Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Балалардың түрлі сөз  таптарын қолдануы мен бала тілінде  бағыныңқы сөйлемдер мен сұрақтардың  пайда болуы ойлау қабілетінің  дамуын сипаттайды; балалардың қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды жеке-жеке емес, олардың арасында байланыс құра отырып, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін түсініп, салыстыра, теңестіре отырып қабылдайтындығын көрсетеді.

Баланың айналасындағы  адамдардың тілін түсінуде де елеулі өзгерістер болады. Бала өзінің айналасындағы өзіне, жан-дүниесіне тікелей байланысты сөздердің мағынасын түсінеді. Баламен тек осы уақыт туралы ғана емес, сонымен қатар өтіп кеткен уақыт жайлы да, келешек туралы да әңгімелесуге болады; мысалы, ол қайда барады, серуенде не істейді, кеше серуенде не болды, шыршаны қандай ойыншықтармен безендіруге болады, жазда орманда не жинайды, т.б. Едәуір күрделі жалпылау түрлері пайда болады, мысалы, ойыншықтар, киім сөзімен бала әртүрлі, бірақ қызметтері ұқсас заттары жалпылайды. Жалпыланған мағынаны заттың қасиеттерін білдіретін сөздер де иеленеді.

Бала өз көзімен көрмеген оқиғалар мен құбылыстар туралы ересектердің әңгімелерін түсіне алады, бірақ  әңгімеде қолданылатын сөздер оларға түсінікті болуы тиіс

3 жасқа қараған бала тілінің тәрбиелік мағынасы айтарлықтай өзгереді. Үйрету барысында көрсету әлі де жетекші әдіс болғанымен, тілдің үйрету мен тәрбиелеу құралы ретінде ролі едәуір артады. Сөзбен баланың қандай да бір әрекетін тыюға, теріс қылықтарының алдын алуға, өткенді еске түсіруге, жаңа әрекеттерге үйретуге, пайымдаулары мен түсініктерін қалыптастыруға болады. Бірақ, тілді дамытудағы жетістіктерге қарамастан, балалар тілдің грамматикалық құрылымын меңгермегендіктен, тәжірибелері әлі де жеткіліксіз болғандықтан, олардың тілдері ерекше болып келеді.

3 жаста баланың дыбыстарды  дұрыс айтылуы бекітілмеген, бірақ  автоматтандырылған болады. Көптеген  дыбыстар жұмсақ айтылады, бір  сөз тіркесінде дыбыстар дұрыс  айтылса, енді біреуінде қате  айтылады. Бұл жастағы барлық балалар бірдей «р, л, с, ш, з» дыбыстарын дұрыс айта бермейді, айтуға тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырып айтады немесе тастап кетеді, орнын ауыстырады. Бірақ тіліндегі кемшіліктерге қарамастан бала басқа балалардың тіліндегі кемшіліктерді байқап, оларды жөндейді. Бұл балалардың тіл дыбыстарын қабылдауы дыбыстарды айта білуінен гөрі айтарлықтай жетілгендігімен түсіндіріледі.

3 жаста балада өзін  қоршаған орта туралы түрлі  ұғымдар мен түсінктер қалыптасады.  Бала тұрмыстық заттардың қасиеттері  мен қолданылуын біледі, оларды ажыратып қана қоймай, түрін, түсін, өлшемін атайды, негізгі кеңістіктік және уакыттық қатынастарда бағдарлана алады.Балада сан (көп, аз, артық, кем, бір) туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Балалардың ұғымдары мен түсініктері әлі де жеткіліксіз, сондықтан қате қорытындылар жиі кездеседі.

Сенсорлық дамуы ары  қарай жүзеге асады, бағдарлық-танымдық қызметте айтарлықтай өзгерістер болады. Баланың негізгі әрекетінің бірі бақылау болып табылады, оған ерекше назар аударған жөн, себебі ол сенсорлық дамудың маңызы құралы болып табылады. Егер ересектер баламен бірге бақыласа, бала сұрақтарды көп қояды, сондықтан зейінді болған жөн. Баланың қоятын сұрақтары қоршаған ортаны танып-білуге бағытталады.

Бала өмірінің үшінші жылында іс-әрекет күрделенеді және, түрленеді. Оның келесі түрлері бар: заттық іс-әрекет (пирамида, мозаика, алмалы-салмалы ойыншықтармен айналысу); сюжеттік ойындар (қуыршақпен ойнау); бақылаулар; суреттер мен кітаптарды қарастыру; еңбек әрекетінің элементтері (дербес тамақтану, киіну, ойыншықтарын жинастыру); құрылыс материалдарымен ойындар; бейнелеу өнерінің бастауы (мүсіндеу мен сурет салу). Іс-әрекет түрлерінің сәбидің ойлау қабілетін дамытуда ерекше маңызы бар. Баланың қалыпты дамуы бұл іс-әрекеттерсіз мүмкін емес.

Көптеген іс-әрекеттердің ішінде сюжетті ойындар ерекше орынды иеленеді, оның сипаты 2 жастағы баланың ойынымен салыстырғанда күрделірек болып табылады. Бала, ойнай отырып, айналасындағы адамдардың көптеген әрекеттерін бейнелей алады («жұмысқа барады», «түскі ас дайындайды», «науқас адамды емдейді»).Бала әрекеттердің біртінділігі мен өзара байланысын бейнелеп қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көрсететін болады. Мысалы, қуыршақпен ойнай отырып, қайырымды болады, қамқорлық жасайды немесе оған ренжиді, ескертулер жасайды, жазалайды. Рөлдік ойындардың элементтері пайда болады.

Бала өмірінің үшінші жылында дамудағы жаңалық қандай да бір істі бастамас бұрын мақсатын анықтай білу болып табылады: «Мен үй саламын», «Мен қуыршақты емдеймін». Жоспарлау элементтерінің пайда болуы - бала әрекетінде маңызды. Бұл жаста бала құрылыс материалдарымен айналысқанды жақсы көреді. Ол өзі күрделі құрылыстарды жасай алады (мысалы, гараж, оған баратын жол, шарбақтар) және олармен ойнайды.

Іс-әрекеттің жаңа түрлері: мүсіндеу мен сурет салу пайда болады. Бала қарындаш, ермексаздың көмегімен бір нәрсені бейнелеуге, үш жастың соңына қарай жол, жауын, кішкентай сақиналардың суреттерін салып, таяқшал, сақина, шелпекті илеп жасауды, бірнеше таяқшалар мен сақиналардан тұратын саңырауқұлақ пен пирамидаларды мүсіндеуге болатынын түсіне бастайды.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас  барысында балада айналасындағы  адамдар мен құбылыстарға белгілі  қарым-қатынасы, соған сәйкес мінез-құлқы  қалыптаса бастайды. Жағымды мінез-құлықтың барлық түрлерін осы жастағы балаларда қалыптастыра бастау қажет. Осы кезеңдегі балалардың сезімдері де әртүрлі болып келеді. Олар рақаттану, қуану, өкіну, қорқу, ұялу, бауыр басу, өкпелеу сезімдерін білдіреді.

3 жас - бала дербестігінің  қарқынды даму кезеңі. Дербестік  баланың іс-әрекеттері мен өмірінің барлық жағында көрінеді: өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, қарапайым еңбек әрекеттері әбден жетіледі. Бала бойында құрбыларына оң қарым-қатынастарын білдіруі қалыптасады: жақсы көру, көмектесу, бірге жасау, қызықты затты бақылау.Дербестігінің артуына байланысты бала өзінің «Мен»-ін түсіне бастайды және ересектерге ұқсағысы келеді, сондай тәуелсіз, дербес болғысы келеді. Артық қамқорлық жасағанда, тәрбиелік тәсілдерді орынсыз қиындату салдарынан «мінез-құлық дағдарысы»: баланың мінез-құлқында жағымсыз жайттар - ерегесу, қыңырлық, еркелік пайда болуы мүмкін. 

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ 

 

Үйде

Ұйқыдан ояну, таңертеңгі шаралар

6.30-7.30

Мектепке дейінгі  ұйымда

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика

7.00-8.00

Таңғы ас

8.00-8.00

Ойындар, сабаққа дайындық

8.30-9.00

Шағын топпен ойын-сабақ

9.00-9.15

9.15-9.30

Серуенге дайындық

9.30-9.50

Серуен

9.50-11.30

Серуеннен оралу, гигиеналық шаралар

11.30-11.50

Түскі ас

11.50-12.30

Күндізгі ұйқы

12.30-15.00

Ұйқыдан ояну, сауықтыру  шаралары

15.00-15.30

Бесін ас

15.30-16.00

Шағын топпен ойын-сабақ

16.00-16.50

Серуендеу, қимылды ойындар

16.50-17.40

Серуеннен оралу

17.40-18.00

Кешкі ас

18.00-18.20

Балалардың үйге қайтуы

18.20-19.00

Үйде

Серуен

19.00-19.50

Сабырлы ойындар, гигиеналық шаралар

19.50-20.20

Түнгі ұйқы

20.20-6.30 (7.30)


 

  

 

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ  БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын меңгеруге саналы қатынасын, салауатты өмір салты әдеттерін қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеті - дене шынықтыру;

- балалардың өмірін  ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы - өздігінен қозғалу әрекеті, мәдени-гигиеналық  дағдылар, салауатты өмір салты  мен сауықтыру-шынықтыру шаралары  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  жүзеге асады. 

 

 

 

Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың дене сапасы мен қозғалу дағдыларының негізгі қимылдарын дамыту.

Міндеттері:

1. Балалардың денсаулығын  сақтау мен нығайтуды жалғастыру, шамадан тыс шаршаудың алдын  алу. Баланың балабақшада және  отбасында физиологиялық және  психикалық жай-күйінің қолайлы болуын қамтамасыз ету.

2. Дене шынықтыру сабағында  және ертеңгілік жаттығуларды  орындау барысында негізгі қимылдарды  жетілдіру.

3. Ересек адамның көрсетуімен  дене жаттығуларын орындауға  үйрету.

Мазмұны:

Қол, дене, аяққа  арналған жалпы дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуі мен ауызша айтуына сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шар, сақина, гантель және т.б.) қолдануға үйрету.

Негізгі қимылдар: бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру. Топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Жіптен, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүру.

Топқа бөлініп және бүкіл  топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта (бірін-бірі итермей), бірінің соңынан  бірі, бір қатармен тәрбиешінің соңынан  жүгіру.

Доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін еңбектеу.

Ауданы 50 × 50 см, биіктігі 10 см болатын подиумға, саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.

50-60 см арақшықтыққа  доптарды (диаметрі 10-15 см) екі қолмен  бастан асыра және кеуде тұсынан лақтыру. Тәрбиеші лақтырған допты қағып алу.

Кішкентай доптарды, қапшықтарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанға дәлдеп лақтыру.

Бір орында және алға жылжи  отырып қос аяқтап секіру.

Балалар жылдың соңында  бағдарлама материалдарын меңгеру  нәтижесінде:

- ересектердің ауызша  айтуы немесе көрсетуімен дене жаттығуларын орындауды;

- гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шарлар, сақина, гантель  және т.б.) қолдануды;

- топқа бөлініп және  бүкіл топпен жұлтасып, шеңбер  бойымен, қол ұстасып, қарқынды  өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып  және керісінше жүруді, аяқтың ұшымен, жіптен, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүруді;

- топқа бөлініп және  бүкіл топпен түзу бағытта,  әр түрлі бағытта, бірінің соңынан  бірі, бір қатармен тәрбиешінің  соңынан жүгіруді;

- доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін төрт  тағандап еңбектей білуді;

- саты-баспалдаққа, гимнастикалық  қабырғаға өрмелеуді;

- допты екі қолмен  бастан асыра және кеуде тұсынан,  алысқа лақтыру, тәрбиешінің лақтырған  добын қағып алуды;

- кішкентай доптарды, қапшықтарды дәлдеп лақтыруды;

- бір орында және  алға жылжи отырып қос аяқтап секіруді білуі тиіс.

Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: тұрмыстағы мәдени-гигиеналық дағдыларды және өз-өзіне қызмет ету дағыларын тәрбиелеу, салауатты өмір салтына жағдай туғызу.

Міндеттері:

1. Қимылды ойындар  мен шынықтыру шараларын қолдана отырып, бала денсаулығын нығайту.

2. Тазалық пен ұқыптылыққа  қанағаттану сезімін тәрбиелеу,  ересектердің нұсқауларына зейінді  болуға үйрету.

Мазмұны:

Өздігінен қозғалу  белсенділігі

Балаларды кеңістікте орын ауыстыруын қамтамасыз ететін қимылдарды жетілдіруге, жүру кезінде орнықты қалыпты сақтай білуге, ептілік көрсетуге мүмкіндік туғызу. Қозғалыс бағытын сақтауға, өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіруге үйрету. Әрекет жағдайына лайықты әрекет етуге үйрету. Балалардың дербес ойынында қимыл белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу.

Үлкендер мен құрдастарына еліктей отырып, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерінің бейнесі мен  қимылдарын жасайды.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Қолды дұрыс жууға (көбіктенгенше  сабындау), құрғатып сүртуге, өз бетімен сүлгісін алып, қайта ілуге, таза және ұқыпты тамақтануға; қасық, кесе, сүлгіні дұрыс және орынды қолдануға және тамақтану кезінде аузын жауып жеуге үйрету.

Тамақтанғаннан кейін  ауыз қуысын сумен шайқауды үйрету.

Өздігінен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру. 2 жас 3-4 айдан бастап балалар өздігінен және белгіленген тәртіп бойынша түймесіз киімдерін, аяқ киімдерін киіп және шешіп, түймелей және бауларын байлап, шеше білулері қажет, ал 2,5 жастан кейін өздері туймелерді ағытып, қайта түймелей алады, бәтеңкесінің бауын байлап, қайта шеше алады, белгіленген тәртіппен киімдерді ұқыпты бүктеп, аяқ киімдерін орнына қояды. Балаларға өздерінің жеке заттарын: сүлгі, беторамал, тарақ, ауыз шаятын ыдысты қолдану керек екенін түсіндіру. Өздігінен (ескертусіз) мұрнын сүрту, қолының, бетінің ластығын, киіміндегі олқылықты байқау, серуеннен келген соң аяқты сүрту, кіре беріс жерге аяқ киімін шешу; ретке келтіріп ұстау - еденде жатқан затты жоғары көтеріп қою, ойнап болған соң ойыншықты орнына жинау және т.б.

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы