Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Біздің елімізде қарттарға - құрмет көрсетіліп, ақылын тыңдайтынымыз  туралы, ал кішілерге - қамқорлық жасалып, оларды бағып-қағып өсіретіні туралы түсінік беру.

Ересектер - жұмыс істейді, балалар - балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсіндіру.

Адамдар үйлерде тұратыны, ал ертеде Қазақстанда жылы, ыңғайлы, басқа түрге жеңіл өзгеретін  үйлер - киіз үйлерде тұрған.

Қазақстанда тұратын  қазақ және басқа да халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетінің негіздеріне  бейімдеу.

Өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері

Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол  жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыру.

Бағдаршамның түстерімен таныстыру, қай түс қандай белгі  беретіндігін түсіндіру.

Көлік жолдары  мен жаяу жүргінші жолдары туралы түсінік беру:

- жаяу жүргінші тротуармен;

- балалар жолдан ата-аналарының  көмегімен;

- жаяу адам көлікті  аялдамада күтеді;

- көлік ішінде ешкімге  кедергі жасамай, тәртіп сақтау.

Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

- үйде және балабақшада  өз қауіпсіздігін сақтау;

- үшкір заттармен ойнамау;

- электр құралдарынан  алыс жүру;

- отпен ойнамау;

- таныс емес, бөгде  біреуге есік ашпау;

- серуенде жүргенде  ересектерден алыс кетпеу;

- өзі білмейтін саңырауқұлақтар  мен жидектерді теріп, жемеу. 

 

 

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  

 

Мақсаты: өнер туындысына сезіммен қарайтын, бейнелеу өнері саласының қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.

«Шығармашылық» білім  беру саласының базалық мазмұны  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегі түрлері арқылы жүзеге асады:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет салу;

- музыка. 

 

 

 

Мүсіндеу 

 

Мақсаты: балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Техникалық дағдылар  мен іскерліктерін қалыптастыру.

2. Шығармашылық іс-әрекет  процесіне, көркем шығармалар  мен халық шығармашылығына эмоционалдық  қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету.

Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру.

Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету.

Кейбір заттарды, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге үйрету: азық-түліктер (бауырсақтар, печеньелер, кәмпиттер, шұжықтар), ыдыс-аяқтар (кесе, шыны аяқтар, табақтар, тәрелкелер), ойыншықтар (доп, көжек), жануарлар (кірпі, тышқан, мысық), ертегі кейіпкерлері («Бауырсақ», «Мысықтар ойнайды»).

Жануарларды мүсіндеу тәсілдерін көрсету.

Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіруге үйрету. 

 

 

 

Жапсыру 

 

Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Үлгіге сүйене отырып  дайын пішіндерден бейнелерді  құрастыра білуге үйрету.

2. Жапсыру техникасы  дағдылары мен ептіліктерін дамыту.

Мазмұны:

Балаларды көкөністер мен  жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге үйрету.

Ересектер әзірлеген  ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесу.

Заттар мен ою-өрнектердің  пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру  заңдылықтарын көрсету (элементтердің  бірізділігі мен арақашықтығын сақтау).

Әртүрлі пішіндегі қағазға  қазақтың «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйрету.

Қылқаламға желімді  ұқыпты жағып алу, клеенканың үстінде  пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамыту.

Қағаздың ерекшеліктерін нақтылау: жыртылады, бүктеледі, умаждалады.  

 

 

 

Сурет салу 

 

Мақсаты: сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Ұлттық ойыншықтармен  және сәндік қолданбалы өнер  туындыларымен, заттар мен өнер  туындыларының эстетикалық сипаттарымен  таныстыру.

2. Қарапайым заттарды, қоршаған болмыстағы құбылыстар  мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу  тәсілдерін үйрету.

Мазмұны:

Қоршаған ортаның, қазақ  және басқа да халықтардың өнер туындыларының, тұрмыстық заттары мен ұлттық ойыншықтардың әсемдігіне эмоционалдық пікірін дамыту.

Түрлі бағыттарда түзу сызықтар (ленталар, жолдар) жүргізу және олары  қиыстыру (шарбақтар мен сатылар) іскерліктерін дамыту.

Балаларды ертегі кейіпкерлерін, қарапайым табиғат құбылыстарын, жануарларды, ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды, кейбір азық-түлік өнімдерді, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге тұжырымдау.

Дөңгелек пішінді заттарды салуға үйрету (ауа шарлары, аспанда қалқып жүрген бұлттар).

Төртбұрыш пішінді заттарды бейнелеуге үйрету (орамалдар, дастарқан, кілем, текемет, сырмақ, жалаушалар, сулықтар), оларды дөңгелек пішіндермен үйлестіру (арба, вагон, машина).

Жануарларды салудың  қарапайым түрлерін көрсету (екі-үш бөлім).

Техникалық дағдылары  мен іскерліктерін дамыту қарындашпен  бояу, бояумен бір бағытта бояу). Заттар мен құбылыстардың бейнелерін беру барысында түрлі бағыттағы  қол буыны қимылдарын дамыту.

Қазақ ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету: «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» және дымковтық әшекейлеулер «Нүктелер», «Жапырақтар», «Қиылысатын жолақшалар».

Кез-келген ою-өрнекті  пішіндерін, элементтерінің бірізділігін, олардың арақашықтығын ескеріп  кеңістікте орналастырудың заңдылығын көрсету.

Балаларды дәстүрден  тыс сурет салу үлгілеріне үйрету (саусақпен, алақанмен, мөртаңбалармен, таяқшамен, сорғышпен, губкамен және т.б.).

Балаларды қарындаш пен  қылқаламды дұрыс ұстауға, бояумен (гуашьпен) ұқыпты қолдануға, негізгі  түстермен және олардың реңктерімен таныстыруды жалғастыру. 

 

 

 

Музыка 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар мен ойыншықтардың дауыстарын естуге үйрету;

2. Би қимылдары мен  музыкалық ойын әрекеттерін орындауға  ынталандыру.

Мазмұны:

Музыка тыңдау

Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу.

Музыкалық ойыншықтар мен  сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ, т.б.) дыбыстарын ажырата  білу дағдысын қалыптастыру.

Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.

Ән айту

Таза дыбыстау, созып  айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды ән айтуға үйрету (қатты-жай). Түрлі сипаттағы әндерді орындауда  қолдану.

Табиғи дауыспен әннің  сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық  фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.

Музыканың түрлі бөлімдерін атамай ажырата білуін дамыту (басы, қайырмасы, т.б.).

Музыкалық-ыргақтық қимылдар

Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың музыкаларымен  қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.

Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын  сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу іскерліктерін  дамыту. 

 

 

 

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелерінің негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетке қатысуға дайын мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Әлеуметтік орта» білім  беру саласының базалық мазмұны  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- қоршаған ортамен  таныстыру;

- экология;

- көркем әдебиет. 

 

 

 

Қоршаған ортамен  таныстыру 

 

Мақсаты: қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен әлеуметтік мәдениет негіздерін меңгерту.

Міндеттері:

1. Отаны мен отбасына  сүйіспеншілік сезімін ояту және  ересектерді құрметтеуге тәрбиелеу.

2. Балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс  ұстау ережелерін сақтауға үйрету.

3. Балаларды жақын  адамдарының, құрдастарының, жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің жағдайларына эмоционалдық қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

Мазмұны:

Мен - кіммін?

Өзі туралы қарапайым  түсініктерін қалыптастыру (менің қолым, аяғым, басым, құлағым және бетімде  көзім, мұрным, ауызым бар).

Өзін құрметтеуге және өзінің дербестігін нығайтуға мүмкіндік жасау.

Балаға қарапайым туыстық  қарым-қатынастары, сүйіспеншілігі мен  қандай эмоциялық сезімде болатыны туралы пікірін айтуға ынталандыру (Менің әкем, анам, ағам, апам, атам мен  әжем, тәтем, көкем бар. Олардың бәрі мені жақсы көреді және маған қамқорлық жасайды).

Адам - тіршілік иесі

Сыртқы физиологиялық  ерекшеліктері туралы түсінік беру (әрқайсысының қолы, аяғы, басы, құлағы және бетінде көзі, мұрны, ауызы бар). Көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол мен  аяқтың не үшін қажеттігін балаларға үйрету.

Өзінің эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге үйрету (қарным ашты - тойдым, шаршадым - дем  алдым, ауырдым - емделдім, ренжідім - қуандым, жыладым - күлдім, т.б.).

Отбасы

Отбасы бейнеленген  суреттерді қарастырып, отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін (анам сорпа пісіріп жатыр, әкем үй салып жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке барады) атау. Балаларды «Отбасы» ойынындағы рөлдерді (Бұл әке, ана, балалар) бөле отырып ойнауға ынталандыру.

Отбасы үшін бөлме  жиһаздары мен ыдыс-аяқтарды орналастыру.

Өзінің отбасы мүшелеріне, бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқалардың  да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық  жасайтынын туралы түсіну.

Ересектердің  еңбегі

Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, дәрігер, аспаз), баланың туысқандарының немен айналысатыны, үйдегі іс-әрекеті («Әжем қатық ұйытады, наурыз көже дайындайды, шұлық тоқиды», «Анам ыдыс жуады», «Әкем орындықты жөндейді», «Апам сабақ оқиды») туралы түсініктерін кеңейту.

Көлік құралдарын түрлі  мамандық иелері (жүргізуші, машинист, ұшқыш) басқаратыны туралы түсінік  беру.

Ересектердің қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды ересектермен бірге шамасына қарай бірлесіп еңбек етуге (ойыншықтарды жинау, үстелді жабдықтау, гүлдерді суару, балықтарға жем беру) араластыру.

Балабақша

Топ бөлмесі мен балабақша  ауласын еркін бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру: балабақша ғимараты мен өз тобын қарау (тану), медициналық  кабинетке, музыка залына, асханаға, көрші топқа серуен жасау.

Топтағы бөлменің (ондағы жиһаз, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, тірі табиғат  бұрышы, кітаптар бұрышы), жатын бөлмесінің (жиһаздар мен төсек жабдықтары), жуынуға арналған бөлмелер мен киім ауыстыратын бөлмелердің жабдықтарымен таныстыру. Әр бөлме неге арналғанын түсіндіру.

Балабақшада балалар  немен айналысатынын әңгімелеуге  үйрету.

Өзін-өзі ұстау  дағдылары

Ізеттілік дағдылары (сәлемдесу, қоштасу, көмек қабылдап, оған алғысын  білдіру, өз көмегін ұсыну) мен қарапайым  мәдени ережелерді сақтауға үйрету (үлкенді тыңдау, ойыншығымен бөлісу, қоғамдық орындарда мәдениеттілік сақтау).

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы