Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:34, курсовая работа
Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1].
Кіріспе
1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы
1.2 Кәсіптік бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
2.3 Кәсіптік мектептерде дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Оқушыны зерттеуде әр түрлі әдістер қолданылса, мәліметтер жан-жақты және толық болады. Жинақталған мәліметтерді толық сараптаудан өткізіп, өндіріс шеберлері мен топ жетекшілері оқу-тәрбие жұмысына қажет деген өзгертулер жасайды, оларды жүзеге асырады. Осымен түлғаны зерттеу тоқтатылмайды, ол оқушы кәсіптік мектепте оқып жүрген уақыт бойы жалғасып отырады.
Өмірде кездесіп жататындай, кейде оқушы өзінің денсаулығына сай келмейтін мамандықты меңгеруге әрекеттенеді. Медицина қызметкері мен педагогтың бірлескен қызметі арқылы жас жанның қалаған мамандығы бойынша білім алуына көмек, яғни ұқсас мамандыққа ауысу мүмкіндігі жасалуы тиіс.
Соңғы жылдардағы зерттеулер мен практика анықтағандай болашақ мамандардың кәсіптік білімді өз дәрежесінде меңгеруінің негізі педагогтардың ұжымдық ізденісіне, жаңашылдығына байланысты. Ізденіс нәтижесінде оқу-тәрбие жүмысындағы тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланудың да мәні ерекше.
Кәсіптік бағдар әдістері әр түрлі. Оқушының (жеке тұлғаны) зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс-әрекет қорытындысын (талдауларын) оның оқу биографиясындағы нәтижесін, анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық және лабораториялық эксперименттер, психологиялық тестілерді қолданылады [13].
Кәсіптік ақпаратта әңгіме, демонстарциялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.
Кәсіптік консультация ұзақ жүйелік бақылау және түрлі оқып үйрену әдістермен жүргізілген бақылау көмегімен анықталған және нақтыланған, сонымен қатар консультация кезінде психологиялық және лабораториялық эксперимент, медициналық және түрлі әдіс көмегімен тұлғаның мінездік қасиеттерін есепке алады.
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің негізгі формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кәсіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырыптық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе бұрышы. Осыған байланысты оны мына сызба арқылы көрсетуге болады [15]:
Кәсіптік бағдар
беру әдістерінің сан қырлы
a) оқу процесіндегі іс әрекет - кәсіпорындағы өндірістік практика;
б) сабақтан тыс жұмыстар барысы.
Ұжымдық әдіспен топ, бригада болып жұмыс істеу жақсы жетістіктерге жеткізеді. Кәсіптік мектептің оқу жоспарының кешеніне қоғамдық, жаратылыстану, математика, кәсіптік-техникалық білім салалары енгізіледі. Бұл салаларыда кәсіптік бағдар берудің мақсат міндеттері айқындалады. Оқушылардың үздіксіз білім алу жүйесінде әлеуметтік кәсіптік тәрбие беру ісі оң нәтижелерін көрсетуде. Сондай-ақ жоғарыда атап көрсетілген жүйені мектептерде ғана емес, кәсіптік мектептерде де іс жүзіне асыру мүмкіндігі мол.
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен алғашқы ағартушулық жолын көреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқып білуді, әріпті жаза алуды көздесе, қазіргі кезде жастарымыздың оқу сауалы жоғарлады. Көптеген оқу орындарының оның ішінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.
Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестер айтылып қана қойылмай жүзеге асуда. Сондай ірі жобалардың бірі – оқытудың дуальді жүйесі. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады [5].
Бұл жүйе қазіргі кезеңде Қазақстанның біраз оқу орындарына енгізілгенімен өзінің нақты бір жолына түспеген. Осы бағыттағы жұмыстар жүйенің тиімділігін түсіндіру мақсатындағы семинар-жиналыстар өткізумен, дуальді жүйені енгізу мүмкіндігі бар оқу орындарын, коорпорацияларды таңдау бағытында жүргізілуде. Бұл жұмыстардың қазіргі кездегі ең ірісі болып осы 2012 жылдың қыркүйек айында ғана Астанада өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында оқытудың дуальді жүйесін енгізу аясындағы әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты Келісім-шарттарға қол қою болып отыр [9]. Мемлекет басшысы ұлттық әл-ауқат Қорына негізгі кәсіпорындардың тізбесін анықтауды және Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты индустриалды дамыған мемлекеттерде сәтті қолданысқа енгізілген, жұмыс кадрларын дайындаудың дуальді моделін енгізудің қадамдық жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
Негізі дуальді жүйені енгізу шаралары 90-шы жылдардың соңында басталған. GIZ Герман қоғамымен бірлесіп, Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарының үш білім ошағында алғаш қолданылған болатын. Мамандардың айтуынша, тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс» корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз зауыты тәжірибелері ерекше атауға тұрарлық. «Қазақмыс» корпорациясы АҚ-ның Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы колледждері құрылғаннан бері дуальді оқыту жүйесін қолданады.
Жалпы Қазақстан бойынша жоғары білім берудің дуальді жүйесі 9 педагогикалық және 22 техникалық ЖОО-ға енгізілу жоспарлануда [5].
Осы енгізіліп жатқан оң өзгерістер қатарынан мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі дамыған елдерде өз нәтижесін беріп отыр. Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сынды дамыған елдерде кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдары оған Қытай және Азиядағы басқа да елдер қосылған. Германияда дуальдік жүйе жақсы дамыған, бұл елде оқушылар уақыттарының 3/4 бөлігін өндірісте өткізеді, сонда еңбек етіп, шеберліктерін шыңдайды, ал қалған уақытын теориялық білім алуға жұмсайды [24]. Демек, дуальді жүйенің өзектілігі оқытудың өндіріспен тығыз байланыстылығында болып отыр.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Теміртау қаласында өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу» республикалық семинарында сөйлеген сөзінде «Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі жасалуда - бізде бұрын-соңды мұндай жүйе болмаған. Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауында айтылған кадрлар даярлаудағы өзгеріс басталып кетті. Біз жұмыс берушілердің сұраныстарына ие кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын боламыз және бұл іс әлемдік деңгейге сәйкес жүргізілетін болады» деп атап көрсетті. Сондай-ақ министр кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салаларда пайдаланылады. Олар «ҚазАгро», «Қазақстан темір жолы», «АрселорМиттал Теміртау», «Дон тау-кен байыту комбинаты», «Қазақстан инжиниринг», «ҚазМұнайГаз» және басқа ірі компаниялар арқылы іске асырылатынына тоқталған болатын. Оқытудың дуальді жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында салалық және өңірлік кеңестер дуальді жүйені енгізуге әріптес болуға дайын базалық кәсіпорындарды анықтап, оларға қойылатын талапты пысықтау керектігіне талап қойды.
Бұл жүйенің мәні мынада: оқушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді. Оның мынадай жақсы жақтары бар. Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады. Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады. Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды. Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етеді. Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш жақты әріптестік орнатылады [10].
Дуальді жүйені енгізуге арналған шаралар 90-шы жылдардың соңында Алматы, Павлодар мен Ақмола облыстарында үш білім беру ұйымында басталды. Олар GIZ Герман қоғамымен бірлесіп іске асты. Тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс» корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз заводындағы (№7 колледж) тәжірибені ерекше атап өтуге болады. Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салаларда пайдаланылады. Олар «ҚазАгро», «Қазақстан Темір Жолы», «АрселорМиттал Теміртау», «Дон тау-кен байыту комбинаты», «Қазақстан Инжиниринг», «ҚазМұнайГаз» және басқа ірі компаниялар арқылы іске асуда [10].
Мамандардың айтуынша,
тау-кен саласындағы дуальді
Кадр даярлаудың осы бір жүйесін бүгінгі күні облыс оқу орындарының 30%-ы нақты жүзеге асырылып келеді деп сеніммен айтуға болады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар басталды. Қазір Қазақстанда әлемдік деңгейдегі колледждер құрылуда, білім беру процесіне дуальді оқыту жүйесі енгізілуде.
Астанадағы Назарбаев Университеті жоғарғы білім беруді дамытудың негізі болып табылады. Алдағы бес жылда «Назарбаев Университетінен» басқа тағы үш ғылыми-зерттеу институты әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылады.
Жоғары білім берудің дуальді жүйесі 9 педагогикалық және 22 техникалық ЖОО-ға енгізіледі. Қазіргі уақытта 146 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді), онда 610 мыңнан астам адам оқиды [9].
Азаматтарымыздың
жоғарғы білім алуын
Сонымен қатар, Қазақстанның ғалымдары шетелдік ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына қол жеткізді. Мысалы, Thomson Reuters (АҚШ) компаниясының Ұлттық лизенциясына, сондай-ақ Springer (Германия) компаниясымен және Elsevier (Нидерланды) баспасымен келісімге қол қойылған. Ғылым саласындағы негізгі мәселе өнеркәсіп пен жалпы экономика қажеттілігі үшін инновацияны дамыту болып табылады. Білім және ғылым министрлігі 200 жұмыстан тұратын Инновациялық жобалар тізбесін жасап шығарды.
Соңғы үш жылда білім беруді дамыту 34,5%-ға, яғни үш еседен асатын көрсеткішке өсті (2009 жылы – 746 млрд. теңге, 2011 жылы – 1 трлн. теңге). Бүгінгі таңда білім беруге кетіп отырған шығын 1,3 трлн. теңгені құрайды. Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында адам капиталының, соған сәйкесінше, ұлттық білім беру жүйесін сапалы түрде дамыту туралы жаңа міндеттер жүктеген болатын.
Дуальді жүйені біздің елімізде іске асырудың мәні зор. Өйткені қазір елімізде жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге маманданған 896 білім ошағы бар. Олардың 325 лицей болса, 571 колледждер. Бүгінде аталған білім ошақтарында 600,7 мың жас түрлі мамандықтарды игеруде. Бүгінде кәсіптік техикалық білім ошақтарында тәлім алған жастардың басым бөлігі алған мамандықтары бойына жұмысқа тұра алмай жатады. Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, замануи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде.
Қазіргі таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден қойған Алманияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3%-ды құрап отыр. Ал Германияда бұл көрсеткіш 7,8%-дың деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7%- болса, бұл көрсеткіш Грекияда 45, Испанияда 43, Францияда 30, Италияда 28%-ды құрайды. Осыдан-ақ, бұл жүйенің жұмыссыздық мәселесін шешуде қаншалықты маңызды екенін байқау қиын емес. Кәсіптік-техникалық маман дайындаудың дуальді жүйесінің сәтті іске асуына бизнес, оқушы және мемлекетке тікелей мүдделі болуы шарт. Қазіргі таңда Германияда бұл жүйе бойынша тәлім алған жастардың 80%-ы шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеуде. Ал қалған 20%-ы ғана ірі кәсіпорындарды, яғни «Фольксваген», «Мерседес» сынды алпауыт концерндерге жұмысқа тұрған. Жастар оку мен еңбекті қатар алып жүреді. Керек десеңіз, жалақы алып, өз қажеті үшін ақша табатын мүмкіндігі бар. Қазір Германияда дуальді жүйесі бойынша тәлім алып жүрген жастар 4 күн кәсіпорындарда білігін шыңдаса, 1 күнін оқуға арнайды [24].
Негізгі мәнін түйіндей түсіндіргенде, теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70%-ын тікелей өндірісте, қалғанын оқу орны қабырғасында өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады.
Оқытудың дуальді
жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі
жүйемен салыстырғандағы осы жү
- мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;
- мамандарды
дайындаудың дуальді жүйесі
- қызметкерлерді
оқытудың дуальді жүйесі
- сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;
- тапсырыс берушімен
өзара тығыз байланыста жұмыс
істейтін оқу орны оқыту
Оқу үдерісін дуальді форма бойынша ұйымдастыру үшін сабақ басталғанға дейін «колледж–кәсіпорын–студент» атты 3-жақты шарт жасалады, ол жерде оқу үдерісі кестесі (колледждегі теория сабақтары, практикалық сабақтар, кәсіпорында практикадан өту), әр нақты студентке кәсіпорыннан тәлімгер мамандар (инженерлер) бекітіледі, оқу мерзімі, оқу ақылары және т. б. көрсетіледі.