Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

- 1 жас 3 айдан бастап  балаларды құрал-жабдықтарды (ауа шарларымен, ұзын тұтқалы арбамен ойындар) қолдануға дайындау мақсатында заттық құралдармен таныстыру;

- бір-бірімен байланысты  тура және кері әрекеттерді  орындау: жаю-жинастыру, алу-салу, кішкентай шарларды қорапқа, шелекке,  ауыстырып салу, кіпшентай науалармен домалату;

- заттарды өлшемі (үлкен,  кіші) немесе пішіні (шаршы, дөңгелек) бойынша сәйкес ұяларға орналастыра  отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды  орындауға үйрету;

- түрлі-түсті қақпақтарды  жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне салу (көлемі кіші затты көлемі үлкен заттың ішіне салу), іші қуыс бірдей заттарды (кубтар, конустар, т.б.) мөлшері үлкен заттармен үстінен жабу;

- алмалы-салмалы ойыншықтарды  жинастыру (қораптар, бөшкелер, т.б.);

- 2-3 сақинадан тұрағын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі, кейіннен бір өлшемді бірнеше сақинаны, түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыру;

- балаларды заттардың  түстерімен таныстыру: қызыл,  көк;

- спектрдің алты түсінің біріне қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ және қара түспен боялған: біркелкі заттармен іс-әрекеттерді ұйымдастыра отырып, сезімдік тәжірибені кеңейту;

- балалардың назарын  түрлі-түсті (ақ шыныаяқ, кішкентай  қара машина, қызыл, көк, сары гүл және т.б.), әртүрлі материалдардан (ағаш, полиэтилен, қағаз, металл, мата) жасалған заттарға аудару;

- балалардың назарын  түрлі материалдардан жасалған  заттардың шығаратын дыбыстарына,  сонымен бірге, ақырын, қатты дыбыс  шығаратын музыкалық түрлі тембрлі (қоңырау, сылдырауық, сылдырмақ, т.б.) ойыншықтарға аудару; 1 жас 6 ай - 2 жас

- балаларды әрекеттерді  орындауға көмектесетін зат-құралдарды  қолдануға үйрету: ойыншықты таяқпен  түртіп жылжыту, түтікшенің ішіндегі  затты таяқпен итеріп шығару және т.б.;

- едәуір күрделі зат-құралдармен  әрекеттерді қалыптастыру - сақинасы, аулағышы, қарпығышы бар таяқшамен  ойыншықтар мен шарларды алу,  орындарын ауыстыру;

- балаларды таяқшаның  көмегімен түрлі пішіндегі заттарды  жақындатуға, сонымен қатар ойыншықтарды мөлдір, кейіннен мөлдір емес түтікшеден (диаметрі 3-4 см, ұзындығы 20-25 см) таяқшамен итеріп шығаруға үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап  еңбек құралдарына ұқсас құралдармен  және ойыншықтармен мақсатына,  пішіндеріне және кеңістіктегі  орнына қарай әрекет жасауға үйрету;

- қалақша, қалып, күрек,  шелек, т.б ойыншық жабдықтарды  қолдануды үйрету;

- құммен, сумен, қармен  ойнағанда ойыншық жабдықтарды  дұрыс қолдануға ынталандыру;

- балаларды кішігірім  қазықтарды ылғал құмға және  тесіктері бар арнайы үстелге  балғамен қағып кіргізуге үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап  үш орындық алмалы-салмалы дидактикалық  ойыншықтарды (бауырсақ, бөшкелер, т.б.) жинастыра білуін қалыптастыруды  жалғастыру;

- заттарды өлшеміне  қарай таңдауға және ажыратуға  (үлкен, кіші) және өлшемаралық түсініктерді {үлкенірек, кішірек) түсінуге үйрету;

- ересектердің көмегімен  конусты және тік негізге бірнеше  сақинадан тұратын пирамиданы  түсі мен өлшеміне байланысты  жинастыру;

-1 жас 9 айдан бастап  түрлі өлшемдегі сақиналардың 2-3 тобынан тұратын, ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі 4-5 сақинадан тұратын пирамида жинастыру;

- балаларды бір белгісі  бойынша (өлшем, пішін), пішіндері  әртүрлі (дөңгелек-шаршы, сопақша-үшбұрыш  және т.б.), түсі бойынша (қызыл-көк,  сары-қара, жасыл-сарғыш, ақ-күлгін) ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруға үйрету;

- балаларды заттармен  әрекетті дәл орындауға ынталандыра  отырып, ұсақ қол қимылдарын дамыту (ұсақ алмалы-салмалы заттар, түрлі  пішін мен өлшемдегі ойыншықтары  бар «ғажайып қалта»); дидактикалық  ойындар мен тұрмыста балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастыру;

- түрлі дыбыс шығаратын  заттармен (қоңырау, аспалы металл  таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыруды  жалғастыру;

- 1 жас 9 айдан бастап  алдымен екі, кейіннен үш бөліктен тұратын сәйкес алмалы-салмалы-бөлшектерді таңдау;

- қораптарға қақпақтарын  таңдау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- 1 жас 9 айдан бастап  ересек адамдардың айтуымен белгілі  бір түсті затты алып әкелуге  ынталандыру; тұрмыстық заттар, дидактикалық  және ұлттық ойыншықтарды қолдана отырып, бір мезгілде екі қасиетке - түс пен өлшем, пішін мен өлшем, пішін мен түске бағдарланған тапсырмаларды орындау;

- 2 жасқа қарай пішіні  мен өлшемі бір-біріне ұқсас  заттарды сәйкестендіру, топтастыру  біліктерін қалыптастыру;

- заттар туралы жалпы  түсініктерін қалыптастыру. Түсі  мен өлшеміне қарамастан таныс  заттарды (доп үлкен, кіші, қызыл,  көк, т.б.) тануға және көрсетуге  үйрету;

- негізгі төрт түсті  (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратуға  үйрету, тәрбиешінің ұсынысымен  бір түсті заттарды таңдау; шарлар мен бөлкелерді түстеріне қарай қорапқа салу, үстелге қою. Екі түстен артық түстерді атауға үйрету;

- 4 түрлі түсті реңкті: қызыл - қызыл сары, сары - қызыл  сары; көк - күлгін, сары - ақ үйлесіміндегі  түрлі заттарды сәйкестендіре білуді қалыптастыру.

Жыл соңында бағдарламалық  материалдарды меңгеру нәтижесінде  балалар:

- іс-әрекеттерді орындауға  қажетті қарапайым құрал жабдықтарды  қолдануды;

- еңбек құралдарына  ұқсас ойыншықтармен және құрал-жабдықтармен  әрекет жасауды;

- екі және үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастыруды;

- 2-3 топты қарама-қарсы  өлшемдегі сақиналарды пирамидаға  жинастыру; үлкендердің көмегімен  4-5 жэне одан да артық түрлі  өлшемдегі сақиналарды пирамидкаға  жинастыруды;

- бірнеше заттарды  бір белгісі (өлшем, пішін) бойынша топтастыруды;

- заттармен іс-әрекеттерді  шеберлікпен орындауды, 2, кейіннен 3 бөлшектерді іріктеуде сәйкес  қосымша-бөлшектерді таңдауды;

- қораптардың қақпақтарын  таңдауды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- түсі мен өлшемінен  тыс таныс заттарды танып, көрсетуді;

- негізгі төрт түсті  ажыратуды (қызыл, көк, сары, жасыл), тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті  заттарды таңдауды;

- екіден кем емес  түстерді атауды;

- 4 түсті реңктердің  қызыл-қызыл сары-сары; сары-қызыл  сары-сары, көк-күлгін, сары-ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіруді білуі тиіс. 

 

Құрастыру

Мақсаты: Қарапайым құрастыру жасауға бейімдеу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі пішіндегі  құрылымдарды жасауға, олардың  қолданылуын түсінуге үйрету.

2. Балаларға сюжетті  ойыншықтармен ойнауға арналған  құрылымдарды қолдануға үйрету, меңгерген құрастыру дағдыларын  дербес ойындарда қолдану.

1 жас - 1 жас  6 ай

Балаларға құрылыс материалының бөліктерін бірінің үстіне бірін  қоюға үйрету: текшені текшеге (мұнара), текшеге призманы (үйшік), цилиндрге жарты шарды (саңырауқұлақ) және т.б., бөлшектерді үстел үстіне орналастыру (жол, поезд). Кірпіштерді тігінен бір қатарға қойып, ұзын қабырға (шарбақ), бірінің үстіне бірін қойып биік қабырға (биік шарбақ) жасауға, текше мен кірпіштерді пайдаланып, көрсете отырып, қарапайым құрылымдар (үстел, орындық, диван, кереует) жасауға үйрету.

Пластина үстіне кірпіш пен текше қойып, автомобиль құрастыруға, кірпіштерден кең немесе тар көшелерді  жасауға үйрету. Балаларды құрылыс міндеттерін түсінуге, сюжетті пішіндерді қолдана отырып, құрылымдармен ойнауға үйрету.

1 жас 6 ай - 2 жас

Балаларды құрылыс материалдарынан  күрделі құрылымдар жасауға үйрету: екі текше мен пластинадан  орындық, қақпа, тігінен қойылған кірпіштер  мен пластиналардан шарбақ жасау. Орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде аражабындар жасау. Сюжетті ойыншықтармен ойнау үшін құрылымдарды қолдануға үйретуді жалғастыру.

1 жас 9 айдан бастап  сюжетті ойындар үшін жиһаздар  құрастыра білуге үйрету: екі кірпіштен диван, бір кірпішті жатқызып, екі кірпішті жанына қойып кереует жасау; міндеттері мен құрылымы әртүрлі екі зат құрастыру: үстел-орындық, кереует-орындық, текшелер мен кірпіштерден баспалдақ жасау, үш қырлы призма мен төрт кірпіштен сюжетті ойыншықтарға үйшік жасау. Баланың дербес ойынына қажетті сюжетті ойыншық жасауда «сюжетті құрастырулар», құрылымдарды жасауды қолдану (адам, жануарлар мен көлік түрлерін бейнелейтін орнықты пішіндер).

Жыл соңында бағдарламалық  материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- екі текше мен пластинадан  орындық, қақпа; тігінен қойылған  кірпіштер мен пластиналардан  шарбақ құрастыруды;

- орнықты (орындық)  және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік)  негізде аражабындар жасауды;

- сюжетті ойыншықтармен  ойынға арналған құрылыстарды пайдалануды;

- сюжетті ойыншықтармен  ойындар үшін жиһаздар жасауды;

- құрылымы және қолданылуымен  ерекшеленетін екі түрлі заттарды  бір мезгілде құрастыруды білуі  тиіс. 

 

 

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ

МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамының бастауы мен сезімдік-эмоционалдық ортасын қалыптастыру, бейнелеу өнері мен музыкаға қызығушылығын тәрбиелеу.

«Шығармашылық» білім  беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу мен  мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде жүзеге асады. 

 

 

 

Сурет салу және мүсіндеу

Мақсаты: баланы қолжетімді бейнелеу құралдарына бейімдеу, олардың эксперимент жасау ниеттерін қолдау.

Міндеттері:

1. Түрлі бейнелеу материалдарымен  сурет салуға мүмкіндік жасау,  олардың қасиеттерімен таныстыру.

2. Сурет салу мен мүсіндеуге қызығушылығын ынталандыру

Мазмұны:

Балалардың назарын  сурет салу үдерісіне аудару, ересектердің сурет салу үдерісін бақылауға, қағаздағы  қарындаш немесе бояудың бедерін  байқауға, ересектерге еліктеуге  мүмкіндік беру.

Бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакциясын тудыру.

Балалардың бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет  салуға ынталарын қолдау; қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіру мүмкіндігін  ұсыну.

Қағаз бетін қарындашпен  тоқылдату, сызықтар жүргізу, не шыққанын баладан сұрау (күн, шарбақ, гүлдер).

Балаларды сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыру, сазбалшықпен тәжірибе жасау ниеттерін мадақтап, көмектесу. Сазбалшықты алақанына  алып, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауға үйрету. Жалпақ дөңгелек пішінді «тәрелкелер», «үлкен және жуан шұжықты» мүсіндеуге үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық  материалдарды меңгеру нәтижесінде  балалар:

- қағаз бетіндегі қарындаш  немесе бояудың бедерін байқай  білуі, ересектерге еліктеуді;

- бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакцияларын білдіруді;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға  ниетті;

- қағаз бетіне ашық  түсті дақ, бояу жағу, алақанға  бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді;

- сазбалшықпен тәжірибе  жасауды;

- сазбалшықты алақанына салуды, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;

- жалпақ дөңгелек пішіндер  мүсіндеуді білуі тиіс. 

 

 

 

Музыка

Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.

Міндеттері:

1. Есту қабілеттерін шоғырландыруды, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдауға, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білуді дамыту.

2. Бастапқы әншілік  икемділігі мен музыка әуенімен  ырғақты қарапайым қимылдар жасай  білуді дамыту.

3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық атқаратын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.

Мазмұны:

1 жас - 1 жас  6 ай

Есту қабілеттерін, музыканы тыңдай білуді дамыту. Балаларды сергек және байыпты әндерді, сәйкес қимылдармен  сүйемелдей отырып, тыңдауға үйрету; дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі қайталанатын әуендерді айтуға үйрету.

Балаларды фортепианода 3-4 минуттық үзілістермен, 20-40 секунд үздіксіз орындалатын, сонымен қатар түрлі  музыкалық аспаптарда (триола, металлофон, ксилофон, ауызсырнай) орындалатын әуендерді тыңдауға үйрету;

Ересектердің айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл  қимылдармен көңілді сипат беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету.

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы