Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1].

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы
1.2 Кәсіптік бағдар берудің негізгі құрамдас бөліктері
1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар
2 Кәсіптік бағдар берудегі дуальді оқыту жүйесі
2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет
2.2 Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің мамандық сұранысын азайтудағы рөлі
2.3 Кәсіптік мектептерде дуальді оқыту жүйесі бағыттарына байланысты кәсіптік бағдар беру және оның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Толеукул А.А..doc

— 418.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті

 

 

 

 

                                                                                                       КО  кафедрасы  

 

 

 

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

 

 

  Кәсіптік бағдар берудің теориясы мен әдістемесі

Тақырып: Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту  жүйесінің 

сұранысқа ие кадрлар  даярлаудағы рөлі

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                     Қабылдады:

 

                                                                                                   

           (баға)                                                                                                                     (оқытушының аты-жөні)


                                                                                        


                                                                                                                (қолы)        (күні)

 

  Комиссия мүшелері:                                               Орындаған:

  __________Мухаметжанова А.О.                                               ______________________

        (қолы; аты-жөні.)                                                                                                                                                  (студенттің аты-жөні)

  __________Байжуманова Н.С.                                                  ______________________

          (қолы; аты-жөні.)                                                                                                                            (тобы)

                                                                                                   ______________________

                                                                                                                                                        (сынақ кітапшасының шифрі;нұсқа)

                                                  

 

 

 

Қарағанды 2013

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

 

 

                                                                                   «БЕКІТЕМІН»

 

ӘТ институт                                                             Каф. меңгерушісі __________                             

                                                                                                              (қолы)

КО кафедрасы                                                     «___»_____________2013 ж.

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА  ТАПСЫРМА

 

пәні _____________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Студент ________________________  тобы ___________________________

 

Тақырыбы  _______________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Негізгі мәліметтер     _______________________________________________

_________________________________________________________________

 

 

 

 

 

Тапсырма берілді  «___» _____________________________________ 2013 ж.

 

Жетекші _______________________________________қолы _____________

 

Студент________________________________________қолы______________   

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

4

1 Кәсіптік бағдар  берудің теориялық негіздері

6

1.1 Кәсіптік  бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы

6

1.2 Кәсіптік  бағдар берудің негізгі құрамдас  бөліктері

10

1.3 Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен формалар

 

14

2 Кәсіптік бағдар  берудегі дуальді оқыту жүйесі

19

2.1 Оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет

19

2.2 Кәсіптік  бағдар беру мен дуальді оқыту  жүйесінің мамандық сұранысын  азайтудағы рөлі

 

23

2.3 Кәсіптік  мектептерде дуальді оқыту жүйесі  бағыттарына байланысты кәсіптік  бағдар беру және оның ерекшеліктері

 

27

Қорытынды

32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

34


 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде  еліміздегі демократиялық қоғам  құру кезеңінде экономика саласында  нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда  гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда  өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі орта және кәсіптік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады [1]. Республикамызда бүгінгі күн талабына сай әртүрлі типтегі орта мектептердің пайда болуына байланысты оқушыларға кәсіби бағдар беру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын көтеру мәселесі басты назарға айналуда.

Кәсіптік бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі  айқындауының маңызды бөлігі ретінде  мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан  көрінеді [2].  Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары сыныптарда туындайды, танымдық қызығушылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіптік мүдде пайда болады. Алайда, жалпы практика анализі көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Жастар арасында ғылыми қызмет абыройы, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай негативті құбылыстарды жою үшін ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек болып отыр.

Оқушыларға  кәсіптік бағдар беру және болашақ  мамандығын анықтап алуға ықпал  жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс. Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П.Блонский, Г.Н.Стычинский, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен [3].

Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы  қасиеттерімен ұштастырып тәрбиелеуді  қажет етеді. Осы орайда кәсіптік бағдар берумен қатар оқушыларға саналы түрде мамандық таңдап, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай таңдап алынған мамандыққа мүдделілігін тудыру мақсатында елімізде 2012 жылдан бері қарастырылып және біраз кәсіптік лицей, колледждерде өз жемісін, нәтижелілігін көрсеткен оқытудың дуалдьді жүйесін айтуымызға болады. Оқытудың бұл жүйесі алдыңғы қатарлы Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея дамыған елдерде толық өз мақсатына жетіп, сәтті қолданысқа енгізілген. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады [7].

Дуальді жүйе қазіргі  кезеңде Қазақстанның біраз оқу  орындарына енгізілгенімен өзінің нақты  бір жолына түспеген. Осы бағыттағы  жұмыстар жүйенің тиімділігін түсіндіру мақсатындағы семинар-жиналыстар өткізумен, дуальді жүйені енгізу мүмкіндігі бар оқу орындарын, коорпорацияларды таңдау бағытында жүргізілуде. «Қазақстан жастарының мейлінше сапалы кәсіптік-техникалық білім игеруіне және сол арқылы олардың еңбек нарығына мейлінше лайықты бейімделуіне жағдай жасау қажет. Бұл – басты мақсат», - деді Н.Ә.Назарбаев [2].

Дамыған кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі дуальді оқыту  жүйесімен бірігіп көптеген проблеманы, соның ішінде осы жастардың еңбек  нарығына бейімделу проблемаларын шеше алады.

Зерттеу тақырыбының мақсаты – кәсіптік бағдар беру жұмысы мен дуальді оқыту жүйесінің мән-мазмұнын, ерекшеліктерін талдау, олардың жастардың еңбек сұранысына қарай мамандық таңдауындағы рөлін ашып көрсету.

Зерттеу тақырыбының нысаны – мектеп бітіруші түлектер және дуальді жүйемен оқытатын кәсіптік мектеп-лицейлер.

Зерттеу тақырыбының міндеттері:

- зерттеу тақырыбы  бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен жұмыс істеу;

- білім беру  жүйесіндегі кәсіптік бағдар  беру түсінігіне талдау жасау;

- кәсіптік мектеп  оқушыларына кәсіптік бағдар  беру жұмысын қарастыру; - кәсіптік  бағдар берудің негізгі бағыттарына  талдау жасау;

- бағдар берудегі инженер-педагог маман рөлін ашып көрсету;

- техникалық  және кәсіптік білімге оқытудың дуальді жүйесі туралы жалпы мәлімет келтіру, маңызын, артықшылығын көрсету;

-  оқытудың  дуальді жүйесін қолданудың әлемдік  тәжірибесін қарастыру;

- дуальді оқытудың  және кәсіптік бағдар берудің  қазіргі қоғамдағы маман тапшылығын  жоюдағы орнын көрсету.

Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 Кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері

 

 

1.1 Кәсіптік бағдар беру ұғымы, принциптері және қысқаша тарихы

 

Кәсіптік  бағдар беру – бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет [3]. Кәсіптік бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдап алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіптік бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

- оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

- кәсіпті өз  бетінше, саналы түрде жеке  қасиеттерін есепке алаотырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу [4].

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің қазіргі таңдағы  мәні қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылымилық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.

«Қазақстан  жастарының мейлінше сапалы кәсіптік-техникалық білім игеруіне және сол арқылы олардың  еңбек нарығына мейлінше лайықты  бейімделуіне жағдай жасау қажет. Бұл – басты мақсат», - деді Елбасы [2]. Дамыған кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі көптеген проблеманы, соның ішінде жастардың еңбек нарығына бейімделу проблемаларын шеше алады. «Бүгінде жұмыссыздардың жартысынан астамы ең еңбекке қабілетті 16-34 жас аралығында», - деді мемлекет басшысы. Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіптік бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды.

«Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде  Маркс былай деп жазған: «Мамандық таңдау дегеніміз – адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны бақытсыз етуі мүмкін нәрсе» [8].

Информация о работе Кәсіптік бағдар беру мен дуальді оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі