Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:34, курсовая работа
Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1].
Кіріспе
1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы
1.2 Кәсіптік бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
2.3 Кәсіптік мектептерде дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Демек кәсіптік білім беруді жетілдіру қажеттігі анық. Аймақтағы 88 лицей мен колледж экономиканың саласында мамандықты меңгертуде өндіріске нақты қажет және елдің дамуына үлес қосатын толыққанды оқытуға зор көңіл бөлуде. Дуальді оқыту жүйесіне облысымыздағы орта буын оқу орындарының 30%-ы көшті. Оның қатары толыға түспектігін қуана қабылдап отырмыз. Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беретін 900 орта және арнаулы оқу орны бар. Осы 511 мемлекеттік, 385 жеке меншік оқу орнында 600 мыңнан аса адам оқиды (2012 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша).
Кәсіптік білім берудің кооперативті (дуальді) жүйесін қарқынды енгізу кәсіпорындар үшін де тиімді. Мысалы, кәсіптік білім берудің дуальді жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныс-кеңестер жобасында мұндай кәсіпорындар үшін субсидия немесе салықтық жеңілдіктер қарастырылғаны жазылған.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» басқарма төрағасы Ө.Шөкеев биыл еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарына дуальді білім беру тәжірибесін енгізу үшін 30 млн теңге бөлінгенін мәлімдеген. Сондай-ақ биыл іріктеліп алынған 16 оқу орнында 1-қыркүйектен бастап 400 бала 20 мамандық бойынша білім ала бастағанын хабарлаған [24].
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
Шындығында білім беру мен еңбек нарығы өзара тығыз байланысты. Білім беру орындары еңбек нарығына жұмыс істеуі тиіс. Әйтпесе мемлекетке, қоғамға қажет емес кадрлар не үшін, кім үшін даярлана бермек. Жоғары оқу орнында бір студенттің даярлығы үшін жылына 500 мың теңгедей ақша кетеді екен. Дуальді оқыту жүйесі оқушының нақты қалаған, сұранысқа ие, жұмыспен қамтылуына толық кепіл берілген мамандықтарда оқуын қамтамасыз етсе, ал кәсіптік бағдар беру жұмысы сол мамандыққа оқушының жеке тұлғе ретінде қабілеті мен икемділіктерінің сәйкес келуін, өзі шын жүрегімен қалап жұмыс істеуін және осы дуальді оқыту жүйесі бар оқу орындарына қарай бағыттап, дұрыс нақты бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беруді жүргізуі керек. Кәсіптік бағдар берудің тәуелсіз орталығы болу керек. Әйтпесе, әр оқу орнының маманы келіп студенттік тек өзінде оқығанын қалайды. Мысалға студент олардың ақыл-кеңесіне сеніп, жақсы дайындалып, бағдар жүргізілген белгілі бір мамандыққа ақысыз мемлекеттік грант негізінде оқуға түсті делік. Бірақ оқу барысында ол мамандықтың белгісіз қырлары ашылып немесе икемділігі мен қабілеті келмей, таңдаған мамандығын жек көруге әкеліп соғады. Ал оның арты сол студент оқыған мамандығымен жұмыс істемейді. Мемлекеттің 4 жыл ақысыз оқытқан қаржысы желге кетеді емес пе? Ал сонша жылғы сонша ақшамен қаншама басқа да маңызды мәселелер шешілер еді. Міне, мамандық таңдау, оған бағдар беру көп жақты күрделі мәселе. Бәсекеге қабілетті маман даярлау білім мен ғылымның және өндірістің бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Дуальдік жүйе білім беру ұйымы мен өндірісте қатар білім алуға, теория мен тәжірибенің байланысына негізделеді. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып отыр.
Биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада Орта-арнайы оқу орындарымен «KEGOС», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» және «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары аталған жүйені енгізу бойынша үшжақты шарттарға қой қойды. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі оқытудың бұл тәсілі – теориялық білімді өндірістік технологияларды практикалық тұрғыда игерумен үйлестіруді көздейді. Бұл әдіс индустриалдық тұрғыда пәрменді – Германия, Ұлыбритания, АҚШ-та және Оңтүстік Кореяда сәтті жүзеге асып келеді. Қазақстанда дуальды жүйені оқу үрдісіне енгізуді «Самұрық-Қазына» қорына мемлекет басшысы тапсырған болатын. Ұлттық әл-ауқат қоры биылдың өзінде жүйені жүзеге асыру үшін 30 млн теңге бөліп, Қор тобына жататын компанияларда 19 арнайы оқу орталығын жарақтады. Оларда осы салада қызмет етіп жүрген мамандар, топ-менеджерлер және бастысы жас студенттероқытылатын болады. Бүгінге дейін, нарықта жоғарғы сұранысқа ие 700 мамандық таңдалып, олардың 300-не кәсіптік стандарттар дайындалған. Қазіргі уақыт Білім және ғылым министрлігі оларға арнайы оқу үлгілерін әзірлеуде [5].
Қазақстандағы ірі жұмыс беруші бола отырып, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Қор тобындағы компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы прецедент құруда. Іс-шаралар кешенінен заманауи өндірістік технологияларды белсенді тәжірибелік меңгерумен қатар теориялық қорды зерделеуді тиімді үйлестірген дуальді білім беру жүйесін енгізу, барлық 16 корпоративтік оқу орталықтарын жаңашаландыру, кәсіптер мен мамандықтардың толық тізбесін қоса алғанда, еңбек ресурстарын ұзақмерзімді жоспарлау жөніндегі корпоративтік стандараттарды құру, салалық біліктілік аяларындағы бірыңғай кәсіптік стандарттар мен модельдерді қалыптастыру кіреді.
«Қор тобындағы жаңа өндірістердің дамуының ескерілуімен, бар және жоспардағы мамандықтар үшін кәсіптік стандарттарды әзірлеудің жүзеге асырылып келе жатқанына бірінші жыл емес», - деп атап өтті өзінің сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шукеев [24]. «Бұл бағыттағы жұмыстарды алғашқы болып бастағандардың бірі «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамы болатын. 2009 жылдан бері 300 астам кәсіптік стандарттар әзірленіп қойды», - деді ол. Оның айтуынша, Қор бұл жұмысты Білім және ғылым министрлігімен және Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз ынтымақтастықта белсенді түрде жалғастырмақ. «Әлем елдерінің тәжірибесінен білетініміздей, бір жұмысшыны дайындауға кеткен шығындарды 20%-ға арттыру, кейіннен еңбек өнімділігін 30-40% арттырады», - деп қорытты сөзін Ө.Шүкеев [9].
Қор тобының
компаниялары, оқу орындары мен аймақтық
білім беру басқармаларының арасындағы
үшжақты Келісім-шарттар – «
ГФР Канцлері Ангела Меркель бұл жүйені Германияны дамытудың ең басты негізгілерінің қатарында атап өтті. Оған Германияда 600 мыңнан астам кәсіпорын қатысады. Техникалық және кәсіптік білім беретін біздің 96 оқу орнында дуальді жүйе қолданылады. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салалар. Оқу жүйесі жалпы Австрия, Дания, Нидерланд, Швейцария сияқты еуропалық елдерде кең тараған, соңғы жылдары Қытай және Азияның басқа да елдерінде қолданыста [9].
Бірақ жоғары бөлімдерде айтылғандай, дуальді білім беру жүйесін Германиядан толықтай көшіріп алуға болмайды. Себебі, ол жақтағы оқу орындары мен біздің оқу орындарының материалдық-техникалық базасы тең емес. Бізде кәсіпорындар бұлайша колледждермен бірігіп жұмыс жасауға мүдделілік таныта бермейді. Мысалға, осы жобаны түбегейлі көшіріп алған Грузия елі қазір қаншама шығынға ұшырап отыр. Себебі Германияда кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары бизнес пен экономика үшін жұмыс істейді. Ал Грузиядағы жағдай басқаша. Екі сала өз бетінше тіршілік етуде. Осыдан-ақ, даульді жүйені толықтай көшіріп алуға болмайтынын байқауға болады. Біздің елімізде де орта буынды оқу орындарға көңіл бөліп, оларға жағдай жасайтындай кәсіпорындар жоқтың қасы. Қазіргі таңда Грузияда жұмыссыздық мәселесі де бет қаратпай тұр. Мұндай жағдайда маман дайындау мәселесі жайында айтудың өзі қисынсыз екенін түсінесің. Десек те, заман көші мына бір елдің әлеуметтік мәселері шешілмепті деп бізді күтіп отырмайды. Бүгінде посткеңестік елдердің көпшілігінде білім беру мекемелері мен өндіріс ошақтарының арасындағы байланыс үзіліп қалған. Сол себепті әр елдің ерекшелігін, қоғамдық-саяси көзқарасын ескеріп, жұмыс істеген жөн.
Ал Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Үлбі металлургиялық зауыты 60 жылдан бері атом өнеркәсібі саласында жұмыс істеп келеді. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен техникалық колледжімен әріптестік орната отырып, бүгіннің өзінде дуальді білім беру бағдарламасы аясында білікті маман даярлауда. Жұмыс берушілерді тарта отырып, кадрларды даярлау бағдарламасы кәсіптік-техникалық білім беру орындарының студенттері үшін өндірістік тәжірибеден өткен кәсіпорнында қалып, ары қарай еңбек жолын бастауға мүмкіндік береді. Бұндай ынтымақтастық колледж студенттеріне сапалы білім алумен қатар, ақылы өндірістік тәжірибе кезінде өзінің жұмысқа деген қабілетін байқап көруге жол ашады. Оның үстіне, студент оқып жүріп-ақ жалақы алып отырады. Осылайша, кәсіпорында іске асып отырған дуальді оқыту жүйесі қазір кәсіпорын мен оқу орнына да тиімділігін танытқан.
Әрине, дуальді жүйені еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына бірден енгізе салу мүмкін емес. Бұл үшін біздер жұмыс берушілер арасында дауальді жүйенің маңызды екенін түсіндіруіміз керек. Бұдан басқа дуальді жүйе бойынша тәлім алған жастардың шағын кәсіпорындарда табан аудармастан, тұрақты түрде жұмыс істеуінің заңдық нормасын қалыптастыруымыз керек. Қазіргі таңда еліміздегі шағын кәсіпорындардың білім ошақтарына көмек қолын соза қоятындай мүмкіндігі жоқ. Бұл да істің алға басуына кесірін тигізетіні сөзсіз. Керек десеңіз, тірлігі дөңгелеп тұрған кәсіпорындардың өздері оқу орындарына көмек көрсетуге асыға қоймайтыны жасырын емес. Осындай қиын жағдайда мемлекет пен бизнес қауымдастықтар оқу орын мен кәсіпорындар арасында арағайындық жасауы керек деп ойлаймын. Сонда ғана нәтиже шығуы мүмкін. Қазіргі таңда Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы шағын және орта бизнес өкілдері арасында кәсіптік-техникалық маман иелерін дайындаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіруде аянып қалып жатқан жоқ. Осының айқын дәлелі ретінде қауымдастықтың Трир қаласы қолөнершілер палатасымен бірлескен жоба аясында жұмыс істеп жатқанымызды айтуға болады . Алдағы уақытта ел мүддесін көздейтін ортақ іске өзге де бизнес қауымдастықтар атсалысып, қолдау көрсетуі керек. Бүгінде Қазақстан өз экономикасын инновациялық бағытта дамытуға бет бұрып отырған ел. Қазір Үкіметтің өзі білікті мамансыз биік белесті бағындыра алмайтындарын толықтай түсінді. Біздер даульді жүйені енгізбес бұрын, оның мәні мен мазмұнын ірі, шағын кәсіпорындардың бәріне тәтпіштеп тұрып түсіндіруіміз керек. Өндіріс пен оқу орындар арасындағы байланысты толықтай қалаптастырмайынша дуальді жүйені енгіздік деп айтуымызға болмайды. Сондықтан алдымен насихат жұмыстарына баса мән беруіміз керек.
2.3 Кәсіптік мектептер мен колледждердегі дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Кәсіптік мектеп –жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны [1]. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғарғы білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның саналы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұны,таңдауға кеңінен мүмкіндік беру», - делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіптік білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді [2]. Сондай қажеттіліктердің бірі – кәсіптік лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде ақпараттандыру.
Кәсіптік лицей қабырғасында студенттерді кәсіпке бағыттау маман тұлғаны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына тез бейімделіп, еңбек нарығында өз орындарын тауып, өз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын, өз қабілеттерін орынды пайдаланып және шығармашылық күштерін дамытуға белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті деп есептелінеді.
«Қазақмыс» корпорациясы АҚ-ның Балқаш қаласындағы колледжі негізінен дуальді оқыту негізінде құрылған болатын. Осы колледждегі кейбір мамандықтар Балқаштағы мыс заводымен бірігіп оқытады. Жалпы дуальді оқыту жүйесінің мынадай жақсы жақтары бар. Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады. Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады. Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды. Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етеді. Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш жақты әріптестік орнатылады.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға білім беру орындарының әрбір маманының үлесі мол болуға тиіс.
Мысал ретінде білім беру орны – мектепті алсақ, ондағы мектеп басшысынан бастап қарапайым кітапханашыға дейін оқушыларға кәсіптік бағдар беруде үлкен рөл атқарады.
Кәсіптік мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады.
Кәсіптік бағдар беруде оқушылардың ата-аналарымен бірге істелетін жұмыстар маңызды орынға ие. Мұнда педагог екі нәрсеге мән беруі керек: біріншіден – кәсіп таңдаудағы отбасының дәстүр әрекет әсері, екіншіден – кәсіпті саналы түрде таңдау үшін қажетті педагогикалық және психологиялық негізгі шарттар. Барлық кәсіптер мына 5 түрге бөлінеді (профессор Е. А. Климовтың зерттеуі бойынша) [17].
Осы 5 мамандық түрі өз мақсаты, құрамы, еңбек шарттарына сәйкес мына бөліктерге бөлінеді.
1. Техникалық құрылғыларды жинау және бөлшектеу (инженер-құрастырушы, монтажшы)
2. Техникалық
құралдарды пайдаланушы (
3. Техникалық құрылғыларды жөндеуші (слесарь, электромонтер, жөндеуші т.б.).
Қойылатын талап: кеңістікті байқау, техникалық ойлай білу, кешенді қимыл дағдылары болуы қажет, сезімталдық қабілет т.б.
Талап: адамдармен
қарым-қатынаста жұмыс істеу