Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 05:05, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................... 2
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................................... 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы...................................................................... 34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар........................................................................................ 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс................................................ 67
Қорытынды.................................................................................................... 72
Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..doc

— 351.00 Кб (Скачать документ)

6 – оқушы. Қазақстанның  мұнайы мен газына Америка  мен Қытай, Түркия мен Ресей  қызыға көз тігіп, құбыр – желілерді өз еліне қарай бұру мақсатында елімізге тиімді жобалар ұсынып келеді.

7 – оқушы. Қожа Ахмет  Иассауи мен Абай Құнанбаев, Жамбыл  Жабаев пен Мұхтар Әуезов сынды  ұлы бабаларымызды әлемдік дәрежеде  танытып, мерейтойлары ЮНЕСКО –  ның шешімімен халықаралық деңгейде аталып өтілді.

8 – оқушы. Спортшыларымыз  халықаралық әлем біріншіліктері  мен олимпиадаларға қатысып, спорттың  сан алуан түрлерінен азуы  алты қарыс елдерді артқа тастап, еліміз спортының шоқтығы биік  екенін дәлелдеп келді. Олар: Ольга Шишигина, Ермұқан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов т.б.

9 – оқушы. Тәуелсіз елдің  өз Парламенті мемлекеттеріміздің  айшықты белгісіндей Ата заңымызды  қабылдап, қазақ тілі – мемлекеттік  тіл дәрежесін алды. (Ана тілі  туралы өлең оқылады).

10 – оқушы. «Азаматтық туралы», «Көші – қон туралы» және тағы басқа көптеген жаңа қабыладанған заңдар мемлекетіміздің беріктігі мен мызғымастығы үшін қызмет ете бастады. Елімізден тысқары, шетелдерде жүрген қандастарымыз Қазақстанның осылай күннен – күнге өркендеп, дәуірлеп, халықаралық беделі артып келе жатқанына жүрек жарды қуаныштарын сездіріп, лек – легімен көшіп келіп, қатарымызды толықтыра түсуде.

Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы 1992 жылы қыркүйек айында өтіп, Әлем қазақтарының қауымдастығы құрылды.

11 – оқушы. Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осынау қасиетті үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Олардың аңсаған арманы да, көздеген мұрат – мақсаты да, тілейтін тілегі де ең бірінші осылар. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы – жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жарастырып отырған мемлекет, егеменді ел болып, еңсесін енді – енді тіктеп келе жатқан жас мемлекет үшін халықтың бірлігі ауадай қажет.

12 – оқушы. Бұған бәріміз  үлес қосып, бірлік бар жерде  – береке, татулық бар жерде  – табыс, ынтымақ бар жерде – ырыс бар екенін әсте ұмытпауымыз керек.

13 – оқушы. Президентіміз  Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»  стратегиялық бағдарламасы Қазақстанның  Тәуелсіздігін нығайтып, өсіп - өркендеуімізге  бағытталған. Осыған байланысты  еліміздің мектептерін ақпараттандыру бағдарламасы да Отанымыздың келешек азаматтарының білімді де сергек болуына негізделіп отыр. (Отан – Ана тақырыбына жазылған өлең шумақтары оқылады).

Ашық сабақ «Менің Қазақстаным» хорымен аяқталды.

 

Менің Қазақстаным

І жүргізуші. Тыңда, жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан, жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында өркін көсілген байтақ өлке – менің елім – күн келбеті, нұр сәулетті Қазақстан!

ІІ жүргізуші. Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

І жүргізуші. Бүгіннің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір – біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан.

ІІ жүргізуші. Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

І жүргізуші. Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлекке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғысқан көңіл тым тәтті!

ІІ жүргізуші. Бүгін міне, өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға өс, өркенде, жайна елім, аршында!

І жүргізуші. Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты, шаттық көрді, қош айтысты, сан ғасырлық шерімен!

ІІ жүргізуші. Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егемен ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды! («Менің елім» Сөзі: Н.Назарбаевтікі, әні: Б. Тілеухановтікі).

І жүргізуші. 1990 ж...

- 15 наурызда КСРО халық депутаттарының кезектен тыс ІІІ съезінде Одақтың алғашқы Президенті М. С. Горбачевты сайлау одақтас республикаларда президент сайлауын жүргізудің бастамасы болды.

- 24 сәуірде Қазақ КСР  ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің  І сессиясында Н.Ә.Назарбаев Республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.

- 25 қазан. «Қазақ КСР Мемлекеттік  егемендігі туралы» Декларация  заң жүзінде бекітілді. Декларация  республиканың тең құқылы шарт  негізінде, егемен республикалар  одағына кіру ойынан басқа, алғаш  рет егеменділік жағдайы үшін мемлекеттік – құқықтық нормаларын бекітті.

(«Менің Қазақстаным»  Әні: Ш. Қалдаяқовтікі, Сөзі: Ж.Нәжімеденовтікі).

ІІ жүргізуші. 1991 жыл...

- 1 желтоқсанда республикада  бүкілхалықтық Президент сайлауы  болып өтті. Қазақ КСР-інің алғашқы  Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

І жүргізуші. – 10 желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Н. Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту – жаңа тарихи кезеңде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді. («Қазақстан – қасиетті Отаным» әні).

ІІ жүргізуші. – 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қабылдады. Бұл заңды көп ұлтты Қазақстанның бүкіл халқы көп күткен-ді. Енді республика өз аумағында барлық билікті, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.

1992 жылдың 2 наурызы. Бас Ассамблеяның 46-сессиясының пленарлық мәжілісінде  Қазақстан Республикасы Біріккен  Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мүше мәдениет жетістіктерін алмасуда кең мүмкіндіктер берді.

І жүргізуші. 1992 жылдың 8 мамыры. Президент Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлықтың Қазақстан үшін мәні зор еді. Қазақстанның шынайы егемендікке жетудегі, қорғаныс қабілетін нығайтудағы және халықаралық беделін көтерудегі таңы бір жаңа қадам болды.

(«Егемен елім-ай». Әні: К. Дүйсекеевтікі, сөзі: Б. Батырбекқызынікі).

ІІ жүргізуші. 1992 жылдың 4 маусымы. Қазақстан тарихында ұмытылмас тарихи күн. Бұл күні Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін – мейірімділік, ізгілік белгісі – алтын түс таңдап алынды. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының көпшілік қолдауымен авторлары: Әлімбаев Мұзафар, Мырзалиев Қадыр, Модағалиев Тұманбай және Дәрібаева Жадыра болып табылатын мәтін нұсқасы қабылданды. (Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Сахнаға Елтаңба мен туды көтеріп екі оқушы шығады).

І жүргізуші. 1992 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия, Иран, Моңғолия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англия сияқты 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл конгресті өткізу қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.

ІІ жүргізуші. 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы – Қазақстан өміріндегі тарихи оқиға. Ол біздің республикада жаңа үлгідегі қоғам орнатуға шынайы мүмкіндіктер ашты, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егемен Қазақстанда жаңаша өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.

І жүргізуші. 15 қарашада Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.

ІІ жүргізуші. 1994 жыл. 7 наурыз. Алғаш рет кәсіптік Парламент және жергілікті өкілетті органдар – маслихаттарға сайлау болып өтті. Жоғары Кеңеске 176 депутат сайланды. 19 сәуірде Жоғары Кеңестің бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. («Өз елім» Әні: Н. Тілендиевтікі, сөзі: Қ. Мырзалиевтікі).

І жүргізуші. 1995 жылдың 30 тамызы. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдаған бүкілхалықтық референдум болып өтті. Бұл Конституция бойынша елімізде жоғарғы палатасы – Сенат, төменгі палатасы – Мәжіліс болып табылатын қос палаталы заң шығарушы орган – Парламент пайда болды.

ІІ жүргізуші. 1996 жылы 12 қаңтарда Қазақстан әуе жолының қырандары Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю. Маленченкоға «Халық қаһарманы» атағы берілді. 25 ақпанда Ұлыбритания астанасы Лондонда Абай үйі ашылды.

1997 жыл. Жаппай қуғын –  сүргін құрбандарын еске алу  жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа  шипа болып, әділетке сенімді  күшейтті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып, демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.

(Құрманғазының «Сарыарқа»  күйі)

І жүргізуші. 1998 жыл. Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы! Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп келген ұлттық тарихымыздың жай – жапсарына жан-жақты көз салғызды. Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдарын терең пайымдап, бүгінгі күрделі дүниедегі өз орнымызды дөп басып, өз аты – жөнімізді байыпты бағамдай білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

ІІ жүргізуші. Таңғажайып дархан да алып жеріміздің ақ ортасы – кіндігі – Астана қаласы! Төңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс – құт сұраған еліміздің баспанасы – түндігі сенсің, Астана! Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биші қимылының ырғағы да, әнші сыңғыры да сенсің, Астана!

І жүргізуші. 1999 жыл. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жалғастырудың бірден – бір кепілі – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізді. Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де еркін дәурен сүру сәті туды.

ІІ жүргізуші. Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан – 2000 жыл. – Мәдениетті қолдау жылы!

Біз ұрпақ екінші ұрпаққа өмір сүре білудің тәсілі мен тәжірибесін мұраға қалдырады екен. Оны адамзат адамзат болғалы мәдениет деп атап келеді. Оспаларсыщ озбырлықтан түпкілікті опат болып кетпеудің де жалғыз жолы мәдениетті өркендету екен.

Сондықтан да қандай да қоғам болсын, өз тағдырының ең жауапты кезеңдерінде мәдениетке айрықша көңіл бөліпті. Мемлекетті өркендетіп, зорлықты тыйып, мәмілеге жол ашып, еліміздің бүгінгі қауіпсіздігі мен ертеңгі көркеюін қамтамасыз ететін, сол арқылы бостандықты, әділетті, демократияны орнықтырып, адамдар мен адамдар, ұрпақтар мен ұрпақтар, мемлекеттер мен мемлекеттер арасындағы ықыластыққа жағдай туғызатын, ынтымақ пе төзімділікті өрістететін – тек қана Мәдениет!

І жүргізуші. Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген,  оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата – бабаларымыздың іс – қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.

Тарихи жадымызды қалпына келтіріп, отандық және азаматтық рухани байлыққа негізделген ұлттық сана – сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақстан тарихы және ескерткіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстан тарихы негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» деген акция өткізді.

ІІ жүргізуші. «Мыңңжылдық саңлағы»:  І жүргізуші. «ХХ ғасыр саңлағы»

1. Ахмет Иассауи     1. Әлихан Бөкейханов

2. Әз Жәнібек хан     2. Ахмет Байтұрсынов

3. Мұхаммед Хайдар Дулати   3. Дина Нұрпейісова

4. Төле би      4. Мұхтар Әуезов

5. Қазыбек би     5. Қаныш Сәтбаев

6. Әйтеке би      6. Бауыржан Момышұлы

7. Абылай хан     7. Дінмұхаммед Қонаев

8. Құрманғазы     8. Нұрсұлтан Назарбаев

9. Шоқан      9. Олжас Сүлейменов

10. Абай      10. Тоқтар Әубәкіров

(«Менің елім» әні орындалады).

І жүргізуші. Даңғыл. Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге – 10 жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он жылда өттік.

Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік – ата баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

ІІ жүргізуші. Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды. «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата – жұртты сүйдірді.

Информация о работе Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері