғақтық қозғалыстар: қол қимылдары «хлоп-хлоп». Аяқ қимылдары «Топ-топ». Денені оңға және солға бұру. Басты оңға және солға еңкейту. Қолды сермеп шеңбер бойына жүру. Би қимылдары: аяқты өкше мен басына ауыстыру, аяқты бір орнында, шеңбер бойында және шашыраңқы тарсылдату.

Ырғақтық қозғалыстарға  арналған музыкалық репертуарлар: К. Козырев пен Е. Өтетілеуовтың «Бота мен бұзау» әні, Б. Дәлденбаеваның «Қызық мысық» әні. Степаненконың әуеніне жазылған «Айнал», Вилькорейскийдің әуеніне жазылған «Достас», Г. Вихареваның «Күнді мен саламын» және «Біздің аяғымыз не істей алады?» әндері, Л. Антюфееваның «Жаңбыр» әуені, Р. Шуманның «Көбелек» әуен, А. Петрованың «Қуыршақтарға арналған әлди» әні, әні мен сөзі А. Меңжанованың «Не қайда?» әні, Н. Әлімқұлов пен А. Матменнің «Ойыншықтар» әні, А. Нұрымұлы мен У. Есдәулетованың «Топ-топ қуыршақ» әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Серуендеп, би билейміз» әні Э. Раухвергердікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі.

Жаттығулар  мен музыкалық ойындар: «Жасырынбақ», орыс халық әні «Зығыр», ойынның авторы Т. Бабаджан; «Сылдырмақтар» М. Раухвергердің музыкасы, ойынның авторы Т. Бабаджан; «Көңілді жасырынбақ» В. Петрованың музыкасы, ойынның авторы Н. Кругляк және В. Петрова; «Қояндар» орыс халық әні, «Көжек» өңдеген М. Красева, «Көжегім» өңдеген Н. Римский-Корсаков, Т. Бабаджанның ойыны, «Көңілді қаздар» орыс халық әні, ойынның авторы Н. Комиссарова мен В. Петрованыкі; «Марш» Э. Царлованың музыкасы, «Бубен, сылдырмақ» украин халық әуені; «Жүреміз-жүгіреміз», «Епті қолдар» Е. Тиличееваның музыкасы, «Шарлар» И. Кишконың музыкасы, «Барабаншылар» В. Ребикованың музыкасы, «Қуыршақтар Ұйықтайды және билейді» Я. Степанованың музыкасы.

Би билеу. «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Полька» әні Ә. Бестібаевтікі, «Жайдарман» қазақтың халық әні - өңдеген К. Қуатбаев, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Арша» Б. Қыдырбекованікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Бипыл» қазақтың халық әні.

Мерекелік ойын-сауықтар мен ермектер: «Күз сыйы», «Жаңа жылдық шыршаның кереметтері», «Анамызға гүл сыйлаймыз», «Жазғы ермектер».

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің м.а.

2009 жылғы 21 қыркүйектегі  № 439

бұйрығымен бекітілді 

 

 

 

Мектепке дейінгі кіші жастағы 

(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) 

балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған  

 

«зерек бала» бағдарламасы  

 

Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды  тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы ҚР МЖМБС  талаптарына сай жаңа бағдарламалар  кешенінің жалғасы болып табылады.

Бағдарлама мазмұны баланың тұлғалық және физиологиялық, әлеуметтік, қатынастық, шығармашылық, танымдық дамуын қамтамасыз етеді. 

 

МАЗМҰНЫ 

 

1. Түсіндірме жазба

2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

3-4 жастағы балаларға арналған бағдарлама

3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне  сипаттама

4. Күн тәртібінің үлгісі

5. «Денсаулық» білім беру саласы

6. «Қатынас» білім беру саласы

7. «Таным» білім беру саласы

8. «Шығармашылық» білім беру саласы

9. «Әлеуметтік орта» білім беру  саласы

10. Ойын іс-әрекетіндегі баланың  дамуы

11. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың  дамуы

4-5 жастағы балаларға арналған бағдарлама

12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне  сипаттама

13. Күн тәртібінің үлгісі

14. «Денсаулық» білім беру саласы

15. «Қатынас» білім беру саласы

16. «Таным» білім беру саласы

17. «Шығармашылық» білім беру саласы

18. «Әлеуметтік орта» білім беру  саласы

19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың  дамуы

21. Мерекелер мен ойын-сауықтар

22. Ата-аналармен жұмыс

23. Қолданылған әдебиеттер

24. Қосымша 

 

 

 

ТҮСІНДІРМЕ  ЖАЗБА 

 

Қазақстан Республикасында  болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім  беру саласының әлемдік білім  кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі таңда адамзат  қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды  болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.

«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды  жан-жақты, толыққанды дамуына, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауына бағытталған.

«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:

1. Оқыту мақсаты мен  мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік  шарттарға сай болуы мен үздіксіз  жаңарып отыруы.

2. Тәрбиелеу мен оқыту  мақсатгарының қолжетімділігі, мазмұны  мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы.

3. Дара тұлғалық, бірлестік  ұстанымы.

4. Стратегиялық білім  беру қағидаларының жолдарын  таңдау еркіндігі және оны  жүзеге асыру әдістері, түрлері  және вариативтілік ұстанымы.

5. Балаларды әлеуметтік  қорғау, педагогикалық, психологиялық  процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының  әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық  қатынас ұстанымы.

6. Тәрбиелеу мен оқыту  үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру,  ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.

Бағдарлама Қазақстан  Республикасының жаңа МЖМБС-на сүйене отырып, мектепке дейінгі кіші жастағы  баланы дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың МЖМБС-на сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі  балалардың мүмкіншіліктерін ашуға  бағытталған білім берудің бес  саласы бойынша («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») жүзеге асады.

Білім беру салаларының  базалық мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығы мен білуге құштарлығын арттырудың негізі болып  табылады.

Білім беру салаларының  мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника  және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.

Ғылыми көзқарастар бойынша, ұсынылып отырған бағдарламаның жетекші психологиялық-педагогикалық бағыты - бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы процесін құзіреттілік басқару қағидасына сүйене отырып жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған бағдарламаны субъектінің іс-әрекет жүйесін орта арқылы басқаруға бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелерін болжау, жоспарлау және оның сапасын арттыру құралы деп есептеуге де болады.

Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың базалық мазмұны МЖМБС-на сәйкес орта білім берудің нәтижесі ретінде құзіреттіліктерді: денсаулық сақтау, тілдік-қатынастың, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама балалардың жеке басының ерекшеліктеріне қарай  қарым-қатынас жасау ұстанымын  басшылыққа ала отырып, дамыта оқыту мақсатын көздейді және мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру мен дамыту процестерін басқару тетігімен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның гуманитарлық мақсатын көздейтіндігін, «ашықтығын», мектепке дейінгі оқытудың полимәдени ұстанымын басшылыққа ала отырып жасалғандығын көрсетеді.

Бағдарламада бала ойынына  үлкен мән беріледі. Себебі, ойын - баланың негізгі әрекеті. Бала өмірге келісімен ойын арқылы өзін қоршаған әлемді, табиғатты таниды. Сол арқылы дамиды, өседі. Ойын үстінде игерген білім-білік дағдыларын қолдануға, жетілдіруге мүмкіндік алады. Бағдарламада баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын сюжеттік-рөлдік ойындарға ерекше орын беріледі.

Пәнаралық байланыс пен  белгілі бір білім беру саласындағы  берілетін білімдердің тұтастығына  негізделген оқу материалының интеграциялануы  бағдарламаның айрықша белгісі болып табылады. Интеграция педагогке оқу материалын білім берудің бір және бірнеше салалары шеңберінде біріктіруге, түрлендіруге, сонымен қатар кез келген әдістемелік тақырыпты кеңінен елестету, сезіну мүмкіншілігін береді. Сонымен қатар, оқу материалын интеграциялау - әр жас кезеңінің ауысуына байланысты білім берудің базалық мазмұнынын шоғырландыру мен бірізділік ұстанымдары арқылы жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Бағдарламада ұсынылатын материалдарды меңгертудің бекітілген уақыт мөлшері көрсетілмейді. Бұл педагогке оқу материалын баланың жеке ерекшелігіне қарай тиісінше түрлендіріп, толықтыру мүмкіншілігін береді. Десек те, бұл оқу материалын жүйесіз қолдану деген сөз емес. Себебі, интеграциялаудың өзі белгілі бір жүйе болып табылады.

Ең бастысы, білім берудің базалық мазмұнын жүзеге асыру балаға тұлғалық-бағдарлық және жеке ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасау мен балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне ата-аналарды белсенді қатыстыру мақсатында ұйымдастырылып, жүзеге асырылғанда ғана баланың жеке басының даму сапасы жоғары деңгейге жететіндігін естен шығармауымыз керек. 

 

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ  ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Педагогикалық процесс  ересектердің балалармен бірлескен  іс-әрекеті мен баланың өз бетінше  еркін іс-әрекеті негізінде құрылуы тиіс.

Ересектер ешқандай психологиялық  қысым көрсетпей-ақ, өзі сол іс-әрекетке қатысуға қызығушылық сыңай таныту арқылы балаларды ұйымдастырылған  танымдық іс-әрекетке тарта алады.

Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін.

Тақырыптық орталық  сынды мектепке дейінгі жастағы  балалардың өз бетінше еркін іс-әрекет түрлерін орындауға арналған көпжүйелі  орта ұйымдастыру (әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі даму дәрежесіндегі  балалардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау).

Балалардың мүмкіншіліктері  мен қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын қолдану (жұптасып, шағын топтармен, бүкіл топпен).

Балалардың ересектермен бірлескен іс-әрекет түрлерін жүргізуге  күн тәртібінен арнайы уақыт (7-30 минутқа дейін) бөлінеді.

Осы бағыттар бойынша  педагогикалық процесс төмендегідей құзіреттіліктерді қамтиды:

1. Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетін қарым-қатынас, ойын, зерттеу-іздестіру, ересектермен  және құрдастарымен ынтымақтастық  негізінде құру (базистік оқу жоспарына сай әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын, әр сипатты іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру).

2. Балаларды тәрбиелеу  мен оқытуға бағытталған іс-әрекет  түрлері:

- балалардың өз бетінше  еркін іс-әрекеті: ойын, сурет  салу, мүсіндеу, жапсыру, көркемдік-тілдік әрекет, құрастыру, дидактикалық ойындар мен жаттығулар, т.б.;

- ересектердің балалармен  бірлескен іс-әрекеті: ойын, сурет  салу, танымдық-зерттеу, тәжірибе  жасау, қатынас жасау, музыкалық-сергіту,  мерекелер мен сауықтар, дене  шынықтыру-сауықтыру, жобалау және т.б.

Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарым-қатынас негізіңде  әр баламен жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.

Сонымен қатар, күнделікті ересектермен ойнауына да арнайы уақыт  бөлінуі тиіс. Бұл ойындар баланың  қалауымен ұйымдастырылып, ересектер тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен, түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.

Жоғары интеллектуалдық және физиологиялық жүктемесі ауыр ойындар мен сабақтар аптасына 1-2 сабақтан артық болмауы керек.

Оқу іс-әрекетін баланың  денсаулығы мен өзін-өзі сезіну, көңіл күйі жағдайларын ескере отырып ұйымдастырған жөн. Егер бала өзін жайсыз, тіпті сәл шаршаңқы сезініп тұрса, оны оқу сабағына қатыстырмаған дұрыс. Мұндай кездерде тиісті шаралар қолданып, балаға жайлы жағдай жасау керек.

Оқу іс-әрекетінің барысында, зейінін тұрақтандыратын, оны қызықтыратын, ынтасын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың жұмыс істеу қабілетін арттырып отыру қажет.

Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеті мен басқа да жұмыс  түрлері баланы шаршап-шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай бекітілген уақыт  мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.

Күн тәртібінде емдік-шынықтыру  шаралары мен психологиялық тренингтер, сергіту мен музыкалық үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен  еркін жүріп-түруына уақыт бөлінуі  керек.

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы