Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1].

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы
1.2 Кәсіптік бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
2.3 Кәсіптік мектептерде дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Толеукул А.А..doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

Тәжірибе көрсеткендей оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсырмаларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр. Бұл жерде айтпағымыз, әрбір мұғалім кәсіптік бағдар беріп отыруы керек. Қазіргі таңдағы шығып жатқан өндіріс жаңа мамандықтары бойынша, өзінің мамандығы бойынша шолу жасап отыруы керек.

Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады. Кәсіптік бағдардың теориясы және әдіснамалық сұрақтарына келіп тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен [8].

Кәсіптік бағдардың  мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене отырып жасалады. Теория мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар, формалар, әдістер және принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады.

«Кәсіптік бағдар»  түсінігі көптеген ғылыми түсініктер сияқты бір орнында қалып қоймайды. Ол қоғамның мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың  мағынасына қарай дамып отырады.

Бұл түсініктің өзгеруі келтірілген анықтамалармен өзара байланысты, оның әр қайсысы кәсіптік бағдардың сол немесе басқада аспектілеріне әсерін тигізеді, қандайда бір функцияны бөліп көрсетеді, оның практикалық және теориялық даму деңгейін көрсетеді, басқару теориясының, педагогика, психология, позициясын қарастырылады.

Сондықтан да кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын: «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық.

Философиялық  сөздіктерде «іс-әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекетті дисциплинаралық ғылыми бағытты көрсетеді. Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз.

«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті [11].

Атақты ғалым  академик С.Г.Струмилинаның ойы бойынша бір біріне жақын мамандықтар топтарға біріктірілуі мүмкін, мысалы, металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т.б.

Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда  бағдар тіке, қисық, жазықтыққа, химияда - молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда «бағдар» түсінігі барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты. Энциклопедияда бағдар (фр. Orientation - шығысқа көрсетеді, лат. oriens - шығыс) тікелей мағнада түсіндіріледі [16].

Қандай анықтамалар келтірілсе де «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.

Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа  іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса, онда оны мамандыққа бағдарлау дейді.

Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады.

Кәсіптік бағдар теориясын төмендегіше анықтасақ  болады; кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің қарқынды (эффектілі) болу үшін, идеялардың және көзқарастардың өзіндік мағынасының айтылуы.

Оқушылардың кәсіптік бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырып өтейік. Олар: фактілер, заңдылықтар, прициптер. Кәсіптік бағдарда ғылыми әдістер көмегімен алынған нақты фактілер аз. Сондықтанда басты тапсырманың бірі - ол жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс бағыт бағдар беру. Бұл жаңа фактілерді іздеу бір немесе бірнеше гипотезалар арқылы жүргізілсе ғана іске асады. Соңғысы теорияның бір бөлігін құрайды. Мысалы, әр бір аймақтың (ауданда) белгілі бір мамандық таңдауға әсер ететін өзінің спецификалық факторлары бар. Мұндай факторлардың гипотезасы қызығушылықты қалыптастыратын, оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының жақсаруына, іздену әдістерінің пайда болуына септігін тигізеді.

Кәсіптік бағдар теориясындағы басты компонент – заңдылықтарды анықтау. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекеттің жалпы мақсатына (қызметіне) жатады.

Әрбір теорияның  даму деңгейі принциптің сапасы мен оның құраушысы арқылы анықталады. Кәсіптік бағдардың принципін құрау (формулировать) үшін аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бірақта кәсіптік бағдар жүйесінің өңделу жұмыстары бітті деп айта алмаймыз, алда барлық жайттарды қанағаттандыратын, қарсылықсыз жүйені қалыптастыру қажет.

Кәсіптік бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы. Осыған байланысты кәсіптік бағдар беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз [3].

Танымдық  принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына, техникаға қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.

Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.

Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

Бұл топтағы  соңғы принцип – даму принципі. Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.

Кәсіптік бағдар берудің басталуы 1908 жылға жатады. Бұл кезде алғашқы кәсіптік кеңес беру бюросы Бостон қаласында (АҚШ) ашылады. Бірақ та кәсіптік бағдар беру бұдан да ерте кезде пайда болған деп айтылады. Кәсіптік бағдар беру адами қоғамның дамуын тұтынудан пайда болған. Әрине кәсіптік бағдар беру мамандықтан бұрын пайда болмаған.

Адамның кәсіптік жарамдылық бағасының кейбір элементтерінің тарихы ерте ғасырда жатыр. Бұл көбінесе білім диагностикасынка, білікке және қабілетке жатады. Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Вавилонда жазушылыққа дайындалып жатқан мектеп түлектері сынақтан өткізілген. Сол кездегі білімге сай кәсіптік дайындалған жазушы месопотомия өркениетінің орталық фигурасы болған; ол алқапты өлшеуді, мүлікті бөлуді, ән айтуды, әр түрлі аспаптарда ойнай білген. Сынақ кезінде маталардың, металлдардың, өсімдіктердің түрлерін ажырата білулерін және де барлық төрт арифметикалық әрекеттерді білулерін тексерді.

Жоғарыда айтылғандай 1908 жылы Бостонда кәсіптік бағдар берудің алғашқы бюро жастарға еңбеку жолын таңдауға көмектеседі. Бұл әрекетті кәсіптік бағдар берудің бастамасы деп санайды. Одан кейін Нью-Йоркте аналогтік бюро ашылады. Оның міндеті әр түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын меңгеру, оқушылардың қабілеттерін тану. Бюро өз жұмыстарын тест және сауалнаманы қолдана отырып мұғалімдермен бірге атқарды. Бұндай бюролар АҚШ-та, Испанияда, Финляндияда, Швейцарияда, Чехословакияда және т.б. елдерде кең тарала бастады [9].

Өзінің жұмысында  бюро келесідей жағдайларды басқарды:

  • сәтті оқиғаға сенгенше, мамандықты таңдау керек;
  • тыңғылықты ойлаусыз, кәсіптік кеңес берушіге жүгінусіз ешкім мамандық таңдамау керек;
  • жастар мамандықтың барлық түрімен таныс болулары керек, кездейсоқ немесе «ыңғайлы» мамандықты таңдай салмау керек.

Бірініші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 ж.ж.) кәсіптік жарамдылықты анықтауда қажеттілікті кеңейте түсті: ол соғысқа қажет интеллектуалды және физикалық қабілеттері бар адамдарды жылдам дайындауды талап етті.

 

 

1.2 Кәсіптік  бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері

 

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге) кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу (профадаптация) жатады [3]:

Кәсіптік  ақпарат – орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік ақпарат – өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.

Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас  ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу  керек. Мәселен, бастауыш сыныпта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экономикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр-түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.

Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі – өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады [5].

Кәсіптік  пайдалы өнімді еңбек түрлеріне  жас жеткіншектерді баулу – түрлі жұмыстарды атқаруға баланың икемділігін байқау, жеке қасиеттерін тәрбиелеу арқылы, өнімді еңбекке үйрету .

Мектептегі  кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты – балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

Мұндағы басты  нәрсе – кәсіп таңдауды негізгі  қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттерінің  кәсіп талаптарына сай келулері қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру:

  • өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар;
  • мамандық таңдауда ата-аналарымен келісе алмаған жастар;
  • өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер;
  • тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.

Кәсіптік  іріктеу – мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.

Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың  түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.

Кәсіптік  бейімделу дегеніміз – мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мәні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде, еңбекке жаңа араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Информация о работе Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі