Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 05:05, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................... 2
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................................... 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы...................................................................... 34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар........................................................................................ 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс................................................ 67
Қорытынды.................................................................................................... 72
Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..doc

— 351.00 Кб (Скачать документ)

Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде сүрініп, жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі қадамы мығым, «Менің тірегім байтақ Қазақстан» деп маң – маң басатын болды.

Өркениеттің соқпағында елеусіз жатқан еліміз замана ағысына қосылды.                     

                            

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде

көркем шығармаларды пайдалану

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл сапалар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»  - деген еді.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен туындайды.

Еліміз егемендік алған 10 жыл ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды.

Жалпы «патриотизм» ұғымына тоқталар болсақ, ҚСЭ-ның 9 – томында (1976), «Патриотизм» (грек. Patriotes – отандас, patris – отан, туған жер) – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш – қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап – ақ қалыптаса бастайды» деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый – құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу, Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.

Бүгінде жалпы білім беретін мектептің оқу – тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойында патриоттық мезім қалыптастырудың жүйесін жасау мәселесі қарастырылуда. Бастауыш мектептің жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары және оқу - әдістемелік кешендерінде қазақстандық патриотизмнің негізгі мұраттарына мән берілді.

Солардың ішінде әдебиеттік оқу пәні – оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді басты мақсат етті.

Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктіліктерге көңіл аударылды:

  • ана тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлеу және жаза білу, ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
  • туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман – көлі, тау – тасы, аң – құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп – баптау – экологтік ая;
  • туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, ұлтының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлдеуіне үлес қосу – азаматтық сапа аясы;
  • өз отбасына сүйіспеншілік – ата-анасын, туыс – бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
  • Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт – дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу – қатынас мәдениетінің аясы.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. Ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді. Бұл сияқты арман – мұраттардың орындалуына бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығы мазмұнына алынған балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары қызмет етеді. Мысалы, М. Әлімбаевтың «Сөз құдіреті» өлеңінде:

Бал қаймақтай тәтті сөз,

Қара тастай қатты сөз – деп сөздің кісіге қалай әсер ететінін жеткізсе, әрі қарай:

Сөз – ой-пікір шалқары,

Сөз де адамға тартады, - деген шумақтан ана тілінің мәні, сөздің кісіге қалай әсер ететіні, сөзі арқылы кісіне тануға болатыны түсіндірілді. Қазақ халқы үшін тілдің қай кезеңде де тәрбие құралы болғандығына мән беріледі.

Ақын Ә. Тәжібаевтың «Тіл туралы» өлеңіндегі:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, - 

деген шумағында тілдің ұлттық, елдік мән – маңызы насихатталады. Бұған қоса, туған жер, туған ел тақырыптарын қозғаған Абай, Ыбырай, Жамбыл өлең – жырларынан басқа Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты ақын – жазушылардың елжандылық шығармаларын атауға болады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» атты үзіндісінде: «...Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл бір түрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті...» деп келетін жолдар арқылы жазушы ауылдың мамыражай қалпын суреттеп қана қоймай, баланың жан – жүрегін баурап алып, оны тебіренте түседі. Онан әрі «Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз...» деген жолдар оқушының намысын оятып, ойын ұшқыр санасын сергек етуге жәрдемдеседі. Осылайша оқушының туған елген, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінігіне жеңіл шығарманың бірі – Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» әңгімесі. Шығарманың негізгі ойы – «дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс - әркімнің өз мекені, өз жері екен» деп тұжырымдалған соңғы сөйлемде берілген. Алайда оқушыны шығарманың өн бойында әңгімеленген жәндіктер әрекеті – ақ ойға қалдырады. Әсіресе борсыған иісі бар шалшықта жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтанның – «Иісі қандай жақсы – көкірегіңді ашады. Суы қандай тәтті – жер татиды. Батпағы қандай жұмсақ – нағыз май батпақ» - деген жауабы тандандырады. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ , ол «әркімнің өз үйі - өлең төсегі», немесе «туған жер – алтын бесік».

Бастауыш сынып оқушыларының сана – сезімін оятып, зердесін дамытатын үздік суреттелген, мазмұнды көркем шығармалар баланың мінез – құлқын қалыптастырып, олардың бойында адалдық пен әділеттілік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен қайраттылық намысшылдық пен ержүректілік сияқты асы қасиеттерді сіңіруге көмектеседі. Осы тектес ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қана өз Отанының гүлденуіне үлес қосып, қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.

Қорыта айтқанда көркем шығармалар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесін қазақстандық патриотизм рухы негізінде жүзеге асыру - өзекті де, күрделі мәселе болып табылады.

 

 

Қазақ тілі сабағында патриоттық тәрбие беру

Қазақ тілі сабағында оқушыларға зат есімнің қызметін, жасау жолдарын, мағыналық түрлерін және құрамын мысалдар негізінде түсіндіре отырып, зат есімдерге жалғанатын жұрнақ, жалғаулары меңгерту; арнайы таңдап алынған мәтіндегі зат есімдерге талдау жасату, түсінігін айтқызу, яғни оқушыларды ауызекі сөйлеуге дағдыландыру; мамандыққа сәйкес терминдерді жинақтап, оларды баламаларымен қоса игерулеріне, ізденушілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету; сонымен қатар оқушылардың танымдық шеберліктерін арттыру, екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы бұрғышылар еңбегімен таныстыра отырып, елін, жерін сүюге баулу, Отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында аралас сабақ түрінде дәріс өткізіп, оның көрнекілігіне кестелер, карточкалар (кіші тіректер) пайдаландым.

Сабақты сұрақ – жауап, әңгімелесу, индукция – дедукция әдісімен жүргіздім.

Сонымен жаңа сабақты былай өрбіттем.

Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

(Кім? Кімдер? сұраулары қазақ  тілінде адамға ғана қойылады).

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен туады. (Мұнда қарамен жазылған зат есімдерге сұрақ қоямыз).

Зат есім 1. жалпы есім (оқушы, мұнайшы, тау).

              2. жалқы есім (Абай Құнанбаев, Ақтау).

(Кісі, жер – су, хайуанат, мемлекет, республика, ұйым аттары  бас әріппен жазылады).

Көзбен көріп, қолға ұстауға келмейтін зат есімдер дерексіз деп аталады. Мысалы: бақыт, қуаныш, сезім, реніш т.б.

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін зат есімдер деректі деп аталады. Мысалы: су, нан, кітап, көйлек.

1 – тапсырма. Берілген  жалқы және жалпы есімдерді ажыратып жазыңдар. Теңіз, кеніш, бұрғышы, Алик Айдарбеков, Құмкөл, Шетпе, Қазақстан, Атырау, Ақтау, Маңғыстау, мұнайшы, кәсіпкер, ғылым кандидаты.

2 – тапсырма. Берілген  зат есімдерді қазақ тіліне  аударыңыз.

Забой – түп.

Забой скважины – скважинаның түбі.

Бурение – бұрғылау.

Вахта – вахта (кезекшілік, ауысым).

Нивелер – кен орындарының биіктігін өлшейтін құрал.

Скромность – қарапайымдылық.

Терпеливость – шыдамдылық.

Ум – ақыл.

Зат есімнің жасалу жолдары.

Зат есімдер қазақ тілінде жұрнақтар қосылу арқылы жасалады. Соның кейбіріне тоқталайық.

  1. –шы, -ші (сауын+шы, етік+ші, мұнай+шы).
  2. –лық, -лік, -дық, -дік (жылдам+дық, дос+тық).
  3. –хана (ауру+хана, шай+хана, мейман+хана).
  4. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе (бөл+ме, кес+пе, қой+ма).
  5. –ым, -ім, -м (байла+м, тоқта+м, түс+ім).
  6. –қы, -кі, -ғы, -гі (бұр+ғы, шал+ғы, қондыр+ғы).
  7. –стан (Қазақ+стан, Өзбек+стан, Тәжік+стан).

Қазақ тілінде зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу, қысқарту арқылы да жасалады.

  1. Бірігу жолымен: таңертең, айбалта, ақсақал.
  2. Қосарлану жолымен: ата-баба, ой-пікір, ел-жұрт.
  3. Қысқарту жолымен: ҚазМУ, АҚ, фотосурет, агроколледж.

3 – тапсырма. Берілген  сөздерге жұрнақ жалғау арқылы  туынды зат есім жасаңдар.

Бала..., оқыту..., ақын..., бас..., басқар..., еріншек..., жақсы.

Зат есімнің жалғаулар.

Зат есімдерге жалғаудан бұрын жұрнақтар жалғанады. Зат есімдерге тәуелдік, көптік, септік, жіктік жалғаулары үндестік заңына бағына отырып жалғанады және оларға жаңа тұлғалық рең береді.

Жалғауларға бұрын тоқталғандықтан, зат есімге жалғанатын жалғаулар табиғатын меңгерту үшін бірнеше тапсырмалар ұсынамыз.

а) көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауларын қойыңыздар.

Бұрғышы..., кездесу..., маман..., талап..., заңдылық..., сұхбат..., мекеме....

ә) көп нүктенің орнына тиісті ілік септігін қойыңыздар.

Үй... жаны, қазақ... жері, біз... мақсатымыз, бұғы... терісі, скважина... жаны.

б) сөйлем ішінде барыс, жатыс, табыс септіктеріндегі сөздерге сұрақ қойыңыздар.

1. Байлық – еңбек + те, жер + де (Ы. Алтынсарин)

2. Соғыс жылдарында мұнай+ды  мол алудың жаңа әдістерін  жүзеге асыруға ерекше көңіл  бөлінді.

3. Отаншылдық әр адамға  керекті ең ұлы қасиет.

в) берілген тұрақты тіркестерін және мақал – мәтелдерден барыс септік жалғауларын табыңыздар.

Ажалға дауа жоқ.    Құлаққа ұрған танадай.

Көзге оттай басылу.   Құлағына кірмеу.

    1. Малды тапқанға бақтыр, отынды шапқанға жақтыр.
    2. Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы.
    3. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
    4. Саудаға достық жүрмейді.

4 – тапсырма. Қосарлы  зат есімдердің екінші сыңарын тауып жазыңыздар. Үлгі: аға – іні т.б.

Ел-...,   дау-...,  ата-...,

Қысы-...,  ағайын-...,  мінез-...,

Құт-...,   ой-...,   

 

                         Отанын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың мақсаты: 1. Отан – Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Отан - өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру. Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.

2. Туған елі, Отаны туралы  оқушылардың сойлеу дағдыларын  қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін артыру.

3. Оқушының еліне сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ой түйіндеу, сипаттау, ой – толғаныс, мәнерлеп оқыту, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: алфавит, түрлі түсті суреттер, Қазақстан Республикасының рәміздері, мақал – мәтелдер, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:

І Үйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасы.

  • Алфавитті жатқа айту.
  • Балалар, мына алфавиттің жоғарғы қатарындағы әріптерді атандар.
  • Дауысты дыбыстарды кім атайды? Осы дыбыстардан басталатын сөздерді кім айтады? Үшінші қатардағы дыбыстарды атандар. Осы қатарда неше дауысты дыбыс бар?
  • О, Ө - екі дауысты дыбыс бар.
  • Енді осы екі дауысты дыбыстан басталатын сөздер табайық.
  • Отан.
  • Үлкен Отан ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы бар. Бұл оның кішкене Отаны. Осындай кішкене Отандардан үлкен, кең Отан шығады. Біздің Отанымыз, менің, сенің Отаның – Қазақстан. Отан адам үшін біреу ғана.

Информация о работе Курстық жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері