Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1].

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы
1.2 Кәсіптік бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
2.3 Кәсіптік мектептерде дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Толеукул А.А..doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

Талап: қиын ауа-райы жағдайында жұмыс істей білу, ойлау  қабілетінің динамикасы, кәсіптік біліктілігі  қалыптасуының ұзақтығы.

  1. «Адам - Таңбалық жүйелер».
  2. Ана тіліндегі және шетел тіліндегі мәтін (корректор, әріптеруші, іс-жүргізуші, техникалық редактор т.б.)
  3. Сандар, формулалар, кестелер (бағдарламашы, ЭЕМ операторы, экономист, қазынашы).
  4. Сызу, карта, сұлбалар (сызбалар, пішуші, көшірмеші, штурман)
  5. Дыбыс белгілері (радист, стенографист, телеграфист).

Талап: зейін, көру қабілетінің жоғарылығы, қимылының  дәлдігі мен жылдамдығы, жалғыз жұмыс  істеуге үйрену әдеті.

  1. «Адам - көркем бейне».
  2. Жасау, жобалау, модельдеу, сурет салу, көркем шығарма (суретші, мүсінші, журналист, модельші, әнші, композитор).
  3. Эскиз бойынша затты кескіндеу, жеке бұйымдар коллекциясы (зергер, актер, әрлеуші, ұста, гүл өсіруші т.б.)
  4. Көркем шығарманы қайта жаңғырту, көшіру, көбейту (фарфор суретшісі, тас, темір әрлеуші)

Талап: көркемдік  қабілеттілігі, өнерді түсіне білу, бейнелеу, шығармашылық ой-қимыл желісі, ойлау шапшаңдығы т.б.

Сонымен, мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын  ұйымдастырушы және үйлестіруші  орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын мұғалім, сынып  жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б. Бірақ әлі де болса ғылыми тұрғыда негізделген кәсіптік бағдар беру проблемасын шешу жолдары нақты айқындалмаған.

Кәсіптік оқыту  орындарында кәсіптік бағдар беруге оқыту әдістемесін практика жүзінде инженер-педагог жүзеге асырып, ол мына төмендегі кезеңдерді қамтиды [13]:

  1. Болжау кезеңі.

Нақты оқу орнының жағдайында,сол мамандығы бойынша кәсіптік-техникалық білім берудің мемлекеттік және аймақтық даму жүйесінең болашағымен танысады,оқып үйренеді. Бұл кезеңнің жүзеге асуы мына нәрселермен белгіленеді:

-Аталған оқу  орнындағы білікті жұмысшы дайындау тізбесінде кәсіптің бар екендігін анықтау.

-Базалық кәсіпорындардың,  ұқсас мекемелердің сол мамандыққа  сұранысын болжау.

-Аталмыш оқу  орнында жаңа кәсіптің даму  болашағын нақтылау;

Кәсіптік бағдар жүргізілетін мамандықтың біліктілік сипаттамасы мен профессиограммасын таңдау және онымен танысу.

2. Нысананы  көздеу кезеңі.

Бұл жұмыс жалпы  мәдениеттің 1-сыныбынан басталады. Бірінші курсқакабылданған, бұл  оқушылармен өндірістік оқыту шебері, сынып жетекшісі немесе инженер-педагог  олармен байланыс орнатып, кәсіптік бағдар бойынша кешенді жұмыстар атқарады. 7-8-9 сыныптарда 3 жыл қатарынан бір немесе бірнеше мектепте қатарынан атқарылған жұмыстарда инженер-педагог мына нәтижелерге қол жеткізуі керек:

- тиісті жалпы білім беретін мектеппен кәсіптік бағдар беру жөнінде келісім шартқа отыру.

- кәсіптік бағдар жүргізілетін сыныптың жетекшісі туралы дәйектемелер (аты-жөні, оқытатын пәні, телефоны, мектепте болатын сағаты т.б.)

- мектептің еңбек пәні мұғалімі туралы мәлімет:(аты-жөні, байланыс телефоны, базалық жоғарғы білімі, мектепте болу мерзімдері т.б.)

- директордың тәрбне істері жөніндегі орынбасары туралы мәліметтер: (аты-жөні, оқытатын пәні, байланыс телефоны, мектепте болу уақыты т.б.)

- 7-сынып оқушыларының  жалпы тізімі.

3. Жоспарлау кезеңі.

Мұны инженер-педагог жалпы білім беретін жетінші сынып оқушыларымен танысқан күннен бастауы қажет. Бұл жоспар келісім-шарт түрінде инженер-педагог пен мектен директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісі арасында жүргізілуі тиіс. Кәсіптік бағдар беру, жоспары мен тауарлары кәсіптік бағдар берудің негізгі компоненттерімен сай келуі керек.

1. Кәсіп туралы ақпарат беру

2. Оқушыларды түрлі қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жету.

3. Кәсіптік кеңес.

4. Кәсіпке бейімделу.

Әрбір тарау  мына мәліметтерді есепке ала толықтырылуы тиіс:

- оқу орнының  кәсіптік бағдар беру мүмкіндігі;

- базалық кәсіпорын  кәсіптік бағдар беру мүмкіндігі;

- аймақтық жұмыспен  қамту орталығының кәсіптік бағдар беру мүмкіндігі:

- инженер-педагогтің  осы саладағы іс-тәжірибесі; сынып  жетекшілерінің осы саладағы іс-тәжірибесі; кәсіптік бағдар берудің қазігі әдістемесін іріктеп алып, тиімді пайдалануы;

- бұл жұмыста ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, оларды пайдалану.

Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін арнайы кәсіптік бағдар беру жоспарына сай жүзеге асуы тиіс.

4. Іске  асыру кезеңі.

Бұл кезеңде  инженер-педагог жоспардың іске асуын бақылап, қажет болса жұмыс  барысында түзетулер енгізіп, іске асырады. Мұның нәтижесінде мыналарға  кол жетуі керек:

- Оқушылардың  кәсіпке деген кызығушылығы, мектеп қабырғасынан басталады;

- Олардың бойында  кәсіпке деген икемділік, ізденушіліктің  алғашқы ірге тасы қаланды; 

- Кәсіптік оқу  орпына арналған топ тізімі  пайда болды, кейінарызы жазылды.  Берік ұжым негізін құрады;

- Оқушылар туралы  кәсіптік оқу орнында толық мәлімет жасақталды. Кәсіптік оқу орнына қабылданып, өз мамандығына деген бейімділігін бірінші курста инженер-педагог пен кураторлар, оқытушылар жалғастыруына жол ашады.

Қорыта келе, арнайы пәндерде сол кәсіп туралы білім беруді жетілдіру үшін мына нәрселерді ескеру қажет деп есептейміз:

- КТМ (кәсіптік техникалық мектеп), лицей, колледж, ЖОО-мен үздіксіз байланыста болу. Осы оқу орындарындағы оқытылатын мамандықтар туралы тереңірек білуге ұмтылу;

- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, арнайы кәсіп туралы білім беру бағдарламасын құру, сонымен жұмыс жасау;

- тек қана оқушылармен емес, ата-аналармен де ағарту жұмыстарын жүргізу;

- мектептің мүмкіншілігіне қарай оқу орындарына саяхат жасау т.б.

Сонда осы талаптардың орындалған жағдайында мектеп түлектерінің кемінде 70% өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес мамандықтарды қателеспей таңдай алады.

Кәсіптік бағдар берудің күрделі ұғым, әрі шешуі  оңай жұмыс емес екендігін білдік. Кәсіптік бағдар беру жұмысы өзіне  көптеген компоненттерді біріктіреді  және олар жұмыс жүргізуде айтарлықтай  орын алады. Осы орайда дуальді оқыту жүйесінің елімізде жаңадан енгізілген оқыту жүйесі екендігін және ол әлі де болса қолданысқа толықтай енгізіле қоймағандығын, кәсіптік бағдар берудің елімізде дұрыс дамымағанын және оны жүргізу үшін әлі де көптеген жұмыстар жүргізу керектігі ашық айтылды. Мысалға отандық педагогика ғылымында бейімделу мәселесінің жүйелі түрде зерттелуі 60-70 жылдары басталды. Алғашқы нәтижелері шыға бастағанымен бұл мәселеде әлі толық қалыптасқан жалпылама ұғым, тұжырымдама әлі анықталған жоқ.

Қазақстанның  кәсіптік-техникалық білім беру саласында  немістің дуальді жүйесі кеңінен қолданып, оқу орын мен өндіріс арасында берік қатынас қалыптастыру қажет. Осылайша оқу орындары өздерінің оқу базаларында жоқ замануи құрал жабдықтарды жастар өндіріс ошағында ұршықша үйіріп, танысады. Теориялық білім мен нақты іс-тәжірибені ұштастырған жастар аз ғана жылдың ішінде білікті маманға айналып, ел экономикасына пайдасын тигізетіні анық. Сондықтан дуальді жүйенің мұндай артықшылықтарын мойындауымыз керек.

 

Қорытынды

 

Қазіргі Қазақстанда  жастар туралы айтқанда, еліміздің болашағы жайында және оның болашақ жетекшілерін меңзеп айтады. Еліміздің ертеңін құратын жастар ерекше әлеуметтік санатқа жатады. Сондықтан да елімізде осы санатқа ерекше көңіл бөлінеді. Болашақ жетекшілеріміз өз еліне пайда әкелу үшін олардың мүмкіндіктерін жас кезінен бастап анықтау жөн.

Қазіргі таңдағы  республикамыздың білім жүйесінің  елеулі мәселелерінің бірі – еңбек  нарығының әлеуметтік-экономикалық сипатының өзгеріп модернизациялануына  байланысты жастарға кәсіптік бағдар беру болып табылады. Тақырып өзектілігі мамандықтардың тез көнеріп, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптардың өсуінде. Бұндай жағдайда адамға үнемі кәсіптік жағынан өсіп, бойында бар шеберлігі мен машығын жетілдіріп, жаңа дағдыларды игеру керек. Жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысының басты мақсаты – мерзімді және саналы мамандықты, оқу орнын, кәсіптік дайындықтың басқа да түрлерін таңдауға мүмкіндік беру және жұмысқа тұруға, оның әлеуметтік-кәсіптік бейімделуіне көмектесу.

Ал осы жерде  білім беру жүйесінің толықтай еңбек  нарығына жұмыс істеуі үшін дуальді оқыту жүйесі кеңінен, толық өз мағынасында қолданылуы қажет. Балқаш және Сәтбаев қалаларындағы «Қазақмыс» корпорациясы АҚ-ның колледждері дуальді оқыту жүйесінің негізінде құрылғанымен, ол жерде де өз мәнінде жүзеге асып жатқан жоқ. Тек кейбір мамандықтарға, оның ішінде балқытушы, слесарь және токарь мамандықтары ғана кірген. Ал кәсіптік лицей, колледждардағы мамандықтардың көбісі аталған жүйеде оқытуға жарайды. Сондықтан, дуальді оқыту жүйесінің еңбек нарығындағы кадрлар жетіспеушілігін, еңбек сұранысын азайтудағы рөлін ескеретін және жүзеге асыратын уақыт жетті деп ойлаймыз.

Осыған байланысты Қазақстан жастарына кәсіптік бағдар беру мәселесі бойынша мемлекетіміздің  қызметін жандандыру керек. Қазақстанда  мемлекеттік деңгейде жастарға кәсіптік бағдар беру мәселесіне аз көңіл бөлінеді. Кәсіптік бағдар беру қызметімен айналысатын жеке меншік (ақылы) орталықтар Қазақстанның ірі қалаларында ғана ашылған. Мысалға Алматы қаласында «Кем стать?» атты жекеменшік кәсіптік бағдар беру орталығы бар [24]. Бұл орталықта ақшалай түрде 7-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға және студенттерге жұмысқа орналасуға, сол мамандықтың қандай қызметіне жарамдылығын анықтауға болады. Тек осы орталықтардың жұмысы ешқандай мемлекеттік органмен реттелмейді, бағаланып бақыланбайды. Жастарға кәсіптік бағдар берудің республикалық белгілі бір орталығын құру керек. Орталық осы салада бірыңғай саясат жүргізіп, зерттеулер мен практикалық қызметті үйлестіріп, жастарға кәсіптік бағдар берудің республикалық бағдарламаларын әзірлеп, осы бағдарламаларды іске асырудың методикалық ұсыныстарын жасайды. Орталықты іске асыруға мемлекетіміздің саяси, қаржылық және әлеуметтік мүмкіндіктері бар деп санаймыз. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ететін кәсіптік бағдар беру орталығы құрылады деген. Бірақ әлі жабулы қазан жабулы күйінде қалып отыр.  Жастар болашақта жаңа мамандықтарды меңгеру үшін тиісті білім алу керек. «Зиялылық» және «құзыреттілік» ұғымдарын «кәсіпқорлық» ұғымының орнына жиірек қолданылатыны содан болар. Бұл ұғымдар жеке тұлғаның келесі қасиеттерінің қалыптасуын – дербестігін, табандылығын, шешім қабылдау қабілетін, бейімділігін, ақыл орамдылығын, оқуға деген әзірлігін және дамуын тұспалдайды.

Елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Олардың 325 лицей болса, 571 колледждер [24]. Бүгінде аталған білім ошақтарында 600,7 мың жас түрлі мамандықтарды игеруде. Бүгінде кәсіптік техикалық білім ошақтарында тәлім алған жастардың басым бөлігі алған мамандықтары бойына жұмысқа тұра алмай жатады. Себебі, оның мамандығы мемлекет үшін қажет мамандық емес болуы мүмкін. Осы орайда кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, замануи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің мәні қазіргі таңда  жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық  қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр. Осы орайда экономика мен кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің дамуы арасындағы алшақтық дайындап шығарылған мамандар саны мен кәсіпкерлік құрылымдардың сұранысы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келгенін айта кетуіміз керек. Егер 2010 жылы «Қаржы, есеп, аудит және экономика» мамандықтары бойынша жоғары және арнаулы білім игеріп шыққан мамандар 81 мың адамды құраса, оларға деген сұраныс 1 мың адам ғана болған. Керісінше, құрылыс мамандықтары бойынша сұраныс 24 мың адамды құрағанына қарамастан, дайындалғандардың саны 8 мың адамнан аспаған. Елімізде 2012 жылғы жаңа статистика бойынша тау-кен металлургиясы саласына механик, балқытушы, қорытушы, дәнекерлеуші, темір ұстасы сияқты 30 мыңға жуық, ал химия өнеркәсібіне 12 мыңдай маман қажет. Бұл саланың ауқымы бұдан да ұлғайып, минералды тыңайтқыштар мен жаңа өнімдер өндіріледі. Көмір өнеркәсібі бір мыңдай маманға зәру. Білікті мамандарды даярлау үшін оқытушы-шеберлер де қажет [24].

Біздің еліміздің  дәл қазіргі жағдайында әрбір отбасы, әрбір мектеп бітіруші кәсіптік мектеп, лицейлерде, колледждерде білім алып, жұмысшы және кәсіптік маман иесі болу бүгінгі күні дұрыс шешім болатындығын түсінуі қажет. Бұл орайда кәсіптік бағдар беру мен дуальді жүйеде оқыту өз мәнінде жұмыс істеуі керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР «Білім туралы» Заңы // Алматы, 2010.

2. Қазақстан  Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан», – 2011.

3. Баширова Ж.Р.  Оқушылардың өнімді еңбегі және  кәсіптік бағдар/Баширова Ж.Р. – Алматы, 2001. – 178 бет;

4. Зверев И.  Д. Общие проблемы профориентации  в школе. В сб.: Вопросы теории  и практики профориентации / И.  Д. Зверев. - М.: Педагогика, 1972. - 246 с.

Информация о работе Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі