Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 05:05, курсовая работа
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.
Кіріспе ......................................................................................................... 2
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................................... 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы...................................................................... 34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар........................................................................................ 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс................................................ 67
Қорытынды.................................................................................................... 72
Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 74
А.Дж.Эмре мен А.Н.Кононов сияқты ғалымдар «таңба» сөзінің түбірі «там» - күйдіру, өртеу, жағу деген етістік деп есептейді. Бұл қисынға келетін тәрізді. Қырғыз тілінде «там» тұтану, от алу деген ойларды береді. Ол қазақ тілінде де «тұтан», «жан» деген сөздердің синонимі. Ел арасында: «Сексеуіл оты тамғанша», сексендегі шал өлер. Тамуына таз өлер, қызуына қыз өлер, - деген сөз бар. Отты тұтату, жағуға қатысты пайдаланылатын тамызу, тамызық сияқты сөздердің де түбірі «там». Малға таңба қару әдісімен, күйдіріп басылады. Бұдан тамға сөзінің мағыналық төркіні «там» болғанын, -ға етістікке жалғанғанда есім тудыратын –қа (салыстыр: тұт-қа, жаң-қа) тәрізді сөз тудырушы жұрнақ екенін байқаймыз. Ал тамғаның таңбаға айналуы тіл ғылымында кең белгілі метатезалық құбылыс.
Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың, бүтін ел құрамындағы халықтардың қасиет тұтқан наным – сенімдерімен, арман – аңсарларымен астасып жатқан киелі белгілерден тұрады. Мәдени нышан, өнер туындысы ретіндегі ортақ композициясы үлкен бір әсерлі, көкейкесті идеяға құрылса, оны ашатын жеке детальдар төр рухани болмысқа тән тарихи, танымдық үрдістің жемісі болуға тиіс. Осыған орай, өз халқына ерекше етене, сонымен қатар басқалар үшін де елдігіңді жеріне жеткізе танытар айғақ – нышан жасау үшін, ең алдымен өз табиғатыңды жақсы сезіп – білуің шарт.
Талантты біртуар сәулетшілеріміз: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханның ой қиялы, маңдай терімен дүниеге келген мемлекеттік Елтаңбамызға осындай талаптар тұрғысынан бір қарап көрелікші. Қалай екен? Көңілден шығар ма екен?
Алдымен, жалпы геометриялық пішінінен бастайық. Ол толық шеңберге сыйып тұр. Геральдикада көп тараған кескін болғанымен, шығыстағы көшпелілер өркениетінің өнер туындысы ретінде әлемге алғаш тарағанына тағы бір рет назар аударсақ, артық болмас. Әрі мән – мағынасы да тереңде жатыр: тіршілік, шексіз өмір нышаны. Әдетте жас жұбайлардың үйлену тойына шақыру қағаздарының сыртында өзара айқасқан қос шеңбердің суреті салынуының, тіпті бір – бірімен дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г.Фелькерзам да көшпелілердің дөңгелек шеңберге деген ықыласы екенін тап басып таныған.[8;69-70]
Шеңбер ішіндегі негізгі нышан-белгі – Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Бірақ тура көшіріле салған сурет емес. Көлемі, ауқым – аясы сезіліп тұрғанымен, керек материалдан қаз тұрғызыла қойған киіз үй деуге де болмайды. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі – аспан күмдезіндегі асыл шырақ – Күн бейнесін елестете, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсем әсер қалдырады. Қисынын тауып, керегелердің көрінісін де бере алған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ көрінісін де бере алған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар, бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш – жігер жұмсап, аяғынан тік тұғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз мемлекетімізді мегзегендей болады да тұрады.
Айта кеткен артық болмас, киіз үй де көшпелілер мәдениетінің сыйы ғой. Бүкіл әлем оны сәулет өнерінің теңдесі жоқ үздік үлгісі деп мойындағалы қашан. Ол туралы сонау ықылым замандардан бастап, көне тарих бастауында тұрған әйгілі Геродот, медицинаның атасы Гиппократ, Сыма Цян мен Страбон, В.Рубрук және Ибн Баттута, ибн Бузбихан мен А.Вамбери тамсана жазған. Оларды киіз үйдің қолайлылығы мен жайлылығы, далалықтардың тұрмыс – тіршілігіне өте – мөте ыңғайлылығы, жасалуы мен құрылуының жеңілдігі қызықтырады. Сонымен бірге олардың бәрі бір ауыздан аса күрделі міндеттің қарапайым шешімін соншалықты дәл тапқан өнер иелеріне тәнтілік білдіреді.
Бо Цзюй-идің кезінде Н.Гумилев аударған «Көгілдір киіз үй» атты бұл өлеңі қазақ ақыны Асқар Егеубаевтың тәржімелеуінде қазір он екі ғасыр өткенде былайша төгіледі:
Жүнін қырқып мың – мың қойдың маңғырған,
Арқан есті аумайтұғын шынжырдан.
Мәжнүн талдан иген берік шаңырақ
Көзді арбайды күн сәулесі жамырап.
Киіз үйді шайқай алмас дауыл да,
Қатаяды жонын төсеп жауынға.
Бұрышы жоқ, қалтарыс жоқ, ыңғайлы,
Жып жылы ұя, берекелі, тым жайлы.[8;64-67]
1-тарауға қысқаша қорытынды.
Дипломдық жұмысымның 1-тарауын қорыта келе мынадай тұжырымға келдім. 1-тараудың 1-бөлімі бойынша патриоттық тәрбиенің негізгі ұғымдарына шолу жасалды. Жалпы «патриотизм»- сөзінің мән мағынасын аша отырып, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм ұғымдарын қарастырдым. Мұнда патриотизм ұғымының құрылымын айқындау негізінде бірнеше ғалымдардың пікірлерін ұсындым. Бұл бастауыш сынып оқушыларының Отанға,елге,жерге деген сүйіспеншілігін арттырудағы менің алғашқы қадамым.
1-тараудың
2-бөлімінде Қазақстан Республи
Еліміздің
әрбір азаматы ұлты мен дініне
қарамастан Отанын қадірлеуі, оған
деген адалдық сезімін ояту
мәселесі айқындалады. Қазақстан
Республикасының
2-тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларда отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы.
Адамзат тарихының көне қайнарларынан бастау алып, бүгінге жеткен дәстүрдің бірі ел билігінің тізгінін қолға ұстаған тұлғалардың ант беру рәсімі.Бұл рәсім - ел мен басшы арасындағы қоғамдық келісім-шартты әйгілеу іспеттес.Осыған орай әдетте салтанатты жағдайда өтіп, тарихи оқиғалар қатарына қосылады. Ұзақ тарих көшінде түрлі даму кезеңдерден өтіп, әр халықтың этно-мәдени, болмысына тән ерекшеліктермен әдіптелген саяси салт жораларға айналған. Сайланған хан халқына ант беріп, абыздардың батасын алады, елтұтқалар мен бағынышты жұрттар көсемдердің, елшілердің ресми ілтипат сөздерін, ақындардың мадақ жырларын тыңдайды. Ханды бар сән-салтанатымен ақбоз арғымаққа отырғызып, құрметтеуші нөкерлерінің ортасында қалың көпшілік алдына шығарудан бастайды. Сөйтіп қырық күнге созылған ұлыстың ұлы мейрамы- хан тойы қызып береді. Қазір Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ел басшысының қызметіне кірісуінің оы заманға лайық жаңа ресми салт-жоралғысын жасап, орнықтырудың айрықша маңыздылығы да осыдан туындайды. Әлем назарын өзіне қаратқан осы жылдың 11-қаңтарында өткен инаугурация осының куәсі болмақ.
Астана қаласында қайтадан Президент болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты4 ұлықтау рәсімі болып өтті. Инаугурацияға 70 – тен астам елдің өкілдері келді. Арасында 8 елдің Президенті, атап айтқанда, Ресей Президенті В.Путин, Хорватия Президенті С.Месич, Өзбекстан Президенті И.Каримов, Украина Президенті В.Ющенко, Ауғанстан Президенті Х.Карзай, Тәжікстан Президенті Э.Рахмонов, Грузия През иденті М.Саакашвили, Қырғызстан Президенті Қ.Бакиев бар.
Салтанатты рәсімге, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуроодақ, ШЫҰ-дан жоғары лауазым иелері келіп қатысты. Туысқан Татарстан мен мен Башқұрстан республикаларының президенттері М.Шаймиев пен М.Рахимовтың елордаға арнайы атбасын тіреуі де заңды көрінді. Ресей Федерация тұңғыш президенті Б.Ельцин зайыбымен алдыңғы лектен орын алды. Нұрсұлтан Әбішұлы мен Борис Николаевичтің ертеден жарасқан екеуара достығының, сыйластығының белгісі.
Қазақстан Президентін құттықтауға сонымен қатар, шетел үкіметтерінің басшылары мен орынбасарлары, Парламент төрағалары, депутаттар, министрлер, дипломаттар ықылас танытты. Еліміздегі жоғары лауазым иелері мен зиялы қауым өкілдерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, сондай-ақ Елбасының етжақын туыстарының Ақорданың төрінен табылды. Қазақстан тарихында осындай салтанатқа алыс-жақын шетелдерден бір мезгілде дәл осыншалықты мәртебелі мейман келіп ешқашан бас тоқайластырып көрмеген. Бірінші кезекте, Қазақ елінің халықаралық қоғамдастық алдында беделінің өскендігін көрсетті, екншіден, жеті жылдық президенттік басқаруына ресми түрде қайтадан кіріскен Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің көрсеткіші екенін ешкім жоққа шығарған жоқ.
Инаугурацияға жиналған жұртшылық өз орындарында жайғасып болды-ау деген сәтте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кортежі Ақорданы бетке алды. Мемлекет басшысының штандарттары орналастырылған Елбасы көлігі мотоциклшілердің қошеметтеуімен Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталыққа іліккен кезде күннің біршама суықтығына қарамастан, жол жиегіне жиналған халық қолдарын бұлғап, Нұрсұлтан Әбішұлына өздерінің құрметтерін білдіріп жатты.[1;1-2]
«Күннің біршама суықтығы» деп отырғанымыздың да сыры бар. Синоптиктер қаңтардың 11-і күні қатты, яғни 43 градус шамасында аяз болады деген болжам жасады. Олардың бұл жорамалы расталды. Өйткені, инаугурация алдындағы күндерде Арқа қысы қаһарына шындап мігендей-тін. Бірақ қаңтардың 11-і күні таңертең аяздың айтарлықтай сынғаны анық аңғарылды. Ескі алаңға орнатылған термометр ертеңгі 9-дар шамасында 25 градус суықтықты көрсетіп тұрды.
Диктор Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғары лауазымын ұлықтау рәсімі басталатыны хабарлады. Ақорда дәлізіне төселген қырмызы кілем жолды қапталдай тұрған және кіреберіс есік күзетіндегі Республикалық Ұлан жауынгерлері сымша тартылып, салтанатты рәсімнің ажарын аша түсті. Диктордың дауысы тағы да саңқ етті. Бұл жолы сахна төріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Президенттің штандартын әскери сап түзеп жүру тәртібімен инаугурация залындағы сахнаға шығарды. Диктордың келесі хабарлауынан соң дәл алдыңғы тәртіппен іштегі сахна төріне Қазақстан Республикасының осындай рәсімдер үшін жасалған Конституцияның эталон данасы жеткізілді. Айрықша дайындалған Ата Заңды Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов ұландық сарбаздың қолынан алып, сахнада орнатылған арнайы тұғырға қойды.
Осы кезде қысты күнгі кейпін сақтап, аяздан мұнартқан Астана көшелерінің де сәні мен салтанаты осы көрініспен астасып, жарасым тауып тұрғандай еді. Президент кортежін тұмандатқан сондай негізгі даңғылдардың бірімен Ақордаға да келіп жетті. Ақорда алаңына жақын орналастырылған зеңбіректер Елбасының құрметіне жеті дүркін залп берді. Бұл арада қазақ үшін қасиетті саналатын жеті санының тектен-текке таңдалмағаны, оның халқымыз үшін нышандық мән-мағынасы бар екені айтпаса да түсінікті деп ойлаймыз.
Ақорданың Қысқы бақ жағына келіп тоқтаған көлігінен түскен Нұрсұлтан Назарбаевты – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қызметін қоса атқаратын Президентті Республикалық Ұланның қолбасшысы генерал – майор Болат Ысқақов қарсы алып, баяндап берді: «Жоғары мәртебелі Президент мырза, - деді ол, - Республикалық Ұланның жауынгерлері ресми ұлықтау күніне арналған салтанатты сапқа тұрды. Республикалық Ұланның қолбасшысы генерал-майор Ысқақов». Содан кейін Мемлекет басшысы Қысқы бақ есігінен кіріп, Салтанат сарайы арқылы инаугурация залына қарай қадам басты. Диктордың «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» деген дауысы естілді. Іле-шала салтанатты саз ойнап, оның сөзін Президенттің өзі жазған, халқымыздың рухтандырарлықтай, арқаландырарлықтай қуатқа ие «Елім менің» әніне ұласты. Осы арқылы әннің жетегінде Елбасы инаугурация залына өтіп, іштегі ду қол шапалақтап ықылас-құрмет көрсеткен көпшіліктің ортасымен нық басып, сахна төріне көтерілді.[1;1]
Дуылдата қол соғып, қошеметтеу жалғасқан тұста Игорь Рогов хабарлама жасады. Конституциялық Кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 102 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап кірісетінін жеткізді. Елбасы оң қолының алақанын Ата Заңның үстіне қойып тұрып Қазақстан халқына ант берді: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адам атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Көптеген шетелдерде болып, әлемнің аруағы асып, мысы басқан талай – талай марқасқа саясаткерлерімен кездесіп, келіссөздер жүргізген кездерінде сабыры мен салмағы басым тұратын, қашанда салиқалы сөз саптауға дайын тұратын Нұрсұлтан Әбішұлының нақ осы ант берген сәтте қатты толқығаннан аңғару аса қиын емес еді. Қарапайым қазақстандықтарға Отан мен халық алдындағы жауапкершілік қашанда оңайға түспейтін сездірген де осы сәт болды десек қателеспейміз.
Елбасының ант беруін жиналған қауым ду қол шапалақтап, қошеметтеумен қарсы алған кезде Нұрсұлтан Әбішұлы бас иіп, Қазақстанның көз байрағын мейірлене уысына алып, тәу етті. Бұл да аса бір жүрек тебіренткен сәт болатын. Келесі кезекте күні кеше ғана халықтың қалауымен, Мемлекет басшысының қолдауымен Парламент қабылдаған Қазақ елінің жаңа Әнұраны ұлықтау күні алғаш рет асқақтады. Ел-жұрттың жігерін жанитын құдіретті Гимннің телеавторы Нұрсұлтан Назарбаев екенін осы арада тағы бір мәрте қаперге салғанның еш айыбы жоқ шығар деп білеміз. Президент Жарлығына сәйкес Әнұран шырқалған кезде залдағы Қазақстан азаматтарының оң қолдарын сол жақ кеуде тұстарына қойып тұрғандарының өзі көпшілікті үлкен әсерге бөлеп, көзге жас үйіргенін де айта кетейік.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Оңалсын Жұмабеков Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайтадан сайланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырғаннан кейін диктор жаһарға: «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті» деп жар салды.
Бұл хабарлама да жиналғандар тарапынан ду қол шапалақтау арқылы оң көрініс тапты. Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміне қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Сөз сөйлеп болған соң Президент Ақорда алдында са түзеп тұрған әскери бөлімдердің алдына шықты. Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев Мемлекет басшысына баяндап берді: «Мәртебелі Жоғарғы Бас қолбасшы мырза, - деді армия генералы. – Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсіміне орай Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімшелері салтанатты шеруге сапқа тұрғызылды». Президент жауынгерлермен амандасып, жауап сәлем алғаннан соң әскери шеу басталып кетті...
Сөйтіп, қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде, сәрсенбінің сәтінде қайтадан сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде қызметін атқаруға кірісті.[1;2]
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекттік нышандары туралы» 1996 жылғы 24 қаңтардағы №2797 конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, №1, 178-құжат; 1997 ж, №12, 193-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1/ актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.
2/ кіріспе алып тасталсын;