Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Заттың 2-3 қасиеттеріне бір  мезгілде бағдарлану арқылы алдымен  бір түсті, кейіннен әр түсті 4-5 және одан да көп сақиналардан тұратын  пирамидаларды өлшемі жағынан кему ретімен орналастырып жинау әрекеттерін  мадақтау; 3 бір түсті біртіндеп  кішірейетін алмалы-салмалы бөлшектерден (куб, конус, цилиндр) тұратын мұнара құрастыру.

3 және біртіндеп саны  азаятын бөлшектерден түрлі-түсті  (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл  сары, күлгін және т.б.) пирамида  құрастыру, заттың көлемін, түсі  мен пішінін білдіретін сөздерді түсінуді бекіту.

Екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен  көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным  бойынша пирамиданы жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын  түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар  құрастыруға үйрету.

Жыл соңында әртекті  заттарды түсі, түрі, көлемі бойынша  салыстыра келе, 3-4 сенсорлық қасиетті таңдай отырып, сәйкестендіре білуді бекіту.

Бейнелеу өнері, құрастыру  әрекеті түрлерінде заттардың сенсорлық  қасиеттерін ескеруге, заттар мен  құбылыстардың сенсорлық қасиеті мен сапасын вариативті түрде қолдана білуге үйрету.

Балалар жылдың соңында  бағдарлама материалдарын меңгеру  нәтижесінде:

- сенсорлық белгілері  бойынша біркелкі заттарды топтастыруды;

- 8 негізгі түсті заттарды  топтастыруды;

- екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бар затты таңдауды;

- 3 және саны біртіндеп  азаятын бөлшектерден түрлі түсті  (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл  сары, күлгін және т.б.) пирамида  құрастыруды;

- екі қасиеті кезектесіп  отыратын (түсі мен пішіні, пішіні  мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамида жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруды;

- 3-4 сенсорлық қасиеті  бар заттарды таңдауды, түсі, түрі, көлемі бойынша сәйкестендіруді;

- іс-әрекеттер әр түрінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескере білуі тиіс. 

 

 

 

Құрастыру

Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі құрылыс материалдары, жеке құрылыс материалдар бөлшектерінің пішіні, көлемі, олардың құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.

2. Кеңістікті бағдарлау,  қарапайым құрылыс салу, оларды  қалпына келтіре білуді дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан  және «Лего» тәрізді ірі құрылыс  бөлшектерінен құрастыру.

Балаларды түрлі түстегі  және түрдегі геометриялық пішіндері (куб, призма, пластина, кірпіштер) бар  ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс  материалдарының жиынтығымен таныстыру.

Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерді атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білуге үйрету.

Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен  және орнықтылығымен таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық, диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және «қысқа - ұзын», «жіңішке - жуан» кеңістіктік белгілерді ескере отырып, біріктіруге үйрету.

Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау. Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.

Қарапайым құрастыру  дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою, жанына қою.

Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті  ойыншықтарды қолдана отырып, олармен  ойнау

Құрылысты бөлшектеп  бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.

Қағаздан құрастыру

Балаларға қағазбен жұмыс  істеудің жұмарлау және жұлу тәсілдерін көрсету. Оларға кесектеліп жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейне» (ит, бауырсақ, құс және т.б.) көре алуға көмектесу.

Балалармен бірге қарапайым  құрастыру жасау (мысалы, балалар  жасыл шөпті қағазды жырту  арқылы жасайды және оған бақбақ гүлін (қағазды кесектеп), құстарды орналастырады.

Тәрбиеші мен балалардың жасаған панноларын топ бөлмесін безендіруде қолдану.

Балалар жылдың соңында  бағдарлама материалдарын меңгеру  нәтижесінде:

- құрылыс материалдарының  негізгі түрлерін (текшелер, кірпіштер,  пластиналар) ажыратуды;

- кірпіштерді көлденеңінен  бірінің үстіне бірін қоюды;

- қарапайым құрылысты  атауды, құрылыс ауқымына сәйкес  сюжетті ойыншықтарды қолдана  отырып, олармен ойнауды;

- құрылысты бөлшектеп  бұзып, қорапқа ұқыпты сала білуі тиіс. 

 

 

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ

МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: балаларды сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын арттыру; әсемдікті түсінуді, балалардың эмоционалдық әлемін дыбыстармен, бояулармен, пішіндермен молайтуды қалыптастыру.

«Шығармашылық» білім  беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу және  желімсіз жапсыру;

- мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.  

 

 

 

Сурет салу

Мақсаты: Баланы сурет салуға, мүсіндеуге ынталандыру және жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын  арттыру.

2. Түс, сызық, дақтарды қолдана  отырып, қоршаған ортадағы нақты  шындық құбылыстарын бейнелеу  жолдарына үйрету.

3. Сурет салуға арналған материалдар  туралы ұғымдарын толықтыру.

Мазмұны

Балалардың бейнелу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, сурет салуда, мүсіндеуде түрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін бекіту. «жаңбыр тамшылайды», «жапырақтар жерге түсті», «қар жауып тұр», «ормандағы аңдар» және т.б. құбылыстарды көрсететін бояулар мен сызықтарға назар аударту.

Таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын (Сәуле шай ішіп отыр) түсіну.

Қол қимылдарын дамыту Түрлі-түсті  қарындаштар және бояулармен (гуашь) сурет салуға үйрету.

Қарындаш пен қылқаламды үш саусақпен, қатты қысып ұстамай, түзу, түйық сызықтарды сурет салудың  қарапайым элементі ретінде қағаз  бетіне жеңіл түрде түсіру. Қарындаш немесе қылқалам ұстаған қол қимылын  бақылау. Қағаз бетінде сурет  салу қимылдарын реттеу, бұл қимылдарды ырғақты түрде қайталау, қарындаш пен қылқаламды қысып ұстау күшін реттеу (қағаз бетінен қолды үзбеу, қарындашты қатты қысып ұстамау, қылқаламның түгіне салмақ салмай жүргізу), қылқаламның түгін бояуға сулап алу, артығын ыдыстың шетіне жағу, қылқаламды суға жуу, оны шүберекпен кептіру.

Сурет салуға өз жұмысының  нәтижесі ретінде қарауға баулу.

Балаларды қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген кесе, табақтарын қарап, өз пікірлерін айтуға үйрету.

Ашық түсті бояуларға  эмоционалды пікірлерін білдіру. Қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, бейнелерді бере білуге үйрету («Үйдің терезесіндегі жарық», «Шыршадағы шамдар»). Дақтарды қағаз бетіне жағу.

Қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуға үйрету. Қалыптан тыс тәсілмен сурет салуға үйрету: қағазды екіге бүктеп, бір бетіне бояу жағып, екінші жартысына түсіру.

Балалардың қарапайым  дөңгелек пішінді заттарды бейнелей білуін бекіту. Сызықтардың мәнерлілігін, бояу жағудың үйлесімділігін («Күн жарқырайды», «Гүл басын иді» және т.б.) байқауға үйрету. Қағаз бетін, қуыршаққа арналған көйлектің кескінін сызықтармен, жағыстармен әсемдеуге үйрету.

Балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру. Өз еркімен бояудың түсін, қағаз бетінің түсін таңдауға ынталандыру. Бояулармен, қарындаштармен эксперимент жүргізуге ниеттендіру.

Бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын мадақтау. Балалардың жұмысын қарау және талдау. Таныс заттар мен кейіпкерлерді  табу. Кеңістікті бағдарлауға («Аспанда күн жарқырап тұр», «Үйдің жанында шырша өсіп тұр» және т.б.) үйрету.

Белгілі бір ережелерді орындауға үйрету: түзу отыру, тек  қағаз бетіне сурет салу, қағазды  жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, бояуды ұқыпты қолдану, оған қылқаламның түгін ғана батыру, сабақ аяқталған соң материалдарды жинау.

Жылдың соңында балалар  бағдарлама материалдарын меңгеру  нәтижесінде:

- таныс заттардың,  кейіпкерлердің бейнелерін тануды, не (кім) бейнеленгенін, не істеп  жатқанын түсінуді;

- түрлі-түсті қарындаштармен және бояулармен (гуашь) сурет салуды;

- қағаз бетіне тігінен,  көлденеңінен, түзу және толқын  тәрізді сызықтар сызуды;

- қарапайым дөңгелек  пішінді заттарды бейнелеуді, сызықтардың  мәнерлілігін, бояу жағудың үйлесімділігін  байқауды,

- сурет салудың белгілі бір ережелерін орындауды білуі тиіс.  

 

 

 

Желімсіз жапсыру

Мақсаты: қарапайым жапсыру әрекеттерінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

Міндеттері:

1. Ересектермен бірлесіп, затты желімсіз жапсыруды түсінуге  және құрылымына қарай жеке  бөліктерден бейнелер құрастыруға үйрету.

2. Жапсыру барысында  фланелеграф, қағаздың бетін дұрыс  қолдануға үйрету.

3. 2-3 бөліктен тұратын  түрлі заттарды құруға үйрету.

Мазмұны:

Балаларды дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген  таныс заттарды атауға, қарапайым  композиция құруға үйрету.

Фланелеграфқа қарама-қарсы  түстегі («Мерекелік от шашу») дайын  пішіндерді орналастыру, заттың бейнесін құрастыру («Күн мен шырша», «Үй мен  қақпа», «Өрістегі қойлар»).

Бөліктердің орналасу ретіне көңіл бөлу, фланелеграфты біресе алаңқайға, біресе аспанға, т.б. айналдырып, қолдануға үйрету.

Мәнерлілік құралы ретінде  және мазмұнды байыту мақсатында сурет  салу мен жапсыруды кіріктіру.

Балалар жылдың соңында  бағдарлама материалдарын меңгеру  нәтижесінде:

- дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген таныс заттарды атауды, қарапайым композиция құруды;

- фланелеграфқа қарама-қарсы  түстегі («Мерекелік от шашу»)  дайын пішіндерді орналастыруды,  заттың бейнесін құрастыруды  («Күн мен шырша», «Үй мен қақпа», «Өрістегі қойлар»);

- бөліктердің орналасу  ретіне көңіл бөлуді, фланелеграфты  біресе алаңқайға, біресе аспанға,  т.б. айналдырып, қолдануды;

- мәнерлілік құралы  ретінде және мазмұнды байыту  мақсатында сурет салу мен  жапсыруды кіріктіруді білуі тиіс. 

 

 

 

Мүсіндеу

Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру, сазбалшықпен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Бейнелеу материалы  ретінде сазбалшықтың сапасы  туралы ұғым беру.

2. Ересектердің көрсетуі  мен есінде сақтағаны бойынша  илеуде қарапайым заттар мен құбылыстарды бере білуге үйрету. Сазбалшықпен жұмыс жасаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиетімен (жұмсақ, кесектерге бөлуге, ойып жасауға, илеуге болады) таныстыру. Сазбалшықты  ұқыпты қолдануға, тақтайша үстінде  илеуге және техникалық тәсілдерге үйрету: үлкен кесектен кішкене кесегін бөліп алу, тақтайша үстінде домалату, алақан арасына салып, домалақтау, бөліктерді бір-бірінің үстіне, жанына қою, ұсақ бөліктерін шымшып алу (дәмді бауырсақтар). Қарапайым заттарды илеп жасауға үйрету: таяқша, діңгек, шұжық, шар, содан соң қалаш, дөңгелек және одан күрделісі - пирамида, саңырауқұлақ.

Балаларды шыныаяқ, табақты  илеп жасауда сазбалшық кесегін  саусақпен басып, тереңдетуге, заттардың  ұқсастықтарын табуға, кесектерді (мұнара) біріктіруге үйрету.

Илеуге арналған материалдарды  қолдану ережелерімен (арнайы тақтайша үстінде илеу, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға  орналастыру, үстел үстіне материалды жинау) таныстыру.

Балалар жылдың соңында  бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- сазбалшықтың қасиетін;

- сазбалшықты ұқыпты  қолдануды, тақтайшада илеуді;

- үлкен кесектен кішкене  кесегін бөліп алуды, алдымен  тақтайша үстінде, содан соң  алақан арасына салып домалақтауды;

- домалақтауды, бөліктерді  бірінің жанына бірін, бірінің  үстіне бірін қойып, ұсақ бөліктерін шымшып алуды;

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы