Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.
1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- екі-үш бөліктен тұратын
ойын әрекеттерін орындауды,
- қарапайым рөлдерді орындауды;
- әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 біртінді эпизодты орындауды;
- ойынға ойыншықтар
мен атрибуттар таңдап алуды,
ойыншықты өзімен бірге
- ойында орынбасар затты қолдануды, бірлескен ойынға қатысуды, өздігінен ойнау үшін (2-3 баладан) бірігуді;
- ойында тек балалардың
жанында емес, сонымен қатар басқа
балалармен бірге ойнап,
- ойыншықтармен сахналау және ойындарға белсенді қатысуды,
- ойынның сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыс салуды;
- тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындарды,
- кейбір кейіпкерлердің бейнелі әрекетін бере алуды;
- дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын көрсете білуі керек.
ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: балаларды ересектермен бірге және өздігінен еңбек әрекеттеріне қатысуға тәрбиелеу, өзіне-өзі қызмет ету мен қоршаған ортада тәртіп сақтаудың қарапайым дағыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Ересектердің тапсырмаларын
орындауға қызығушылықты,
2. Қиындықты жеңе білуді дамыту, дербестікті тәрбиелеу.
3. Ересектердің еңбек
әрекеттеріне қызығушылығын,
Мазмұны:
Балаларды киіну, шешіну, жуыну үдерістерінде дербестікке ынталандыру. Балаларды киінуте, шешінуге, үлкендердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге (түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешу), шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету. Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, үлкендердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.
Балаларды қарапайым
шаруашылық-тұрмыстық еңбекке
Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету.
Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік түріндегі ынтымақтастық үдерісінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді (қалақшамен құм алу, тарақпен шаш тарау) орындауға үйрету.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуді;
- шешкен киімдерін бүктеуді, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюді;
- киімдеріндегі олқылықтарды байқауды, үлкендердің көмегімен өзін тәртіпке келтіруді;
- үстел мен орындықтарды қоюды;
- үстел үстіне қасықтарды қоюды;
- нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қоюды;
- ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне қажетті
- ойыннан кейін ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыруды, құстарға арналған астаушаларды жууды, құстар мен балықтарға жем шашуды;
- өсімдіктерді суаруды;
- тәрбиешімен бірге
учаскеге ойыншықтарды
- тапсырманы орындаудың басы мен соңындағы нәтиже арасында байланыс орнатуды білуі тиіс.
МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР
Республика күні, 8 наурыз, 22 наурыз жалпы халықтық мереке күндері балаларға арнап ертеңгіліктер өткізіледі. Ертеңгілікті өткізу барысында балалардың мерекелік, қуанышты көңіл күйлерін көтеріп, көшелердегі әдемі безендірулерді көрсету және бөлмедегі әшекейлерге көңіл бөлдіру керек. Балаларға жалаушалар, жұлдызшалар, әуе шарларын көрсете отырып, оларды сап түзеп жүретін, ән айтатын, қызықты қуыршақ театрын, ересек топ балаларының орындауларын көретін, мерекемен байланыстыру.
Балалардың дербестік
әрекеттерін белсендіретін
Жыл бойына кезекті ойын-сауықтар өткізіледі. Үстел үсті, көлеңкелі және қуыршақ театрын қолданып шағын сахналауды көрсету ұйымдастырылады. Сахналауды зейін қойып қарауға, қарапайым дыбысқа еліктеуді орындауға үйрету (иттің үруі, жылқының кісінеуі, қойдың маңырауы).
Көңілді ойындар, ермектер ұйымдастыру, тәрбиешінің ұсынысына эмоционалды (қол шапалақтау, шақыру, тығылу және т.б.) үн қатып және оларды шын көңілмен орындауға үйрету. Алдымен еліктеу арқылы, содан соң ауызша айту бойынша қарапайым драмаланған қимылдарды («қоян секіреді», «қоян ұйықтап жатыр», «балапан дән шоқиды» және т.б.) тәрбиешімен бірлесіп орындау.
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Бағдарлама мазмұнын іске асырудың маңызды шарттарының бірі - мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының балаларға қоятын талаптарының бірлігі.
1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық отбасының тәрбиелеу әлеуетін тиімді қолдану негізінде құрылады.
Міндеттер:
1. Балабақшаның педагогикалық ұжымы мен отбасының күшін балаларды жан-жақты үйлесімді дамыту, денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге біріктіру.
2. Бала мүддесіне сай
тәрбиеленушілердің отбасымен
3. Ата-аналардың қажеттілігін,
қызығушылығын, педагогикалық
Жұмыс түрлері:
- баланы отбасында
тәрбиелеу жайлы сауалнама
- баланың ата-аналармен
және отбасы мүшелерімен
- ата-аналар үшін электронды
және қағаз түріндегі психологи
- балалардың тілін,
саусақ моторикасын, қимыл
- ата-аналардың барлық
білім беру салалары бойынша
дербес және ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттерін
Ата-аналармен өзара
сыйластыққа жағдай жасау: әрбір
ата-ананың аты-жөнін білу, тыңдай білу,
қызықтыратын сұрақтарға жауап беру,
шын ниетін, тілектестігін білдіру.
Ата-аналардың балаларымен
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
2. Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Алма-Ата: «Мектеп». 1988.
3. Б. Баймұратова, М.
Сәтімбекова және т.б.
4. Г.Г. Григорьева, Н.П. Кочетова, Д.В. Сергеева и др. - 4-е изд., перераб. - М.: Просвещение, 2001.-253 с.
5. Визель. Т.Г.. Аномалии речевого развития ребенка. - М.:1995.
6. Григорьева Г.Г., Кочетова Н.П., Сергеева Д.В. и др. - 4-е изд.,перераб. - М.: Просвещение, 2001.-253 с.
7. Григорьева Г.Г., Груба Г.В. и др. Педагогика раннего возраста. - М.: 1998.
8. Доман Г.И. и др. Как развить интеллект ребенка. - М.: 1998.
9. Богина Т.Л., Казакова Т.Г., Тимофеева Е.А. и др. под ред. Годиной Г.Н., Пилюгиной Э.Г.. М.: 1987. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста.
10. Васильева М.А. Программа воспитания и обучения в детском саду М.: 1985
11. Гербова В.В., Казакова
Р.Г., Кононова И.М.и др., Под ред.
Г.М. Ляминой. Воспитание и
13. Жукова О.С.. Как вырастить умного ребенка. СПб.: Издательский дом «Нева», 2004.
14. С. Кенжеахметұлы. Традиции и обряды казахского народа. Алматы: 2004.
15. Козырева Л.М.. Развитие речи детей до 5 лет. Ярославль. Академия Развития.
16. Ковригина М.Д.. Сестра-воспитательница яслей и младших групп детских садов. М.: Медицина. 1977.
17. Панько Е.А., Поздеева Т.В.. Дошкольное учреждение - семья: вместе развиваем способности и одарённость ребёнка. - М.: Издательство «Белый ветер», 2004.
18. Павлова Л.Н. Раннее
детство: развитие речи и
19. Шишкина В.А., Дедулевич М.Н.. Двигательное развитие детей раннего
возраста. - 2006.
20. Тонкова-Ямпольская
Р.В., Фрухт Э.Л., Голубева Л.Г., Печора
К.Л., Пантюхина Г.В.
21. Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. - Алматы, 2002.
22. Е. Дүйсенбай. Санамақ. - Алматы, 1996.
ҚОСЫМША
1 ЖАСТАН БАСТАП
2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
«Денсаулық» білім беру саласы
Жүру, жугіру, тепе-теңдікке арналған жаттығулар үлгісі
Бір жастан - бір жас алты айға дейінгі кезең
Түзу бағытта, жол бойымен
(ені 30-25 см, ұзындығы 2-3 м), линолеумнен
жасалған жол бойымен (ені 30 см, ұзындығы
3-5 м), гимнастикалық тақтайтың
Бір жас алты айдан екі жасқа дейінгі кезең
Орындықтар, кубиктер, кеглилер арасымен, кубиктерден, кеглилерден, шығыршықтардан, таяқшалардан (еденнен 5, 10, 15 см биік) шығыршықтан шығыршыққа аттау; еңкіш тақтай үстімен жоғары, төмен, тәрбиешімен бірге гимнастикалық орындық үстімен жүру; қолына зат ұстап, бағытты өзгертіп жүру, доптың соңынан (домалатып жібергеннен кейін) жүру, жәшікке немесе гимнастикалық орындыққа (биіктігі 20 см) шығу, түсу; еліктеп жүру (солдат, тышқан, ит, құс, аю сияқты).
Ойындар: «Ойыншықты бері әкел», «Жол бойымен жүріп өт», «Аяқты жоғары көтер», «Итті қуып жет», «Тез, маған қарай жүгіріңдер», «Допты қуып жет», «Құлап қалмай жет», «Біз көңілдіміз».
Еңбектеу мен өрмелеуге арналған жаттығулар үлгісі
1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
Төрт тағандап жіптің, таяқшаның, доғаның, орындықтың астынан (биіктігі 50 см) түзу бағытга еңбектеу; бөренеден асып түсіп еңбектеу; параллель қойылған екі жіптің арасынан (жол бойымен) еңбектеу. Арақашықтығы 2 м-ге дейін еңбектеу. Шығыршықтың ішіне еңбектеп өту. Баспалдақ сатыға жоғары, төмен өрмелеу (биіктігі 1 м).
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
Еңбектеп келе жатып гимнастикалық орындықтың үстінен асып түсу және оның астынан еңбектеп өту; домалап бара жатқан доптың артынан еңбектеу, еңкіш тақтай, гимнастикалық орындық бойымен жоғары еңбектеу. Диаметрі 15-20 см бөренеден өрмелеу, 35-40 см биіктікке керілген жіптің астынан еңбектеу. Өкшені өкшеге қойып баспалдаққа (биіктігі 1-1,5) жоғары, төмен өрмелеу.
Ойындар: «Сылдырмаққа дейін еңбектеу», «Шығыршыққа еңбектеу», «Көпір бойымен еңбектеу», «Сақиналарды жина», «Жіпті қуып жет».
Лақтыру мен домалатуға арналған жаттығулар үлгісі
1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
Допты бір қолмен және қос қолдап ұстау; мөлшері әр түрлі доптар мен шарларды жинап, оларды себетке (жәшікке) салу; шарларды домалату; допты екі қолмен алға лақтыру. Допты алға қарай домалату (отырып, тұрып). Допты төменге, алысқа лақтыру.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы