Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.
1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
Балалардың сөздік қорын:
- транспорт құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек), өсімдіктер (ағаш, шөп, гүл), жемістер (алма, алмұрт), көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр), үй жануарлары (қой, ешкі, тауық) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;
- кейбір еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту, үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін етістікпен;
- заттардың көлемін,
түсін, дәмін (үлкен, қысқа,
қызыл, көк, тәтті, ащы)
- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қарашы) молайту.
Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.
Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында (екі-үш сөйлеммен) әңгімелеуге үйрету.
Суреттегі үй жануарлары (қой, сиыр, тауық және т.б.) мен оның төлдерін (қой - қозы, сиыр - бұзау, тауық - балапан) танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің (сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т.б.) дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау (күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы шаш үлгісін жасайды, жүргізуші көлік жүргізеді және т.б.).
Айналадағы кейбір транспорт түрлерін (жеңіл және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус) сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.
Тәрбиеші балалармен бірге нысананы қарап, заттың бөлшектерінің (бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және олардың қолданылуын (төсекте ұйықтауды, үстел басында тамақтанады және сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу керек.
Балалардың заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың кеңістікте орналасуын (биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде, жанында), қозғалу бағыттарын (алға - артқа) сипаттау білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- педагогтың ауызша
көрсетуі бойынша: заттарды
- транспорт құралдары,
автомобиль бөліктері,
- кейбір еңбек әрекеттерін
білдіретін етістікті, заттың
көлемін, түсін, дәмін
- сурет мазмұны бойынша,
серуенде көргендері жайлы тәрб
- суреттегі үй жануарлары мен оның төлдерін танып, атай білу, өсімдіктерді ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін атап, сыртқы түріне қарай ажыратып, кейбір жемістер мен көкөністердің дәміне қарай атай білу, отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі үлкендердің кейбір еңбек әрекеттерін атауды;
- айналадағы кейбір
транспорт түрлерін сыртқы
- өзінің, жақын адамдарының
аты-жөнін, тәрбиешісін,
«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Мақсаты: заттар, табиғат, адамдар әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сенсорика;
- құрастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балалардың қоршаған орта, табиғат, заттар мен олардың маңызы және олармен әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту және қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балаларды қоғамдық
өмір құбылыстарымен және
2. Заттардың қасиеті
мен кеңістіктік ортаны
3. Балалардың барлық тіршілік иелеріне адамгершілік сезімдерін, мейірімділігін және қамқорлықтарын дамыту.
Мазмұны:
Қоғамдық өмір құбылыстары
Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту. Бала айналасына жақын адамдардың үйдегі және балабақшадағы еңбегі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Жекелеген еңбек әрекеттерін (анам киіп тігеді, кір жуады, үтіктейді; мейірбике градусник қояды, ине салады; күтуші ыдыс-аяқ жуады; дәрігер емдейді; жүргізуші машина жүргізеді; аспазшы ас пісіреді және т.б.) тануға және атай білуге жаттықтыру.
Балалардың жекелеген еңбек үдерістері туралы ұғымдарын тереңдету, оларды еңбек нәтижесін көруге, әрекеттерді белгілі бір біртінділікпен орындауға және бұл үшін еңбекке қажетті құралдар, материалдардың бар екенін түсінуге үйрету.
Автомобильді басқару туралы қарапайым мәлімет, транспорт құралы және оның маңыздылығы туралы ұғым беру, оларды танып, атауға (жүк және жеңіл автомобильдер, автобус, трамвай, троллейбус, поезд), сонымен қатар жүк автомобилінің негізгі бөліктерін атап, ажырата білуге үйрету. Автобус, жеңіл автомобиль, трамвайға адамдар отырады, ал жүк машинасымен жүк (балабақшаға азық-түліктер) тасиды.
Адам:
- оның сыртқы денесінің
ерекшеліктері (әр адамның
- оның дене және
эмоционалдық жағдайы (қарны
- балаға жақын адамдардың әрекеттері («Анам тамақ пісірді», «Әжем шұлық тоқыды», «Атам газет оқыды», «Ағам сурет салды», «Әкем сағат жөндеді» және т.б.) туралы білімдерін бекіту.
Қоршаған ортадағы заттар
Баланың заттарды, нысаналарды және айналасындағы құбылыстарды зерттеу ниетіне қолдау көрсету, заттардың қолданылуымен және олармен әрекет жасаумен таныстыру.
Үй тұрмысына қажетті заттарды (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.), ойыншықтарды, еңбек құралдарын (сыпыртқы, сыпырғыш, күрек, су сепкіш, шелек және т.б.) қарауды ұйымдастыру. Балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың қасиетін - қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға; заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп алып, топтастыруға; қарама-қарсы белгілері бойынша (үлкен-кіші, қатты-жұмсақ) олардың арасындағы қатынасын орнатуға; бүтінді және бөлшекті (матрешкалар, қима суреттер), заттармен, материалдармен әрекет жасауды атауға, қарама-қарсы әрекеттерді (киіну - шешіну, ағыту - түймелеу) ажыратуға үйрету.
Заттарды қолдану белгілері бойынша (ас ішуге және шайға арналған ыдыс-аяқтар, қуыршаққа арналған киімдер) топқа біріктіруге үйрету.
Табиғат ортасы
Өсімдіктер әлемі. Балаларды қияр, қызанақ, сәбіз, шалқан, алма, алмұрттың сыртқы түріне, түсіне қарай атап, тануға үйрету.
Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру Балалардың зейінін ағаштың негізгі бөліктеріне (діңі, бұтағы, жапырағы) аудару, жапырақтардың түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға жаттықтыру. Өсімдіктердің бөліктері (сабағы, жапырағы, гүлі), суару туралы ұғым беру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға ынталандыру.
Жануарлар әлемі. Үй жануарлары (сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, жылқы, ит, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін (бота, бұзау, лақ, қозы, құлын, күшік,балапан және т.б) атауға және ажырату.
Орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін жэне т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсету (әтештің әдемі айдары бар, қоянның ұзын құлақтары бар, аю үлкен, оның құлақтары кішкентай, әтештің шақыруы, мысық пен күшіктің шығарған дыбыстарын тыңдату).
Кейбір жануарлардың денесінің бөліктерін (басы, құйрығы, аяқтары) ажыратып атауға үйрету.
Құстарға және олардың іс-қылықтарына (ән салады, ұшады, шоқиды, су ішеді) бақылау жасау. Балаларды балықтарға (аквариумдағы), құстарға жем шашуды үйрету.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.
Табиғатта жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) ауысуын және олардың ерекшеліктерін (қыста суық, қар; жазда ыстық, күн жарқырайды, көктемде сүңгілер ериді, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, күзде жел тұрады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі) байқау. Жыл мезгілін сыртқы белгілері бойынша ажырату және оларды атау.
Ауа райындағы және табиғаттағы ерекшелік өзгерістерді байқау. Ауа райы құбылысы мен оған адамдардың қатынасы (жаңбыр - дымқыл, сырт киімсіз және етіксіз қыдыруға болмайды, жаздың ыстық күнінде бас киім киеді, қыста адамдар тон, мойын орауыш, жылы етік, аң терісінен жасалған тымақ киеді және т.б.).
Тұрмыстағы су (сұйық, жылы-суық, суға шомылады, жуынады, кір жуады және т.б.), табиғаттағы су (жылғалардан ағады, сүңгілер ериді, өзен, тоған) туралы білу.
Балалар жылдың соңында бағдарлама
материалдарын меңгеру
- үлкендердің жекелеген еңбек әрекеттерін танып, атауды;
- балаға жақын адамдардың
- транспорт құралдары мен
-ойыншықтар, жиһаз, киім, ыдыс-аяқтар, кейбір жемістерді атап, ажыратуды;
- оларды қолдану белгілері бойынша топқа біріктіруді;
- үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, шошқа, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін атап, ажыратуды;
- орманды мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсетуді;
- жануарлардың дене бөліктерін атап, ажыратуды;
- қияр, қызанақ, сәбіз, шалғам, алма, алмұрттың сыртқы түріне, тусіне қарай атап, тануды;
- ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атауды;
- жыл мезгілін сыртқы
белгісі бойынша ажыратуды
Сенсорика
Мақсаты: заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу, осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгерту.
Міндеттері:
1. Балаларды заттардың
сенсорлық қасиетгеріне
2. Балалардың өздеріне
жақсы таныс нысаналардың
3. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Мазмұны:
Заттық әрекет
Зат құралдарын қолдануларын үйретуді жалғастыру. Арнайы су толтырылған немесе суы жоқ ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен аулау үшін ауды, ожауды қолдануды ұсыну. Еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану Өз әркеттерінде зат құралдарды балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық әрекеттерде қолдануларын мадақтау. Қол мен саусақ ұштарының қимылдары және сенсомоторлық кеңістіктік «көз - қол» үйлесімділігін дамыту.
Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша,), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету.
Балалар жылдың басында көлемі (үлкен - кіші), пішіні (шаршы - дөңгелек, үшбұрыш - сопақша және т.б.), түсі (қызыл - көк, сары - қара, қызыл сары -күлгін және т.б.) бойынша көзге бірден түсетін біркелкі заттарды, содан соң заттардың көлемі, пішіні (дөңгелек - сопақша, тік төртбұрыш - шаршы), түсі (қызыл - қызыл сары, көк - күлгін) бойынша бір-біріне ұқсайтындарын топтастыруға үйрету.
Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету.
Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы