Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

Содержание

1. Түсіндірме жазба
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
11. Меркелер мен ойын-сауықтар
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
25. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

Прикрепленные файлы: 1 файл

алғашқы қадам бағдарламасы.doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

 

 

 

Қоршаған ортамен  таныстыру 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарым-қатынастың ауызша және ауызша емес түрлерін игеру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Жақсылық, өзара көмек,  достық туралы түсінік беру.

2. Қазақстан Республикасында  тұратын халықтар мен қазақ  халқының стилінде ересектермен  және құрдастарымен жайдары әңгімелесе білу дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Ересектердің аты-жөнін  сыпайы түрде атап, «Сіз» деп айтуға (апай, ағай, аға, көке, апа), амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік  қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайлық дағдыларын қалыптастыру.

Ересектермен және құрдастарымен  қарым-қатынаста «көмектесуіңізді өтінемін», «менімен ойнашы» сөздерін қолдануға үйрету.

Адамдармен қарым-қатынаста  ұлты мен тіліне қарамастан қайырымды  әрі жайдары қарым-қатынас жасау  керектігін үйрету.

Түрлі ұлт өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау. 

 

 

 

«ТАНЫМ» БІЛІМ  БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының  базалық мазмұны ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған ортамен  таныстыру. 

 

 

 

Қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру 

 

Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым сан мен  санау түсініктерін қалыптастыру.

2. Заттардың көлемі  мен пішіні, олардың кеңістіктік  қатынастарымен таныстыру.

3. Көру, есту, зейін, ес  және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:

Сан мен санау

Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.

Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен  беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең  немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.

Қоршаған ортадан бір  немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.

«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап  беруге үйрету.

Заттарды бір қатарға  солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға  үйрету.

Көлем

Қарама-қарсы заттардың  өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою  және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.

Геометриялық  пішін

Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата  білуін жетілдіру.

Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.

Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.

Кеңістікті  бағдарлау

Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен).

Оң және сол қолын  ажырата білуге үйретуді жалғастыру.

Уақытты бағдарлау:

Тәуліктің қарама-қарсы  бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.

Ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша  тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету. 

 

 

 

Құрастыру 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарапайым құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қағаз бен құрылыс  материалдарынан құрастыруға үйрету.

2. Өз қиялымен түрлі  құрылымдар құрастыру, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету;

3. Өз бетінше жеке  және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас  орната отырып, ұжымдық жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастыру;

4. Шығармашылық қиялы  мен көркемдік талғамын дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан  құрастыру

Түрлі-түсті бөлшектер  мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды жалғастыру, бөлшектерді  қатарластырып, кірпіш - пластиналарды  көлденеңінен, тігінен, дөңгелек пен  төртбұрыш бойына бір-біріне жақын  және белгілі арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілдерін қолдану.

Биіктету немесе бөлшектерін  ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту  іскерліктерін дамыту, мысалы: «Жолдар» (машиналар мен жаяу жүргіншілерге  арналған кең және тар жолдар), «Лақтар  мен боталарға арналған қоршаулар» (биік, аласа), «Қақпа» (биік, аласа, кең және тар).

Балаларға құрылыс материалдарының  негізгі бөлшектері (текше, кірпіш, пластина, призма) мен олардың түстерін, көлемдерін атай білуге ынталандыру  Құрылыс бөліктерін көлеміне қарай (үлкен-кіші, ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар) ажырата білге үйрету.

Қағаздан құрастыру

Қағаздан құрастырудың бүктеу, умаждау, жырту, ширату тәсілдерін қолдана отырып, қағаз парағын  көлемді өзгерту іскерліктерін  қалыптастыру (мысалы, шөп, бақбақ, құстар).  

 

 

 

Экология негіздері 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қоршаған әлемдегі  заттарға танымдық қызығушылықтарын  арттыру.

2. Өсімдіктер мен жануарлар  әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.

3. Қоршаған әлемді  түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын  тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су мен ауаны сонымен  қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер - олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсініктерін кеңейту.

Табиғат нысандары мен  құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасыңдағы байланыстарды көре білуге үйрету.

Балаларды табиғат бұрышындағы  өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

Табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету.

Табиғат құбылыстарына  қызығушылығын тәрбиелеу.

Күз: Күзгі табиғатты бақылап, өзгерістерін - күннің қысқарғанын, ауа райы суытып жауған жауын-шашыннан соң жерде шалшықтар пайда болатынын, күн сирек көрініп аз жылытатынын, жапырақтардың түсіп, құстар жылы жаққа үшып кететінін белгілеу.

Қыс: Қысқы табиғатты бақылап, өзгерістерін - жылдың ең суық мезгілі екенін және қар жауатынын белгілеу.

Қармен ойнап аққала соғуға болады. Ол жылы жерде тез ериді. Қарда із қалдырып, таяқшамен сурет салуға болады.

Мұз қатты, жылтыр, жылы жерде  тез ериді. «Жаңа жылдық шырша» - ең сүйікті қысқы мереке.

Көктем: Көктемгі табиғатты бақылап өзгерістерін белгілеу: күн жылып қар ериді, күннің көзі жарқырап, есімдіктер мен ағаштардың жапырақтары өсе бастайды. Жаңбыр жауады. Көктемгі жұмыстар басталады: жер аударады, гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын сеуіп, жеміс ағаштарын отырғызады. Малдарды өріске айдайды.

Жаз: Жазғы табиғатты бақылап қарапайым өзгерістері жылы және ыстық, күннің көзі жарқырайтынын, шөптер өсіп, гүлдер гүлдейді, ағаштағы жапырақтар үлкен болып өсетінін белгілеу. Жаңбыр жауады. Жазғы жұмыстар: гүлдерді, көкөністер мен жеміс ағаштарын суарады.

Өсімдіктер  әлемі

Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту.

Ағаштарды танып, атай білуге үйрету: қайың, жыңғыл, терек, шырша.

Гүлдерді танып, атай білуін дамыту: түймедақ, бақбақ, бөлме  гүлдері - фикус, қазоты, қынагүл.

Ағаштың діңін, бұтағын, жапырағын, ал гүлдердің сабағын, жапырағын, гүлін тауып атай білуге үйрету.

Өсімдіктерді күту тәртібі: суару және қайта отырғызу ережелерімен таныстыру (балалардың бақылаулары).

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары (ит, мысық, ешкі, сиыр) мен жабайы аңдар (аю, қоян, түлкі) туралы түсініктерін кеңейту.

Құстар туралы түсініктерін кеңейту: әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан.

Табиғат бұрышын мекендеушілерді  бақылауға (тотықұс, балықтар, тасбақа), қыстап қалатын құстарға қамқорлық  жасауға үйрету.

Құстар мен жануарлардың мекені, қоректенуі, қозғалыстары мен қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Жануарлар мен құстарды күтудегі ересектердің еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы жануарлар  мен құстарды табиғат бұрышын  мекендеушілердің өмірімен салыстырып, бақылауға үйрету. 

 

 

 

Қоршаған ортамен  таныстыру 

 

Мақсаты: қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Өсімдіктер мен жануарлар  әлемі, табиғаттағы маусымдық  өзгерістер, байланыс және көлік құралдары, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.

2. Заттар, құбылыстар  мен оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық  байланыстар мен тәуелділіктерін  түсінуін қалыптастыру.

Мазмұны:

Заттық орта

Айналадағы заттар, олардың  сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеп, қорытындылау.

Қоршаған ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, бөліктері  мен бөлшектерін бірнеше сенсорлық  белгілері бойынша топтау, қарастыру, зерттеу, атау және ажырату ептіліктерін жетілдіру.

Заттарды сапасы мен  қасиеттерін ажыратуға үйрету:

- сипап сезуге (тегіс  - кедір-бұдыр);

- дәміне (тәтті - қышқыл);

- естуіне (сыбдырлайды  - тарсылдайды), заттармен әрекеттерді  атау. Түрлі заттар әлеміндегі  атауларды балалар тіліне енгізіп,  нақтылау, таныс емес заттардың не үшін қолданылатынын түсіндіру, заттардың тобын (ойыншықтар, киімдер, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) білдіретін ұғымдарды меңгеруін тиянақтау.

Қазақстанда тұратын  қазақ және басқа да халықтардың  тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздарын дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру.

Заттарға ұқыптылықпен қарау дағдылары мен ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыс-аяқтарды сақтау ережелерін үйрету.

Байланыс және көлік құралдары

Жергілікті жағдайларды  ескере отырып, көлік құралдарын (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, ұшақ) танып, атауға үйрету.

Автомашинаның бөліктерін (кабина, рөл, кузов, дөңгелек) ажырата  білуін дамыту.

Бағдаршамның белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым  дағдыларымен (көшеде қалай және қай  жерден өту керек) таныстыру.

Зерттеу-іздестіру  әрекеті

Заттарды меңгеруге  үйрету (балық аулайтын ау, сурет  салуға қарындаш немесе бояулар, жіптердің  көмегімен заттарды тартып алу және т.б.).

Түрлі материалдармен таныстыру (су - төгіледі, боялады; ылғал топырақтан мүсіндер жасауға болады, ал құрғақ топырақ - шашылады; қардан қар кесегін жасауға болады, егер жылы жерге кіргізсе, ол ериді, т.б.).

Тәжірибе нәтижесін  көру үшін басқалардың әрекеттерін  бақылауға үйрету.

Көп заттардың ішінен біреуін таңдап алуға үйрету (осы  ойыншықпен ойнағым келеді, мына затты қолдана аламын).

Ақпаратпен  жұмыс

Қолжетімді ақпараттармен (кітаптардан, телебағдарламалардан, фильмдерден, ересектердің сұхбаттарынан) жұмыс  істеудің қарапайым дағдыларын дамыту.

Әдеби шығармалар мен  олардың мазмұнына жаңа ақпарат  көзі (еңбек, ойыншықтар, туыстар, ойыншықтармен қарым-қатынасы және т.б. туралы) ретінде қызығушылықтарын қалыптастыру. Өз әсерлерімен бөлісу іскерліктерін дамыту.

Менің елім - Қазақстан

Баланың шағын отаны - оның тұрғылықты жері (қаласы, ауданы, ауылы) туралы түсінік беру, аттарымен таныстыру.

Информация о работе Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы