Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 05:05, курсовая работа
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.
Кіріспе ......................................................................................................... 2
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................................... 6
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 15
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі маңызы...................................................................... 34
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар........................................................................................ 43
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс................................................ 67
Қорытынды.................................................................................................... 72
Әдебиеттер тізімі........................................................................................... 74
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1.1 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының
білім дағдыларын
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Ұлықтау рәсімінің бастауыш
сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді
тәрбиелеудегі маңызы........................
2.2 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық
сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген
іс шаралар.......................
2.3 Бастауыш сынып оқушыларында
отаншылдық сезімдерді
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық
сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі
күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан
Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие
беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі
мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған,
иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау
дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор,
іскер, талғамы жоғары және бойында тағы
да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты
тәрбиелеу деп белгіленген.
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже – оның барысында қалыптасқан жаңа адам бостандықты жеңіп алып, оны ауыр күрестерде қорғай білген, барлық сын – сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетің білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін адам.
Ұлттық дәстүрге берік, елің жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойына қазақстандық отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.
Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, гуыстық сезімдерді ұялатын жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады.
Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана-сезімі артыпғ жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады.
Отансүйгіштік сана-сезімі болса, ол – отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.
Адам қауымдасып өмір сүргеннен кейін бастап, қандай ғылым болмасын адамзаттың ақыл-ойынан, өмірден, іс-тәжірибеден туындайтыны аян. Адам өмірімен тікелей байланысты тәлім – тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал халықтық тәлім – тәрбие әр ұлттың ғасырдан-ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика педагогиканың негізі, нәр беретін тамыры болмақ.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің азаматтарының да өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай ақы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Жаңарған ел, жаңа тіл заңы, тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңа көзқарастағы азаматтар тәрбиелеуді талап етуде.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі арналған стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығына, білімі мен әл-ауқатын арттыруға аса көп мән беру керектігі айтылған.
Әрбір азамат өзін әлем бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түсіне отырып өз орнын таба білуге ұмтылуы ең маңызды мәселе болып табылады. Әлемде өз орнын табу, яғни өз бойындағы мүмкіндіктерді тани білу және оның осал тұстарын дамыту ерекше мәнге ие.
Ел Президентінің Жолдауында «Егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ, пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын талдап таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар» делінген.
Ел қорғайтын ерлеріміздің қызмет барысында кездесетін кедергілерді саналы түрде жеңе білуі жеке адамның, яғни, саналы да салауатты азаматтың қолында екендігі айқын көрсетіп отыр. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу – тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты емес. Қазақ елі ұлт болып қалыптасқалы «Сегіз қырлы – бір сырлы» немесе «Күшіне ақылы, ақылына күші» сай ер азаматтар тәрбиелеп келеді және өзіндік тәрбие жүйесі де қалыптасқан.
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және
тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану т.б.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Сана мен сезім бөліп қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиясында тегі әр түрлі. Сана - өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі.
1-тарау Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі егіз ұғым. Патриотизм- отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриоизм грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар [21; 109-111].
Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриотсөзі дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға иеболып отырған. Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон, 18-ғасырда француз матералистері, неміс философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген ұлтжандылық және патриоттық сүйіспеншілік көрініс тапқан. Патриоттық тәрбиенің негіөгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыетастыру.
Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілік,жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау,қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді»,- деп атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеулерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық тұстарының ескерілмей келгені де байқалады. Міне, осы проблемалардың бәрі патриоттық тәрбие мәселесінің белсенділігін көрсетсе керек.Қазіргі егменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады.
Жоғарыда
патриотизм ұғымына берілген
сипаттамалар мен зерттеушілер,
ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының
пікірлеріне сүйене отырып, біз
өз пайымдауымызды білдірдік.
Ел Президенті
Қазақстан халқына жолдауында:-
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің
туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.Қазақстандық патриотизм-Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік,өнеге көрсетушілік,бойдағы білім мен білікті,ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау,атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.