Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 05:05, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................... 2
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................................... 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы...................................................................... 34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар........................................................................................ 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс................................................ 67
Қорытынды.................................................................................................... 72
Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..doc

— 351.00 Кб (Скачать документ)

Сергіту сәті. “Менің елім” музыкасына қимыл – қозғалыс жасау.

Отан туралы білетіндерін ортаға салады.

ІІІ Жаңа сабақ. “Отан” Е.Өтетілеуов.

Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

  1. М. Хакімжанова “Отан” өлеңін оқу.
  2. Тіл дамыту жұмысы:

           Отан қуат, нәр береді.

           Отан мәңгі гүлденеді.

  1. Мәтінмен жұмыс: оқу әдісі: дауыстан. Мәнерлеп оқу.

IV Топпен жұмыс. Қазақстан Республикасының рәміздері.

І топ. Қазақстан Республикасының Әнұраны.

ІІ топ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын сипаттау.

ІІІ топ. Қазақстан Республикасының Елтаңбасын сипаттау.

  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне қалай ие болады?
  • 1986 жылы желтоқсан айының 17-сі күні болған бейбіт шеруі жайлы әңгімелеу. Тәуелсіздік жолында Қ. Рысқұлбеков, Е. Спатаев, С. Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды. (суреттерін көрсету)

V Дәптермен жұмыс.

1. Сөздік диктант: Отан, ту, жер; ана, Қайрат.

2. Отан сөзіне дыбыстық  талдау жасау.

3. Отан сөзін қатыстырып  сөйлем құрастыру, жазу, сызбасын  көрсету.

4. Мақал – мәтелдер  жазу.

1. Отансыз адам – Ормансыз  бұлбұл.

2. Отан оттан да ыстық.

3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Сергіту сәті. Сөзжұмбақ шешу:


  1. Қойда бар, лақта жоқ.

                              Ойда бар, бақта жоқ. (О)

 

  1. Мемлекеттік рәміздің бірі. (ту)
  2. Ең жақын адам. (ана)
  3. Қасиетті тағам. (нан)

 

VI сабақ қорытындылау. Бес  жолды өлең құрастыру.

  1. Не? – Отан
  2. Қандай? – ыстық, үлкен, кең
  3. Не үшін? – Отан үшін отқа түсеміз, күймейміз
  4. Қайда? – барлық жақсылық балалар үшін Отанымызда жасалады.
  5. Не істейміз? – Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз.

VII Ой түйіндеу.

  • Отан деген не? (Отан туралы пікірлерін ортаға салу)
  • Ауызша суреттеу (Отанның жерін, байлығын, халықтарының достығы)

VIII Оқушыларды мадақтау.

IX Үйге: “Отан” өлеңін  жаттап алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Бастауыш сынып оқушыларында  отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу  бағытында жүргізілген эксперименттік  жұмыс.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:

1 – бап. Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік туының бейнесі бекітілсін (пішіндік және түрлі түсті  бейнесі қоса тіркеліп отыр).

2 – бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасы мемлекеттік егемендігінің нышаны болып табылады.

3 – бап. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік жалауы – ортасында  шұғылалы күн, оның астында қалықтап  ұшқан қыран бейнеленген тік  бұрышты көгілдір мата. Тудың  сап жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Күн, шұғыла, қыран бейнесі және өрнек – алтын түсті. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы – 1:2.

4 – бап. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туы мынадай жерлерде  көтеріледі немесе тігулі тұрады:

а) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында, Қазақстан Ресспубликасы Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының, халық депутаттары жергілікті Кеңестері мен жергілікті әкімшіліктерінің, Қазақстан сотының және басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Прокуратурасының үйлерінде, сондай – ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің үйлерінде – үнемі;

ә) Қазақстан Республикасы Президентінің кабинетінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің сессиялары, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілістері, Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің сессиялары өткізілетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының, Жоғарғы Төрелік сотының және басқа соттарының сот мәжілісі залдарында, өмірге келген нәрестелерді, некелерді салтанатты түрде тіркейтін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградаларын тапсыратын орындарда, сондай – ақ Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қабылдау залдарында;

б) егер халықаралық құқық нормалары мен мемлекетаралық келісімдерде көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық және мемлекетаралық форумдар өтетін мәжілістерде;

в) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі менген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа қатынас құралдарында;

г) белгіленген тәртіппен тіркелген кемелердің бұлқынындағы жалау ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының бейнесі Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде орнатылды;

д) Қазақстан Республикасының әскери корабльдері мен кемелерінде - Әскери Жарғыларға сәйкес;

е) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен ұлттық ұланының әскери құрамалары мен бөлімшелерінде – ант қабылдаған кезде;

ж) кәсіпорындарының, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде, сондай-ақ тұрғын үйлерде – мереке күндері;

з) Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі бойынша;

5 – бап. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туы және оның  бейнесі, олардың көлеміне қарамастан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  туы үлгі нұсқасының түрлі  түсті және пішіндік бейнелеріне  әрдайым дәлме – дәл сәйкес  келуге тиіс.

6 – бап. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын қастерлеуге міндетті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын қорлауға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады.

Қазақстан Республиксы

Президенті Н. Назарбаев

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:

1 – бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бекітілсін (ақ – қара және түрлі түсті бейнесі қоса тіркеліп отыр).

2 – бап. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік егемендігінің  нышаны болып табылады.

3 – бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала, күн сәулесіндей тарап

       

Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау

туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 15 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» N106 Қаулысына сәйкес қаулы етемін:

    1. Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялансын.
    2. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілсін.
    3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Жоғары және орталық органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
    4. Осы Жарлық жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы.

Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өтініштерін, Ақмола қаласы жұртшылығының талап тілектерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы шешімінің негізінде қаулы етемін:

  1. Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

 

Қазақстан валютасы – теңге

1993 жылғы 16 қарашада дүниеге  келген тәуелсіздігіміздің экономикалық  рәмізі – ұлттық валютамыз  теңгені жасауға қатысушылар  – Қазақстан Ұлттық банкінің  жоғары сапалы қағаздар – банкноттар  дизайны басқармасының бастығы Мендібай Әлинмен және дизайншы, Прага сәулет институтының түлегі Хайролла Ғабжалиловпен өткізілген сұхбаттан:

- Меңдібай Қойшыбайұлы, соңғы  банкноттарда әл-Фарабидің портреттерінің  қайталануы, ал 500 теңгелікте орысша  жазылуы неліктен?

- Бұл жерде теңгеге түскен портреттің қымбаттығын айрықша айту керек. Сіз әңгімеге тиек етіп отырған 200, 500 теңгелік банкноттарының дизайн жағын біз әзірледік. Әуелде келесі банкноттарға Б.Момышұлы, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов портреттерін салу туралы ұсыныс жасаған едім. Бірақ арнаулы комиссия ақылдаса келе, қазіргі экономикалық өтпелі кезеңде мұндай ойлардың халық арасында жікшілдік, бос даурығу туғызуы мүмкіндігін, ал болашақта бұл идея іске асады дегенді алға тартып, ұсынысымызды қабылдамай тастады.

Түркияның барлық қағаз ақшасында тек Ататүрктің портреті салынған ғой. Сондықтан әл-Фараби бабамыздың портретінің қайталануы әбестік емес деп есептеймін.

2-тарауға қысқыша  қорытынды

2-тарауды қысқаша түйіндегенде  бастауыш сынып оқушыларына қоғам жаңалықтарының отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы қарастырылды. Әлем назарын өзіне қаратқан 2006-жыдың 11-қаңтарында болып өткен ұлықтау рәсімі 2-тараудың 1-бөлімінде айтылған.

Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан бұл салтанатты рәсімнің тарихын түсіндіре отырып, бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін ояту жолдары қарастырылды.

2-тараудың 2-бөлімінде оқушыларға  патриоттық тәрбие беру бағытында  жүргізілген іс-шаралар туралы  айтылған.Онда Әнұраным, тік көтер  ұлттың рухын ! , Тәуелсіздік –тірегің, Менің Қазақстаным, тіл пәндері бойынша және  бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдалану сияқты ашық сағаттарының үлгі жоспарлары берілді. 2-тараудың 3-бөлімінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағытында жүргізілген эксперимент нәтижесінің қортындысы берілді.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.

Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.

Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизмі азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.

Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патротизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.

Ал интернационализм ді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуі түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігін көруге болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана – сезімін қамтитын интернационализм идеясымен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы – Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.

Информация о работе Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері