Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 05:05, курсовая работа
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.
Кіріспе ......................................................................................................... 2
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................................... 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы...................................................................... 34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар........................................................................................ 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс................................................ 67
Қорытынды.................................................................................................... 72
Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 74
3/ 11-баптың бірінші бөлігіндегі
«Гимнді тұрып тыңдайды.»
4/ 12,14 және 16-баптың «Жарлықпен», «Жарлыққа», «Жарлықтан», «Жарлық» деген сөздер тиісінше «Конституциялық заңмен», «Конституциялық заңға», «Конституциялық заңнан», «Конституциялық заң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5/ 2-баптың3-ші тармақшасымен
бекітілген Қазақстан
2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.[4;1-2]
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Ән деп, бісмілләдан айтармыз, қазақ халқы барда өлмейтін әндеріміздің бірі-сөз жоқ, музыка әлеміеде қайталанбас құбылыс болған Шәмші Қалдаяқов пен өзінің өлмес терең философиялық өлеңдерімен қазақ әдебиетіне жаңа өріс, жаңа бояу әкелген Жұмекен Нәжімеденов екеуі дүниеге келтірген “Менің Қазақстаным” әні. Бұл ән, жұрттың бәрі бүгінде жабыла айтып жатқандай, үлкен де, кіші де, жас та, жасамыс та жатқа білетін, қалың көпшіліктің жанын да, жүрегін де жаулап алған ән. “Менің Қазақстанымды ” айтқан кезде жатқан жалың көтеріліп, аққан қаның тасып, бойыңа ерен қуат пен қайрап еніп, әрі-беріден кейін әруақтанып, арқаланып кететінің сөзсіз. Рухты ән. Ол ән патриоттық сезімнің құнарлы алқабынан нәр алып, нұрлы сәулесін бойына сіңіріп, саф ауасымен демалып тұрған ән. Ол ән шырқалған кезде тегеурініңе тегеурін, жігеріңе жігер қосылып бара жатады. Оның үстіне бұл әндегі туған ел мен туған жерге деген аса ұлы сүйіспеншілік пен аса ірі махаббат қандай десеңізші! Ол әнді айта бастағаннан – ақ бүкіл жан-жүйеңе алабұртқан өр рух лақ етіп төгіліп, өрттей ыстық сезім лап етіп тұтанып шыға келеді.
Міне, сондықтан да “Менің Қазақстаным” әнінің аса мәртебелі Мемлекеттік рәміздеріміздің бірінің көңілінен шығатын, жұрттың бәрі қол шапалақтап қарсы алатын ай-тулы үлкен оқиға дей аламыз.
Жұмекен Нәжімеденовті де көзі қарақты, көкірегі оқу, сөз қадірін білетін қалың оқырман жақсы біледі. Солай бола тұра Жұмекен Нәжімеденовтің ең жақын шәкірті ретінде, қасында ұзақ жылдар бойы бірге жүрген жан ретінде ол туралы бірер сөз айта кеткенді жөн көріп тұрмын.
Жұмекен Нәжімеденов қазақ поэзиясына жаңа леп, жаңа дем ғана емес, мұлде жаңа өріс ашқан ақын. Ол алғашкы өлендерімен-ақ бүкіл әдеби қауымды өзіне жалт қаратқан болатын. Жұмекен шығармашылығы туралы қазақ поэзиясының қадау-қадау ірі тұлғалары Әбділда Тәжібаев, Әбу Сәрсенбаев, Ғафу Қайырбеков, Әбіш Кекілбаев және басқалар кезінде оның қаптар-қаптар боп жатқан мол қазыналы тылсым терендігі мен ну ормандай қалын көркемдік әлемін ашып көрсететін дуалы сөздер айтқан-ды. Бұл жерде Әбділда Тәжібаевтың “Жұмекен поэзиясы – біздің ұлттық мақтанышымыз, біздің енді ашылар алтын сандығымыздың бірі. Ешкімге ұқсамайтын ақынның әрбір шумағы тың қазыналар. Мен поэзияны жақсы түсінетін талантты жас сыншыларды осы алтын сандықтағы асыл байлықтарды ашуға шақырамын” деген сөзін еске алмау мүмкін емес. Мұны мен қадірлі ақсақалымыз тарапынан Жұмекен поэзиясына көрсетілген аса үлкен баға деп білем. Ал желдей есіп, селдей тасып өткен ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз Жұмекен қайтыс болғанда «Ұлы ақын еді Жұмекен...» деп жоқтаған. Бұл жерде тағы айта кетер нәрсе Ғафекең Жұмекен інісін өле-өлгенше аузынан тастамай өтті. Әрине, поэзиясына тәнті болғандықтан...
Шынында да, Жұмекен ұлы ақын еді. Ал ақын, ұлттың ұлы ақыны деңгейіне көтерілуі үшін, ол сол ұлттың қайғы – қасіретінің қанды жасын ішіп, оның бүкіл азабын жан – жүрегімен көтере білуі керек. Қанша ол тынысты, қанша ол қуатты болғанмен, қанша ол образ, теңеу, метафораларыңызды иіріп алып кеп өлеңге қызмет еткізіп қойғанмен, ол өлеңдердің өзегінде ұлттық рух пен ұлттық мүдде жатпаса, онда ол ұлы ақын бола алмайды. Ірі ақын болуы мүмкін. Мықты ақын болуы мүмкін. Бірақ, ол ұлттың ұлы ақыны емес. Ал Жұмекен Нәжімеденов поэзиясынан соққан ұлттың қасіретті күрсінісі бетіңді шарпып, жаныңды өртеп бара жатады. Күрсінісі ірі ақынның сүйсінісі де ірі болмақ! «Менің Қазақстаным» сондай ірі сүйсіністен туған жыр.
Елу жыл бойы бүкіл ел қосылып шырқаған қыран қанатты ән бүгін өзінің мәртебелі алтын тұғырына келіп қонды!
Құтты болсын, халайық!
2.2
Оқу тәрбие процесінде
Әнұраным, тік көтер ұлттың рухын!
Мақсаты: 1. Еліміздің рәміздеріміздің тарихымен танысу. Рәміздерді
қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
2. Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін
арттыру
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, баяндау
Көрнекілігі: рәміздер, буклеттер, Отан және жер туралы қанатты сөздер
плакаттар
Сабақтың барысы
а) Кіріспе бөлім:
1. Бастаушы
Жанболат: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар!
2. Бастаушы
Дана: Армысыздар, қымбатты оқушылар!
1. Бастаушы
Жанболат: Бүгінгі «Әнұраным, тік көтер ұлттың рухын!» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз!
Сарыбай: Әйнегі күн, шатыры аспан, кең дала,
Көлдері көкке, күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің.
Назира: Айқаста жауың алқымын соққан,
Ажалға қимай намысты елін.
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан.
Мақсат: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте достым қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан – Республикам менің.
Айгерім: Көгіме көтерілген көк байрағы,
Еріксіз елжіретіп Елтаңбасы.
Әсем құстай самғаған Әнұраны,
Қазақстан – Республикам менің.
Гимн «Менің Қазақстаным»
Бастаушы:
Жанболат: Отаным, Гимн, Туы, Елтаңбасымен айбынды. Еліміздің рәміздер 1992 ж. 4 маусымда дүниеге келді.
Бастауыш:
Дана: Мемлекеттік рәміздері қастерлеу, әрбір адамзаттың конституциялық міндеті.
Ортаға: Назерке, Мұрат, Гүлнәз шығып, Ту туралы мағлұмат береді.
Динара: Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын.
Қыран құстың бейнесі,
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Самат: Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт бейнесі.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өсер талапты.
Жанар: Бәріде тұр жазулы сенде Байрақ!
Дәл қазір желбіреген желіменен ойнап.
Үстінде Ақ Орданың жалғыз жайлау,
Аспанның елшісінде келген жайнап.
Жанболат: Шарықта, шарла, көкте көк Байрағым,
Арманым, азаттығым, көкке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағағыңа,
Өлеңнің алтын шашақ шоқ байладым.
Дана: Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төреме кеп ілінді.
Күй Назерке «Кең жайлау».
Бастауыш:
Жанболат: Рахмет! Еліміздің өнерлі азаматы бол!
Бастауыш:
Дана: Ал балалар, Елтаңбамыз туралы ойыңызды ортаға салыңыз.
Ортаға: Нұржан, Асқар, Дана, Рауан шығады.
Азат: Қара шаңырақ – ел күні,
Асқақтатып тұр оны.
Елтаңбасы елдігім,
Елімнің тыныш тірлігін.
Гүлнұр: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақы үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Азамат: Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген!
Жай бейне емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі,
Шаңырақ жұрт панасы.
Уықтар күн сәулесі!
Мадияр: Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр төзімді,
Пырақ – халық арманы.
Жоғарыға түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға.
Бастаушы:
Жанболат: Биыл 2006 жылы 11 қаңтар күні Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұлықтау рәсімі бойынша үшінші рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Бастаушы:
Дана: Осы ұлықтау рәсімінде тұңғыш рет Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні болып орындалды.
Ортаға: Мақсат, Гүлнұр, Сарыбай шығады.
Назерке: Сүйіншім, Қазақстан бүгін қандай ғажап күн,
Терезем тең тектілерімен, қатарымнан.
Озатын – Бостандыққа жететін, бодан болып,
Жүріп – ақ, сезген екен Шәмші мен Жұмекені қазақтың.
Азамат: Бұл енді тебіреніп Әуезовте тыңдаған,
Сүйсінген жасырмаған Нұрғисадай нұрлы адам.
«Менің елім» - деген Елбасымыз Нұрсұлтан,
Әрбір сөзін жүрегінің үніменен шыңдаған.
Мұрат: Бүкіл әлем қарап отыр, айтпайды осал деп бізді,
Ынтымақ пен жақсылыққа жаңартайық ескімізді.
Шаттан халқым, құтты болсын ел қалған жері,
Шебер Алла адал елді ақиқатқа жеткізді.
Бастаушы:
Дана: Келесі кезекті Шәмші Қалдаяқов атамыз туралы көрініске берейік.
Ән: «Ана туралы жыр».
Дана мен Жанболат Шәмші туралы айтады. Ш. Қалдаяқов туралы оқушылар өз ойын ортаға салады.
Ортаға: Жанар, Айгерім, Шыңғыс, Динара шығады.
Қорытынды: «Әнұраным, тік көтер ұлттың рухын!» атты ашық тәрбие сағатын қорытындылайық. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жоғары дәрежеде ұстау жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда! Біздің Қазақстан Республикамыз Туымен – тұғырлы, Елтаңбамызбен – еңселі, Әнұранымен – айбатты.
Бастаушы:
Жанболат: Біздің Мемлекетіміз әрқашанда биіктерден көріне берсін.
Бастаушы:
Дана: дей отырып, бүгінгі «Әнұраным, тік көтер ұлттың рухын!» атты ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз!
«... Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық, тәуелсіздік мәселесі – айрықша маңызға ие мәселе. Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бері өткен уақыт еліміз үшін егемен мемлекет ретінде орнығу, әлемдегі өз орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды», - деген еді Елбасы Н. Ә. Назарбаев. Осыған орай, кішкене кіріспе жасаған соң сөз кезегін оқушылардың өздері алады.
1 – оқушы. Қасиетті де
қастерлі Тәуелсіздікті сан
2 – оқушы. 1991 жылы 16 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады. Міне, содан бері егемен елміз, өзгелермен терезелеріміз тең.
3 – оқушы. Ел тәуелсіздігі
жарияланғаннан кейін көп
4 – оқушы. Тәуелсіз еліміздің рәміздері – мемлекеттік Жалау, Елтаңба және Әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы – Теңге айналымға түсті. (Бөлініп берілген өлең шумақтары оқылады).
5 – оқушы. Қазіргі күні
көптеген мемлекеттерде